Читайте также:
|
|
Бұйрық - қызмет бабында қандай да бір іс-әрекетгі орындау немесе тоқтату туралы командирдің (бастыктың) талап етуі.
Бұйрық әскери қызметшілердің біріне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе техникалық құралдар аркылы берілуі мүмкін.
Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің жеке-дара басшылығы құқығында берілетін әскери басқарудың негізгі өкімгерлік қызметтік кұжаты (құқықтық акті) болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлімнің командирінен бастап одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.
Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.
Өкім - бағыныстыларға командирдің (бастықтың) тапсырмаларды жеткізу нысаны. Өкім жазбаша түрде немесе ауызша беріледі. Жазбаша өкім қызметтік құжат болып табылады. Штаб бастығы әскери бөлім командирінің атынан немесе гарнизонның әскери коменданты гарнизон бастығының атынан олардың нұсқауларын жазбаша өкім нысанында жеткізеді.
Командир (бастық) бұйрық (өкім) берер алдында ахуалды жан-жақты бағалауға және оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуын бақылауды жүзеге асьгруға міндетті. Ол берілген бұйрық (өкім) мен оның салдарлары үшін, бұйрықтың (өкімнің) зандарға сәйкестігі үшін, сондай-ақ билікті теріс пайдаланғаны және билікті немесе қызметтік өкілеттігін берілгсн бұйрықта (өкімде) асыра қолданғаны үшін және оны орындау жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапты болады. Бұйрық (өкім) қысқа әрі анық берілуге тиіс,
екіүдай түсінуге жол бермеуге және багыныстының күдігін тудырмауға тиіс.
Бұйрықтар бағыныстылық ретімен беріледі. Ерекше қажет болған ретте бастық бағьшыстыға оның тікелей бастығын жанай бұйрық бере алады. Мұндай жағдайда ол бұл туралы бағыныстының тікелей бастығына хабарлауға тиіс немесе бағыныстыға тікелей бастығына өзінің мәлімдеуін бұйырады.
Командирдің (бастықтың) бұйрық сөзсіз, дәл және мерзімінде орындалуға тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып: "Құп болады" - деп жауап береді де, содан кейін оны орындайды.
Берген бұйрықтың дұрыс түсінілгеніне көз жеткізу қажет болған ретте командир (бастық) оны қысқаша қайталауды талап ете алады, ал бұйрық алған әскери қызметші командирге (бастыққа) оны қайталауын өтіне алады.
Алынған бұйрыктың орындалғаны туралы әсксри қызметші бұйрық берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті. Бұйрықты орындаған соң ол аға командирге (бастыққа) бұл жөнінде шағымдана алады.
Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші басқа, қызметтік жағдайы бойьнша аға шенді бастықтан жаңа бұйрық алып, оны орындауға бірінші бұйрық кедергі жасайтын болса, ол бұл туралы екінші бұйрықты берген бастыққа баяңдайды және ол қуаттаған жағдайында соңғысын орындайды.
Жаңа бұйрық беруші бұл туралы бірінш бұйрық берген бастыққа хабарлауға міндетті.
Өзінің алдына қойылған тапсырманы сәтті орындау мақсатында әскери қызметші байыпты бастамашылық танытуға міндетті.
4.Бақылау сұрақтары:
1.Бұйрық
2. Өкім
3.Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез құлқы.
4. Әскери сәлемдесуді әр түрлі жағдайда орындау тәртібі.
5. Бұйрық, беру, орындау және бақылау тәртібі.
6. Өкім шығару, орындау және бақылау тәртібі.
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Әскери қызметшілердің бастамшылығы туралы талдаулар жасау.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Әскери қызметшілердің бастамшылығы жайлы бейне т.б материалдар жинақтау
2. Әскери қызметшілердің бастамшылығы тақырыбын толықтыру.
7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери қызметкерлердің бастамшылығы оқыту әдістемесі
8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
3. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.
2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007
http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав