Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нарықтық бағалардың қайнар көздері мен түрлері

Читайте также:
  1. Автотрофты қоректену түрлері
  2. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  4. Аржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
  5. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  6. Былту, оның түрлері.
  7. Былтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау).

Нарықтық бағаның келесідей түрлері бар:

- анықтамалық бағалар;

- биржалық бағалар;

- саудалық немесе тевдерлік бағалар;

- ішісі саудадағы нақгы мэмілелердің бағалары;

- импорттық (ішкі саудалық немесе нақгы бағалар);

- әлемдік бағалар.

Анықтамалық бағалар арнайы баспаларда (бағалық анықтамаларда, каталогтарда), газеттер мен журналдарда, ақпараттық бюллетеньдерде жарияланатын бағаларды білдіреді. Олар жанама өндірушілер ретінде де, олардың сауда делдалдары ретінде де бағалар негізінде қалыптасады жэне ұсыныс бағаларымен салыстырғанда төлем мен жеткізу шарттарына байланысты болмайды. Номиналды сипатқа ие жіберу нүктесінің рөлін атқарғанда нақты мәмілелерді жасауда сауда үрдісінің әсері көп. Кейбір ұйымдар кәсіби бағалаушыларға арналған машиналар мен жабдықтардың бағасы (аныктамалық бағалар) туралы мәліметтер базасын жүйелік түрде таратады және жүргізеді. ¥жым бойынша машиналар мен жабдықтарды қолданудың нарықтық бағасы туралы мәліметтер базасын құру актуалды мәселе болып табылады.

Қазіргі кезде анықтамалық бағалар көпшілік делдалдардың қымбат тұратын қызметтерін есепке алмағанда барлық жоғары дәрежеде отандық және халық аралық компьютерлік желілер бойынша таралатын, олардың пайдаланушыларына өнімнің жедел жарнамасын, бағаның салыстырмалы талдауын және қажетті тауарларға тапсырыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып мәліметтер базасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Биржалық бағалар арнайы ұйымдастырылған шикізаттық, ауыл шаруашылық, тауарлық және тағы да басқа биржаларлық деп аталатын сапалы бір түрлі тауарлар нарығына әрекет етуші бағаларды білдіреді.

Бағалау мақсаттары үшін машиналар мен жабдықтардың тікелей қызығушылығы мен номенклатурасы сауда-өнеркәсіптік биржалардың ақпараттарын білдіреді. Биржалық сауда сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі жоғары деңгейімен, сұраныс пен ұсыныс бағасының құрылуымен сипатталады. Биржалық бағалар нақты мәмілелерді білдіреді, олар үнемі арнайы биржалық бюллетеньдерде шығарылады.

Саудалық немесе тендерлік бағалар -техникалық сипаты күрделі және машина-техникалық өнімдердің сиымды капиталын (металдық, энергетикалық және т.с.с. жабдықтарды, ауа және су және т.б.) сатып алуға және/немесе тапсырысты жасауға конкурстық кезде қалыптасатын бағалар.

Тендерлердің биржадан ерекшелігі - бірнеше сатушылар мен (орындаушылар немесе оференттер) бір сатып алушының арасындағы қатынастардың болуы болып табылады. Сондықтан да тендерлік бағалар, ереже бойынша, биржаларда немесе қарапайым коммерциялық келісім шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Тендерлер, ереже бойынша, халықаралық саудада қолданылады және олар арқылы машина-техникалық өнім экспортының маңызды бөлігі өтеді.

Ұсыныс бағалары - бұл өнімнің тікелей өндірушілер, немесе олардың сауда делдалдарының бағасы. Олар прайс парақтарда, фирмалық және көрме каталогтарында шығарылады. Ұсыныс бағасы, ереже бойынша жеткізудің шартына (партия көлемі, комплектация, жеткізу: шарты және т.б.) және төлемге (алдын ала төлеу, сол уақытта төлеу несиесі) байланысты дифференциалданады. Анықтамалық бағалар сияқты сауда үрдісінде ұсыныстар төмендетілуі мүмкін, мұны есте сақтау керек.

Бағалы ақпараттың мұндай түрінің маңызды көзі болып мерзім бойынша өтетін халықаралық, жалпы қазақстандық және аймақтық көрмелер және жәрменке, ерекше мамандалған трейд шоу болып табылады.

Ішкі саудадағы мәмілелердің нақты бағалары. Бұл бағалар нарықтық салыстыру әдісімен машиналар мен жабдықтар құнын бағалау арқылы алынады.

Импорттық (сыртқы сауда немесе келісілген) бағалар әлемдік бағаларды және енімді, оларды есептеу құқығы занды түрде орнатылған, жеткізуші-фирмалармен келісу нәтижесінде қалыптасады. Нақты мәмілелердің бағалары сияқты келісім-шарттық бағалар сирек жарияланады. Бұл бағалар туралы маңызды ақпаратты шетел жеткізушілерінің ішкі нарықтарында да жұмысты жүргізетін ұйымдар қарастырады. Сонымен қатар, негізгі өндірушілердің мәліметтер базасын қолдана отырып, олар әлемдік нарықтың конъюктурасын қарастырады, бұл машиналар мен жабдықтардың нақты бағасын анықтауға мүмкіндік береді.

Көп жағдайларда ол жеткізушілер-фирмасының ұсынысында көрсетілгеннен маңызды дәрежеден төмен болады.

Машина-техникалық өнімдерге әлемдік бағалар - жетекші өндіруші-фирмалардың және/немесе осы өнімді жеткізушілердің экспорттық бағалары. Компьютерлік техниканы, автотехниканы, ауыл шаруашылық машиналарды есептемегенде, халықаралықмашиналар мен жабдықтарды сату бағалары туралы ақпарат өте сирек жарияланады.

2. Салыстырмалы объектінің сәйкестік дәрежесін анықтау әдістері мен модельдері

Салыстырылатын машиналар мен жабдықтар бірлігі сәйкестігінің дәрежесін анықтауды тандаған кезде олардың үш жақындылығын және ұқсастығын ажыратады.

Бірінші деңгей толық болуы мүмкін функционалдық ұқсастықты қарастырады. Функционалдық ұқсастық классификаторлардың көмегімен -амортизациялық шығару нормаларының анықтамасымен және т.с.с. анықталады.

Функционалдық ұксастықтың екінші деңгейде болуы конструктивтік ұқсастықты, яғни конструктативтік сызба, құрамы, элементтердің бір типтілігі бойынша машиналардың ұқсастығы жоғары дәрежеде қарастырады.

Үшінші ұқсастықтың ең жоғары деңгейі параметрлік деп аталады. Ол сәйкестікті немесе тек конструкция мен салыстырылатын машинаның қызметіне емес, оның техника-экономикалық параметрлер мәніне және құрамына жақындылықты білдіреді.

Толығымен ұқсас болған кезде салыстыру объектісінің идентификациясы (тендестіруі) қалыптасады, ал толық еместе - ұқсастық туралы ақпаратты қамтиды.

Семантикалық модельдерде құжатты ақпараттық-іздеу жүйелерінде (АІЖ) кең түрде қолданылады.

Іздеудің жылдамдығын және нақтылығын жоғарылату үшін қосымша ұқсастықтар базасының иерархиялық реттілігін ұйымдастырылуы қолданылады. Бағаланатын объект пен ұқсас-объектілерді п-өлшемді жазыктағы р(о) және р(а) нүктелері ретінде қарастыруға болады. Екі нүктелер арасындағы қашықтықты қою арқылы көп өлшемді жазықтықтағы өлшем тандалады. Қашықтық түсінігі нүктелер арасындағы жақьшдык туралы түсініктерді қарастырады. Бұл мақсаттарда сызықтық және квадраттық өлшем қолданылады. Біріншіге байланысты екі нүктелер арасындағы қашықтық, олардың координаталарының айырлашылықтар модельдерінің соммасы ретінде анықталады. Екінші -координаталар айырмашылықтар квадраттарының соммасы квадраттық түбірі ретінде анықталады. Бірақ та, ең нақты қорытынды беретін - min және max өлшем. Оны қолданғанда, ең жақын нүкте болып координаталардың максимальды артықшылықтарын кемітетін (максималды ауытқуды шектейтін) нүкте. Сонымен, екі нүктелер арасындағы қашықтық, мынадай формуламен анықталады:

 

Егер г = 2 болған кезде квадратталған өлшемді формуланы аламыз:

 

Егер,г=1 болған жағдайда (1) формаласы мынандай түрде жазылады:

 

d (y.y’) аксиоманы қанағаттандыратын ара қатынастары мына формула арқылы анықтайды:

 

 

Осылайша, көп өлшемді жазықтықта нүктелер арасындағы және ұқсас-объектілердің жакындығын бағалауда қолданылатын әдістерді тандаудың кең мүмкіндіктері бар. Берілген техникалық қасиеттерге қарап, өлшемнің әрқайсысында нақты мағына іздеу керек емес. Көптеген жағдайларда, жоғары келтірілген формулалар құрамына байланысты интерпретациялау өте қиын.

 

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорынның құралдары мен машиналарын қалай бағалаймыз?

2.Алғашқы құн, ағымдағы құн, баланстық құн, сату құнын қалай анықтаймыз?

3.Қаржылық лизингтік шарт, қозғалыс механизмі

Ұсынылатын әдебиеттер

1) Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007

2) Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001;

3) Валдайцев. С.В. Оценка бизнеса и инноваций. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997

 

13 тақырып: Кәсіпорынның айналым капиталының құнын бағалау

Лекция мақсаты: Кәсіпорынның айналым капиталының құнын бағалауды игеру

Лекция сұрақтары:

1. Өндірістік айналым қорды бағалау: өндірістік қор (шикізат және негізгі материалдар, жартылай дайын сатып алынатын заттар, жөндеу жұмыстары үшін құрал саймандар, көмекші материалдар), аяқталмаған өндіріс, жанармай, ыдыстар, болашақтағы шығындар.

2.Қорларды бағалау әдісі.

 

Лекция мазмұны:

Материалдардың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толыктай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтканда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосапқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша қүндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақгы есеп багасымен (келісімді немесе жоспарланған - есеп бағасы) көрсетіледі.

Егер субъект материалдық кұндылықтарды келісімді бағасымен есепке алса, онда олардың нақты өзіндік кұнына КДШ қосылуы мүмкін. КДШ құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдыктаушылардың теміржол және баскд көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, тұсіру және қаттау шығындары; жабдыктаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар жөне босалқьшарды алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.

