Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рыбчинский теоремасы 2 страница

Сауда шарттары | Рыбчинский теоремасы 4 страница | Рыбчинский теоремасы 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

4. Қазақстан Республикасындағы жұмыс күші миграциясы мәселелері

Қазақстан Республикасында халықтың белсенді қозғалысын тудырушы негізгі фактор - экономикалық себептер. Еліміздегі мигранттардың сандық және сапалық құрамына әсер ететін факторларды келесі топтарға бөліп қарастыруға болады:

Þ Экономикалық факторлар жүйесі:

- жекешелендіру процесі

- аймақтық теңсіздіктер

- бір ғана өндірісті шағын қалалар мәселесі

- еңбек ақы төлеудегі айырмашылықтар

Þ демографиялық проблемалар;

Þ экологиялық факторлар;

Þ күрделі әлеуметтік-этникалық қарсылықтар, яғни қылмыстың өсуі, жемқорлық, жергілікті емес ұлт өкілдерінің болашақ үшін алаңдауы және т.б

Қазақстанда ең үлкен эмиграция деңгейі 1994 жылы тіркелген - 480,8 мың адам. Қазақстан эмиграциясының негізгі бөлігін қабылдаушы жақын шет елдер: Ресей -72,4%; Өзбекстан және Украина -2 %; Беларусь -1,8 %.

Алыс шет елдерден: Германия - 18,4%; Израйль - 0,6%, АҚШ - 0,3%. Мигранттардың білім деңгейі бойынша: еңбекке қабілетті бір адамның келуіне жеті адамның кетуі, орта арнаулы білімді бір адамның келуіне сегіз адамның кетуі, жоғары білімді бір адамның келуіне - сегіз адамның кетуі сәйкес келді.

Бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық ұйымдардың құрылу себептері қандай?
  2. Халықаралық ұйымдардың құрылу үрдісі қанша кезеңнен тұрады?
  3. Алғашқы халықаралық ұйымдарға мәнездеме беріңіз?

Халықаралықь ұйымдар түсінігіне қандай анықтамалар бар?

Қорытынды

Еңбек миграциясы түсінігі, еңбек миграциясының туындау себептері мен экономикалық зардаптары қарастырылды, жұмыс күші миграциясын халықаралық реттеу шаралары туралы мағлұмат берілді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

 

Лекция 8: Капиталдың халықаралық қозғалысы

Лекция мақсаты: әлемдік рыноктағы капиталдар көші-қоны, шетелдік инвестициялар түрлері мен мақсаттары, халықаралық корпорациялар жайында түсінік беру.

 

1. Әлемдік рыноктағы капиталдар қозғалысының қазіргі жайы.

2.Халықаралық инвестициялар және олардың экономикадағы орны.

3. Халықаралық корпорациялар қызметтері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: капиталдың халықаралық көші-қоны, тікелей және портфельді инвестициялар, инвестициялық позиция, халықаралық корпорациялар, трансұлттық корпорациялар.

Лекция мәтіні

1. Әлемдік рыноктағы капиталдар қозғалысының қазіргі жайы

Капиталдың халықаралық қозғалысы дегеніміз – меншік иесіне табыс әкелетін, елдер арасындағы капиталдың көші-қоны. Капитал - өндіріс факторларының бірі, оның қозғалысы – халықаралық бөлініске негізделген. Ақша формасындағы капиталдың мол қорының болуы инвестиция мен өндірістің кеңеюіне алғышарт болып саналады. Капиталды сыртқа шығару – бұл құнның ақшалай немесе тауар формасында жүйелі түрде табыс табу мақсатында немесе басқа да экономикалық және саяси табыс табу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өтуі.

Әлемдік рынокта қозғалыстағы капиталдар келесі түрлерге бөлінеді:

· шығу көздеріне қарай:

Þ ресми капитал – мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржылар арқылы шет елдерден тек үкімет шешімімен ғана берілетін немесе алынатын капиталдар. Оларға мемлекеттік қарыздар, заемдар, көмектер, қайтарымсыз көмектер, сыйлар жатады.

Þ жеке капитал – жеке фирмалардың, банктердің т.б. мемлекеттік емес ұйымдардың шет елдерден алатын немесе беретін қаржылары.

· қолдану сипатына қарай:

Þ кәсіпкерлік капитал;

Þ қарыз капиталы болып бөлінеді.

· мерзіміне қарай:

Þ ұзақ, орта, қысқа мерзімді болып бөлінеді.

· мақсатына қарай:

Þ тікелей инвестициялар;

Þ портфельді инвестициялар.

Тікелей инвестиция – ұзақ мерзімді табыс табуға бағытталған және сол арқылы меншік құқығын немесе басқарудағы шешуші құқықтарды қамтамасыз етеді. Инвестиция мемлекеттің сыртқы қарызын құрамайды, елде жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, жаңа технологиялардың әкелуіне, сыртқы экономикалық байланысты тиімді жүргізуге әсер етеді.

Инвестициялық позиция – елдің шет елдердегі активтері мен шет елдіктердің осы елдегі активтерінің арақатынасы.

2.Халықаралық инвестициялар және олардың экономикадағы орны

Қазақстанда шет елдік инвестиция салуда алғашқы орында – АҚШ, барлық инвестициялық түсімдердің – 34,5%-ын құрайды;

Ұлыбритания – 13,3%;

Оңтүстік Корея – 10,3%;

Италия – 5,6%;

Ресей – 2,4%.

Шет елдік инвестициялардың салалық құрылымы бойынша бөлінуі:

1) мұнай өндіру және өңдеу - 60%

2) газ өнеркәсібі - 5%

3) түрлі – түсті металлургия - 10%

4) қара металлургия - 5%

5) тамақ өнеркәсібі - 5%

6) басқа да салалар - 15%

Капиталды экспорттау себептері:

- технологиялық басымдылық;

- жұмысшы күші біліктілігіндегі басымдылық;

- жарнамадағы басымдылық;

- экономика ауқымы;

- корпорация көлемі;

- өндірістің шоғырлану деңгейі;

- табиғи ресурстарға жетуді қамтамасыз ету және т.б. себептер.

Капиталды импорттау себептері:

- технологиялық жеткіліксіздік;

- жұмысшы күші біліктілігінің төменгі деңгейі;

- капиталға қажеттілік;

- өндіріс шығындары;

- рынок көлемі;

- ішкі тауар рыногын қорғау деңгейі;

- т.б. факторлар.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау әдістері:

- мемлекеттік кепілдік беру;

- шет елдік инвестицияларды сақтандыру;

- инвестициялық дауларды реттеу;

- 2 жақты салық салуды болдырмау;

- әкімгершілік және дипломатиялық қолдау.

3. Халықаралық корпорациялар қызметтері

Халықаралық корпорациялар дегеніміз - әлемнің әртүрлі елдеріне тікелей инвестиция салушы ірі корпорациялардың құрылымдық ұйымдасу формасы. Халықаралық корпорацияның негізгі 2 түрі бар:

1) Трансұлттық корпорациялар

2) Көп ұлтты корпорациялар

Халықаралық корпорациялардың қызметін айқындайтын негізгі белгілер:

- 1 жылдық айналымы 100 млн. доллардан астам болуы;

- кемінде 6 елде филиалдарының орналасуы;

- шет елдерде сатылатын тауарлар көлемінің пайыздық үлесінің мөлшері.

Ең жиі тарағаны – трансұлттық корпорациялар (ТҰК). ХХ ғасырдың 90- жылдарының ортасында әлемде 37 мың ТҰК болды, олардың әлем бойынша 206 мың филиалы қызмет жасады.

ТҰК - әлемдегі өнеркәсіпті өндірістің 40%-ын, халықаралық сауданың 50% өз бақылауында ұстайды. 90-жылдары оларда 73 млн. қызметкер жұмыс істеген. Мысалы: “General Motors” корпорациясында – 647 мың адам, “Siemens” – 379 мың адам және т.б. Әлемдегі 10 ТҰК-ң жылдық айналымы 100 млрд. доллардан асты. Олардың 3-і АҚШ-тікі, 6-Жапония, 1-Еуропанікі.

500 ірі ТҰК әлемде өндірілетін электротехника және химия өнімдерінің 80%-ын, фармацевтика өнімдерінің - 95%, машина құрал-жабдықтарының 76%-ын өз бақылауында ұстайды.

ТҰК-ң қызмет етуінің тиімді жақтары:

Þ өндірістің тиімді орналасуына ықпал етеді;

Þ ресурстардың барлық түрінің тиімді бөлінуіне ықпал етеді;

Þ жаңа тауарлар мен технологиялар тез таралады;

Þ ТҰК бәсекелестікті күшейтеді;

Þ халықаралық ынтымақтастық кеңееді;

Тиімсіз жақтары:

Þ ТҰК салық салу жөніндегі ұлттық заңдылықтарды мойындамауы мүмкін;

Þ монопольды жоғары бағалар орнатуы мүмкін;

Þ қабылдаушы елдің табиғи және еңбек ресурстарын ысыраппен жұмсайды.

Қазақстандағы ТҰК: Chevron, Exxon Mobil, ENI Group, British Gas, Reyal Dutch/Shell, Samsung, Лукоил және т.б.

Бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық капитал қозғалысының түрлері және формалары. Тікелей және портфельдік инвестиция?
  2. 2.Капиталды экспорттаудың және импорттаудың себептері?
  3. 3.Иневестиция тартудағы трансұлттық корпорациялардың рөлі?

4.ҚР-на шет елдік инвестициялардың тартылу мәселелері?

 

Қорытынды

Әлемдік рыноктағы капиталдар көші-қоны, шетелдік инвестициялар түрлері мен мақсаттары, халықаралық корпорациялар жайында түсінік берілді. ТҰК қызметі, жұмыс істеу принциптері қарастырылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

 

Лекция 9: Технологиялардың халықаралық қозғалысы

Лекция мақсаты: елдер арасындағы технологиялық айырбастың жүзеге асыру шаралары, оларды құқықтық қорғау және реттеу негіздері жайында түсінік беру.

1.Технологиялардың халықаралық қозғалысының жүзеге асырылу жолдары.

2.Технологияларды құқықтық қорғау формалары.

3.Технологиялар қозғалысын халықаралық реттеу.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: техникалық прогресс, патент, копирайт,ноу-хау, лицензиялық келісімдер, тауар маркасы және т.б.

Лекция мәтіні

1. Технологиялардың халықаралық қозғалысының жүзеге асырылу жолдары

Технологялардың халықаралық қозғалысы коммерциялық немесе қайтарымсыз негізде ғылыми-техникалық жетістіктердің (өнімдер технологиясы, процестер технологиясы, басқару технологиясы) мемлекетаралық қозғалысын білдіреді. Технологиялардың бөлінісі жекелеген елдердің ғылыми-техникалық прогресте қол жеткізген нәтижелеріне байланысты.

Техникалық прогрестің 3 түрі бар:

- бейтарап техникалық прогресс;

- капитал үнемдеуші техникалық прогресс;

- еңбек үнемдеуші техникалық прогесс.

o бейтарап техникалық прогресс өндірістің салыстырмалы шығындарының азаюына және өндіріс көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Егер технологиялық өзгерістер импортпен бәсекелес салаларда жүргізілсе, онда елдің сауда шарттары жақсарады;

o капитал үнемдеуші техникалық прогресс капиталды көп қажет ететін салаларда өндіріс шығындарының азаюына ықпалын тигізеді;

o еңбек үнемдеуші техникалық прогресс еңбек сыйымды, яғни еңбекті көп қажет ететін салалардың өндіріс шығындарын қысқартады.

2. Технологияларды құқықтық қорғау формалары

Технологияларды құқықтық қорғау формалары бірнеше құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

1. Патент - өнертапқышқа осы табысын монопольды иелік ету құқығын куаландыратын және құзырлы үкіметтік орган арқылы берілетін куәлік. Патенттің жарамды мерзімі 15-20 жылмен шектелуі мүмкін және ол тек берілген ел территориясына ғана қызмет ете алады. Патентті өз күшінде сақтап тұру жоғары патенттік салықтарды төлеуді заң жүзінде талап етеді, сондықтан көптеген патент иелері өз табыстарын басқа қаржылы адамдарға немесе фирмаларға сатып жібереді.

2. Лицензия – технология иесі арқылы белгілі бір технология түрін арнайы бір мерзімге, арнайы ақыға қолдануға рұқсат ететін құжат.

3. Копирайт - әдеби, аудио және бейне шығармалар иесінің өз жұмысын көрсетуге немесе көшіріп алуға рұқсат етуі.

4. Тауар маркасы – тауар өндірушінің жеке-даралығын анықтаушы символ және бұл символды иесінің рұқсатынсыз басқа ұйымдардың қолдануына тиым салынады. Тауар маркалары негізінен сурет, графикалық сызба, қысқартылған әріптер, корпорацияның негізін салушы немесе иесінің аты-жөні түрінде бейнеленеді.

3.Технологиялар қозғалысын халықаралық реттеу

Техногиялардың халықаралық қозғалысы келесі негізгі формалар арқылы жүзеге асырылады.

Þ патенттік келісімдер – патент иесі өз құқығын патентті сатып алушыға беретін халықаралық сауда келісімі;

Þ лицензиялық келісімдер - жаңалық иесі өз жаңалығын басқа біреуге уақытша пайдалануға рұқсат ететін халықаралық сауда келісімі;

Þ ноу-хау – техникалық тәжрибе мен өндіріс құпияларын (технологиялық, экономикалық, қаржылық) беру немесе сату.

Þ техникалық ықпалдасу бағдарламалары – халықаралық ұйымдар тарапынан және екі жақты келісім негізінде жүргізіледі. Келесі түрлері жиі қолданылады:

Þ технологиялық гранттар;

Þ бірлесіп қаржыландыру.

Бағдарламалар дамушы елдерге дамыған елдер тарапынан тәжрибе алмасу, білім беру, кадрлар даярлау, технологияларды табыс ету сияқты жұмыстарды іске асырады.

Көптеген елдер технологияларды ұлттық шеңберде (мемлекеттік территорияларда) сақтап тұру үшін оларды экспорттауда шектеулер қолданылады. Сонымен бірге, мұндай шектеулер елдің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етеді. Технологиялар қозғалысына мемлекеттік реттеу еңгізу бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін.

Þ технологиялық жетекшілікті ұстап тұру;

Þ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары;

Þ халықаралық келісімдердің шарттары. (негізінен екі жақты тауарлар мен технологияларға байланысты қолданылады).

Лицензияларды экспорттауда АҚШ, Жапония, Германия, Италия алғашқы орындарда тұрады. Қазіргі заманғы технологиялардың әлемдік рыногында төмендегідей ерекшеліктер тіркелген:

Þ ең жоғарғы технологиялық сыйымды өнімдер саудасы қатарында: 1-ші орында – аэрокосмостық құралдар саудасы. (22,7%); 2- ші орында – кеңсе құрал жабдықтары және компьютерлер – 17,5%; 3-ші орын электроника және оның компоненттері – 10,4%; 4-ші орын - дәрі-дәрмек – 8,7%; 5-ші орын- құралдар – 4,8%; электр құрал-жабдықтары – 4,4%.

Þ орташа сыйымды өнімдер: автомобильдер саудасы – 2,7%; химия өнімдерінің лицензиялық саудасы – 2,3% және т.б.

Þ төменгі технологиялық сыйымды өнімдер: кірпіш, шыны, мұнай, қара металдар және т.б.

Технологиялар қозғалысын тікелей мемлекеттік реттеу экспорттық бақылау органдары арқылы кедендік және шекаралық бақылау әдістерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Жанама мемлекеттік реттеу көптеген елдерде, патенттер мен сауда белгілерін тіркеудің мемлекеттік жүйесі арқылы жүргізіледі. Кейбір жағдайларда технологияны экспорттауда арнайы үкімет рұқсат қажет. Технологиялар қозғалысын реттеуші заң талаптарын бұзу мемлекеттік қылмыс ретінде саналып, заң нормаларына сәйкес жазаланады.

 

Қорытынды

Елдер арасындағы технологиялық айырбастың жүзеге асу шаралары, оларды құқықтық қорғау және реттеу негіздері жайында түсінік берілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

 

Лекция 10: Халықаралық экономикалық интеграция

Лекция мақсаты: экономикалық интеграцияның пайда болуы мен қалыптасуы, интеграциялық одақтар мен бірлестіктер түрлері мен қызметтерін айқындау.

1. Интеграциялық үдерістердің қалыптасуы.

2. Интеграциялық бірлестіктер түрлері.

3. Батыс Еуропалық экономикалық интеграция.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: экономикалық интеграция,еркін сауда аймағы, кедендік одақ, экономикалық одақ, Еуропалық Одақ.

Лекция мәтіні

1. Интеграциялық үдерістердің қалыптасуы

Интеграциялық үдерістердің дамуы - тауарлар мен өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының өсуінің заңды нәтижесі. Осы нәтиженің жүзеге асуы барысында елдер арасында шаруашылық-тұрмыстық байланыстардың құрылуы және халықаралық сауда мен өндіріс факторларының қозғалысы жолындағы көптеген кедергілерді жою жүйесі қалыптасады.

Экономикалық интеграция дегеніміз – мемлекетаралық келісімдер формасындағы және мемлекетаралық ұйымдар келісімі арқылы реттелетін елдер арасындағы өзара байланысты экономикалық процесс.

Интеграция болуы үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:

Þ Интеграциялық бірлестікке енетін елдердің экономикалық даму деңгейлері шамалас болуы тиіс (мысалы: дамыған елдер өз алдына, дамушы елдер өз алдына жеке-жеке интеграциялық одақтар құрады);

Þ Интеграциялық бірлестікке енетін елдердің географиялық жақындығы, ортақ шекаралары мен тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстары болуы тиіс;

Þ Елдер арасында экономикалық даму, қаржыландыру, экономиканы реттеу, саяси қарым-қатынаста мәселелер ортақ болуы тиіс.

