Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: «Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымданулары. Клиникасы, емі».

Читайте также:
  1. Жоғарғы еріннің туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емінің принциптері, операция нәтижелері».
  2. Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы
  3. Тақырып: Қарым– қатынас пен топтарпсихологиясы.
  4. Тақырып: Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі
  5. Тақырып: Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері.
  6. Тақырып: Жас мәселесі және психикалық дамудық заңдылықтары
  7. Тақырып: Іс-әрекеттің психологиясы.

211. Қай ойық жара ұзақ баяу ағымымен, созылмалы соматикалық аурулардың болуымен ерекшеленеді?

1. Қатерлі ісік ойық жарасы;

2.+Трофикалық ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Сифилистік ойық жара;

5. Милиарлы-жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара.

 

212. Декубитальды ойық жарасы аайда болады:

1.+Тіндердің механикалық жарақаттануында;

2. Тіндердің химиялық жарақаттануында;

3. Тіндердің қоректенуі бұзылғанда;

4. Туберкулездік зақымдалуында;

5. Сәулелік зақымдалуында.

 

213. Бала 4 жаста. Ата-анасы баласының тәбетінің төмендегеніне, емізікті нашар соратынына, мазасыздығына шағымданып келді. Тері жабындысы бозарған, ауыз қуысының шырышты қабатында, қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында сопақша пішінді екі жақты эрозия бар, сұр қақпен қапталған, ауырады.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Стивенс-Джонсон синдром;

2. Медикаментозды стоматит;

3. Қайталамалы афталар;

4.+Беднар афтасы;

5. Сеттонафтасы.

 

214. Бала 8 жаста. Қарап тексергенде: 3.6 тісті емдеуде, жансыздандыру мақсатымен мандибулярлы жансыздандырудан соң тістеп алғаннан кейін жарақаттық (декубитальды) ойық жара пайда болған. Сіздің емдеу әрекетіңіз?

1.+Кератопластикалық препараттар;

2. Кортикостероидты препараттар;
3. Вирусқа қарсы препараттар;

4. Жансыздандырғыш заттар;

5. Антибиотиктерден жақпалар.

 

215. Бала 3 жаста. Қатты және жұмсақ таңдай шекарасында симметриялы ауыратын жаралар анықталды, борпылдақ фибриндік қақпен қапталған. Бұл өзгерістер тамақтандырудың қандай түрінде пайда болуы мүмкін?

1. Витаминдері мол тамақтарды қосу арқылы;

2. Сүт қоспаларымен тамақтандырғанда;

3.+Жасанды;

4. Табиғи;

5. Аралас.

 

216. Ауыз қуысының шырышты қабатының күйіктерінде ауызды шайқауда қолданады:

1. Метилен көгінің ерітіндісін;

2. Сутегі асқын тотығының ерітіндісін;

3. Қышқылдардың әлсіз ерітінділерін;

4.+Сода ерітіндісінСодовым раствором;

5. Йод ерітіндісін.

 

217. Азот қышқылымен күйгенде некроз ошағы пленкасының түсі:

1. Ақшыл-сұр;

2.+Сары;

3. Қара;

4. Ақ;

5. Қызыл.

 

218. Негіздермен күйгенде бейтараптаушы заттар ретінде қолданылады:

1. 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісі;

2. калий перманганатының әлсіз ерітіндісі;

3. 0,1% нашатыр спирт ерітіндісі;

4.+0,5% сірке қышқылының ерітіндісі;

5. 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.

 

219. Қай ойық жара ұзақ баяу ағымымен, созылмалы соматикалық аурулардың болуымен ерекшеленеді?

1. Қатерлі ісік ойық жарасы;

2.+Трофикалық ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Сифилистік ойық жара;

5. Милиарлы-жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара

 

220. Қышқылдармен күйгенде бейтараптаушы заттар ретінде қолданылады:

1.+1% натрий гидрокарбонат ерітіндісі;

2. 0,5% лимон қышқылының ерітіндісі;

3. 0,5% сірке қышқылының ерітіндісі;

5. 0,01% тұз қышқылының ерітіндісі;

4. 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.

 

221. 2 жастағы баланың 5.1, 6.1, 6.2 тістерін күмістегенде қызылиек күміс нитратымен күйді. Сіздің емдеу әрекетіңіз?

1. метилен көгі ерітіндісімен аппликация;

2.+ 2% натрий хлориді ерітіндісімен аппликация;

3. 4% прополис ерітіндісімен аппликация;

4. Натрий гипосульфатымен аппликация;

5. Антибиотикпен аппликация.

 

222. Ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаты кезіндегі жергілікті ем:

1. Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы ем;

2. Ауыз қуысын негіздік ерітінділермен өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы заттармен аппликациялар;

3.+Зақымдалған аймақты жансыздандыру, себепші факторды жою, кератопластиктермен аппликация;

4. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау, ауыз қуысын симптоматикалық өңдеувирусқа қарсы ем;

5. Ауыз қуысын шайқау.