Сауда шегерімдері, артық төлемдер және басқа да түзетулер алынған шығындарды анықтаған кезде шегеріледі. Тауарлы-материалдық запастардың таза сату құнын шығару үшін олардың жай шаруашылық қызметінің барысында сатылатын багасынан сату мен комплектацияға кеткен шығынын алып тастағанға тең. Өзіндік құн мынадай себептер бойынша калпына келтірілмеуі мүмкін, онда тауарлы-материалдық запастардың таза сату қүны пайдаланады:

- осы тауарлы-материалдық запастар біршама бүлінген;

- олар тұтастай немесе ішінара ескірген;

- олардың сату құны төмендеген.

Мысал. Аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдыктаушыға тапсырыс берген, оның 1дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, кәсіпорынға тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35 555,6 дм2 кұраған, ал оның сомасы 3 200 004 теңге болған. Тасымалдау шышны 800 000 теңге және түсіру шығыны (түсірушілердің жалақысы -300 000 және әлеуметгік - 56 700 (300 000 -300 000 х 10%х21%)) 356 700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі коймада сақгау шығыны 630 000 теңге қүраган. Теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің аркасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.

Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4 545 324 теңге немесе 1дм2-ты 127,84 теңге күраған:

- сатып алу бағасы — 2 758 624 теңге (ҚҚС қоспағанда);

- КДШ - 1 156 700 теңге (800 000 + 356 700);

- сақтау шығындары — 630 000 теңге (сақтау шығынын өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егерде олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).

Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза күны бойынша босатылуы мүмкін. Тап осындай өнімді басқа кәсіпорын 90 теңгеден емес, оның бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан да сол бағада сатуына тура келген.

Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.

Әдетте, өнеркәсіп өндірістерінде материалдың запастары өзінің өзіндік құнынан төмен есептен шығарьшмайды (сатылатын таза құнына дейін), егер де шығарылатын дайын өнімнің бағасы оның өзіндік құнына тең немесе жоғары бағаға сатылады деп күтілетін болса.

Егер де ондай мүмкіндігі болмаса материал қоры сатылатын таза құнына немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкін.

Сатылатын таза күнын да, өнімнің өзіндік құннан да төмен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ-ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін:

- баптық әдісі — әрбір ТМҚ түрлерінің баланстық және сатылатын таза кұнының ең кіші мәні алынады;

- негізгі материалдар тобының әдісі — ТМҚ топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады;

- жалпы запастар деңгейінің әдісі — барлық ТМҚ-дың баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.

Материалдардын, бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысыңда әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дүрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қодпднамыз: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («ФИФО»); қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («ЛИФО»).

Мысал. ТМҚ өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырып көрейік. 2002 жылдың 1-ші қаңтарына қалган материалдар саны:

- цемент - 200 тонна 60 000 теңге сомасына;

- бензин — А-95 — 100 литр 4500 теңге сомасына.

Есептен шығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылатын формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезеңнің соңында Есептік кезеңнің Кіріс Шығыс

қалған материалдардың = басына қалған + болған - болған

қалдықтарының құны қалдықтардың құны материалдар материалдар

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бүл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны — ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен қүндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдың санына көбейтсек [3232,35х(15+10+12)=119596,95 теңге], онда біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңывдағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем қүнына көбейтіп - қалдық құнын аламыз.

Цементтің ай соңына қалған қалдық құны - 100203,05 теңге құраған (31 тонна х 3232,35теңге немесе 60 000+159800-119596,95).

Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз

«ФИФО» әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген — бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметгің негізінде «ФИФО» әдісі бойынша соңғы қалдыктың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды:

Ай соңында калған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге.

Бензин

Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды.

Соңына қалдығы 300 литр (200 х 47 және 100 х 45):

200 х 4 7 = 9400 теңге;

100 х 45 = 4500 теңге;

Жиыны 13900 теңге

Шығыстың құны: 4500+45700-13900=36300 теңге немесе

50 литр х 45 теңге = 2250 теңге;

150 литр х(50 литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге)= 6850 теңге;

300 литр х(200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге)= 13700 теңге;

100 литр х 45 теңге =4500 теңге;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге;

Шығыс жиынтығы 36300 теңге

«ЛИФО» әдісі - запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы қорлардың өзіндік кұны бірінші сатып алынган қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда «ЛИФО» әдісінің көрсеткіштері мынадай болады.

Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Біздін. мысалда цементтің шығысы мынадай болды делік: Бастапқы қадцықтың 15 тоннасы х 3000 теңгемен — 45000 теңге; 02.01.02 күні келіп түскеннің 10 тоннасы х 3100 - 31000 теңге; 20.01.02 күні келіп түскеннің 12 тоннасы х 3400 - 40800 теңге; Шыгыс жиыны —116800 Цемент қалдығынан қалғаны: Бастапқы қалдықтан 5 х 3000 - 15000 теңге;

2 х 3200 - 6400 теңге; 20.10.02 келіп түскеннен 5 х 3400 (12-17 - 6400 теңге;

19 х 3400 - 17000 теңге;

Ай соңына қалган цементтің қүны - 103000 теңге. Бензин бойынша: Қалдықтан қалған 50 л х 45 теңгеден босатьшған — 2250 теңге.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1) Қорларды бағалау әдісін қалай жүргіземіз?

