Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сарбаздар(матростар)мен сержанттарға)старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.

Читайте также:
  1. Иммундық жағдайды зерттеуде қолданылатын материалдар
  2. Иммунитет жағдайын бағалауда жалпы қолданылатын стандарт
  3. Көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелері.
  4. Сызбада қолданылатын шартылықтар мен оңайлатулар
  5. Тәртіптік жазаладың ережелері.

Жазалар әскери қызметшілерге олардың теріс қылық жасағаны үшін қолданылады. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жеңіл:

2) елеулі;

3) ауыр.

Әскери қызметшінің елеулі теріс қылықтары, оны жасағаны үшін босату көзделетін теріс қылықтан басқа, әскери қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын әскери қызметші алғаш рет немесе бұрын салынған жазасын алғаннан кейін жасаған теріс қылық болып табылады.

Елеулі теріс қылық оны жасағаны үшін әскери қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде бұрын салынған алынбаған жазасы бар кезде алты ай ішінде әскери қызметші қайтадан жасаған теріс қылық болып табылады.

Ауыр теріс қылық оны жасағаны үшін Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес заң негіздері бойынша босату көзделген теріс қылық болып табылады.

Жеңіл теріс қылық жасаған және жаза қолдану мақсатсыз болған кезде командир (бастық) әскери қызметшіге әскери тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы ескерту жасаумен шектелуі мүмкін.

Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі бойынша:

1) сарбаздар мен матростар – жеке құрамның жиналыстарында;

2) сержанттар (старшиналар) – сержанттардың (старшиналардың) жиналыстарында;

3) офицерлер – офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Полктер, бригадалар, оларға тең және одан жоғары сержанттар лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органдарының сержанттар жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Аға офицерлердің теріс қылықтары тек аға офицерлер мен одан жоғарылардың жиналыстарында, жоғары офицерлердің теріс қылықтары – тек жоғары офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Кейінге қалдыруды күтпейтін ерекше жағдайларда әскери қызметші оның жауапкершілігі туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не әскери қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақтылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау құқығы берілген командирлер (бастықтар) шеттетеді.

Бағынысындағыны лауазымынан шеттеткен бастық (командир) лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға, сондай-ақ әскери прокуратура органдарына хабарлауға міндетті.

Бағынысындағыны оған жеткілікті негіздерсіз лауазымынан шеттеткен командир (бастық) ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Сабаздар мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

2. Көтермелеулер және оны қолдану тәртібі.

3. тәртіптік жазалар және оны қолдану.

4.Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау

5. Аға офицерлердің теріс қылықтарының талқылануы.

6. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету.

7. Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде,тәртіптік жазалардың ережелерін,сарбаздар(матростар)мен (сержанттарға)(старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар туралы.

2. Әскери бөлімде командирлердің)бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға(старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығын,тәртіптік жазаларды қолдану ретін,тәртіптік жазаларды орындау тәртібін оқыту

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери әскери бөлімде командирлердің)бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға(старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығын,тәртіптік жазаларды қолдану ретін,тәртіптік жазаларды орындау тәртібін оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007. 2.Т.Қарғабаев

3.Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

4. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 9 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебін жүргізу"

1.Жоспары:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 94 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)