Экономикалық интеграция бірігуші елдердің проблемаларын шешуге бағытталады.

Интеграцияның мақсаттары:

Þ Экономиканың ауқымдық басымдылығын пайдалану;

Þ Саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік тұрақты сыртқы орта құру;

Þ Сауда саясатының міндеттерін шешу;

Þ Ұлттық өнеркәсіптің жаңа салаларын қолдау.

Интеграция деңгейлері:

1 деңгей – преференциялық сауда келісімдері

2 деңгей - Еркін сауда аймағының құрылуы

3 деңгей – Кедендік Одақтың құрылуы

4 деңгей – ортақ рыноктың құрылуы

5 деңгей – Экономикалық Одақтың құрылуы

6 деңгей (болуы мүмкін) – Саяси Одақтың құрылуы.

2. Интеграциялық бірлестіктер түрлері

Экономикалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуы нақты 4 кезеңнен өтуі тиіс:

1 кезең – Еркін сауда аймағы. Бұл кезеңде қатысушы елдер өзара сауда кедергілерін жеңілдетеді;

2 кезең – Кедендік Одақ. Қатысушы елдер арасындағы шекара мен кеденге қатысты кедергілер жойылады, басқа елдерге қатысты ортақ кедендік салықтар енгізіледі;

3 кезең – Экономикалық Одақ. Бұл кезеңде мемлекеттер ұлттық шекаралар арқылы тауарлар, жұмыс күші, технологиялар жөнінде келісімге келеді;

4 кезең – Толық интеграция. Ортақ валютасы, ортақ ұлттық реттеу органдары бар біртұтас экономикалық саясат жүргізіледі.

Қазіргі кезде әлемде көптеген интеграциялық бірлестіктер мен топтар бар. Олардың қатарында:

Þ НАФТА – Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы, құрамында: АҚШ, Канада, Мексика;

Þ Меркосур – құрамында: Аргентина, Бразилия, Уругвай, Парагвай;

Þ Парсы шығанағындағы Араб елдері Кеңесі – Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Біріккен Араб Эмираттары, Оман;

Þ Шанхай ынтымақтастық Ұйымы – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан;

Þ Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы – Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Ресей барлығы 21 мемлекет;

Þ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Грузия, Армения, Әзербайжан, Молдова, Украина, Беларусь, Ресей.

1995 жылы ТМД аймағында Кедендік Одақ құрылды. Оның құрамына: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан енді. 2001 жылдан бастап Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық деп аталады.

3. Батыс Еуропалық экономикалық интеграция

Экономикалық интеграция тек Батыс Еуропада ғана өз мәнінде толық дамыды. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы 1951 жылы Болат пен көмірдің Еуропалық бірлестігі туралы келісімге қол қоюдан басталды. Алғашқы құрамына 6 мемлекет енді: Франция, Германия, Италия, Бельгия, Люксембург, Нидерланды. Қазіргі саны – 27. 1999 жылы ортақ валюта енгізу туралы шешім қабылданып, 2001 жылдан бері айналымға «евро» валюта бірлігі енгізілді.

Еуропалық Одақты басқаруды 5 институционалдық ұйым жүзеге асырады. Олар бірлесе отырып, белгілі шекте заңдылық, атқарушылық, сот қызметтерін жүзеге асырушы ерекше мемлекетаралық басқару жүйесін құрады: Еуропалық Парламент, Еуропалық Кеңес, Еуропалық Одақ комиссиясы, Министрлер Кеңесі, Еуропалық Одақ Соты. Ең ірісі – Еуропалық Парламент, оған ЕуроОдаққа мүше елдерде дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Секретариаты Люксембург қаласында, сессиялары Страсбург қаларында өтеді. Парламент Еуропалық Кеңеспен бірлесе отырып, ішкі рынок мәселелері, ЕуроОдақ бюджеті, жаңа мүше-елдерді қабылдау, дамушы елдермен экономикалық байланыстарды дамыту туралы шешімдер қабылдайды.

Бақылау сұрақтары

  1. Әлемдік шаруашылықтың қозғалысы ғаламдану мен аймақтанудың қарама-қайшыбірлігі ретінде?
  2. Шаруашылық өмірдің интерұлттануының ғаламдық сипат?.
  3. Интегрциялық үрдістер?
  4. Бай және кедей елдер арасындағы айырмашылықтардың күшеюі?

Қорытынды

Экономикалық интеграцияның пайда болуы мен қалыптасуы қарастырылды, интеграциялық одақтар мен бірлестіктер түрлері мен қызметтеріне талдау жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рыбчинский теоремасы 1 страница| Рыбчинский теоремасы 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)