Ұсынылатын әдебиеттер

1) Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007

2) Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001;

3) Валдайцев. С.В. Оценка бизнеса и инноваций. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997;

4) Богатин Ю.В., Швандар В.А. Инвестиционный анализ: Учебное пособие для вузово. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000;

5) Бердникова Т.Б. Оценка ценных бумаг: Учеб.пособие. – М.: ИНФРА-М, 2003;

6) Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизнеса и инвестиций: Учеб.пособие для вузов. -:М.: Финансы, ЮНИТИ-ДАНА, 1999;

7) Беренс В., Хавранек П. Руководство по оценке эффективности инвестиций. – М.: 1995

 

14 тақырып: Кәсіпорынның материалды емес активтерін бағалау

Лекция мақсаты: Кәсіпорынның материалды емес активтерін бағалауды игеру

Лекция сұрақтары:

1. Материалды емес активтердің мәні. Материалды емес активтердің классификациясы: патент, өнеркәсіп дизайнын тіркеу, авторлық құқық, тауарлық марка, франшиздер, ноу-хоу.

 

Лекция мазмұны:

Материалдық емес активтер — бүл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жүмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашакта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалықолжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

Материалдық емес (үстап керуге болмайтын) активтер - нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де қүрамында кездесуі мүмкін.

Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепке тіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дүрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады.

Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, ейткені олар ете сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық қүқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

Сондықтан кептеген материалдық емес активтердің қүнын, әдетте, екі жактың келісімі бойынша анықтайды.

Материадцық емес актавтер танылған кезеңінен бастап бастапқы қүны бойынша бағаланады. Материаддық емес активтердің бастыпқы кұны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сыртган түссе (сатып алынган бағасы, ұйыңцар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашьшық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.

Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол қүны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.

Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша аныкталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезендік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы кұны мемлекетгің есебінен тегін,(немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.

Егер де Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы күресетін препаратқа " АВВА" кәсіпорынның лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келісімнің белсенді нарығы болмайды.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы "Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы қүны, амортизация нормасы және басқа қажетгі мәліметтері көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде кіріс жарамдығын пайдалану.

Кіріс жарамдығы көрсетілген:

· Пайданың азаю әдісі.

· Ақша ағымын дисконттау әдісі.

· Роялтиден босату әдісі.

· Пайдада басымдылық әдісі

Пайданың азаю әдісі.

Бұл әдіспен Гудвилл бағаланады.

Пайданың азаю әдісінің негізгі кезеңдері:

1. барлық активтердің нарықтық құның анықтайды.

2. Бағаланатын кәсіпорынның пайдасын норматизациялау.

3. Активте немесе меншікті капиталда орта салалық пайдасын анықтайды.

4. Күтілетін пайда орташа кіріс саласына актив үлкендігін көбейту негізінде есептелінеді.

5. Пайда азаюын анықтау керек. Ол үшін нормативті пайдадан күтілген пайданы алыптастайды.

6. Гудвилл құның - пайданың азаюын капитализация коэффициентіне көбейту жолымен есептелінеді.

Ақша ағымының дисконттау әдісі. Ақша ағымының дисконттау кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:

1. Өмірдің жарамды қалған күтіліп жатқап мерзімі анықталынады, яғни, болжаулаған кірісті дисконттау қажеттілігі кезеңі.

2. Божауланған ақша ағымы (АА), пайда, материалдық емес активтерді генерациялау.

3. Дисконттау мөлшерлемесін анықтау.

4. Болашақ пайда ағымды сомалық құны есептелінеді.

5. Постболжауланған кезеңде материалдық емес активтерден ағымдағы құны анықталынады (егер ол қажеттілік етсе).

6. Болжауланған және постболжауланған кезеңде барлық кірістер сомалық құны анықталынады.

Роялтиден босату әдісі. Бұл әдіс патенттер мен лицензиялардың құның бағалағанда қолданылады. Патент иесі басқа тұлғаға белгілі бір сыйақыға объекттің интелектуалды меншігін қолдануға құқық береді (роялти). Роялти патент қаражаттарын қолдануда өндірілген, тауарды сатудан түскен жалпы пайданың пайызын көрсетеді.

Әдістің негізгі этаптар:

1. Роялти төлемін күтіліп жатқан сату көлемін болжау құрылады.

Өндірілген өнім көлемін лицензия бойынша әр жылда есептеп, анықтау керек. Соңымен қатар алғашқы жылдарда оны шығаруды игеру болмауы да мүмкідігін ескеру керек, содан кейін көлемнің өсуі, ары қарай жаңа еңгізулер мораліне байланысты түсімін ескеру керек.

2. Роялти мөлшерін анықтау керек.

3. Патент немесе лицензияның экономикалық жұмыс істеу анықтау керек.

4. Роялти күтілген төлемді болжауланған сату көлемінен пайызын аудару жолымен есептелінеді.

5. Китілген роялти төлемінен патент немесе лицензиялық қамтамсызданумен байланысты шығындар алынады (заңнамалы, ұйымдық, әкімшілік шығындар)

6. Роялти төлемінен пайда ағымының дисконтталуы есептелінеді.

7. Роялти төлемі бойынша пайда ағымының сомалық құны анықталынады.

Роялти бойынша лицензия бағасы келесі формуламен есептелінеді.

Ре=Σ Vі*Rі*Zі*K

Бұл жерде,

Vі- і жылында лицензия бойынша анықталған өнімді шығару көлемі (дана, кг, м3)

Rі- і-ші жылдағы роялти көлемі,%

Zі - і-ші жылдағы лицензия бойынша сату өнімнің бағасы; шартты бірлік.

Т - лицензиялық келісімнің мерзімі; жыл

і - лицензиялық келісімде қарастырылатын жылдың ретті номері.

К - дисконталатын коэффициент.

Пайдадағы басымдылық әдісі. Әдетте бұл әдіспен изобретениялар құны бағаланады.

Материалдық емес активтерді бағалауда жарату жақындықты қолдану. Материалдық емес активтерді бағалау кезендегі жарату жақындықта келесілер қолданылады:

Құрылғанның құндылық әдісі. Оның негізгі этаптары:

1. Орныңа келтіруің толық құны немесе материалдық емес активтердің қалпына келтіру толық құны анықталады. Шығындардың келесі түрлері талап етіледі:

· мүліктік құқықты иемдену

· материалдық емес активтерді қолдануда өндірістік тауарларды егеру

· тақырыпты жобалау және іздеу жұмыстарына

· экспертті образец жасауға

· ұйымдар қызмет көрсету үшін

· конструкторлы- техникалық, технологиялық, жобалық құжаттарды құруға

· есеп берудің құруы мен бекітілуіне

Зс=Σ[(Зpi+Зnoi)*(1+P/100)*K]1

Бұл жерде, Зс- материалдық емес активтерді қорғау және құрумен байланысты барлық шығындар сомасы, ақща бірлігі

Зр- материалдық емес активтердің жобалау құны, ақша бірлігі

Зno- объектіні құқықтық қорғау шығындары, ақша бірлігі

Р- рентабельдік, %

К- бірдей уақытты шығындар бір мезгілге алып келген диконтталған коэффицент

i- қарастырылатын жылдың реттік номері

Зр=(Знир+Зкғд)

Бұл жерде, Знир- НИР-ді жүргізуге кеткен шығындар ақша бірлігі

Зкғд- объектті құрастыру мен байланысты конструкторлы- техникалық, техникалық немесе жоболық құжаттарды жасауға кеткен шығындар, ақша бірлігі

2. Материалдық емес активтердің моральді тозу деңгейі ескерілетің коэффицент үлкендігі аныталынады.

Бұл жерде, Тн - қорғалған құүжаттың номиналды іскерлі мерзімі.

Тд - есепті жылға жағдайы бойынша қорғалатың құжаттың жұмыс істеу мерзімі.

3. Технико-экономикалық коэффициенттің маныздылығы, моральді тозу коэффициенті есебімен материалдық емес активтердің қалдық құның қарастырайық:

Со =Зс*Кмс*Кт*Ки

 

Бұл жерде, Со - объект құны (материалдық емес актив)

Зс - шығындар сомасы

Км - коэффициенттің моральді тозуы

Кт - технико-экономикалық маңыздылық коэффициенті

Ки - і-ші жылдағы процесте көрсетілетің динамикалық баға негізінде есептелінетін коэффициент.

Салыстырмалы жақындық нарықтың эффектті функция қағидасынын негізінде құрылған, ол жерде инвесторлар аналогтік типтес активті сатып, сатып алады, сол кезде жеке тәуелсіз шешімдерді шешеді.

Материалдық емес активтер қүнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалдық емес активтердің есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:

- занды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;

- жаңарту немесе үзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;

- тозу, сүраныс және басқа да экономикалық факторлар оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін;

- келешектегі бәсекелестіктердің және басқа да субъектілердің әрекеті (іс-қимылы) материалдық емес активтердің бүгінгі белсенділік қабілеттілігін шектеуі мүмкін;

- материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің қызмет ету мерзімі сол активтердің қүрамдас белшектері болуы мүмкін.

Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де зандармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық қүқық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.

Материалдык емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті тандау активтен күтілетін экономикалық олжаның түтыну моделіне байланысты болып келеді.

Материалдық емес активтердің арналымы бойьшша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді.

Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің кұнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін тандау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою құны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою кұны, әдетте нольге тең болады.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1) Материалды емес активтерге бағалауды қалай жүргіземіз?

 

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007
  2. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизнеса и инвестиций: Учеб.пособие для вузов. -:М.: Финансы, ЮНИТИ-ДАНА, 1999;
  3. Беренс В., Хавранек П. Руководство по оценке эффективности инвестиций. – М.: 1995

 

15 тақырып: Шет ел тәжірибесімен бизнес (кәсіпорын) құнын бағалау

Лекция мақсаты: Шет ел тәжірибесімен бизнес (кәсіпорын) құнын бағалауды игеру

Лекция сұрақтары:

1. Шет елдегі құнды бағалау бойынша кәсіби ұйымдар.

2.Бағалаушыларды лицензиялау.

3.Бағалау қызметінің мамандандырылуы.

 

Лекция мазмұны:

Дамыған елдерде бағалаушылар қызметі жиі мемлекетпен реттелмейтіні тарихи қалыптасқан. Бұл жерде жоғары кәсіптік деңгейі сәйкес стандарттар қабылдау және сақтау жолымен бағалаушылардың кәсіптік ұйымдары арқылы мұқият көтермеленіп тұрады. Италия мен Испанияда белгілі бір мемлекеттік реттеулер бар, сонымен қатар 1989 жылы АҚШ-та қозғалмайтын мүлік бағалаушыларын мемлекеттік лицензиялау енгізілген.

1989 жылға дейін АҚШ-та бағалау қызметінің нарығы өзін-өзі реттейтін болған. Мемлекеттік лицензиялауға ауысу, АҚШ-тағы қозғалмайтын мүлік дағдарысымен байланысты болды. Қозғалмайтын мүлік құнын бағалау мемлекеттік органдар бақылауынан шығып кетуінен ипотекалық несиелеуде, құрылысқа муниципалды тапсырыстарды орналастыруда және басқа бірқатар жағдайларда жеткіліксіз объективті бағалаудың жаппай жүргізілуі болды. Осыған ұқсас қозғалмайтын мүлікке бағаның жоғарылауымен байланысты дағдарыстық экономикалық жағдай соңғы онжылдықта Жапонияда да байқалды.

Әлемдік тәжірибедегі бағалаушылардың өзін-өзі реттеу жолымен, яғни оларды кәсіпқойлық қоғамдық ұйымдарға біріктіру, сонымен қатар мемлекеттік лицензиялау жолымен жүргізілетін кәсіпқойлық бағалаушылар қызметін реттеу. Бағалаушы кәсібі Европа және АҚШ елдерінде негізінен өзін-өзі реттеу нәтижесінде қалыптасты. Тәжірибедегі бағалаушылар басқа еркін кәсіптегі тұлғалардың (адвокаттар, заңгерлер, аудиторлар және т.б.) кәсіптенген бірлестігі типі бойынша құрылған сәйкес кәсіптенген корпорацияларға бірікті. Реттеудің берілген нысаны көптеген елдерде қабылданған. Бірқатар елдерде бағалаушылар қызметіне бақылау функциясы кәсіптенген ұйымдарға заңмен бекітілген (мысалы, Ұлыбританияда). Бағалаушылар ассоциациясының Европалық тобының шеңберінде (The European Group of Valuers Associations - TEGoVA) кәсіптенген бағалаушылардың DIN 45013 европалық стандарты базасындағы бірыңғай аттестациялау жүйесі құрылған. Мұндай жүйе Германияда қызметін жүргізуде. Ол Ұлыбританиядағы қозғалмайтын мүлікті бағалау саласындағы Корольдік институт (The Royal Institution of Chartered Surveyors - RICS) мамандарының талаптарын ескеріп құрылған. Бірқатар европалық елдерде (мысалы, Дания, Чехия және т.б.) ИСО 9002 (ISO 9002) стандарты негізінде бағалау бойынша қызметтің сапасын сертификациялау жүйесінің қызметі енгізілген. АҚШ-тың жетекші кәсіптенген ұйымдары – Бағалау институты (Appraisal Institute) мен Американдық бағалаушылар қоғамы (American Society of Appraisers - ASA) – 1987 жылы бағалау мен оқытуда біркелкілік пен кәсіпқойлықтың мақсаттарына жетуге қызмет ететін Бағалау қорын (The Appraisal Foundation) құрды. Бағалау қорына - Бағалау стандарттары бойынша кеңесі (БСК) мен Бағалаушыларды жіктеу бойынша кеңесі (БЖК) екі тәуелсіз органдардың жұмысы да мүмкіндік туғызады. АҚШ-тағы мемлекеттік реттеу федералдық деңгей мен жеке штаттар деңгейінде де жүргізіледі. 1989 жылы АҚШ Конгрессімен қабылданған қаржы институттарын реформалау туралы заңына сәйкес федералдық деңгейдегі бағалау қызметін реттеу бойынша өкілеттік Бағалау қорына берілген. Қормен бір мезгілде АҚШ Үкіметінің құрылымында бағалау заңының орындалуын бақылау бойынша орган – Бағалау бойынша шағын (құрамындағы) комитет (Appraisal Subcommittee) қызметін жүргізеді. Бағалаушыларды жіктеу бойынша кеңесі (БЖК) АҚШ-тың барлық аймағында тәжірибедегі (сертификаты және лицензиясы бар) бағалаушылар үшін қолдануға міндетті Кәсіптенген бағалау тәжірибесінің бірыңғай стандартын – КБТБС (Uniform Standards of Profesional Appraisers Practices - USPAP) жасайды, түсіндірме береді және түзетулер енгізеді. БЖК қозғалмайтын мүлікті бағалаушылар үшін білім, тәжірибе және емтихандық талаптардың төменгі деңгейін бекітеді. АҚШ Конгрессі БЖК-не бағалаушыларды лицензиялау үшін штаттарда қолданылатын төменгі мамандану деңгейін бекітуді міндеттеді. Сонымен қатар, БЖК штаттарда бағалаушыларды лицензиялау үшін бірыңғай мамандану талаптарын қабылдады. Штаттар деңгейінде бағалау қызметін реттеу қозғалмайтын мүлікті бағалаушыларды лицензиялау және сертификаттау бойынша талаптары берілген бағалау қызметін реттеу бойынша жергілікті заң актілері комиссияларының негізінде реттеледі. Жеке штаттарда лицензиялау және сертификаттау бойынша талаптар ерекшеленеді және нақты штатта жұмыс істеу үшін мамандану (квалификация) емтиханын тапсырып сәйкесінше лицензия алу керек. Ұлыбританияда бағалау қызметін реттеу 1868 жылы құрылған және бастапқыда Жер өлшеушілердің институты (The Institution of Surveyors) деп аталған, Қозғалмайтын мүліктерді бағалау саласындағы мамандардың Корольдік институты (The Royal Institution of Chartered Surveyors - RICS) - кәсіптенген ұйымға басқару құқығын беру жолымен орындалады. Оның мүшелері тек қана, қозғалмайтын мүлікті бағалаушылар ғана емес, сонымен қатар қозғалмайтын мүлікті сату бойынша агенттер, қозғалмайтын мүлікті басқарушылар, құрылыс инженерлері, жер және қозғалмайтын мүлікпен байланысты кәсіптің мамандары болып табылады. Ресейде бағалау қызметі «Ресей Федерациясындағы бағалау қызметі туралы» Федералдық заңына (1998) және оған сәйкес қабылданатын федералды заңдар мен басқа РФ нормативті-құқықтық актілеріне, Федерация субъектілерінің заңдары мен нормативті-құқықтық актілеріне, сонымен қатар, РФ халықаралық келісім-шарттарына сай реттелінеді. Заңға сәйкес РФ-дағы бағалау қызметі Ресей заңдарымен белгіленген міндеттерінің шеңберінде РФ үкіметімен және Федерация субъектілері өкілеттік берілген органдармен реттелінеді. РФ Үкіметінің «РФ-да бағалау қызметін жүргізуге бақылау бойынша өкілетті орган туралы» Қаулысымен (1999) мұндай орган, басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволармен бірге Бағалау қызметін лицензиялау туралы ережелерін жасаған, Мемлекеттік мүлік министрлігі (2000 жылдан РФ мүліктік қатынастар министрлігі) тағайындалған. Министрлікпен РФ бағалау қызметін реттеу мәселелері бойынша ведомство аралық кеңесі құрылған. Оған министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен басқа кәсіптенген ұйымдар мен оқу мекемелерінің өкілдері кірген. Ведомство аралық кеңестің қызметі – РФ-дағы бағалау қызметінің нормативтік және әдістемелік базасын құру бойынша келісілген саясат жүргізу. Заң бойынша бағалау қызметінің өзін-өзі реттеуі бағалаушылардың кәсіптенген ұйымдарымен жүргізіледі. Олардың функцияларына мыналар жатады: бағалаушылар мүдделерін қорғау; олардың кәсіптік дайындық деңгейін жоғарылатуға көмектесу; олардың кәсіптік оқуы бойынша білім беру бағдарламаларын жасауға көмектесу; бағалаудың өзіндік стандарттарын жасау; бағалау қызметінің сапасын бақылаудың өзіндік жүйесін жасау және қолдау.

