Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Танымдық процестер психологиясы.

Читайте также:
  1. Тақырып. Жеке тұлға психологиясы. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік шақтағы психикалық даму ерекшеліктері
  2. Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы
  3. Тақырып: Қарым– қатынас пен топтарпсихологиясы.
  4. Тақырып: Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі
  5. Тақырып: Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері.
  6. Тақырып: Жас мәселесі және психикалық дамудық заңдылықтары
  7. Тақырып: Іс-әрекеттің психологиясы.

Жоспар:

1. Түйсік туралы жалпы түсінік.

2. Қабылдау,оның түрлері және қасиеттері.

3. Ес туралы жалпы түсінік.

4. Ес теориялары мен заңдары.

5. Ойлау процесі және оның түрлері.

6. Психологиядағы ойлау теориялары.

7. Қиял және оның түрлері.

8. Қиялдың функциялары мен дамуы.

9. Қиял және органикалық процестер.

10. Зейін функциялары және оның түрлері.

11. Зейіннің психологиялық теориялары.

 

Негізгі ұғымдар: қабылдау, апперцепция, иллюзия, бақылампаздық,ес, жад, есте қалдыру, рецепторлар, оперативтікес, тану,ұмыту,ойлаудың түрлері,ой болжамы, ой операциялары,Тіл қатынас және сөйлеу, сөйлеудің физиологиялық механизмі, қиял, жасампаздық қиял, арман, мұң, шығармашылық қиял,зейін, ырықты, ырықсыз, үйреншікті, тахистоскоп, ретикулярлық формациялар

 

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы, «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған суық бір нәрсе жармасты» деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау – затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау – шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі. (студенттердің өздеріне мысалдар келтіртемін, талдатамын)

Қабылдаудың физиологиялық негізі – үлкен ми сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді..Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен нені сезінеміз?

-Гүлдің жұпар иісін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп, оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз. Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидың қабығында қосылып, біртұтас болып бірігеді. Сөйтіп, біз бұл заттың раушан гүлі екенін білеміз. Бұл жерде ес процесі орын алады. Гүлдің иісі бізді шаттандырып, жақсы бір сезім тудырады.

- Ақырында,студенттер раушан гүлінің қай сортқа жататыны туралы ойланып, өздерінше қарапайым қорытынды жасайды. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және қимыл-қозғалыс, кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады.

Апперцепция және оның қабылдаудағы рөлі.

« Апперцепция» латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымшадеген мағынаны білдіреді. Латынша « ап» - үстеме жұрнақ, « перцепцио » - қабылдау.

Уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы (иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады. « Иллюзия » - латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар біріне-бірі сәйкес келмей, бұрмаланады.

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туады. Осы орайда галлюцинациядеп аталатын жағдай бар. Бұл термин қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді.

Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:

а)Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрінде қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір-бірінен бөлек тұрғанымен, оларды үшбұрыш деп білеміз. Немесе Мәриям Жагорқызының «Дудар-ай» әнінен үзінді еститін болсақ та, сол әннің мазмұнын толық қабылдаймыз.

ә) Қабылдаудың мағыналылығы.Қабылданған объект тұтас болады, оның мән-жайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылау тану немесе талғаусыз тану және даралық тану болып бөлінеді.Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды білу анық, толық түрде болады. Мысалы, адам көп киімнің ішінен өз киімін таниды, немесе көп адам ішінен өзіне таныс кісіні ажырата алады. Сондай-ақ, сәби де бірнеше адамның ішінен өзінің ата-анасын, жақын туыстарын тани алады.

Адам өзінің өмірде көріп – естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталып,қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен бұдан шығатын тұжырым, адамның қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл – күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады.

«Ес - ақыл қоймасы» (А. В. Суворов). Есті экспериментті түрде тұңғыш рет зерттеген неміс психологы Г. Эббингауз. Ана тілімізде «Ес» деген сөздің екі мағынасы бар. Біріншіден, «ақыл-ой» (рассудок) дегенді білдіреді. Екіншіден, «жад» деген мағынаны білдіреді. Г. Эббингауздың айтуынша, мағынасыз сөздерді жаттау механикалық естің өзіндік өлшеуіші болып саналады.

Ес типтерінің түрлері анықтауда оқу материалын есте қалдыру не еске түсіру сезім мүшелеріндегі рецепторлардың түріне қарай әртүрлі келетінін тұңғыш зерттеген орыс психологы А.П.Нечаев (1870-1948).Оның айтуынша, біреулер көзімен көргенін, не оқығанын, екіншілері құлағымен естігенін, ал үшіншілері қолымен ұстап -тұтқанын, ал басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қолданғанда ғана тиісті мағлұматты есте қалдырады.

Мағыналы және мағынасыз есте қалдыру мен еске түсіру.

Естің көптеген қасиеттері соның ішінде мағыналы, мағынасыз есте қалдыру мненометр деген аспап арқылы зерттеленеді (2-ші суретті қараңыз). Суреттегі мненометр өткен ғасырда таралған. Мұның қазірде күрделі түрлері де бар.

Естің негізгі бөлшектері.

Адамның есі негізінде есте қалдырудан, есте түсіруден құрастырылады және бұлар ой әрекетінің бір түрі болып саналады. Олардың ішіндегі ең күрделісі- есте қалдыру. Тікелей және жанама түрде есте қалдыру.

Тікелей ес деп- ұғатын материалды жанама әдіс қолданбай, оны сол күйімен есте қалдыруды айтамыз. Бұған мағыналы және мағынасыз есте қалдырулар мен соған орай жаттау мен жаттығу процестері жатады.

Жаттау мен жаттығу процестері ұғынып отырған оқу материалының ерекшелігіне байланысты. Жаттау үшін қажетті мазмұны бірнеше қайталау кежет.

Тікелей есте қалдыру ес айлалары (мнемоникалық тәсілдер) қолданылмайды. Сондықтан мұның өзі сырттан келген тітіркендірулердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болады.

Арнаулы және арнаусыз есте қалдыру

Адам тиісті мағлұматтарды кейде әдейі мақсат қойып есінде қалдырады, өзге жағдайда мақсатсыз-ақ сол мағлұматтардың қызғылықты болуынан есте сақталады. Естің бірінші түрін арнайы (ырықты) есте қалдыру деп атайды да екіншісін арнаусыз(ырықсыз) есте қалдыру дейді.

Естің түрлері. Іс-әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге бөлінеді:

- Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл – қозғалыс, эмоциялық – сезімдік, бейнелі - көрнекілік және сезімдік – мағыналық;

- Іс - әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес.

- Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді және оперативтік ес.

Тану - естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі.

Елестерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.

Ұмыту - қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау.

Тапсырма.

Тапсырманы орындау үшін: «Мен сіздерге көргендеріңізді не оқығандарыңызды қалай еске түсіре алатындықтарыңызды аңықтау үшін карточкаларға жазған сөздерді дауыстап оқып естеріңізге салдым. Мұнымен қатар екінші бір тізімдегі сөздерді айтып отырғанымда соларды іштей қайталап, әрі ауада жазып отыруларыңыз керек. Будан соң естеріндегі сол сөздерді бөлек қағазға жазып, сыртына фамилияларыңызды көрсетіп, маған тапсырасыздар». Соңғы тапсырманы студенттер орындап болған соң, зерттеуші осы төрт тәжірибиеге талдау жасайды.

Ойлау деп - мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлау дегеніміз- процестуалдық құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде болып тұрады. Мида үздіксізболып отыратын ойлану және оның продуктысы ұғымдар мен сөйлемдер бір емес. Егер біз мидағы ойлау процесін микроқұбылыс десек, ал оның продуктысы микроқұбылыс және үнемі текст ретінде кездеседі. Ойлаудың негізгі функциясы жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырады. Әрине, оның қалай ретелінетіні көзге көрінбейді. Ой процесі көзге көрінбегендіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, қалайша жүзеге асып, реттелінуі үшін қандай шарттардың қажет екенін тексеруге арналған. Ойлау процесінің жүзеге асу шартына адамның бұрынғы тәжірибесі мен бағыты және ойлануға итермелеуші себебі (мотивтері) жатады.Ойлаудың адам бағытына ықпалы:

Л.Секей осы есепті шығару кезінде сыналушы адамдарына ойынды естіртіп айт дейді де, шымылдықтың арғы жағына магнитофон қойып, оған сынаушылардың аузынан шыққан сөздерді жазып отырады.адамдар мәселе есепті шығаруға көп уақытын жіберсе де, олардың бірде –бірі де орындай алмайды. Секейдің үміті бойынша, сынаушы адамдар таразының екі табақшасын теңестіру үшін шырақты бөліп салып, кейін бір бөлігін сіріңкемен жағады да, өзге табақшадағы бөлігін жақпас деп ойлайды. Соның нәтижесінде, бастапқы кезде кең тараған таразы табақшаларының бірінің салмағы азайып, теңдігін жоғалтады. Секей сынаушылар мәселені осылай шешер деп күткен.

Шығармашылық ойлау деп- бұрын орындалмаған жаңа міндетті асыру үшін толғануды айтады. Есеп шығару өзінше проблема. Сол проблеманы ситуациялық жағдайдан босату үшін соған байланысты есептің шарты құрылып, оның орындау амалын іздестіріледі. Есеп шығару амалын іздестіру-берілген шарттардан талдаудан басталады. Ізденуші берілген есепті шешу үшін оның шартында қандай нәрсе айқын берілген, нендей нәрсе жасырын берілгенін ажыратады. Сол есепті бұрын ешкім шығармаған болса, онда оның шешу жолы өзінше бір жаңалық. Ал осы жаңалықты қалай табу қажет? Жаңалық деп отырғанымыз- дерексіз нәрсе емес, сол есептің шартында берілген. Дегенмен, шарттардың бәрін еске түсіру қиын болғандықтан, оның жолын табуда кедергілер кездеседі. Міндеттердің сан алуан түрлері болғанымен, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, есеп, парадокске(парадокс-қайран қалу мағынасын білдіреді) және жәй есептерге бөлінеді. Есеп-парадокс дейтіндердің көпшілігі аңғарғыштықты талап етеді.

1.Ойлау деп- мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлау дегеніміз- процесуалдық құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде болып тұрады. Мида үздіксіз болып отыратын ойлану және оның продуктысы ұғымдар мен сөйлемдер бір емес. Егер біз мидағы ойлау процесін микро құбылыс десек, ал оның продуктысы микро құбылыс және үнемі текст ретінде кездеседі. Ойлаудын негізгі функциясы жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырады. Әрине, оның қалай ретелінетіні көзге көрінбейді. Ой процесі көзге көрінбегендіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, қалайша жүзеге асып, реттелінуі үшін қандай шарттардың қажет екенін тексеруге арналған. Ойлау процесінің жүзеге асу шартына адамның бұрынғы тәжірибесі мен бағыты және ойлануға итермелеуші себебі (мотивтері) жатады.

2.Ойлаудың жүзеге асуына тәжірибенің ықпалы:

 

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрын қабылдаған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басынды тың, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял тек адамға ғана тән психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет.

Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді.

Физиолог И.М.Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есіне орын тепкен элементтерден құралмаған бірде - бір ойдың келуі мүмкін емес.Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан екен.

Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады.

Қиялдың жаратылыстық – физиологиялық негізі – мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің өздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атайды.

Қиялдың ең жоғары түрі - жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар – қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш.

Жасампаздық қиял – қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс.

Адам қиялының ерекше бір түрі - арман. Бұл - актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат – мүддемізді іс-жүзіне асыруды қиялдау.

Арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол шығармашылық қиял емес, соған дайындықтың бастапқы сатысы.

Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі – мұң. Мұң адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял адамды жемісті іс-әрекетке, белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ықпал етеді.

Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешелік - балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады.

Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталуы.Сондай -ақ сананың бөгде нәрселерді елемеуі.

Зейіннің маңызын нақтырақ түсіндіру үшін бір ертегіден үзінді келтірейік.

Зейіннің көлемі дегеніміз аз уақыт ішінде адамның бірнеше объектілерге қатарынан назар салуы. Зейін көлемі тахистоскоп дейтін аспаппен өлшенеді (15-суретті қараңыз). Зейін көлемін өлшеу үшін тахистоскоп терезесіне әріптер, сөздер және сандар ілініп, оларды кезек-кезек ауыстырып, студенттерге көрсетеді. Студенттер солардан қаншасын бір мезетте көре алуына орай, сол мөлшермен зейіннің көлемі анықталады. Зейіннің бөлінуі.

Адам зейінін бір мезгілде бірнеше объектіге бөле ала ма, не бөле алмай ма, бұл жөнінде түрлі талас пікірлер болды.

Қиссалардағы әңгімелерге қарағанда Рим мемлекетінің әскер басшысы Юлий Цезарь бір мезгілде бірнеше тапсырманы қатарынан ойдағыдай орындай алған деген пікірлер бар. Бұл әңгімеге көпшілік нанып та келді. Зейінді бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге болады дейтін пікірлерді психологтар мынадай екі түрге бөледі: біріншіден, егер екі істің біреуі адамға таныс болса, онда ол өзіне, бейтаныс нәрсені де меңгере алады, мысалы, үйге хат жазып отырып, бұрыннан таныс музыканы тыңдауға болады. Ал, бейтаныс жаңа музыканы тыңдап екі істі бірдей орындау мүмкін емес. Зейіннің аударылуы деп оның бір объектіден екінші объектіге тез, не баяу ауысуын айтады. Адам зейіннің бір істен екінші іске тез ауысуы көбінесе мамандық ерекшелігіне де байланысты. Егер зейіннің аударылуы нашар болса онда ол адам кейбір жұмыстардың түріне икемсіз келеді.

Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабының төменгі қатарына орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік.

Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді. Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады.

Ырықты зейін немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі обьектіге шоғырлануындағы адамның шешуші ролін көрсетеді. Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді.

Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Үйреншікті зейін дегеніміз - қажетті әрі құнды болып саналатын обьектіге адам санасының шоғырлануы.

Зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орын алады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1412 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)