Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу дәрістері

Читайте также:
  1. дебиеттік оқу
  2. Жылы Фариза Қанатқызының жетекшілігімен екінші орта топ» Рақым» тобында ашық ұйымдастырылған оқу әс-ірекеті өткізілді.
  3. Оқу әдебиеттері және / немесе электрондық материалдар
  4. Оқу материалдары
  5. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
  6. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ

Әскери бөлімде уақытты тәулік ішінде, ал кейбір жағдайларда апта ішінде де бөлу күн тәртібімен және қызмет уақытының регламентімен жүзеге асырылады.

Әскери бөлімнің күн тәртібі уақыт бойынша күнделікті қызметтің, бөлімшелер жеке құрамының және әскери бөлім штабының оқуы мен тұрмысының негізі іс-шараларын айқындайды.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші офицерлер мен әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламенті күн тәртібіне қосымша осы әскери қызметшілердің әскери қызметтің міндеттерінен туындайтын негізгі шараларды орындауының мерзімі мен ұзақтығын белгілейді.

Күн тәртібі мен қызмет уақытының регламенті әскери бөлім командирінің немесе Қарулы Күштердің және әскерлердің тегі, әскери бөлімнің алдына қойылған тапсырмалар, жылдың уақыты және жергілікті климаттық жағдайлар ескеріле отырып әскери бөлім командирінің немесе жоғарыда тұрған штабтың бұйрығымен белгіленеді.

Мерзімді әскери қызмет қызметшілерінің күн тәртібінде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуды жүзеге асыруға, таңертеңгі дене шынықтыруын жүргізуге, таңертеңгі және кешкі туалетке, таңертеңгі қарауға, оқу дәрістері мен оларға дайындыққа, арнайы (жұмыс) киімін ауыстыруға, тамақ ішер алдында аяқ киімді тазалауға және қолды жууға, тамақ ішуге, қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстауға, тәрбие, мәдени-демалыс уақытына және спорт, бұқаралық жұмысқа, жеке құрамды ақпараттандыруға,ғ радио тыңдауға, телебағдарламаларды көруге, діни ғұрыптарды жасауға, медициналық пункттерде ауруларды қабылдауға, әскери ызметшілердің жеке мұқтаждықтарына (кемінде 2 сағат), кешкі сейілдеуге, тексерулерге арналған уақыт және ұйқыға арналған 8 сағат уақыт көзделінуі тиіс.

Тамақ ішулердің арасындағы аралықтар 7 сағаттан аспауы тиіс. Түскі тамақтан кейін кемінде 30 минут бойы дәрістер немесе жұмыстар жүргізілмеуі тиіс.

Жиналыстар, мәжілістер, сондай-ақ спектакльдер, кинофильмдер көру және басқа да қоғамдық шаралар кешкі сейілдеуге дейін аяқталуы тиіс.

Қызмет уақытының регламентін айқындау кезінде әскери қызметшілердің күн тәртібіне сәйкес міндеттерін орындау қажеттілігі, сондай-ақ әскери бөлімді (бөлімшені) тұрақты жауынгерлік дайындықта ұстауға бағытталған шаралар ескеріледі.

Парк – шаруашылық және парк күндері бөлімнің тыл жөніндегі және қару-жарақ жөніндегі орынбасарларымен бірлесіп әскери бөлімнің штабы әзірлейтін және әскери бөлімнің командирі бекітетін, жоспарлар бойынша жүргізіледі. Жоспарлардан көшірмелер бөлімшелерге жеткізіледі.

Демалыс және мереке күндері жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызметті) және тәуліктік нарядтағы қызметті атқарушыдан басқа, жеке құрам үшін демалыс күндері болып табылады. Бұл күндері, сондай-ақ дәрістерден бос уақытта жеке құраммен мәдени-демалыс жұмысы, спорттық және басқа да іс-шаралар жүргізіледі.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери бөлімнің күн тәртібі.

2. Әскери қызметті келісім шарт негізінде өткерушілер үшін уақыт бөліну ерекшеліктері.

3. Әскери бөлімде уақытты апта ішінде бөліну жағдайлары.

4. Демалыс, мереке күндері уақыттың бөлінуінің ерекшеліктері.

5. Қызмет уақытының регламентін айқындауы.

6. Әскери бөлімде уақытты бөліну жағдайлары.

7. Демалыс және мереке күндері жауынгерлік кезекшілік.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде уақыттың бөлінуі және уақытты тиімді пайдаланудың жауынгерлік даярлыққа тікелей қатынасын түсіндіру.

2. Әскери бөлімде уақыттың бөлінуі және күнделіктік тәртіп міндеттерін оқытып үйрену.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде уақыттың бөлінуі және уақытты тиімді пайдаланудың жауынгерлік даярлыққа тікелей қатынасын оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№ 6. Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту"

1.Жоспары:

1.Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.

2.Санитарлық гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар. Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери қызметшілердің денсаулығын сақату мен нығайту дене тәрбиесін дамыту олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажарамас бөлік екендігін оқыту.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде әскери қызметшілердің денсаулығын сақату мен нығайту дене тәрбиесін дамыту олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажарамас бөлігі екендігі туралы түсінік беру.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)