Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiнiң салалары

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Ағымды бақылау
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 470-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

1. Мемлекеттiк бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарының сақталуына;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
4) мұнайгаз кәсiпшiлiгi инфрақұрылымына;
5) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
6) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;
7) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiне және айналымына;
8) атом энергиясы саласында;
9) автомобиль көлiгi саласында;
10) темiр жол көлiгi саласында;
11) Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
12) көлiк саласында;
13) өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
14) техникалық реттеу саласында;
15) сәйкестiктi бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
16) метрология саласында;
17) тұрғын үй қатынастары саласында;
18) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;
19) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
20) тұқым шаруашылығы саласында;
21) астық нарығын реттеу саласында;
22) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласында;
24) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;
25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
26) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;
27) жердi пайдалану мен қорғауға;
28) геодезиялық және картографиялық қызметке;
29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
30) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне;
31) қалдықтармен жұмысқа;
32) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;
33) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында;
34) азаматтық қорғаныс саласында;
35) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) қызметi үшiншi тұлғаларға нұқсан келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
38) дәрiлiк заттардың айналысы саласында;
39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудiң ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;
41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;
42) бiлiм беру жүйесiне;
43) Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуына;
44) еңбек туралы және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;
45) қызметкердi еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;
46) халықты жұмыспен қамту саласында;
47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
49) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
50) байланыс саласында;
51) ақпараттандыру саласында;
52) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
53) салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;
54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес түсiмдердiң түсуiне;
55) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
56) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
57) сырттай байқау рәсiмдерiнiң, оңалту рәсiмдерiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң өткiзiлуiне;
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға;
59) құзыретi шегiнде қаржылық ұйымдардың қызметiне;
60) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;
61) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне;
62) экономикалық шоғырлануға;
63) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;
64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиясы объектiлерiн пайдалануға;
65) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiнiн кейiннен жариялау саласында;
66) бағалау қызметi саласында;
67) табиғи монополиялар салаларында;
68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттердi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгiзiлетiн өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша белгiленген бағаларды сақтауына;
69) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
72) түрлi-түстi бейнелi көбейткiш-көшiргiш техниканың, сондай-ақ штемпельдiк-гравюралық кәсiпорындардың қызметiне;
73) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына;
74) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;
75) күзет қызметiне;
76) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
77) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
78) туристiк қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
79) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
80) ойын бизнесi туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
81) тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
82) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
83) спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасында;
84) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
85) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
86) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне;
87) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына және пайдаланылуына;
88) мемлекеттiк статистика саласында;
89) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау және қорғау саласында;
90) биоотын айналымы саласында;
91) биоотын өндiру саласында;
92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын сақтауда;
93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда;
93) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауда;
94) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
95) ветеринария саласында;
96) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;
11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;
12) кредиттiк бюролар қызметiне;
13) инвестициялық қорлар қызметiне жүзеге асырылады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)