Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Индустриалды дамыған капиталистiк мемлекеттердегi қылмыстылықтың жағдайы.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  2. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.

Леуметтiк психолгияның криминогендiк диформация жүйесiнiң сипаттамасы -қылмыстылық себептерiнiң экономикалық, тұлғааралық, еңбек, құқықтық жүйесi ретiнде.

Бағдарлама түрлерi. Мақсаттық бағдарлама тәсiлдерiн қолдану.

Батыс мемлекеттердегi қылмыстылықтың негiзгi себептерi және жағдайлары.

Биологиялық криминологиялық теориялар.

Дiн негiздегi қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Жол травматизмiнiң арнайы және жалпы профилактикасының жүйесi.

Заңдылықтар кемшiлiктерiнiң криминогендiгi.

Индустриалды дамыған капиталистiк мемлекеттердегi қылмыстылықтың жағдайы.

Кәмелетке жасы толмағандар мен жастар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Динамикасы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы 14-18 жас аралығындағы тұлғалар жасайтын қоғамдағы қылмыстардың жиынтығы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының өзіндік ерекшеліктері бар, олар мұндай қылмыстылықтың деңгейінен, динамикасы мен құрылымынан, сондай-ақ себептері мен жағдайларынан көрінеді. Осы ерекшеліктер кәмелетке толмағандардың тұлғасының белгілі бір қасиеттеріне және олардың қоғамдағы мәртебесіне байланысты болып табылады. Осыған сәйкес мұндай қылмыстылыққа қарсы күресті ұйымдастырудың да ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі белгілі-бір жас категорияларына байланысты және 2 топтан тұрады: 14-15 жастағылар және 16-17 жастағылар. Алайда, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылыққа әсер ететін кейбір құбылыстар кішірек жастағы жасөспірімдерде (10-13 жас) де, жастар (18-21 және 22-25 жас) арасында да кездеседі. Оны алдын алу шараларын қолдану барысында ескеру қажет. Біріншіден, ересек адамдарға қарағанда жасалған қылмыстардың шеңбері тар, бұл кәмелетке толмағандардың ерекше әлеуметтік және құқықтық мінездемесімен түсіндіріледі. Екіншіден, ересек адамдарға қарағанда ауыр және аса ауыр қылмыстар. Дегенмен, орташа алғанда аталған қылмыс санаттары біртіндеп көбейіп келеді. Жалпы, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымында ұрлықтардың, тонаулардың, зорлау, автокөлік құралдарын ұрлау және бұзақылық қылмыстарының саны артып отыр (барлық қылмыстардың 80 пайызы). Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы көбінесе топтық сипатта болады (бес қылмыстың үшеуі топпен жасалады). Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының соңғы кездегі ерекшелігіне атыс қаруының кең қолданылуы жатады. Кәмелетке толмағандардың зорлау немесе ұрлық жасау кезінде ұйықтатын не есірткі заттарын пайдалану жағдайлары да белгілі. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының динамикасы соңғы 15 жылда аса қолайсыз болып отыр: ересектердің қылмыстылығынан 2-2,5 есе асып озады. Ұйымдастырушылық, қарулану және нашақорлықтандыру өсіп отыр. Қоғамдық қаупі жоғарылауда.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердiң ерекшелiктерi. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің тұлғасы келесі белгілермен сипатталады:а) әйел жынысындағы құқық бұзушылардың жалпы деңгейі төмен, шамамен 8%-ға теңестіріледі (барлық қылмыскерлер арасында бұл көрсеткіш 15%-ды құрайды), алайда ол жеке жылдарда өсіп отырады; ә) ересек адамдарға қарағанда психикалық олқылықтары бар тұлғалардың салыстырмалы жоғары болуы (30% дейін, ал қиын отбасынан шыққандардың 60 %-ы).

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын-алу арнайы шаралары және жалпы жүйесi. Арнайы алдын алу ең алдымен кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияға жүктеледі. Қалыптасқан тәжірибені сараптай отырып, 10-14 жастағы кәмелетке толмағандар қоғамға қарсы бағыттағы түрлі топтарға кіретінін байқауға болады. Олардың басым үлесі жалпы білім беру мекемелерінде оқитыны да құпия емес. Сондықтан да орта мектептерді арнайы алдын алу субъектілері ретінде қарастыру толық негізді.Қазіргі кездегі мектептерде оқу-тәрбиелеу үрдісінің әлсіз ұйымдастырылуы әлі көп уақыт бойы жасөспірімдердің едәуір бөлігінің мектептерден түңілуіне әкеп соғады. Оның себебі – оқытушылардың дайындығының болмауы, олардың өз бетімен кеткен балалармен жұмыс істеуге қабілетсіздігі болып табылады. Көп жағдайда мұғалімдер «қиын» жасөспірімдермен жұмыс істеудің оңай жолын таңдайды, яғни кез-келген жолмен олардан құтылуға тырысады (басқа сыныпқа, мектепке аудару және т.б.). Бүгінгі күннің өзінде жалпы білім беру мекемелеріндегі алдын алу қызметін жетілдіру мақсатында мектептерде өз бетімен кеткен, кәмелетке толмаған қиын тұлғалардың мәселелерін шешумен айналысатын арнайы қызметтер құру қажеттігі туындап отыр. Қылмыс жасап үлгермеген орта мектеп оқушыларымен жүргізілетін негізгі ескерту жұмыстары полиция органдары мен кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімшелерде емес, сол мектептердің өзінде жүзеге асырылуы тиіс. Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын алдын алудың негізгі субъектілерінің бірі болып табылады. Кәмелетке толмағандарға қарсы жеке ескерту шараларын өткізумен қатар олардың міндетіне кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын тұлғаларды, сондай-ақ өздерінің тәрбиелеу, оқыту және асырау сияқты міндеттерін орындамайтын ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін анықтау жатады. Ішкі істер жүйесінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, ұстау, бейімдеу, ақтау орталықтары (ЦВИАРН) қызмет атқарады.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 109 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)