Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фотометрлік шамалар және олардың өлшем бірліктері

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Ақпараттың өлшем бірлігі.Бит, байт ұғымдары.
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  6. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  7. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

Жарықтың интенсивтігімен және жарық көзімен немесе жарық ағындарымен және олармен байланысты шамалармен айналысатын оптика бөлімін фотометрия деп атайды. Жарықтың интенсивтігі тасымалданатын энергиямен сипатталады. сәулелену энергиясының ағыны деп

(Вт) (4.13)

шаманы айтады. Қолданбалы есептерді шешу кезінде көзге жарық әсерінің толқын ұзындығына тәуелділігі есепке алынады. Мысалы, 3500С-қа дейін қыздырылған дене инфрақызыл сәулелерді жақсы шығаратын жарық көзі болып табылады, бірақ олар адам көзіне көрінбейді және олардың субъективті түйсігі нолге тең болады. Толқын ұзындығы = 0,40 мкм-ден кем және 0,76 мкм-ден артық электромагнитті толқындар көзге көрінбейді.

Нүктелік жарық көзі деп байқау нүктесіне дейінгі қашықтықпен салыстырғандағы мөлшері ескермеуге болатын жарық көзін айтады. Біртекті және изотропты ортада нүктелік жарық көзі шығаратын жарық толқыны сфералық болады.

 

ωω

 

4.2-сурет. Нүктелік жарық көзі. 4.3-сурет. Денелік бұрыштың dω сұлбасы.

 

Жарық күші. Нүктелік жарық көзін сипаттау үшін жарық күші деген ұғым енгізіледі. Жарық күші деп денелік бұрышқа келетін жарық ағынының сол денелік бұрышқа қатынасын айтады (4.2-сурет)

. (4.14)

Денелік бұрыш өлшемі болып, сфера бетінде конус тәрізді кесілген аудан бөлігінің радиус квадратына қатынасын айтады (4.3-сурет)

.

Денелік бұрыштың өлшем бірлігі – «стередиан» (ср). Кез-келген бағдарланған аудан үшін нормаль векторы (немесе бірлік вектор) мен радиус векторының арасындағы бұрыш

-ны құрайды. Онда денелік бұрыш:

.

Егер нүктелік жарық көзі сәулелендіретін барлық бағыттар бойынша ағын бірдей болса, онда мұндай жарық көзі изотропты және оның жарық күші

және , (4.15)

болады, мұндағы – толық денелік бұрыш.

Жарық күшінің өлшемі – «кандела» (кд) халықаралық СИ жүйесіндегіі өлшем бірлігі болып табылады. Кандела – 540×1012 Гц жиілікте жарық көзі шығарған монохроматты жарық сәулеленуінің берілген бағытындағы жарық күші. Бұл бағыттағы жарықтың энергиялық жарық күші 1/683 Вт/ср бөлігін құрайды. Жарық ағынының өлшем бірлігі – «люмен» (лм), яғни 1лм=1кд×1ср.

Жарықталыну. Жарықталыну Е деп бетке түсетін жарық ағынының бұл беттің ауданының қатынасына тең шаманы айтады:

. (4.16)

Жарықталынудың өлшем бірлігі – «люкс» (лк). .

Нүктелік жарық көзі жасайтын жарықталынуды жарық күшімен , жарық көзінен жарық сәулесі түсетін бетке дейінгі қашықтықпен және бұрышы арқылы өрнектеуге болады:

, (4.17)

мұндағы – нүктелік жарық көзінен жарық түскен нүктеге (немесе бетке) дейінгі қашықтық, – жарықтың түскен нүктеге тұрғызылғын нормаль (немесе перпендикуляр) мен түскен сәуле арасындағы бұрыш.

(4.17) өрнегі нүктелік жарық көзі үшін жарықталыну заңы (немесе Ламберт заңы) деп аталады.

Жарқырау. Жарқырау деп барлық бағыттар бойынша созылған жарық көзі бетінің сыртқа шығаратын жарық ағынының осы беттің ауданына қатынасына тең шаманы айтады:

, (4.18)

мұндағы − жарық көзінің (немесе жарык шығаратын беттің) ауданы.

Жарықтылық. Жарықтылық деп жарық күшінің dI жарық түсетін бет ауданының dS жарықтың таралу бағытына перпендикулияр бетке проекциясына қатынасын айтады (4.3-сурет):

. (4.19)

Жарықтылық өлшем бірлігіне – канделаның квадрат метрге қатынасы алынады (кд/м2).

 

4.3-сурет. Жарықталынуды анықтау сұлбасы.

Әдетте, созылған жарық көзінің жарықтылығы әртүрлі бағыттарда әртүрлі болады. Бірақ, кейбір жарық көздерінің мысалы, Күн, боялған шыны үшін жарықтылық бақылау бағытына тәуелді болмайды

,

. (4.20)

Мұндай жарық көзінің жарық күші нормаль мен түсу бұрышының косинусына пропорционал және ол нормаль бағытта максимал болады:

. (4.21)

Нег. 2[316-346], 8[304-316]

Бақылау сұрақтары:

1. Электромагниттік толқындардың қандай қасиеттері сізге белгілі?

2. Қума электромагниттік толқындардың интенсивтігі мен Умов-Пойнтинг векторының арасында қандай байланыс бар?

3. Геометриялық оптика заңдарының анықтамасын беріңіз.

4. Жұқа линзаның оптикалық күшінің өрнегін жазыңыз.

5. Фотометрия нені зерттейді?


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 210 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)