Читайте также: |
|
Экономикалық колледжі
Мектепке дейінгі оқыту
Мен тәрбиелеу» мамандығы
Бойынша 2ДВк тобының 2 курс
білім алушысы Нұғман Жазираның
Семей қаласының «БесАсыл»
Балаларды дамыту орталығында
Мерзімі
Аралығында өтілген іс-тәжірибесі бойынша
Нұғман Жазираның есебі
Мақсаты: балалармен дұрыс жұмыс жасауға машықтану, мекеме тәрбиешілерінен үлгі алып жақсы жағын бойға сіңіру.
Міндеті: алған білімдерімізді іс-тәжірибеде көрсетіп, білмегенімізді толықтырып, қателікртерімізді жөндеу жәнеде іс-тәжірибеден алған, үйренген әдістерді болашақтада қолдану.
БесАсыл балаларды дамыту орталығы маусым айының 1, 2013 жылы ашылды. Балабақшада 90нан астам балалар тәрбиеленеді. Бұл мекемеде II кіші топ «Қанағат» және II орта топ «Талап», «Рақым» атты үш топ бар. Мекеме әдіскері Дамегуль Жумагуловна. «Қанағат» тобының тәбиешілері Сүниятова Айдана Сүниятқызы және Мусатаева Жазира Бағдатқызы. Ал «Талап» тобының тәрбиешілері Бажакупова Индира Бауыржанқызы мен Карипова Айнур Нурсанқызы. «Рақым» тобының тәрбиешілерінің аты жөні Қажымтаева Фариза Қанатқызы, Акрамова Дариға Дәлелхановна. Мен Фариза Қанатқызы мен Дариға Дәлелхановнның тобы екінші орта топ «Рақым» тобында іс тәжірибеден өттім. Сонымен қатар менің ауысымым Фариза Қанатқызына келіп түсті. «Рақым» тобында тізім бойынша барлығы 30 бала 12 қыз және 18 ұл балалар. Барлық топтың балаларға арналған өзіндік күн тәртібі бар. Күн тәртібіне тоқтала кетсем, бүлдіршіндердің балабақшадағы күндері 07:30-08:15 басталады. 08:30-08:50 арасында балалар таңғы ас ішеді. Сағат 09:10-10:35 балаларда ҰОІӘ өтеді. Дәруменді ас беру уақыты 10:00-10:10 аралығында. 10:35-12:10 балалардың серуендейтін мезгілі. Серуеннен кейін сағат 12:30-120:50 аралығында түскі ас ішіп, 12:50 ден 15:00ге дейін тәрбиеленушілер тәтті ұйқыды болады.Түскі тәтті ұйқыдын кейін 15:00-16:00 аралығында біраз ойнап сергиді. Кешкі ас уақыты 16:00 ден 16:20ға дейін. Түскі астан кейін бүлдіршіндер әр түрлі ойындар ойнап, мультфильм тамашалап, ертегі тыңдау үшін 16:30 бен 17:30 арасында 1 сағат уақыт беріледі. 17:30-18:00 балалардың үйге қайту мезгілі. Осылайша балалрдың әр күні тәртіпке сай жоспарланған.
Психолог маман Маратова Ақбота барлық балалрмен толық қанды жұмыс жүргізеді. Мекеме медбикесі Иргибаева Нэйла балалардың денсаулығына жіті назар аударып, қадағалайды.
жылы Фариза Қанатқызының жетекшілігімен екінші орта топ» Рақым» тобында ашық ұйымдастырылған оқу әс-ірекеті өткізілді.
Мақсаты: дайын бөлшектерден гүл шоғын құрастыруды үйрету. Көктемгі гүлдердің аттарын бекіту. Көз мөлшерін, назар аударуды дамыту. Өз жақындарына қуаныш сыйлауға ынталыққа тәрбиелеу.
Осы ашық ұйымдастырылған оқу әс-ірекетінен үйреніп ойға түйгенім мақсат мінсіз орындалуы үшін бала көңілін жасалатын жұмысқа қандай жағдаймен болсада аударту. Сол кезде ғана баланың қызығушылығы оянады. Сонымен қатар барлық балаға бірдей көңіл бөлу керек. Психологиялық тұрғыда жақсы көңіл күй сылауда ең басты іс-әрекет екенін түсіндім. Сабақ жоспарына іске асыруды үйрендім.
Күні «Түлкі, аю және қойшы» атты қуыршақтар театрын өткіздік. Қойылымның мақсаты: Балалардың қиял ғажайып ертегілерге қызығушылығын арттыру, үзінділерді тыңдай білуге, сахналай алуға үйрету, шығармашылық елестетуін, қиялын дамыту. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Тақырыбында аталып өткендей қойылымда үш рөл сомдалды түлкі, аю жәнеде қойшы. Түлкі рөлінде 2ДВк тобының білім алушысы Ешінбаева Толқын ойнады. Аю мен қойшы рөлдерін сомдаған Белдемчинова Майра мен мен Нұғман Жазира. Сонымен қатар қойылымымыз қуыршақтардын көмегімен қойылғандықтан автор мен жүргізушіді болды. Авторымыз Ибрайханова Айгерим болса, жүргізушілікті қолға алған Дюсенгалиева Назгүл. Менің ойымша мақсатымыз орындалды. Көрініс барысында сахна артында тұрсамда балалардың қызығушылықпен тамашалап отырғанын сезіндім. Балаларда бізге қолдау көрсетіп отырды. Көрініс арасында балаларға сұрақ қою барысында олар белсене жауап беруде болды. Бұл қуыршақтар қойылымы біздің алғашқы еңбегіміз.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав