Читайте также: |
|
Егер көріні, тілік не қима симметриялы фигураны берсе, онда көріністің жартысын не көріністің жартысынан сәл үлкендеу бөлігін орындауға рұқсат етіледі, соңғы жағдайда зу сызығы жүргізіледі.
Егер нәрсенің бірнеше бірдей бірқалыпты орналасқан элементтері болса, онда осы нәрсенің кескінінің де мұндай элементтердің бір екеуін толық көрсетеді, ал қалған элементтерді оңайлатылған не шартты түрде көрсетеді. Нәрсе бөліктерін элементтердің саны, олардың орналасуы жайында тиісті нұсқаулармен және т.б. бірге кескіндеуге рұқсат етіледі.
Егер беттердің қиылысу сызықтарының проекцияларын дәл салу болмаса, онда көріністер мен тіліктерде оларды оңайлатып кескіндеуге рұқсат етіледі Мысалы, лекалдыұ қисықтарды шеңбер доғасымен жіне түзу сызықтарымен алмастыруға болады. Бір беттен екіншісіне бір қалыпты өту шарты түрде көрсетіледі не мүлде көрсетілмейді.
Бұрамалар тойтарма шегелер, кілтектер қуыс емес біліктер мен айналдырықтар, бұлғақтар, тұтқалар және т.т. осылар сияқты тетіктер бойлық тілікте кесілмей көрсітіледі. Кішкене шарлар әрқашан кесілмей көрсетіледі. Құрастыру сызбаларында сомыңдар мен тығырықтар әдетте кесілмей көрсетіледі. К ішкене шарлар әрқашан кесілмей көрсетіледі. Құрастыру сызбаларында сомындар мен тығырықтар, әдетте, кесілмей көрсетіледі.
Егер қиюшы жазықтық тегершіктердің (дөңгелек тұтқалардың), шкивтердің, тісті доңғалақтардың шабақтары тәріздес элементтердің, қатаңдықтығы тәріздес жұқа қабырғалардың және т.б. Ұзына бойынан не осындай элементің ұзын жағынан өтетін болса, онда оларды сызықтаусыз кескіндейді.
Егер тетіктің осыларға ұқсас элементтер інде жергілікті бұрғылынған тесік, үңгіл және т.б. болса онда оларды көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады.
Көлденең қимасы тұрақты не заңдылықпен өзгеретін ұзын нәрселерді (біліктерді бір қалыпқа келтірілген илемдері, бұлғақтарды және т.б.)үзіп кескіндеуге рұқсат етіледі.
Сызбада өлшемдері мм және одан аз болатын тетік элементтерін, барлық кескін үшіін қабыыылданған масштабтан ауытқып, аздаған ұлғайтумен кескіндеумен рұқсат етіледі. Бұл айтылғандар тесіктерге, фаскаларға, үңгілерге, тілімдердің қалыңдықтарына және т.б. қатысты.
Болмашы конустылық пен еністіктерді де үлкейтуге рұқсат етіледі. Конустылық не еністік айқын байқалмайтын кезде элементің кіші өлшеміне сәйкес келетін бір ғана сызық жүргізіледі.
Тісті доңғалақтардың шкивтердің және басқа тетіктердің күпшектеріндегі тесіктерді, сол сияқты кілтектік саңылауларды көрсету үшін, толық кескіннің орнына тесыктің не саңылаудың тек қана нұсқасын беруге рұқсат етіледі.
Жазық беттерді сызбада, тұтас жіңішке сызықтармен орындалған, диагональдармен көзге айқын түсерліктей етіп, бқліп кқрсетеді,
Ажыратылмайтын қосылыстарда, электротехникалық және радиотехникалық құрылғылардың, тісті берілістердің және т.т. сызбаларында рұқсат етілетін шарттылықтар мен оңайлатулар сәйкес стандарттармен тағайындалады.
20) МЕСТ 2,306-68* Қималардаңы заттардың графикалық белгіленулері. Тетікбөлшектің қандай материалдан жасалғаны сызбаның негізгі жазуында көрсетіледі. Сызбаға қима мен тіліктің қиюшы жазықтықта жатқан бөлігін МЕСТ 2,306-68 тағайындаған сызулық белгілермен сызықтап көзге түсіреді
Сызықтаудың параллель сызықтарын сызба жиегінің сызықтарына (4.44-сурет), немесе нұсқа сызығына (4.45-сурет), немесе оның осіне (4.46-сурет) 45°-тық көлбеулікпен жүргізу керек.
Сызықтау сызықтарының бағыты нұсқа немесе өс сызықтары мен бірдей болатын жағдайларда оларды 30° не 60°-тық бұрышпен орындауға болады (4.47-сурет).
Көршілес тетікбөлшектер қималарының сызықтауын былай түсіреді: біреуін оң жаққа, екіншісін — сол жаққа бағытгап сызықгайды, немесе сызықтардың арақашықтығын өзгертеді (4.48, а-сурет), немесе сызықтарды ығыстырады (4.48, ә-сурет). "Торлап„ сызықтағанда әр қимада сызықтардың арақашықтығы әр түрлі болуы керек (4.48, б-сурет).
Егер қиманың ені сызбада 2 мм-ден кем болса, онда сыбайлас қималардың арасында саңылаулар қалдыра отырып, оларды қарайтуға болады (4.48, в-сурет).
Жіңішке және ұзын қима аумақтарының ені сызбада 2-ден 4 мм-ге дейін болса, оларды тек шеткі жақтарында және ой-ықгар төңірегінде сызықтаған жөн (4.48, г- сурет).
Сызықтау сызықтары оң немесе сол жаққа көлбейді, бірақ берілген тетікбөлшектің барлық қималарында, олар орналасқан парақтар санына қарамастан, бір жаққа бағытталып жүргізілуі керек.
Сызықтаудың параллель түзу сызықгары арасындағы қашықтьгқ (сызықтау жиілігі), әдетге, берілген тетікбљлшекгің бірдей масштабта орындалған барлық қималарында бірдей болуы керек. Сызықтау аумағына байланысгы және сыбайлас қималардың сызықтауын әр түрлі етіп жасау үшін, бұл қашықтықты 1 мм мен 10 мм аралығында алады.
4.44-сурет4.45-сурет
4.46-сурет
4.47-сурет
г
4.48-сурет
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав