Читайте также:
|
|
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем түруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, түтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмүны, шешімдерінің қүралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының қүзыреті бойынша бөлінеді.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы жәнежеке (накты).
Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-қүқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.
- Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан түрады; оларға мына республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де қүқықтық актілерге наразылық жасау;
- сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
- заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік-қүқықтық статистика қүру және қүқықтық статистика
саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан түрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың қүзыретімен анықталады.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және езге де қүқықтық актілермен реттеледі.
Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды үйымдастыру туралы" бүйрығында анықталған.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың қүқықтық қүралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық қүралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.
Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді.
Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген қүқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
2. ҚР Әкімшілік құқық бүзушылық туралы кодекс
3. ҚР Прокуратурасы туралы заң
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав