Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Читайте также:
  1. Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т.Б. қысқа мерзімді жоспары.
  2. Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т.Б. қысқа мерзімді жоспары.
  3. Дәрістің тақырыптық жоспары
  4. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
  5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  6. Күнтізбелік-тақырыптық лекция сабақ жоспары
  7. Күнтізбелік-тақырыптық семинарлық сабақ жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық ғылымының пәні және қайнар көздері       4-апта 1) слайд 2) кесте құру 3) конспект  
2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқықтық мәртебесі  
3. Жергілікті атқарушы билік органдары.  
  1. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі       7-апта 1) конспект, 2) слайд 3) конспект,
2. Қоғамдық және діни бірлестіктердің әкімшілік құқықтық мәртебесі  
3. ҚР Қаржы министрлігінің құрамындағы Кеден бақылау комитетінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі  
  1.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.     11-апта 1) баяндама 2) конспект 3) кесте құру
2.Көші-қон саласын басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық жүйесі  
3.Халықты әлеуметтік қорғау саласын басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық жүйесі.  
  1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу мәні, сатылары, іс жүргізуге қатысушылар.       14-апта 1) слайд 2) кесте құру 3) конспект    
2.Әкімішілк құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.  
3.Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалу тәртібі.  
  Барлығы      

Глоссарий

 

Агрессия - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) ҚР егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған БҰҰ Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын асауы.

Азаматтығы жоқ адамдар – ҚР азаматтары емес басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар танылады.

Азаматтық әкімшілік құқық қабілеттілігі – азаматтық әкімшілік құқық қатынастарға түсуге мемлекеттің белігленген және қорғайтын мүмкіндігі.

Азаматтың әкімшілік құқық мәртебесі – азаматтық әкімшілік құқық нормаларымен бекітліген субъективтік құқықтарының, заңдық міндеттерінің, жауаптылықтарының кешені.

Алу - адамдарда мемлекеттік қызметке алғанда кадр жинақтаудың бір тәсілі, ол негізінен мемлекеттік қызметкерлердің кадр резервін қалыптастыруда қолданылады.

Атқарушы билік – заңдардың орындалуын, олардың құқықтық нормаларын өмірге енгізумен, мемлекеттік органдардың тоқтаусыз қызметін қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белгіленген мемлекеттік биліктің тіршілігін көрсететін абстрактілі саяси-құқықтық категория.

Атқарушы билік органы – бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі.

Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

Әкімшілік алдын алу шаралары – адамның қоғамдық және жеке басының қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызатын, құқық бұзушылықтар мен жағдайдың алдын алу мақсатында ранайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі.

Әкімшілік жаза – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Әкімшілік жазалау шаралары – құқық бұзушылыққа көңіл аударудың нәтижесі ретінде арнайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу – бұл мемлекеттік органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға бағытталған және қажетті жағдайларда әкімшілік жазаларды қолданатын әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелген қызметі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы –әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен белігленген объективтік және субъективтік белгілердің біртұтастығы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік жағы – бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздігі қол сұғудың нәтижесінғ әркетпен және туындаған салдардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімішлік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын тыртқы белгілері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объекті – әкімшілік құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар (жек адамның құықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, қоғамдық өнеге, ар-намыс, адамның тыныштығы)

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл адамның жасалынған әрекетке психикалық жағынан қарауын сипаттайтын беліглердің жиынтығы. Оның түйіні кінә болып табылады. Ол қасақана немесе абайсыздық нысанында болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері – жеке және заңды тұлғалар. Арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімішлік жауаптылықта болады.

Әкімшілік құқық жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқық пәні мемлекеттік атқарушы билік органдарының және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қатысты басқа құқық субъектілерінің қызметін реттейтін әкімшілік заңнаманы (мемлекеттік басқару аясында әрекет ететін заңдарды) оқиды және зерттейді.

Әкімшілік құқық принциптері - әкімшілік құқықтың негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, бастамалар.

Әкімшілік құқықтық институт – басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік құқық нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік мәжбүрлеу арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессулдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген техникалық, физикалықң материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы.

Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару аясында оған уәкілеттенген әкімшілік-процессуалдық қатынастар субъектілерінің жеке, нақты істерді шешу жөніндегі әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген қызметі.

Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары қоғамдық қатынастарды қауіпсіздіктен, оның құқық бұзушылық немесе өзге әрекеттің не болмаса оқиғаның салдарынан пайда болуына қарамастан қорғаудың құралы.

Әкімшілік іс жүргізу – ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.

Әкімішлік құқық бұзушылық – жеке адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен әкімішлік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі.

Басқару әдістері – әкімшілік құқық субъектісінің қызметін ұйымдастыру, басқару процесінде туындайтын нақты мәселелерді шешу, басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері.

Басқару нысаны – атқарушы органның (лауазымды адамның) өзінің құзыретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті.

Басқарудың құқықтық актісі - бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын,мемлкеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген тәртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.

Ескерт у – әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады.

Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республиканың маңызы бар қаланың астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Заңдылық – демократиялық түрде ұйымдастырылған қоғамның өмір сүруі мен дамуының басты нышаны.

Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект.

Кепілдік – әр түрлі құқық субъектілерінің құқықтарын қорғау және жүзеге асыуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдарды айтамыз.

Көтермелеу – бұл қызығушылық, сана арқылы адамдардың еркін пайдалы әрекеттерді жасауға бағыттайтын әсер ету тәсілі.

Күш көрсету түріндегі мәжбүрлеу шаралары құқыққа қарсы мінез-құлықтың жолын кесе отырып, жеке тұлғаның әрекет бстандығын шектейді.

Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Қадағалаудың прокурорлық, әкімшілік және соттық түрлері бар.

ҚР-ның агенттігі - Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

ҚР-сы Үкіметі - республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Құқықтық режим – заңды нормалармен бекітілген адамдардың белгілі бір қызметін реттейтін жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы.

Материалдық мәжбүрлеу – жеке тұлғаның, лауазымды тұлғаның және заңды тұлғаның ақшалай сомалары мен мүлкі арқылы мінез-құлқына әсер етеді.

Мәжбүрлеу – қоғам дамуының объективтік қажеттіліктерімен байланысты, мемлекеттік биліктің қасиеті болып табылады, өйткені ол-әрбір әлеуметтік ұйымның қажетті элементі және әрбір биліктің қасиеті.

Мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік басқару – заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет, объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызметті жинақтау – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және кадрларды орналастыру.

Мемлекеттік қызметті өткеру – мемлекеттік қызметтік қатынастардың болуын, өзгеруін және аяқталуын келтіретін заңдылық факторлар жүйесі.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен репсубликалық немесе жергілікті бюджеттен тыс ҚР-ның Ұлттық банктің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.

Мемлекеттік саяси қызметші тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші

Министрлік- тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республикалық орталық атқарушы органы болып табылады.

Психикалық мәжбүрлеу ерікке, эмоцияға әсер етеді.

Рұқсат ету – осы нормаларда көзделген заңдылық мағынасы бар әрекеттерді жасауға заңды түрде рұқсат беру немесе оларды жасаудан өз қалауы бойынша бас тарту.

Сайлау - мемлекеттің, халықтың белгілі бір бөлігінің немесе қандай да бір органның тапсырмасы бойынша құзыретті жүзеге асыратын нақты адамдарды ұсыну және сайлау.

Сендіру – бағынысты тұлғаның еркін қалыптастыру немесе өзгерту үшін әртүрлі түсіндіруші, тәрбиелік, ұйымдастырушылық шараларды қолдану.

Соғыс жағдайы – ҚР қарсы агрессияны не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және ҚР Президенті Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим.

Тағайындау - саяси мемлекеттік қызметкрелердің мемлекеттік қызметке кіру тәсілдерінің бірі. Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымдық тізідемесін ҚР-ның Президенті бекітеді.

Төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР конститутциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне,азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондайақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.

Төтенше режимдер – бұл халықтың өмір тіршілігінің арнайы құқықтық режимі.

Тыйым салу – бұл да ұйғарым, бірақ заңдылық мазмұны бөлек. Оның мағынасы құқық нормасы өзінің адресаттарына байланысты қандай да болмасын әрекеттерді жасамауға тікелей заңдылық міндет жүктейді.

Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.

Ұйым - өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әртүрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы.

Шетел азаматтары – ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар танылады.

Юрисдикция сөзі ( латынның «Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізу деген мағынаны білдіреді.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)