Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рыбчинский теоремасы 4 страница

Сауда шарттары | Рыбчинский теоремасы 1 страница | Рыбчинский теоремасы 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым- қатынасының экономикалық жағы, яғни сандаң мәні енеді. Ал Халықаралық Валюталық Қордың анықтамасы бойынша оның құрамы екіге бөлінеді:

· Операциялар балансы

· Капитал қозғалысының балансы

Елдің экспорттық операциялары (тауар және қызмет экспорты) елдің импортынан кем болған жағдайда төлем балансын активті (оң), кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп есептейміз.

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);

2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар- тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;

3. тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюталық қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.

Төлем балансының экономикаға әсері валюта курсына (бағамына) әсер етеуі арқылы жүреді. Сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал елдің валюта курсы елдің тауар айналымын жүргізеді.

2. Төлем балансын теңестіру шаралары

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір- біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

1. валютаның еркін айналымдағы бағамы;

2. тағайындалатын валюта бағам әдісі.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

· Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.

· Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.

· Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан таурын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктер керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтаны азайтып, рубль ұсынымын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.

· Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мысалы, Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат баға» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.

· Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

Бұл әдістің тиімділігі:валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады.

Әдістің кемшіліктері:

· Белгісіздік және сауданың нашарлауы;

· Сауда жағдайы;

· Тұрақсыздық.

Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама- қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:

· Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Бұл әдістің тиімсіз жағы: егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.

· Сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатындағы импортты (яғни шетел валютасына деген сұранысты) шектеу, керісінше экспортты (өз валютасына деген сұранысты) ынталадыру саясаты.

· Валюталық бақылау; оңтайландыру. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.

· Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.

Қорытынды

Мемлекеттің төлем балансының құрылымы мен қалыптасу жолдары айқындалды, төлем балансын теңестіру шараларына талдау жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

Лекция 15: Халықаралық экономиканы реттеу және мониторинг

 

Лекция мақсаты: халықаралық экономиканы реттеуші халықаралық экономикалық ұйымдар қызметімен таныстыру.

1. Халықаралық экономиканы көпжақты реттеу механизмдері.

2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысын реттеу.

3. Халықаралық макроэкономиканы реттеу.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Халықаралық Валюталық Қор, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Әлемдік Банк тобы, Инвестиция кепілдігі бойынша көпжақты агенттіктер, БҰҰ-ның даму бағдарламасы және т.б.

Лекция мәтіні

1. Халықаралық экономиканы көпжақты реттеу механизмдері

1. Әлемде экономикалық мәселелерді реттеумен айналысатын 100-ден астам халықаралық ұйымдар бар. Олар құрамы, көлемі, қызметі мен халықаралық экономикаға әсер ету деңгейлеріне қарай әртүрлі. Халықаралық экономикалық ұйымдар негізгі 4 топқа біріктірілген:

1) Халықаралық Валюталық Қор (макроэкономикалық саясат)

2) Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (сауда саясаты)

3) Әлемдік Банк тобы (құрылымдық саясат)

4) БҰҰ-ның жүйесі (әлеуметтік саясат)

Сонымен бірге, халықаралық ұйымдардың ішінде халықаралық экономиканы бақылау мен реттеу түрлеріне қарай негізгі функционалды топтарды бөліп көрсетуге болады:

Þ Елдердің кеңес беру топтары – елдердің экономикалық саясат келісімдері механизмдерін жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар. Олар: Үлкен сегіздік, бестік топ, үштік топ, ондық топ және т.б.

Þ Көпсалалы халықаралық ұйымдар - әлем елдерінің басым көпшілігін біріктіреді, ақпараттар жинайды және ХЭҚ-дың нақты түрлерін реттейді. Құрамына: Халықаралық Валюталық Қор, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Әлемдік Банк тобы, БҰҰ-ның жүйесі, Халықаралық Еңбек ұйымы, Халықаралық Туризм Ұйымы және т.б. енеді.

Þ Салалық халықаралық Ұйымдар: халықаралық аренадағы белгілі бір қызметтер немесе тауарлардың өндірісін және олардың саудасын реттейді. Оларға: ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы, МАГАТЭ – атом өндірісінің халықаралық ұйымы, кофе, каучук және т.б. тауарлар өндіруші елдердің біріккен ұйымдары жатады. Мақсаты: тауарлардың әлемдік бағасының тұрақтылығын сақтау.

Þ Аймақтық халықаралық ұйымдар: аймақтық саясатты, сауда мәселелесін, экономикалық даму, өндіріс, миграция мәселелері бойынша елдердің үлкен емес топтарының бірігуі. Мысалы: Балтық Кеңесі, БҰҰ-ның Латын Америкасы, Африка, Батыс Азия және т.б. бойынша аймақтық комиссиялары.

Þ Банктік халықаралық ұйымдар: Халықаралық есеп айырысу Банкісі, Латын америкалық экспорттық Банк, Ислам Даму Банкі, Еуропалық қайта жаңарту мен өркендеу Банкі және т.б.

Халықаралық ұйымдардың қызметтері:

- ықпал ету – көпжақты және екі жақты келісімдерді жүргізуге секретариат пен мекемелер ұсыну, статистикалық және фактілік материалдарды талдау және жинау, зерттеулерді жариялау, халықаралық конференцияларды ұйымдастыру;

- бақылау – секретариат жасаған баяндамаларды негізге ала отырып, бақылау жүргізу;

- қадағалау – қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын қадағалау.

2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысын реттеу

Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы шеңберінде реттеудің нақты ұйымдастырылған құрылымы жоқ. Дегенмен, дамушы елдерге бөлінген қаржылардың жоғалып кетпеуін қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар құрылды. Мұндай ұйымдар қатарында төмендегілерді көрсетуге болады:

o Инвестиция кепілдігі бойынша көпжақты агенттіктер (МАГИ) – шет елдік инвестицияларды сақтандыруды жүзеге асыратын Әлемдік Банктің автономды ұйымдарының бірі. Негізгі қызметтері:

- инвестицияны сақтандыру кепілдігі арқылы дамушы елдерге инвестиция ағымын ұлғайту;

- инвестиция мәселелері бойынша кеңес беру;

- инвестицияға әсер етуші ақпараттар жинақтау, талдау және т.б.

o Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық – МЦУИС. Әлемдік Банк шеңберінде 1966 жылы шетелдік инвесторлар мен үкіметтер арасындағы дауларды реттеу мақсатында құрылған. Қазіргі кезде 139 ел мүше.

o Халықаралық Еңбек Ұйымы – еңбек рыногы мәселелері бойынша әлемдік стандарттар келісімі мен оны реттеу механизмін жасаумен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған агентігі;

o Дүниежүзілік Сауда Ұйымы – халықаралық сауда мәселелерін реттейді. Интеллектуалдық меншіктің, тауарлардың, қызметтердің елдер арасындағы қозғалысын бақылайды.

o БҰҰ-ның даму бағдарламасы (ПРООН) – экономикалық даму мен техникалық көмек берудің көпжақты қаржыландыру жолдарын реттейді.

 

3. Халықаралық макроэкономиканы реттеу

Халықаралық макроэкономиканың дамуын қадағалау, реттеумен Халықаралық Валюталық Қор, ал халықаралық қаржы рыноктарын реттеумен Париждік және Лондондық клуб және Халықаралық есеп айырысу Банкі айналысады. Халықаралық Валюталық Қор келесі қызметтерді орындайды:

1. қадағалау;

2. қаржылық көмек.

3. техникалық көмек.

ХВҚ міндеті – халықаралық экономикадағы тұрақтылықты сақтау.

Қорытынды

Халықаралық экономиканы реттеуші халықаралық экономикалық ұйымдар қызметі қарастырылды, олардың атқаратын негізгі қызметтеріне талдау жүргізілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

5.Практикалық (семинарлық) сабақтарды

өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

«Халықаралық экономика» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар басым түрде семинарлық сабақтар түрінде өткізіледі. Тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін оқитындарға аталған тақырыптарға ашылуы қажет тақырыптар мен сұрақтар қойылады. Тапсырмалар аталған тақырып қарастырылатын алдындағы тәжірибелік сабақтарда беріледі. Сабаққа дайындалу барысында студенттер бағдарлмада көрсетілген негізгі әдебиетті, сонымен қатар қосыша әдебиетті де қолдана алады. Сонымен қатар студенттің өз таңдауына қарай бағдарламаға енгізілмеген әдебиеттерді қолданған да дұрыс. Әрбір студент аталған тақырыпта оқытылатын барлық сұрақтарды семинарлық сабаққа дайындауы тиіс. Сабақта студенттер ауызша баяндамамен шығады, онда олар тақырып сұрақтарын қарастырады. Қалған студенттер айтылған материалға қосымшалар мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын барлық тақырыптар «Кәсіпорынның сыртқыэкономикалық қызметі» жұмыс бағдарламасында ұсынылған.

Студенттердің білімі мен қабілетін бақылау тестілеу түрінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, өз бетінше орындау үшін аталған пән бойынша бақылау жұмыс қарастырылған. Бақылау жұмысының мәтіні оқитындарға аталған пәнді оқытудың соңында, бірақта бақылау жұмысын тапсыру мерзіміне дейінгі 2 аптадан кешіктірілмей беріледі. Бақылау жұмысының мәтіні пәннің негізгі тараулары бойынша белгілі бір тапсырмаларды қарастырады. Бақылау жұмысын орындау үшін студенттер пән бағдарламасында қарастырылған лекциялық сабақтардың мазмұнын, негізгі және қосымша оқу әдебиеттерін қолдана алады.

 

Семинар 1: Халықаралық экономиканың қалыптасуы және оның құрылымы

Мақсаты: халықаралық экономика теориясының пәні мен методологиясын нақтылау, халықаралық еңбек бөлінісі, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі түсініктерін талдау, халықаралық экономиканың нақты формаларын анықтау.

1.1 Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі

1.2.Әлемдік шаруашылық және өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы

1.3.Әлемдік экономика және оның құрылымы

Әдістемелік нұсқау: оқулықтардан әлемдік экономикаға анықтамаларды кездестіреміз. Оларды талдай отырып бір тұжырымға келу керек. Әлемдік экономика елдер арасында қалыптасып дамитын экономикалық қатынастардың жүйесін оқып зерттейді. Әлемдік экономика анықтамасын ашу үшін алдымен халықаралық қатынас және экономика дегеніміз не? Осы сұраққа жауап іздеу керек. Әлемдік экономика мәнін мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар арқылы ашамыз. Экономикалық өзгермелер мемлекеттер арасындағы қатынастарға тікелей байланыста болады.

Әлемдік экономиканы зерттеу үшін барлық мемлекеттердің экономикалық жағдайын, даму сатысын білу керек.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

Семинар 2: Халықаралық сауданың даму тұжырымдамалары

Мақсаты: халықаралық сауданың дамуын түсіндіретін классикалық және альтернативті теориялардың пайда болу ерекшеліктерін ұғындыру, мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, еркін сауда және протекционизм түсініктерін талдау.

2.1.Халықаралық сауданың классикалық теориялары

2.2.Халықаралық сауданың альтернативті теориялары

2.3.Еркін сауда саясаты және протекционизм.

Әдістемелік нұсқау: Екінші тақырыпты қарастырмас бұрын ғалымдардың бірі А.Смиттің «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері» деген еңбегіндегі сауда теориясына ерекше көңіл бөлу керек. Сонымен қатар басқа ғалымдардың ой пікірлерін салыстыру керек.

Ұсынылатын әдебиет:

 

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

 

Семинар 3: Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік.

Мақсаты: әлемелдері арасындағысауда қатынастарынан пайда табу, сауданың географиялық және тауарлық құрылым ерекшеліктерін айқындау, ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраным мен ұсынымның тең болу мүмкіндігін талдау.

3.1.Жалпы тепе-тендік теориясы

3.2.Халықаралық сауданың стандартты моделі.

3.3.Сауда шарттары.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына дайындалу барысында әлемелдері арасындағысауда қатынастарынан пайда табу, сауданың географиялық және тауарлық құрылым ерекшеліктерін айқындаңыз, ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраным мен ұсынымның тең болу мүмкіндігіне талдау жасап, ҚР экономикасы мысалында импорталмастырушы өсімді қарастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

 

Семинар 4: Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі.

Мақсаты: халықаралық сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші теориялардың мазмұнын түсіндіру.

4.1.Халықаралық сауданың табысқа әсері.

4.2. Рыбчинский теоремасы.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағында халықаралық сауданың табыстарға әсерін теорияларды нақты мысалдарды қолдану арқылы түсіндіруге тырысыңыз. Рыбчинский теоремасын Қазақстан экономикасына қолдана отырып, өз ой-пікіріңізді білдіріп, нақты көрсеткіштерге талдау жасаңыз

Ұсынылатын әдебиет:

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

 

 

Семинар 5: Халықаралық сауданы тарифті реттеу әдістері

Мақсаты: халықаралық сауданы тарифтік реттеудің негізгі әдістерімен таныстыру, кедендік баж салығының белгілену ерекшеліктері мен қызметтік маңызын қарастыру.

5.1.Халықаралық сауданы тарифтік реттеу шаралары

5.2. Кедендік баж салықтарының жіктемесі.

5.3. Кедендік тариф және тиімді тарифтік қорғау саясаты.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сұрақтарын қарастыру барысында БСҰ – ның талаптарын кеңінен қарастырып, ұйымға ҚР кіру мүмкіндіктерін саралау қажет.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

 

Семинар 6: Халықаралық сауданы бейтарифті реттеу

Мақсаты: халықаралық сауданы бейтарифтік реттеу шараларын талдау, мемлекеттің сауда саясатының жасырын әдістерін айқындау.

6.1.Халықаралық сауданы бейтарифті реттеу әдістері.

6.2. Сауда саясатының жасырын әдістері.

6.3.Сауда саясатының қаржылық әдістері..

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағында бейтарифтік реттеу құралдарының отандық тауар өндірушілерді қорғауға бағытталғандығын ескере отырып, әлемдік тәжірибені нақты мысалдар арқылы айқындаңыз.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

 

Семинар 7: Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы

Мақсаты: еңбек миграциясы түсінігі, еңбек миграциясының туындау себептері мен экономикалық зардаптарын қарастыру, жұмыс күші миграциясын халықаралық реттеу шаралары туралы мағлұмат беру.

7.1.Еңбек миграциясы түсінігі мен түрлері

7.2.Еңбек миграциясының ауқымы мен бағыттары

7.3.Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік реттеу

7.4. Қазақстан Республикасындағы жұмыс күші миграциясы мәселелері

Әдістемелік нұсқау: Біріншіден, семинарға дайындалу барысында бірнеше елдердің экономикалық даму қарқынын қарастырып, сол елдердің экономикасына шет елдік жұмысшы күші қалай әсер ететінін талқылау керек. Бұл тақырыпта сонымен қатар жұмысшы күшін импорттаушы елдің пайдасы мен шығындары туралы қарастырылуы керек.Екіншіден, әлем шаруашылығында жұмысшы күші миграциясы қандай рөл атқарады. Сонымен қатар, экономиканың дамуына қосар үлесін, жұмысшы күші миграциясы тоқтатылған жағдайда, экономикалық даму қарқыны қандай жағдайда болар еді, деген болжамды да қарастырған жөн.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

 

Семинар 8: Капиталдың халықаралық қозғалысы

Мақсаты: әлемдік рыноктағы капиталдар көші-қоны, шетелдік инвестициялар түрлері мен мақсаттары, халықаралық корпорациялар жайында түсінік беру.

8.1.Әлемдік рыноктағы капиталдар қозғалысының қазіргі жайы.

8.2.Халықаралық инвестициялар және олардың экономикадағы орны.

8.3.Халықаралық корпорациялар қызметтері

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағында халықаралық инвестициялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, тәуекел деңгейі қарастырылып, ҚР экономикасындағы салалар бойынша үлестеріне талдау жасалуы қажет. Сонымен қатар, Қазақстан территориясында жұмыс істеп жатырған ТҰК – дың қызметіне талдау жасаңыз


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рыбчинский теоремасы 3 страница| Рыбчинский теоремасы 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)