Читайте также:
|
|
СӨЖ: ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңын оқу және мемлекеттік қызметке байланысты негізгі ұғымдарды конспектілеу. (1999ж.23-шілдеде қабылданған)
1. Мемлекет қызмет туралы заңдар ҚР Конституциясынан, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңынан және республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. (2-бап).
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы 1999 жылдың 23 шілдеде қабылданып,2000жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді; ал 2001 жыл 4 маусымда; 2003 жыл 25 қыркүйекте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызмет туралы заң 8-тараудан және 30-баптан тұрады.
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгісі ретінде – оның заңға қатаң бағынуы арқылы жүзеге асуын көрсетуге болады. Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптер негізінде құрылады, бұл принциптер заңның 3 бабында көзделгенген және бір-бірімен тығыз байланысты болады. Оларға:
- заңдылық принципі, мемлекеттік қызметшілердің ранг, өзге де дәрежесіне қарамастан заң алдындағы теңдігі. Заңнан кішкене болса да алшақтық азаматтың құқықтары мен заңды мүдделеріне, бүкіл қоғам мен мемлекет мүддесіне елеулі залал келтіреді.
- қазақстандық патриотизм.
- мемлекеттік биліктің 3-ке бөлінуіне қарамастан, мемлекет қызмет жүйесінің біртұтастығы.
- азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекеттік мүддесі алдында басымдығы яғни азаматтар мүддесінің мемлекет мүддесінен әрқашан жоғары екендігін айғақтайды.
- мемлекет қызметтің жалпыға ашықтығы, қол жетімділігі; өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына сәйкес азаматтардың оған кіруге тең құқылығы.
- азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге еріктілігі.
- өз өкілеттіктері негізінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын шешімнің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі.
- мемлекеттік қызметшінің бақылауда болуы және есеп беріп отыруы.
- барлық азаматтар мен лауазымды адамдар үшін мемлекеттік қызметшілердің заңды талаптарын орындаудың міндеттілігі.
- мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпия боп табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру.
- мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы.
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды не күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілігі.
- мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
- мемлекет қызметшілерінің қызмет перспективасы.
-мемлекеттің қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу
2. Заңның 1-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметші деп - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық не жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттеріне 9-бапқа сәйкес мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтау;
- ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беру;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
- өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттіген жүзеге асыру;
- мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
- өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдау;
- заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
- белгіленген мерзімде олардың өтініштерін қарау, сол бойынша тиісті шараларды қолдану;
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу;
- мемлекеттік және заңмен қаралатын өзге де құпияларды, соның ішінде мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін де бұл жайында қолхат бере отырып, сақтау;
- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету және тағы басқа жатады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары 8-бапқа сәйкес төмендегіше:
- азаматтарға ҚР Конституциясы мен заңдары арқылы кепілдіктер берілген құқықтар мен бостандықтарын пайдалануға.
- өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға; тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
- белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдар алуға.
- біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызмет бабында жоғарылауға.
-қызметшінің пікірінше, негізсіз айыпталған ретте қызметтік тексерілу жүргізілуін талап етуге.
- әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
- зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
- мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға, және т.б. құқылы.
3. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі заңның 3-тарауында қарастырылған. Жалпы мемлекеттік қызметке кіруге кез-келген республика азаматтарының құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады. Ал шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республика заңдарына және халықаралық шарттарына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар, ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жасы 18-ден кем болмауы тиіс. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін білімі мен кәсіби даярлығы, жұмыс стажы болуы шарт. Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына салық салу объектісі боп табылатын өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқымен тиесілі мүлігі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті. Мемлекеттік қызметте болудың шекті жасы 60 жас. Мемлекеттік қызметшілер кемінде 3 жылдан бір аттестациядан өтеді. Егер аттестациялық комиссия мемлекеттік қызметшіні атқаратын қызметіне сай емес деп шешкен болса, ол кәсіптік қайта даярлауға жіберіледі немесе лауазымы төмендетіледі. Жоғары, бірінші және екінші категориядағы мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер аттестациялауға жатпайды.
Аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20-тамыздағы №3088 жарлығымен бекітілген Ереже арқылы белгіленген. Заң бойынша мемлекеттік қызметті тоқтату үшін -адамның өз еркі бойынша қызметтен шығуға өтініш беруі.
- келісім шарт мерзімінің бітуі немесе заңда көзделген негіздер бойынша контарктіні бұзу.
- мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметке болудың шекті жасына жетуі.
- мемлекеттік қызметшінің өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі.
- Қазақстан Республикасы азаматтығын жоюы және тағы басқа негіздер.
- Мемлекеттік қызметтен заңсыз шығарылған ретте, мемлекеттік қызметшінің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді атқармағаны, лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны, сондай-ақ заңдағы шектеулерді сақтамағаны үшін:
1/ ескерту; 2/ сөгіс. 3/ қатаң сөгіс;
4/ қызметіне сәйкес келмейтіні туралы ескерту;
5/ атқаратын қызметінен босату түрінде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзгедей құқық бұзушылық жасаған жағдайда заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік және материалдық жауаптылыққа тартылады.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав