Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лең өнерінің қағидалары туралы трактат

Читайте также:
  1. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  2. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  3. Азаматтық құқық туралы ұғым
  4. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  5. Дебиеттің үш тегі туралы қазіргі көзқарастар.
  6. дыси хадис туралы түсінік 1 страница
  7. дыси хадис туралы түсінік 2 страница

Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:

1. Трагедия 8. Сатира

2. Дифирамб 9. Поэмата

3. Комедия 10. Эпос1

4. Ямб 11. Риторика

5. Драма 12. Амфигеноссос (космогония)

6. Эпос 13. Акустика

7. Диаграмма

Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бәріне тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары мараптатталады. Орындаушылар әдетте оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды.

Дифирамб – трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбіне қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ, негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.

Комедия болса ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән құлықтың, сонымен қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.

Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бәсеке мен соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады.

Драма алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.

Эпос – мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.

Диаграмма - заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бқытсыздық бейнеленеді (егер олар бейәдеп һәм шектен шыққан болса).

Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары айтылады.

Сатира дегеніміз – музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.

Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бейберекеттілікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді.

Амфигеноссос – жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін сәттісі осы.

Акустика – шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеше онша қажеті жоқ.

Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиямен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.

Екінші топтағы ақындар - өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді таңдамасын, олар қағиданы да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады.

Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар бейнелеу мен теңеуде әлгілердің ізденістерін дамытып отырса да, поэзияның қағидаларына онша қанық емес. Осындай ақындарда қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады.

Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы ләзім. Жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды, ерекше себептерге байланысты - өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ.

Одан әрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не балаңдығымен айрықшаланады: бұл құбылыс шайыр ойының әсерімен, не оқиға өрбітумен, не өлең тақырыбына байланысты пайда болады. Ал алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, кейде залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ: дегенмен, аталмыш тұжырымда бұған қатысты уақ-түйекке іркілгеніміз дұрыс: қалай болғанда да, бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына аялдағанда, кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде, ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сәтте ақын кемелділігі мен балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне қатысы бар.

Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың – тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дәл келе ме, жоқ, жуықтай ма немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру - әрбір ақынның шеберлігіне байланысты. Мәселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай салыстырады, өйткені, А мен В арасында ұқсастық белгілері мен сәйкестігі, В мен С-ға да барабар. Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек өнер кемелдігі ғана шақыра алатыны кәміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі ақындар тәжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мәнін ашатын сөз таңдайды. Онысы шынында да шұғылалы сезімге бөлейді.

Енді осы өнер біліктері мен суретші арасында кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Өлең өнері сөзбен, ал сурет (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек; ал іс жүзінде екеуі де ұқсас; екекуі де адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен әсер етеді.

Сонымен өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осыларды жеріне жеткізе талдауға да болар еді; тек ондай қаракет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен бір жақсы мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл тұжырымның үлесіне жатпайды.Осымен, Әбунәсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған трактаты тәмам болады.

3 сұрақ Бейнелеу тәсілдері. Сюжет пен мотив. Әдеби сюжеттер мен мотивтердің қайталанушылығы немесе ортақтығы мына себептерге байланысты: а. өздерінде көрініс тапқан психологиялық процестердің бірлігі;ә. тарихи әсерлер (мыс.ортағасырлық европа лирикасындағы классикалық ықпал, физиологиядағы образдар т.б.). Ақынның өзіндік тапқырлығы шектеулі, оған себеп – қайсыбір мотивтің дамуы (басқа сипат алуы: аса үлкендігі); я болмаса, ол мотивтердің комбинациялары; стилистикалық жаңалық дәстүр орнықтырған кадрларға бейімделуі.Осы көзқарасты әдеби сюжеттер мен мотивтерді қарастырғанда да ұстануға болады; олар мифтен эпосқа, ертегіге, жергілікті және романға көшіп отыратын ортақтық пен қайталанулықтың белгілері болады да; мұнда типтік схемалар мен жағдаяттар туындайды, ал фантазия белгілі бір мазмұнды баяндау үшін осыларды пайдаланады. Мотив деп– алғашқы қауым санасы мен тұрмыстық бақылаудан туған әртүрлі талаптарға бейнелі түрде жауап беретін ең қарапайым баяндаудың бір ғана бөлшегін айтамыз. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде тұрмыстық һәм психологиялық жағдайлар ұқсас болған. Осындай жағдайда мотивтер өз-өзінен туындауы әрі бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Мысалға мынаны көрсетуге болады: 1) нағыз әпсана: күнді – көз; күн мен айды – ағасы мен қарындасы, күйеуі мен әйелі деп түсіну; күннің шығуы мен батуы, айдың бетіндегі дақтар, тұтылулар жайындағы мифтер; 2) тұрмыс жағдайлары: қызды-әйелді алып қашу (үйлену тойының эпизоды), одан айырылып қалу (ертегілерде), т.с.с .Сюжет деп – әртүрлі жағдаят мотивтер араласып жүретін тақырыпты айтамыз, мысалы: 1) күн (және оның анасы) туралы ертек; (гректердегі малайлардың адам жегіш жалмауыз күн туралы әпсанасы); 2) алып қашу жайындағы ертегілер. Мотивтердің комбинациясы неғұрлым күрделі болса (өлеңдер стилистикалық мотивтердің комбинациясы болатыны сияқты), неғұрлым ол комбинациялар қисынсыз болса және неғұрлым құрамдас мотивтер саны көп болса, соғұрлым, айталық осындай әрқилы тайпалар ертегілерінің ұқсастығын психологиялық ұқсастықпен біркелкі ұғымдар мен тұрмыстық негізбен түсіндіру қиын. Бұл жерде бір халықта пайда болған сюжетті екінші халық өзіне ауыстырып алған, яғни ауыс-түйіс нәтижесі деуге болады.Мотивтер де, сюжеттер де тарих айналымына түседі: бұл өрістен келе жатқан идеал мазмұнды берудің формалары. Осы талапқа сай бола отырып, сюжеттік варианттар тудырады: сюжеттерге әлденеше мотивтер кірігеді, я болмаса сюжеттер өзді-өзімен араласқа түседі. Мысалы, ертегілер мен эпикалық схемалар: Язон туралы миф пен оның ертегілік элементтері: а) Фрикс пен Гелланың өгей шешеден қашуы және алтын жүнді тоқты дәл сондай жағдайға дәл солай қашу туралы ертегілер: жәрдемші аңдар; ә) қиын тапсырмалар мен Язон туралы мифтегі және ертегідердегі қыздың көмегі, кіндік тип пен типтері (Фауст) басқаша ұғынғаннан жаңаша түсіну пайда болады. Міне, жеке ақынның дәстүрлі типтік сюжеттерге қатынасы, яғни оның шығармашылығы осымен анықталмақ. Көркем туындыдағы пейзаж. Шығармаға табиғатты не сол оқиғаның болған жерін қатыстыру пейзаж деп аталады. Пейзаж кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді, кейде геройдың басында болған күйініш-сүйінішімен байланысты келеді, кейде оқиға қандай жағдайда болғанын көрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның дамуына тікелей қатынаста болады. Қандай да пейзаж болсын бір нәрсеге көзделіп алынады. Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһарманның басында болған жағдайын көрсету үшін де қолданылады. Мысалы: Махамбеттің «Мұнар да, мұнар, мұнар күн» өлеңінде: Мұнар да, мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн, Бұлықсып жүрген ерлерден, Бұрынғы бақыт тайған күн. Мұнда Махмабет күнді жайшылықтағы күндерден басқаша суреттейді. Ханға, патшаға, би, төре, сұлтандарға қарсы күрескен еңбекші шаруалар жеңіліп, Исатай өліп, патша мен хан әскері елді аяусыз таптаған ауыр күндерді көрсету үшін күнді осылайша бейнелейді.Табиғат көрінісі суреттелетін пейзажға мысал ретінде М. Әуезовтің «Үйлену» әңгімесіндегі елдің жайлауға көшкен мерзіміндегі табиғаттың түрленуін келтіре аламыз:«... Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды жерді қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында сары даланың шетінен жотасы көрініп иректеліп, созылып жатқан Көктау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ, ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Кей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне-бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады..»

Көркем туындыдағы деталь. Әдебиеттегі деталь-суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі, аса сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда аз ғана сөз айқын суретке айналады да, шалқар шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады, сол арқылы оқырманды қызық сезімге бөлеп, қызықтыра жжетелеп әкетеді. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында мынадай бір штирх бар: «Ауылына келген кісіге баласын бұрын итін мақтайтын Абыралы әулетінің ежелгі бір әдеті бар еді». Осы сөйлемге бүтін бір рулы бай ауылдың парықсыз, даңғаза мінезі сыйып кеткен. Детальдың басты бағалылығы-дәлдігінде. Дәлдік дегеніміз-шындыққа жанасымдылық. Демек, сөзбен суреттеліп отырған бейне тура тірі жандай әсер етіп, оқып отырған шығарма енжар қалдырмай еліктіріп алса, детальдың дәлдігі дегеніміз осы. Мыс: «Ақбала ұйып тыңдады. Ырза болғаны соншалық, бір рет, тіпті күйеуінің көзінше қонақ ігітің қолынан кесені алып жатып, оған көзін тоқтатып анықтап қарады. Кесеге созған қолы да дастархан үстінде асылған қалпы іркіліп тұр. Оны өзі де әбестеу сезді. Және күйеуінің шытына қалған түрін байқады ма, кенет қызарып кетті». (Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер») Осы үзіндіде бір үйдегі үш адам, үш адамдағы үш түрлі сезім: «Тәңірбергенде құмарлық, Еламанда қызғаныш, Ақбалада қызығу» сезімдері, яғни адам жанының жай көзге байқала бермейтін нәзік иірімдері әсем әрі әсерлі аңғартылып отыр. Қағаз бетіндегі қарапайым сөздерді сырлы суретке айналдырар, сол арқылы суреттеліп отырған құбылысқа эмоциялық жылылық, эстетикалық күш дарытар деталь дегеніміз осындай болады. Әр детальды қабылдау үшін оқырманға, белгілі дәрежеде дайындық керек. Бұл ретте, деталь кейде авторлық баяндаудың суретке айналған түйіні секілденіп кетеді. Қалай болғанда да, әйтеуір, деталь – затты шындықтың бір қыры арқылы сырын тұтас, түгел және бірден, шапшаң танытатын нақты штрих. «Параллелизм екі құбылысты салыстырып қана қоймайды, сонымен бірге біреуіне тән әрекетті екіншісіне телиді. Егіздеудің негізгі мәнін еске алсақ, гүлмен, ағашпен т.б.

кӛрінетін табиғат бейнесі адам ӛміріне ұқсастырылды», - деп жазады А.Н. Веселовский. Кейіпкердің ішкі толғанысын, тебіренісін білдіру үшін қолданылатын психологиялық параллелизмге "Ер Тарғын" жырындағы Тарғынның монологын мысал етуге болады. Психологиялық параллелизмнің әдебиетте баяғыдан қалыптасқан тәсіл екенін атап кӛрсету керек, Ол үшін бұл айшықтау үлгісінің табиғатына үңілу қажет. «Қызғыш құс» ӛлеңін зерттеушілер психологиялық параллелизм үлгісі деп қарастырады. Бұл ӛлеңде ақынның тағдыры қызғыш құспен салыстырылған: Кӛл қорыған сен едің,Сен де айырылдың кӛліңнен.Ел қорыған мен едім......Ӛлеңде адамдар тіршілігіне тән әрекеттер табиғатқа кӛшірілген. Сол арқылы табиғаттағы тіршілік иесі – қызғыш құстың әрекеті, тірлігі, аянышты халі бейнеленеді. Және ақынның ӛз тағдыр-талайы, қызғыш құсқа мұң шағып, тіл қатуының астарында оны ӛз кӛңіл-күйінің әуенімен түйсіну сезімі жатыр. Бұл сияқты мысалдар Абай, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов т.б. ақындар шығармаларынан кездесед


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)