Читайте также: |
|
Үй тапсырмасын беру. 280-жаттығу, Мекен үстеуді тауып қалай жасалғанын айту.
Синтаксисті оқыту әдістемесі. Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда кейінірек барып зерттеле бастаған сөз тіркесі синтаксисінің кейбір қырлары осы күнге дейін пікір таласын тудырып жүр. Бұл аталған саланың өзіне ұқсас басқа тілдік тұлғаларының бір ізге туспеуінен де болар. Себебі, сөз тіркесіне үқсас күрделі сөздер, сөздердің салалас қатарлары, атаулық тіркестер жайындағы мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Тілдің дамуы барысында толық мағыналы сөздер мен комекші сөздердің тіркесі тек сөз тіркесінің бір сыңарының ғана қызметін атқара алатыны айқын көріне бастады. Осы тәрізді тіл дамуы барысында атаулық тіркестер мен сөз тіркестерінің ара жігі анық көрінері сөзсіз. Сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларды мектеп грамматикасында терең, жан-жақты оқытуды бүгінгі өмір заңдылығы талап етіп отыр. Себебі соңғы жылдары жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлерді тест жүйесі арқылы қабылдау қанат жайды. Ал бұл еңбектерде берілген тапсырмаларда сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар көптеп қамтылған.
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз- оқушылардың жас ерекшелігі негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір- біріне бағына байланысу заңдылықтары) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал тәсілдердің жиынтығы.
Сөз тіркесін зерттеген және зерттеп жүрген ғалымдар пікірлеріне, сондай-ақ тіл фактілеріне сүйене отырып, мынадай түжырым жасап, әрі оқыту процесінде басшылыққа алуға болады:
1.Кез келген сөздер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, олар өзара тіркесу үшін белгілі заңдылыққа негізделеді. Олар мағына жақындығына қарай тіркесу және тіркес құрамындағы сөздердің белгілі бір тәсілдер арқылы байланысу заңдылығы.
2.Сөз тіркесі деп танылу үшін кемінде толық лексикалық мағынасы екі сөздің тіркесуі керек, демек, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің, шылаулардың, көмекші етістіктердің тіркесі сөз тіркесінің қатарына жатпайды.
3.Сөз тіркесі құрамындағы сөздер бір бірімен тең дәрежеде байланыспай, бірі екіншісіне бағына байланысады.
4.Сөз тіркесі құрамындағы сөздер байланысынан басқа бір лексикалық пайда болмайды, жаңа бір грамматикалық мағына туындайды.
5.Өзіне тән бастапқы мағыналары солғындап, сексикаланып, синтаксистік қатынасы бұзылып, бір заттың атауына айналып бара жатқан не толық айналған, проф.С. Исаевтың термині бойынша, атаулық тіркестер, проф.М. Балақаевтың термині бойынша номинативті тіркестер сөз тіркесі бола алмайды.
6.Қиыса байланысқан тіркестер сөз тіркесіне тән қатынасты емес, предикативті қатынасты білдіретіндіктен сөйлемнің нысанасында қаралады.
Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет. Әр тақырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, үғыну оңайға соғады. Біздің пікірімізше, сөз тіркесін оқыту мынадай бағытта жүргізілсе дұрыс болар еді:
1. Сөз тіркесі туралы түсінік
2. Сөз тіркесінің құрылысы
3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
4. Сөз тіркесінің байланысу формалары
5. Сөз тіркесін топтастыру туралы
6. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы
7. Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар.
Оқушыларға сөз тіркесі туралы жалпы мағлұмат бергеннен кейін, оның айрықша белгілеріне, зерттеу нысанасына тоқталып, тілдегі негізгі қызметіне талдау жасау қажет.
Келесі тақырып сөз тіркесінің құрылысы. Бұл тақырыпты өткен кезде сөз тіркесінің синтаксистік бірлік ретінде өзіне тән құрылысы болатындығын теориялық жағынан кеңінен түсіндіріп, мысалдар арқылы дәлелдеу керек. Сөз тіркесінің құрылысын түсіндірген кезде оның негізгі белгілерін ғана айтып, осы тіркескен екі сөздің байланысу ерекшеліктеріне қарай бес түрге бөлінетінін келесі сабаққа қалдырса, оқушылар бұл тақырыпты тез меңгереді. Сөздердің байланысу формаларын сөз тіркесінің құрылысымен байланыстыра түсіндіруге болады. Сұрақ жауап әдісімен оқушылардың түсінігін біледі.
Сабақты сөз тіркесі құрылысының негізінде қарасақ, алдымен матасуды, одан кейін меңгеру, қабысу, жанасу, ең соңында қиысуды өту дұрыс болады.
Сөздердің байланысу формаларының ішінде алдымен матасуды өту керек дейтін себебіміз, біріншіден, екі мүшесі де қосымша арқылы жасалатындықтан, екіншіден, сөз тіркесінің бірінші мүшесі ілік септігінде тұрғандықтан. Матасудан кейінгі байланыс түрі — меңгеру. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғанатындықтан, алдымен, септік жалғауларын қайталап, окушылардың естеріне түсіріп, содан кейін іліктен кейінгі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының сез бен сөзді байланыстыратын қызметін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу керек. Оқушы назарын сөз тіркесінің әр мүшесіне, яғни, бағыныңқы, басыңқы сыңарына қандай қосымшалардың жалғанатынына назар аудару көзделеді.
Қабысу еш қосымшасыз, қатар тұру арқылы жасалады. Оқушыға қабысуды түсіндірерден бұрын сөз таптарының зат есіммен байланысын қайталап алған дұрыс.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі жанасу. Мектеп оқулығында Сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысқан түрі деп берілген. Жанасу мен қабысуды ажырата түсіндіру үшін олардың басыңқы және бағыныңқы сыңарларының қай сөз таптарынан жасалып тұрғанына көңіл аударту керек.
Қиысу тақырыбын өткенде морфологияны түгел қайталар шығуға болады. Оқушы мұның ішінде жіктеу есімдігі мен жіктік жалғаулы сөздердің байланысын жақсы меңгеру қажет.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері деген өте кең ұғым.Олар қосымшалар арқылы байланысу тәсілі, септеулік шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонация арқылы байланысуы.
Есімді сөз тіркесі Етістікті сөз тіркесі
Ол Балаға
кешегі Ол
студент |
келді |
жақсы үйге дейін
кешіккен кеше
мына сөйлей
Жақсы жолдас – есімді сөз тіркесі. Біреуге күлу – етістікті сөз тіркесі, өйткені бұл тіркестердегі басыңқы сөздері жолдас – есім (зат) сөз де, күту – етістік.
Талдау
1. Біз арланбаймыз – қосымша арқылы байланысқан (-мыз – жіктік жалғауы), бірақ сөз тіркесі емес, субъектілік – предикаттық қатынастағы байланыс.
2. Мойындауға арланбаймыз – қосымша арқылы байланысқан (-ға барыс септігі), етістікті сөз тіркесі.
3. Кемшілікті мойындауға – қосымша арқылы байланысқан (-ты табыс септік) етістік сөз тіркесі.
Жай сөйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сөйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталғаны жөн. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл сөйлемдердің әрқайсының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазбаша текстілерде қандай мән беретінін, мағынасын жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сөйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақысына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға, оларды оқудың интонациясы сөйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сейлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екенін жай сөйлемді мысал ретінде алып, салыстырған дұрыс. Мектепте синтаксисті оқытуда мынадай міндеттер қойылады: синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрылысы туралы жүйелі білім қалыптастыру; тілдің синтаксистік нормасы түрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру; оқушы тілінің синтаксистік құрылысьш мақсатты түрде байыту; пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының мақсаты мен міндеттері. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты – орыс тілді мектептерде тілді теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерте отырып, қазақ тілін коммуникативтік (қатысымдық) тұрғыдан үйрету. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, парктикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлай отырып, олардың қазақ тілін оқытуда төмендегідей жайттарға назар аударуын қамтамасыз ету қажет: Әртүрлі жанрда жазылған шағын мәтіндердің мазмұнын түсініп, оқи білуге үйрету; Күнделікті тұрмыста, мәдени орындарда, оқу орындарында, т.б. ауызекі сөйлей білуге дағдыландыру; Өзін қоршаған орта туралы, өзі туралы айта білуге дағдыландыру; оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелеу, оған өзінің пікірін, бағасын беруді меңгерту. Жеңіл шағын мәтіндерді (хабарландыру, қысқаша хабарлама, т.б.) тыңдап, оларды түсіне білуге қалыптастыру; Қарапайым ақпаратты, хабарды жаза білуді, соның ішінде хат жазуды, сауалнама, арнайы бланкілерді, т.б. толтыру меңгерту; Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жаза білуді игеру, т.б. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту барысында төмендегідей міндеттерді шешудің маңызы зор.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының міндеттері:
· Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
· Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;
· Қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;
· Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
· Қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту;
· Болашақ қазақ тілі мұғалімдері ретінде, өз бетімен ғылыми-әдітемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру;
· Педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдерін оқыту әдістемесі алдына қойған міндеттерді шешу барысында төмендегідей талаптарды жүзеге асыру қажет:
Бұл айтылғандардың бәрін жүзеге асыру үшін қазақ халқының мәдениеті мен тілін қатар байланыстыра оқытудың мәні зор. Сонымен қоса оқушылардың танымдық-қатысымдық әрекетінің орны ерекше. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуға қойылатын талаптарға сай сөйлесім әрекетінің бес түрін меңгертумен қатар, негізгі, білім алу, еңбек ету, қызмет ету салалары бойынша тілдік қарым-қатынас жасауды меңгерту. Яғни, оқушылардың жас ерекшелігіне сай өзекті мәселелерді қамтитын қоғамдық-әлеуметтік салаларға бағытталған тақырыптар негізінде жүзеге асыру. Мысалы, адамның жеке өз басына қатысты, қоғамдық-әлеуметтік ортаға байланысты, кәсіби бағдарға байланысты білім алу, қызмет ету салаларына байланысты жағдаяттарды қамтып; пікірлесу, тілдесуді игерту. Болашақ мұғалім қазақ тілін оқыту барыснда тілді қатысымдық тұрғыдан игертуге көңіл бөлуі қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды:
Айтылым:
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав