Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери бөлімнің сарбазы (матрос) міндеттері.

Читайте также:
  1. Азаматтың құқықтары мен міндеттері.
  2. Арауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттері.
  3. Жалпы ережелер.Әскери қызмет өткеру тәртібі
  4. Негізгі әскери паектің сипаттамасы.
  5. Скери қызмет бойынща шектеу
  6. Скери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.
  7. Скери қызметшілердің жалпы құқықтары.

Қарулы Күштердің әскери қызметшісі:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және жалпыәскери жарғыларының талаптарын қатаң сақтауға;

- әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, Қазақстан Республикасын батыл, шебер қорғауға, әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге;

- өз Отанының патриоты болуға, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға;

- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде дұрыс бастама танытуға;

- командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға;

- әскери кәсіби білімді ұдайы меңгеруге, өз машығы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

- оған сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құралдарды сақтауға;

- жауынгерлік жолдастықты бағалауға, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және іспен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, олардың лайықсыз қылықтар жасауына жол бермеуге;

- әскери әдептілік, мінез-құлық, әскери сәлемдесу, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауға, әрдайым және барлық жерде өзін қадір-қасиетпен және абыроймен ұстауға;

- қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға міндетті.

Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атақты лайықты ұстауға, Қарулы Күштердің, өз әскери бөлімінің абыройы мен жауынгерлік даңқын және өзінің әскери атағын құрметтеуі тиіс.

Әскери қызметші мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтар достығын қастерлеуге міндетті.

Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынасында олардың ұлттық сезімдеріне, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне деген құрметі көрінуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады. Қарулы Күштерде қазақ тілімен тең түрде орыс тілі қолданылады.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір әскери қызметшінің борышы.

Командирлер (бастықтар) мемлекеттік тілді барынша дамытуға, барлық әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастыру, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.

Әскери қызметшілер бір-бірінің құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, командирлер (бастықтар) мен үлкендерге тәртіпті ұстауда жәрдемдесуге міндетті.

Қызметтестері арасындағы жалпыәскери жарғылармен айқындалған өзара қарым-қатынас ережелері бұзылған жағдайда әскери қызметші дереу оған берілген құқықтар мен міндеттер көлемінде жарғылық тәртіпті орнатуға шаралар қолдануға және сонымен бірге өзінің тікелей бастығына, ал ерекше қажет болған жағдайда үлкен бастыққа баяндауы тиіс.

Әскери қызметшімен болған, оның міндеттерін орындауына әсер ететін барлық жағдайлар мен оған жасалған ескертулер туралы ол өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

Әскери қызметші салауатты өмір салтын жүргізуі, өз денсаулығын сақтауы және нығайтуы, әскери қызмет қауіпсіздігінің талаптарын, сырқаттанудың, улану мен жарақат алудың алдын алу шараларын сақтауы, дене дайындығы мен жаттығуды күнделікті арттыруы, ағзасын шынықтыруды жүзеге асыруы тиіс. Әскери қызметшіге қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады. Шылым шегуге тек осы мақсат үшін бөлінген орындарда рұқсат етіледі.

Әскери қызметші қызмет және жеке мәселелері бойынша өзінің тікелей бастығына және оның рұқсатымен команда бойынша келесі бастыққа өтініш жасауы тиіс, ал ерекше жағдайларда ол үлкен бастыққа өтініш жасай алады.

Ұсыныс, арыз немесе шағым түрінде тікелей өтініш жасаған кезде әскери қызметші Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысының (бұдан әрі – Тәртіптік жарғы) ережелерін басшылыққа алады.

Әскери қызметшілер әскери мүліктің ұрланғанын немесе бүлінгенін, ақшалай қаражатты заңсыз жұмсауды, әскерлерді жабдықтауда асыра пайдалануды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстаудағы кемшіліктерді немесе мемлекетке зиян келтіретін басқа да фактілерді байқаған кезде бұл туралы тікелей немесе үлкен бастыққа баяндауға, сондай-ақ құқық қорғау орындарына хабарлауға міндетті.

Әскери қызметші мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдары мен соттарға лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің заңсыз әрекетіне өтініш жасай алады.

Әскери қызметші халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, соның ішінде әскери іс-қимылдар жүргізудің, жауынгерлік іс-қимылдар ауданындағы жаралылармен, сырқаттармен, қарсыластың қарулы күштері құрамынан кеме апатына ұшыраған адамдармен және азаматтық тұрғындармен, сондай-ақ әскери тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық ережелерін білуге және мүлтіксіз сақтауға міндетті.

Әскери қызметші жауынгерлік іс-қимылдар барысында, тіпті өзінің әскери бөлімінен (бөлімшесінен) қол үзіп, толық қоршауда қалғанда да тұтқынға түсуден қаша отырып, қарсыласқа батыл қарсылық көрсетуге міндетті. Ол ұрыста өзінің жауынгерлік борышын аяғына дейін орындауға міндетті.

Егер әскери қызметші өз әскерлерінен қол үзіп қалып және қарсылық көрсетудің барлық құралдары мен тәсілдерін тауысып немесе жарақаттану немесе контузия алу салдарынан дәрменсіз жағдайда қала отырып, қарсыластың тұтқынына түсетін болса, ол өзін және басқаларды тұтқыннан босату және өз әскерлеріне қайтып оралу үшін кез келген мүмкіндікті қарастыруы және пайдалануы тиіс. Қарсылас тұтқынға алған әскери қызметшінің жауап алу кезінде тек өз тегін, атын, әкесінің атын, әскери атағын, туған күнін және жеке нөмірін айтуға құқығы бар. Ол жауынгер абыройын ұстауға, мемлекеттік құпияларды қастерлеп сақтауға, табандылық пен батылдық танытуға, тұтқындағы басқа да әскери қызметшілерге көмек көрсетуге, оларды жауға жәрдемдесуден тоқтатуға, қарсыластың әскери қызметшіні Қазақстан Республикасына зиян келтіру үшін пайдалану әрекеттерін тойтаруға міндетті.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)