Ресейлік риэлторлардың гильдиясы (РРГ) – жылжымайтын мүлік нарығы кәсіпқойларының ірі ұлттық бірлестігі. РРГ 1992 жылы құрылған. РРГ миссиясы – әлемдік жылжымайтын мүлік нарығына біріккен, Ресейде өркениетті және динамикалық дамитын жылжымайтын мүлік нарығын құру. Негізгі мақсаты - өз мүшелерінің (брокерлер, девелоперлер, ипотека бойынша мамандар, жылжымайтын мүлік бағалаушылары, қаржыгерлер, сақтандырушылар, кеңесшілер, жылжымайтын мүлік басқарушылары) кәсіптік мүдделерін қорғау, яғни жылжымайтын мүлік нарығының барлық кәсіпқой қатысушыларының, онда жұмыс істейтіндер мен оны қалыптастыратындардың.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Шет елдегі құнды бағалау бойынша қандай кәсіби ұйымдар бар?
  2. Бағалау қызметінің мамандандырылуы шет мемлекеттерде қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизнеса и инвестиций: Учеб.пособие для вузов. -:М.: Финансы, ЮНИТИ-ДАНА, 1999;
  2. Беренс В., Хавранек П. Руководство по оценке эффективности инвестиций. – М.: 1995

 

2. Глоссарий;

1) жылжымайтын мүлік – табиғи объектілер: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес жылжымайтын мүлікке жататын өзге де мүлік;

2) жақсартылған жерлер – жер учаскесінің сапалық қасиетін және оның құнын өзгертуге әкелетін қандай бір іс-шаралар нәтижелері. Жақсартылған жерлерге оларды құнсыздандырмау және нысанасын өзгертпей көшірілуі мүмкін болмайтын жер учаскелерінің шекараларында орналасқан материалдық объектілер, сондай-ақ шаруашылық қызметтің немесе белгілі бір жұмыс түрін жүргізу нәтижелері (рельефті өзгерту, топырақты жақсарту, егінді, көпжылдық екпелерді, инженерлік инфрақұрылымды орналастыру және т.б.) жатады;

3) құрылымдар – адамның келуіне, жылжымалы мүлікті орналастыруға, материалдық құндылықтарға сақтауға, өндірісті жүзеге асыруға арналған үй-жайлар орналасқан жақсартылған жерлер;

4) құрылыстар – құрылымдар мен үй-жайларға жатпайтын, арнайы техникалық функцияларды (дамбалар, туннельдер, эстакадалар, көпірлер және т.б.) орындауға арналған жақсартылған жерлер;

