Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ей періштелерім, сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім.

Читайте также:
  1. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  2. Бұйрық (өкім) оларды ,орындау және бақылау тәртібі.беру
  3. Лекция. Евклид кеңістігі және олардың мысалдары. Банах кеңістігі және оның мысалдары. Сеперабельдік кеңістіктер
  4. Лекция. Сызықтық кеңістіктер және олардың мысалдары.Сызықтық кеңістіктің өлшемі мен базисі.
  5. МЕСТ 2.303-68* Сызықтар түрлері және олардың тағайындалуы.
  6. Ндіріс факторлары және оларды өтеу

Періштелер:

- Олардың арасындағы біреуі, ілім үйрену немесе ғибадат ниетімен емес, басқа бір мәселемен келген еді, ол да кешіріле ме?

Аллаһу та’ала былай дейді:

- Олар сондай бір жамағат, олармен отырған адам шақи (тозақтық) болмайды, жаһаннамға кірмейді.

Бұл сүйіншіге қауышу үшін, бірнеше адам жиналған кезде маңызды діни білімдер туралы сөйлесу керек. Мұндай мүмкіндікті ғанибет деп білу керек.

Оразаны бұзатын нәрселер

Ғылымхал кітаптарында оразаны бұзатын және кәфарат керек ететін жағдайлар үшін жалпы қағида білдірілген. Азық немесе дәрі ретінде пайдалы бір нәрсе жеп ішу, ләззат беретін нәрсені ауыздан өткізу және жима (әйелімен қосылу) оразаны бұзады. Оразаны бұзатын бұл нәрселер біле тұра жасалса әрі қаза, әрі кәфарат керек болады. Оразаны бұзып әрі қаза, әрі кәфарат керек ететін жағдайлардан біршамасы мыналар:

1- Ораза екенін біле тұра жеп ішу

2- Қан алдыру, ғайбат ету секілді оразаны бұзбайтындығы мәлім нәрселерден кейін оразам бұзылды деп біле тұра ішіп жеу

3- Тамаққа кірген жаңбырды, қарды өз қалауыңмен жұту. Өз қалауыңсыз тамақтан кіретін болса тек қаза керек болады.

4- Темекі шегу

 

Оразаны бұзатын, тек қаза керек ететін жағдайлар:

1 Қателесіп бұзу, мәселен дәрет алғанда тамаққа су кетіп қалуы.

2 Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.

3 Зорлап бұздыру.

4 Мұрынға сұйық дәрі құю.

5 Мұрнына иіссу (адеколон) тарту. (Иіссуды иіскеу оразаны бұзбайды)

6 Мұрынға тартылған судың ауыздан шығуы.

7 Орнықты кезде бастаған оразасын сапарда бұзу.

8 Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу

9 Құлақтың ішіне дәрі тамызу.

10 Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.

11 Денеге инемен дәрі егу.

12 Қалап, қинап ауыз толтырып құсу.

13 Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған адам аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.

14 Сәрі уақыты біткенін білмей жеп-ішу.

15 Күн батты деп ойлап ауыз ашу.

16 Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.

17 Ауырған тісін морфий (новокаин) салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек болады.

18 Дәрет алғанда ауызды шайғанда тамаққа су кету.

19 Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.

20 Талып қалған адамның есін жиғызу үшін немесе ұйықтап жатқан адамның аузына су құю.

21 Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.

22 Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етсе, түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.

23 Мастурбация жасау оразаны бұзады. (Ұйықтап жатып жүніп болу оразаны бұзбайды)

24 Тахарат алғанда ішке су кетіп қалуы.

25 Теңізге, бассеинге түскенде денеге су кіруі.

26 Клизма жасау оразаны бұзады.

27 Астма ауруларының дерті қозғанында дәрі спрэй қолданғанында ораза бұзылады. Дәрісіз от тегі газы оразаны бұзбайды. Ауру болмай дәрі спрэй қолданғанда қаза және кәфарат керек болады.

28 Әйелдердің және еркектердің дәрі ретінде (свеча) қолдануы оразаны бұзады. Бірақ ғұсылды бұзбайды.

29 Аурулардың тіл астына дәрі қойып дәрі қабылдауы, жұтпаса да оразаны бұзады. (Жүрек ауруында сау терінің үстіне жағылып терінің қуыстарынан сүзіліп жүрекке пайдасын тигізетін дәрі, сау терінің үстіне жағылғаны үшін оразаны бұзбайды.)

 

Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қаза етеді. Өлімді еске алудың пайдалары

Сұрақ: Өлімді еске алудың қандай пайдасы бар? Өлім деген не? Өлімнен қорқу керек пе?

Жауап: Әрбір мұсылман жаннат пен жаһаннамға сенеді. Жаһаннамнан құтылып, жаннатқа кіргісі келетін ақылды адамның өлімге дайын болуы керек. Өйткені, пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ақылды адам - өзін есепке тартып, өлім үшін дайындалатын адам» деген. Бір нәрсе үшін дайындалу – ол нәрсені жиі еске алу арқылы болады. Еске алу еске түсіретін нәрселерге қараумен, оларды істеумен іске асады. Жалпылама адамдардың барлығы өлімге көз жұма қарайды. Бір аятта: «Есеп беру уақыты жақындаса да, адамдар қараңғылық ішінде, бұдан жүздерін алып қашуда.» делінген. (Әнбиа 1)

Дүниенің пайдасыз зауқтарына алданған адам өлімнен хабарсыз өмір сүреді. Қасында өлім туралы сөз айтылса, жиренеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кім өлімнен жиренсе, Аллаһ одан жиренеді» деген. Аллаһу та'ала: «Қашып жүрген өлімдеріңе міндетті түрде ұсталасыңдар» деп бұйырған. (Жұма 8)

Күнәлардан қашып, ғибадаттарын орындап жүрген адам, өлімді қаламаса өлімнен жиренген болмайды. Өйткені, ол кемшіліктерінің орнын толтыру үстінде. Бір адам сүйіктісіне дереу кел десе, сүйіктісі жуынып-шайынса, қырынса, жаңа киімдерін киумен, сүйіктісіне сыйлықтар алумен кешіксе, бұл кешіккені сүйіктісіне қауышудан жирену болып саналмайды. Өлімді жақтырмауы кешірімді, өйткені ол адам өлімге әлі дайындалуда.

Әбу Сүлейман Дарани хазреттері салиха бір әйелден: «Өлімді жақсы көресің бе?» деп сұрады. Ол әйел: «Жоқ, жақсы көрмеймін» деп жауап берді. Себебін сұрағанда: «Біреуге жағымсыз нәрсе істеп қойсам, оған қарауға ұяламын. Оған көрінгім келмейді. Мұнша күнәнің ішінде жүріп, күнәлардан арылмай тұрып, Аллаһу та'аланың дәргейіне шығуды қалай жақсы көре аламын?» деп жауап береді.

Арифтер (әулиелер) өлімді әрдайым еске алып жүреді. Өйткені олар өлімге әр сәтте де дайын. Сонымен қатар олар өлімнің сүйіктімен қауышу екенін біледі. Өлім – досты доспен қауыштыратын көпір болып табылады. Бұл көпірден өтпеген адам сүйіктісіне қауыша алмайды. Арифтер сондықтан өлімді жақсы көреді.

Хазреті Мәулана Әзірейіл алейһиссаламға: «Тез кел, жанымды тезірек ал, мені Раббыма дереу қауыштыр» деген. Сүйген адам сүйіктісімен кездесетін күнді еш есінен шығара ма, ол күннің тезірек келуін жан-тәнімен қаламай ма? Тіпті өлімнің кешігуінен жаны қысылады. Тезірек қауышуға тырысады.

Хазреті Хузәйфа өлім төсегінде жатқанда: «Дос кенеттен келді, өкініш пайда бермейді. Йа Раббым, өмір сүруім мен үшін қайырлы болса, өмір сүруімді нәсіп ет, өлгенім қайырлы болса өлім жолын маған жеңілдет» деп дұға еткен. Мұсылмандар да осылай дұға етуі керек.

Әр уақыт, жақсы және жаман жағдайларда өлімді еске алудың пайдасы көп. Өйткені, дүниенің пайдасыз зауқтарының соңынан ерген адамның өзі, өлімді еске алу арқылы лас істерінен алыстай бастайды. Уақыт өте дүниенің қиыншылығы оған ауыр болып, зауқтарынан суиды. Осылайша дүниенің пайдасыз нәрселерінен суытатын барлық нәрсе, құтылудың себебі болып табылады.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Өлімді еске алу күнәлардан сақтайды.» (Ибн Әбиддунйа)

«Өлімді еске алу садақа бергендей сауап.» (Дәйләми)

«Өлімді көп еске алған адамның көңілі жанданады, өлімі де оңай болады.» (Дәйләми)

«Өлімді көп еске алу адамды дүниеден тартады, күнәлардан суырып алады.» (Ибн Лал)

«Ең ақылдыларың - өлімді көп еске алатын, ахирет үшін азық жинауда асыққандарың. Өлімді көп еске алатын адам, дүние мен ахирет бақытына қауышады.» (Табарани)

«Ләззаттарды жоқ қылатын, ауыздың дәмін бұзатын, үміттерді үзетін өлімді көп еске алыңдар! Өлімді таршылықта еске алған адам жеңілдейді. Кеңшілікте еске алған адам, ысраптан қашып, қанағатшыл болады.» (И. Хиббан)

«Аллаһтан ұялатын адам өлімді еске алмай жатпайды, харам тамақ жемейді, зинадан қашады, тілін, көзін және құлағын харамдардан тияды, өлгеннен кейін шіритінін ойлайды.» (Табарани)

«Өлімді еске алу адамды күнәлардан қорғайды және дүниеге (Аллаһу та'аланың разылығына кедергі болатын барлық нәрселерге) берілуден сақтайды.» (Ибн Әбиддунйа)

«Темірді тот басқаны сияқты көңіл (жүрек) те күнәлармен кірленеді. Өлімді көп еске алу және Құран кәрім оқу көңілді жалтыратады.» (Бәйһақи)

«Өлімді көп еске алып, күнәлардан қашқан адамның қабірі жаннат бақшасы болады. Өлімді ұмытып күнәға батқан адамның қабірі жаһаннамның шұқыры болады.» (Суфйани Сәури)

Бір кісі көп мақталды. Сол жерде тұрған Расулуллаһ алейһиссалам: «Ол адам өлімді еске ала ма?» деп сұрады. «Өлім туралы айтқанын естімедік» делінді. Сонда Расулуллаһ: «Өлімді еске алмайтын адам қадірлі болмайды» деді. (Ибн Әбиддуниа)

Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін

Сұрақ: Не істесек Аллаһу та’ала бізден разы болады?

Жауап: Исраил ұлдары Мұса алейһиссаламға осындай сұрақ қойған еді. Аллаһу та’ала: «Олар бізден разы болса, Мен де олардан разы боламын» деп бұйырды. Яғни бастарына келген қиыншылықтарға төзуі, сабыр етуі, әркімге бір айтып шағымдана бермеуі Аллаһу та’аладан келген нәрселерге разы болуды білдіреді.

Мұса алейһиссалам: «Йа Раббым, ең жек көретін құлың кім?» деп сұрағанда Аллаһу та’ала: «Бір құлым менен қайырлысын сұрап, Мен оған қайырлы үкім бергенімде, оған разылық көрсетпеген құл» деп жауап берген. Аллаһу та’аланың берген тағдырына разы болу керек.

Хадис құдсиде былай делінген:

«Қаза және тағдырыма разы болмаған, ұнатпаған, берген ниғметтеріме шүкір етпеген адам менен басқа илаһ (Құдай) іздесін!» (Табарани)


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 83 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)