 

223. Созылмалы механикалық жарақатты емдеуде ең алдымен не істеу қажет?

1. Шырышты қабатты кератопластиктермен өңдеу;

2. Антисептикалық өңдеу;

3. Ауыз қуысы санациясын жүргізу;

4. Жансыздандыру;

5.+Тітіркендіргішті жою.

 

224. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы тек қана балаларда кездеседі?

1. Көпіршік;

2.+Беднар афтасы;

3. Дәрілік стоматит;

4. Қызыл жалпақ теміреткі;

5. Көп түрлі жалқықты қызарма.

 

225. 4 айлық бала. Уақытынан ерте туылған, жасанды тамақтанады. Анасы баласының тынымсыз екеннін, тамақтанудан бас тартатынын айтты. Педиатр стоматологтың кеңесі керек екенін айтты. Объективті: қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында борпылдақ фибриноздыь қақпен жабылған, ауыратын эрозиямен жабылған. Сіздің емдеу тәсіліңіз:

1. Антигистаминды препараттарды тағайындау;

2. Вирустарға қарсы препараттарды тағайындау;

3. Саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды тағайындау;

4.+Жарақаттық факторларды анықтап жою, ауыз қуысындағы ауру сезімін басу,

кератопластиктермен аппликация жасау;

5. Жарақаттық факторларды анықтау және жою, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы

препараттар.

 

226. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы тек қана балаларда кездеседі?

1. Күлбіреуік;

2.+Беднар афтасы;

3. Дәрілік стоматит;

4. Қызыл жалпақ теміреткі;

5. Көп түрлі жалқықты қызарма.

 

227. 3 айлық бала. Анасы баласының тәбетінің төмендеуіне, мазасыздығына шағымданады. Ауыз қуысының шырышты қабатындағы қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында екі жақты сопақ пішінді жаралар бар, сұр қақпен жабылған, тез ауырады. Нақтама қойыңыз.

1.+Ауыз қуысы шырышты қабатының созылмалы механикалық жарақаты;

2. Қайталамалы герпестік стоматит;

3. Созылмалы атрофиялық кандидоз;

4. Жедел герпестік стоматит;

5. Жедел жалған мембраналық кандидоз.

 

228. 4 айлық бала. Уақытынан ерте туылған, жасанды тамақтанады. Анасы баласының мазасыз екеннін, ас қабылдаудан бас тартатынын айтты. Педиатр стоматологтың кеңесі керек екенін айтқан. Объективті: қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында сопақ пішінді, шекарасы анық, борпылдақ фибринозды қабықпен жабылған, ауыратын жаралар бар.. Сіздің емдеу тәсіліңіз:

1. Антигистаминды препараттарды тағайындау;

2. Вирустарға қарсы препараттарды тағайындау;

3. Саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды тағайындау;

4.+Жарақаттық факторларды анықтап жою, ауыз қуысындағы ауру сезімін басу,

кератопластиктермен аппликация жасау;

5. Жарақаттық факторларды анықтау және жою, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы

препараттар.

 

229. Емханаға 2 айлық баласымен анасы келді. Қатты таңдайында түзілістің бар болғанына шағымданады. Анасының айтуы бойынша бала уақытынан ерте туылған. Объективті: жалпы жағдайы қанағыттанарлық. Қатты таңдайдың аймағында көлемі 2х2 қақпен жабылған түзіліс бар. Нақтама қойыңыз:

1. Қайталамалы герпестік стоматит;

2. Созылмалы герпестік кандидоз;

3. Созылмалы атрофиялық кандидоз;

4.+Созылмалы механикалық жарақат;

5. Жедел герпестік стоматит.

 

230. 3 жастағы бала ыстық тамақ ішіп ауыз қуысының шырышты қабатын күйдіріп алған. Еріннің, тілдің, қатты таңдайдың алдыңғы бөлігіның шырышты қабаты қызарып тұр, ісінген, тиіп кеткенде ауырады, шырышты қабаттың ақшыл түсті үзіліп кеткен аймақтары бар. Сіздің кеңесіңіз.

1. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы заттармен аппликация жасау;

2. Ауыз қуысының гигиенасы, жансыздандыру;

3. Жансыздандыру, шөптермен ауызға ванночкалар жасау;

4. Ферменттермен аппликация, ауыз қуысының гигиенасы;

5.+Аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластикалық заттармен

аппликация.

 

231. Ауруханаға 4 жастағы бала аузындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жарты сағат бұрын бала асханада сірке қышқылын ішіп қойған. Ауыз қуысының кіреберісінің, ернінің шырышты қабаты қызарған. Төменгі ернінде 0,3х0,4 көлемді өліеттенген тін бар, ұстап көргенде тығыз. Ұрттың, тілдің түбірінің, жұтқыншақтың шырышты қабаты өзгеріссіз. Емді тағайындаңыз:

1.+Сілті еріндісімен бейтараптау, аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу,

кератопластиктермен аппликация;

2. Аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктермен аппликация;

3. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы заттармен аппликация;

4. Жансыздандыру, шөптермен аузын шайқау, ауыз қуысының гигиенасы;

5. Ферменттермен аппликация, ауыз қуысының гигиенасы.

 

232. Бала 8 жаста. Ас қабылдағанда, сөйлегенде ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілдің бетіне жақын көлемі 0,3х0,5 см шеттері тегіс емес ойық жара бар, түбі оңай алынатын фиброзды қақпен жабылған. Ойық жараның айналасындағы шырышты қабық ісінген, қызарған, сипап тексергенде ауырады. 5.4 5.5 тістердің сауыттары бұзылған. Тістердің айналасындағы шырышты қабық ақшыл-қызыл түсті. Нақтама қойыңыз:

1. Обыр ойық жарасы;

2. Мерездік ойық жара;

3. Трофикалық ойық жара;

4.+Жарақаттық ойық жара;

5. Миллиарлы-ойық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара.

 

233. 2,5 жастағы балада ауыз қуысының шырышты қабығы 52, 51, 61, 62 тістердің аймағындағы өтпелі қатпар 30% күміс нитратымен күйіп қалған. Объективті: 52, 51, 61, 62 тістердің аймағындағы өтпелі қатпардың шырышты қабаты қызарған, ақшыл түсті шырышты қабатының үзілген аймақтары анықталды. Сіздің емдеу тәсіліңіз:

1. Анестетикпен аппликация;

2. «Касторов» майымен аппликация;

3. Шөп қайнатпаларымен аппликация;

4.+2-3 % натрий хлориді ерітіндісімен аппликация;

5. 3% аммоний көмірқышқыл ерітіндісімен аппликация.

 

234. 3 жастағы бала ауыз қуысында 7.5 тістің аймағындағы өтпелі қатпардың шырышты қабаты резорцин-формалин пастамен күйіп қалған. Объективті: ауыз қуысында 75 тістің аймағындағы өтпелі қатпардың шырышты қабаты қызарған, ақ дақтардың пайда болуы, шырышты қабықтың созылып тұрғаны анықталды. Сіздің емдеу тәсіліңіз:

1. Анестетикпен аппликация;

2. Шөп қайнатпаларымен аппликация;

3. «Касторов» майымен аппликация;

4. 2-3 % натрий хлорид ерітіндісімен аппликация;

5.+3% аммоний көмірқышқылының ерітіндісімен аппликация.

 

235. 4 жастағы бала төменгі ернінің аймағында ауыз қуысының шырышты қабатын йод тұнбасымен күйдіріп қалған. Объективті: төменгі ернінің аймағындағы ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, шырышты қабаттың созылып тұрғаны анықталды. Емін жүргізіңіз.

1. Анестетикпен аппликация;

2. Шөп қайнатпаларымен аппликация;

3. 2-3 % натрий хлорид ерітіндісімен аппликация;

4.+1% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен аппликация;

5. 3% аммонийдің көмірқышқыл ерітіндісімен аппликация.

 

236. Қандай ойық жара ауыру сезімімен, жұмсақ, желінген жиектерімен, сары түсті дәнді түбімен ерекшеленеді (Трель дәндері)?

1. Обыр ойық жарасы;

2. Мерездік ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Трофикалық ойық жарасы;

5.+Миллиарлы-ойық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы.

 

237. Қандай ойық жараның түбі тығыз, жиектері тегіс, түбі жылтыр, түсі піспеген ет тәрізді, жылтыр (майлы), ауру сезімі жоқ:

1. Обыр ойық жарасы;

2.+Мерездік ойық жара;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Трофикалық ойық жарасы;

5. Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы.

 

238. Қандай ойық жара тығыз мүйізгектенетін жиектерімен, түсті орамжапыраққа ұқсас патологиялық тіндердің өсіп кетуімен ерекшеленеді. Түбі тығыз:

1.+Обыр ойық жарасы;

2. Трофикалық ойық жарасы;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Мерездік ойық жара;

5. Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы

 

239. Қандай ойық жаран ұзақ ағымымен, созылмалы соматикалық аурулардың болуымен ерекшеленеді:

1. Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы;

2.+Трофикалық ойық жарасы;

3. Жарақаттық ойық жара;

4. Мерездік ойық жара;

5. Обыр ойық жарасы.

 

240. Қандай ойық жара жарақатпен байланысымен, қабыну инфильтратының болуымен, зақымдалған аймақтың ауыратынымен ерекшеленеді:

1. Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы;

2. Трофикалық ойық жарасы;

3.+Жарақаттық ойық жара;

4. Мерездік ойық жара;

5. Обыр ойық жарасы.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)