Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы.

Читайте также:
  1. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  2. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта).
  4. Периодонттың қабынуын емдеу.
  5. Периодонттың жедел қабынуы.
  6. Периодонттың жедел қабынуын емдеу.
  7. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.

Периодонт қабынуының бұл түрі де уақытында емделмеген жедел қабынудан дамиды немесе біріншілік дамыған созылмалы қабыну үрдісінің белгілі бір сатысына жатады. Көп жағдайда ешбір клиникалық белгісіз дамиды, ал кейде әлсіз ауыру сезімдері (тіс түбірі тұсында ыңғайсыздық, ауырсыну, кернеу сияқты) мазалауы мүмкін. Оқта-текте сырқат тіспен ас шайнағанда аздаған ауырусыну белгісі біліну мүмкін. Ауық-ауық қызыл иек сырқат тістің түбір ұшы проекциясы деңгейінде жыланкөз пайда болып мазалауы да мүмкін.

Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, көбінде сауыт қуысымен байланысқан болады. Беткей және терең сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап болмайды, тістің ЭҚ. 100 мка. жоғары. Тісте кейде тұрақты пломбы тұруы да мүмкін (ертеректе асқынбаған немесе асқынған тісжегімен емделген болса).

Кейде тіс тұсындағы қызыл иекте ауыспалы қатпарға жақын жыланкөз анықталады, аузынан бүршіктеніп жас грануляциялық тін немесе іріңді жалқық шығып тұруы мүмкін немесе бітіп кеткен жыланкөз орнында ақшыл-сұр түсті тары дәніндей тыртық анықталады (мұның бәрі тұрақты белгілер емес). Жыланкөз аймағын сипап тексергенде альвеола сүйегінің беті тегіс емес, кедір-бұдырлы екені байқалады (қатты сүйек қабатының сорылып, бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде).

Жыланкөз болмайтын көпшілік жағдайда тіс тұсындағы қызыл иек аздап қызарыңқырағанын байқауға болады; нығыздағыштың домалақ ұшымен басып көргенде бозғылт түсті ойық пайда болып, тез арада тегістеле қоймайды (вазопорез симптомы) және ойық аймағы тегістелген кезде ашық қызыл түске боялады. Саусақпен басып сипағанда ыңғайсыздық немесе аздаған ауырсыну сезімі білінеді. Тісті салыстырмалы әдіспен қағып тексергенде, сырқат тісте сау тіске қарағанда ыңғайсыздық немесе аздап ауырғандай сезім (жоғары сезімталдық)анықталады.

Ұзақ уақыт дамыған қабыну үрдісі кезінде сырқат тіс жақтағы аймақтың лимфа түйіндерінің (жақ және иекасты) ұлғайғандығы және аздап ауыратындығы байқалады.

Рентгендік тексеру кезінде созылмалы қабыну үрдісі аймағында тіс альвеоласының қатты сүйек пластинкасы мен кеуек сүйектің сорылуы нәтижесінде сырқат тістің түбір ұшында жиегі тегіс емес, иір-қиыр шекара құрайтын, кейде от жалынына ұқсас әртүрлі көлемді қаракөлеңкелі ошақ анықталады. (сурет).

Сорылу үрдісіне кейде түбір ұшын жауып жатқан цеметпен түбір дентині де ұшырауы мүмкін. Бұл кезде тістің түбір ұшы жойылып, шекарасы ойлы-қырлы болып көрінеді және түбір ұзындығы біршама қысқарады.

Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде өршу үрдісі жиірек кездеседі (басқа қабыну түрлеріне қарағанда) және көбіне жыланкөз пайда болып басылады. Егер жыланкөз бітіп қалмай, ұзақ сақталатын болса, өршу үрдісі де жиі қайталанбайды.

Патологиялық анатомисы. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде ұзақ қабыну әсерінен бұзылып, ыдырауға ұшыраған периодонттың орнын грануляциялық тін басады. Бұл тіннің құрамы капиллярларға (қылтамырларға), фибробластарға, домалақ плазматикалық клеткаларға және лейкоциттерге бай болады (сурет). Жас грануляциялық тіннің қалыптасуы кезінде оның құрамында гликогеннің, бейтарап және қышқыл мукополисахаридтердің мөлшері жоғарылайды. Түбір ұшы периодонтының орнын грануляциялық тін басқан кезде, осы аймақтағы қатты тіндер (альвеоланың қатты сүйек пластинкасы, кемік сүйек, кейде цемент және дентин) остеокластар мен грануляциялық тіннің қатысуымен сорылуға ұшырайды. Грануляциялық тін сүйек майы қуыстарын қуалай өсіп, қызыл иекте іріңді немесе грануляциялы жыланкөздің пайда болуына себепкер болады, кейде грануляциялық тін жұмсақ тіндерді қуалай өсіп, кілегей қабық немесе теріасты гранулемасына (подслизистая или подкожная гранулема) айналады. Кейде мұндай гранулемалардың қабыну ошағынан біраз қашық орналасуына байланысты, көп жағдайларда себепкер тісті анықтау дәрігер-стоматологқа біраз қиындықтар тудыруы мүмкін.

Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде альвеола өсіндісіндегі сорылу үрдісіне және көптеген тіндердің ыдырауына байланысты қабыну ошағында пайда болған уытты заттар қанға сіңіп, организмнің созылмалы уыттануын туындатады. Сондықтан созылмалы қабынудың бұл түрі – ең белсенді патологиялық үрдіс деп саналады. Осыған қарамай, емдеу шараларын дұрыс жүргізген жағдайда оның нәтижелелігі жоғары болады және қабынудың тиімділеу түріне – созылмалы фиброзданып қабынуымен алмасады.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)