Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқыту әдістемесі.

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі
  3. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  5. Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара) оқыту әдістемесі.
  6. Гарнизондық патурльдер. Оқыту әдістемесі.
  7. Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер

Тікелей бастықтар пәрмен бойынша көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы:

а) сарбаздарға (матростарға) және мерзімді әскери қызметтің сержанттарына (старшиналарына) - рота командирлері мен оған сәйкес келетіндерге күн сайын;

б)прапорщиктер (мичмандар) мен офицерлерге (жоғары офицерлерден баска) әскери бөлімдердің командирлеріне апта сайын;

в)әскери бөлімдердің командирлеріне, сондай-ак, жоғары офицерлерге – жоғарыда тұрған штаб ай сайын баяндауы тиіс.

Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебі барлық бөлімшелер мен әскери бөлімдерде жүргізіледі.

Жарғыда көзделген барлық көтермелеу мен тәртіптік жазалар, оның ішінде командирдің ( бастықтың ) бөлімшенің (команданын), әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамына жариялаған көтермелеулері қызмет кәртішкесіне (3-қосымша ) жеті күндік мерзімненкешіктірілмей жазылады.

Әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алу кезінде қызметтік кәртішкесіндегі «Жазалар» деген бөлімнің тиісті бағанына жазаның қашан және оны кімнің алып тастағаны туралы белгі жасалады.

Егер әскери қызметшіге қолданылған тәртіптік жаза бір жыл ішіндс алынбаған болса және ол бұл кезенде басқа теріс әрекет жасамаса, «Жазалар» деген бөлімнің тиісті бағанына мерзімі өтуіне байланысты жазаның алынып тасталғандығы туралы белгі жасалады.

Қызметтік кәртішкелер:

а)ротада - сарбаздар мен сержанттарға;

б)әскери бөлімнін штабында - әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери кызметшілерге, прапоршиктер (мичмандар) мен офицерлерге;

в)1 және 2-рангідегі корабльдерде: матростар мен старшиналарға әскери бөлімшелерде, қызметте және жекелеген командаларда; әскери қызметті келісім-шарт бойыиша өткеруші әскери қызметшілерге, мичмандар мен офицерлерге - корабль командирінің көмекшісі;

г)3-рангідегі корабльде – корабльдің көмскшісі корабльдің бүкіл жеке құрамына;

д)4-рангідегі корабльде – басқармада бүкіл жеке құрамға жүргізіледі.

Әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлеріне, сондай-ақ жоғары офицерлерге арналған қызметтік кәртішкелер жоғарыда тұрған штабтарда жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызметтің әскери кызметшілеріне арналған қызметтік
кәртішкесіндегі әрбір жазбаны рота (тиісті бөлімшенің) командирі куәландыруы тиіс.

Әскери кызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілерге, прапорщиктер (мичмандар) мен офицерлерге арналған қызметтік кәртішкедегі жазбаны әскери бөлімнің штаб бастығы (корабль командирінің көмекшісі, 4-рангідегі корабльдің командирі), ал әскери бөлімдердің, кұрамалардың командирлері мен жоғары офицерлерге арналғандарды - жоғарыда тұрған штабтың бастығы растайды.

Батальондардың, полктердің, корабльдердің командирлері мен оларға теңестірілгендер тәртіптік практиканың қолданылуының (көтермелеулер мен қолданылған жазалардың) дұрыстығын тексеру мақсатында қызмет кәртішкелерін мерзім сайын қарап отыруға міндетті. Әрбір әскери қызметші жылына бір рет, сондай-ақ жылжытылуы немесе жаңа кызмет орнына ауыстырылуы кезеңінде өзінің қызмет кәртішкесімен қолын коя отырып танысуы тиіс.

Әскери кызметші жылжытылған және ауыстырылған жағдайда қызмет кәртішкесі жаңа кызмет орнына жіберіледі.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери тәртіп түсінігі.

2. Жоғарғаы әскери тәртіп.

3. Әскери бөлімде әскери тәртіпті қолдану.

4. Жоғары әскери тәртіп.

5.Теріс қылық жасаған әскери қызметшіге тәртіптік жаза қолдану

6.Әскери қызмет өткеру ережелері

7. Қызметтік тексерудің нәтижелері

8. Сабаздар мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

2. Көтермелеулер және оны қолдану тәртібі.

9. Кадеттік корпустардағы көтермелеулер.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Әскери тәртіптің талаптарына сай жұмыс жасау.

2. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

3. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде сарбаздар(матростар) мен сержанттарға қолданатын көтермелеулер.Командирлердің (бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға)старшиналарға)көтермелеулерді қолдану құқығы туралы.

2. Әскери бөлімде әскери тәртіптің талаптары,көтермелеулер ережелерін түсіндіре оқыту.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде сарбаздар(матростар) мен сержанттарға қолданатын көтермелеулер.Командирлердің (бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға)старшиналарға)көтермелеулерді қолдану құқығы туралы оқып қайталау.

оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 8 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " Тәртіптік жазалар."

Жоспары:

1.Тәртіптік жазалардың ережелері.

2.Сарбаздар(матростар)мен (сержанттарға)(старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.

3.Командирлердің)бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға(старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығы.

4.Тәртіптік жазаларды қолдану реті.

5.Тәртіптік жазаларды орындау тәртібі.Оқыту әдістемесі.

Сабақтың мақсаты: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде тәртіптік жазалардың жалпы ережелері.

Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде тәртіптік жазалардың ережелерінің маңызын түсіндір жеткізу.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)