5) тарату құрылғылары – кез келген шығатын энергияны, затты, дабылды, ақпаратты және қашықтағы түрді (электр жеткізу желілері, құбырлар, су құбырлары, жылу және газ желілері, байланыс тораптары және т.б.) жеткізу бойынша арнайы функцияларды орындау үшін жасалған жақсартылған жерлер;

6) құрылысы аяқталмаған объектілер – құрылысы аяқталмаған күйде тұрғандықтан мүлдем пайданылмайтын құрылымдар, құрылыстар немесе тарату құрылғылары;

7) көпжылдық екпелер – егу орындарында өсірілетін, бір жылдан артық өмір сүретін немесе бір жылғы мәдени циклдағы ағаштар мен бұталарды қамтитын натуралды-заттай белгісі бойынша негізгі қорлар түрі. Жүзімдіктер немесе жеміс-жидек бауы мысал бола алады. Мүлік объектілерінің осы типтерінде амортизацияланатын активтерді білдіретін егу орындарына едәуір күрделі инвестициялары болуы мүмкін.

8) баламалы пайдалану – елеулі пайдаланудан ерекшеленетін және бағалау объектісінің аса тиімді пайдаланылуын талдау уақытында қарастырылатын жылжымайтын мүлікті пайдаланудың ықтимал нұсқалары;

9) салыстыру деректері – бағаланатын объектіге ұқсастардың деректерін талдау негізінде алынатын құнның есептік шамасын алу үшін бағалау талдауында пайдаланылатын деректер: нарықтық деректерден алынған сату бағасы, жалдау ақысы, табыстар мен шығыстар, капиталдандыру және дисконттеу ставкалары және басқалары;

10) тренд – хронологиялық өмір сүру мерзімі үшін бағаланатын объектінің құнын өзгерту индексі;

11) салыстыру элементтері – жылжымайтын мүлік үшін төленетін бағалардағы ауытқуларға әкелетін мүлік объектілері мен мәмілелердің нақты сипаттамалары. Салыстыру элементтері берілетін мүліктік құқықтар түрлері, сату жағдайларын, нарық шарттарын, табиғи және экономикалық сипаттамаларды, жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ пайдалануды, сату компоненттерін және басқаларды қамтиды;

12) табиғи тозу – объектіні пайдалану, күту жағдайларымен байланысты тозу мен бұзылудан, табиғи-климаттық және басқа да факторлардың әсерінен туындаған зақымданулардың (ақаулардың) салдарынан объектінің құнын жоғалтуы;

13) функционалдық тозу – жетілдірілген сәулет, көлемдік-жоспарлау, сындарлы және басқада сипаттамалармен қазіргі заманғы ғимараттар мен құрылыстарға тән функцияларын жүзеге асырудың мүмкін еместігі нәтижесінде бағалау объектісінің құнын жоғалтуы;

14) сыртқы (экономикалық) тозу – жылжымайтын мүлік нарығында қоршаған ортаның әсер ету салдарынан өзгерістердің (экономиканың, демографиялық жағдайларға, тұтынушылардың төлем қабілеттілігіне және басқа да өңірлік факторларға шарттастырылған, нарық аумағында қалыптасқан сұраныс пен ұсыныстар көлемінің қатынасы) нәтижесінде объектінің құнын жоғалтуы.

15) бағалау объектілерінің экономикалық өмірінің қалдық мерзімі – бағалау күнінен бағалау объектілерінің экономикалық өмір сүру мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзім;

16) жақсартылған жерлердің экономикалық өмір сүру мерзімі – жақсартылған жерлерден алынатын немесе болжанып отырған табысты кезең осы табысты алуға байланысты операциялық шығыстардан асады. Жақсартылған жерлердің экономикалық өмір сүру мерзімі жақсартылған жерлерді пайдалану үшін жарамды күйде ұстауды ақтайтын кезеңді көрсетеді;

17) жақсартылған жерлердің нақты жасы – жақсартылған жерлерді пайдалану басталғаннан бағалау күніне дейінгі кезең;

18) тиімді (негізгі) жасы – оны сату мүмкіндігін ескеретін объектінің табиғи күйі мен пайдалылығына сәйкес келетін жас. Сыртқы түрін бағалауға, техникалық жай-күйіне, объектінің құнына әсер ететін экономикалық факторларға негізделеді. Объектіні пайдалану ерекшелігіне қарау тиімді жас нақты жастан үлкен немесе аз жағына қарай ерекшеленеді.

19) таза операциялық табыс – жалпы табыс пен операциялық шығындар арасындағы айырым ретінде айқындалатын табыс;

20) ренталық табыс (жер рентасы) – жер учаскесінің сапасы мен орналасқанына қарай өндіріс құралы ретінде жерден алынуы мүмкін табыс. Ренталық табыс жер учаскесінде алынатын өнімді сатудан күтілетін жалпы табыс пен өндірістік шағындардың және өндірушінің кірісі арасындағы айырым ретінде есептеледі.

3. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер:

47. ҚР Президентінің «2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарлығы.­ ­­– Алматы, 1998;

48. ҚР Азаматтық кодексі //Қаз.правда, 1995, 31 қаңтар-4 ақпан;

49. ҚР


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.074 сек.)