Читайте также: |
|
1. Мемлекеттiк органдар тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесiне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң:
1) жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
2) орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
3) болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiгiн айқындайды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуын тексеру үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң кезеңдiлiгi:
1) ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – бiр жылда бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға;
2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – айына бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – тоқсанына бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – тоқсанына бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен жиi болмауға тиiс.
Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежелерi бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектiнiң маңыздылығы, осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердiң нәтижелерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк органдар мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарына, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарына қатысты актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi бақылау және қадағалау органдарының және кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның бiрлескен бұйрығымен бекiтiледi және мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы.
Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 83 | Нарушение авторских прав