Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сауда шарттары

Рыбчинский теоремасы 2 страница | Рыбчинский теоремасы 3 страница | Рыбчинский теоремасы 4 страница | Рыбчинский теоремасы 5 страница |


Читайте также:
  1. Дені сау баланы қалыптастырудың алғышарттары
  2. сауда түрлері, сұраныс

Салыстырмалы бағалардың өзгерісіне негізделген өзара тәуелділік сауда шарттары арқылы көрінеді. Сауда шарттары дегеніміз – бір елдің немесе елдер тобының белгілі бір тауарларының экспорттық және импорттық бағаларының арақатынасы. Экономикалық көрсеткіш ретінде сауда шарттары келесі формада қолданылады:

Þ таза бартерлі сауда шарттары;

Þ сауданың табысты шарттары;

Þ сауданың факторлы шарттары.

Халықаралық сауданың экономикалық өсіммен байланысы (әсері) 3 түрлі болуы мүмкін:

Þ экспортқа бағытталған өсім – елдің экспорттайтын тауарларының өндірісін кеңейту;

Þ импорталмастырушы өсім – ел импорттан сатып алатын тауарларды өзінде шығаруды кеңейту;

Þ бейтарап өсім – елдер арасында сауда шарттары өзгерместен, халықаралық сауда көлемінің артуы.

Бақылау сұрақтары

  1. Әлемдік экономика ғаламдануының алғышарттары?
  2. Ғаламданудың негізгі бағыттары?
  3. Ғаламдық ТҰҚ құрылуы?
  4. Қазіргі өндіргіш күштер мен экономикалық прогрестің ғаламдануы?

Қорытынды

Халықаралық сауданың географиялық және тауарлық құрылым ерекшеліктері айқындалды, ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраным мен ұсынымның тең болу мүмкіндігіне талдау жасалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Международные экономические отношения: учеб.\ Н.Н.Ливенцева.- 2-е изд., пераб. и доп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

3.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

Лекция 4: Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

Лекция мақсаты: халықаралық сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші теориялардың мазмұнын түсіндіру.

1. Халықаралық сауданың табысқа әсері.

2.Рыбчинский теоремасы.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Хекшер-Олин-Самуэльсоннің өндіріс факторларына бағаны теңестіру теоремасы, Столпер-Самуэльсон теоремасы, «голландиялық сырқат», Джонстың күшейту эффектісі.

Лекция мәтіні

1. Халықаралық сауданың табысқа әсері

Классикалық абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар теориялары «халықаралық экономика ел ішіндегі табысты бөлуге әсер етпейді» деген болатын. Барлық теориялар үшін саудадан түсетін табысты бөлу мен қайта бөлу туралы мәселе өте маңызды мәселелердің бірі болды. Хекшер-Олиннің өндіріс факторлары арақатынасы теориясы «жеткілікті өндіріс факторларының қожайындары саудадан ұтса, керісінше жеткіліксіз өндіріс факторларының қожайындары саудадан ұтылатындығын» көрсетті. Ерекше өндіріс факторлары моделі барлық факторларды салалар арасында еркін қозғалатын мобильді және тек белгілі бір салаларға тән ерекше факторларға бөледі. Халықаралық сауда нәтижесінде экспорттық сектор үшін ерекше факторлар дамиды, ал импортпен бәсекелес сектор үшін ерекше факторлар қысқарады. Осы салалар арасында еркін қозғалыстағы мобильді факторлар не дамиды не қысқарады. Халықаралық капитал қозғаласының ғайып болу жағдайында елдің импорт көлемі ағымдағы салыстырмалы бағада экспорттан түсетін табыспен шектеулі.

Дегенмен, Хекшер-Олин-Самуэльсоннің өндіріс факторларына бағаны теңестіру теоремасы сауда нәтижесінде тауарға салыстырмалы бағаны теңестіру өндіріс факторларына салыстырмалы бағаны теңестіруге әкеледі.

Столпер–Самуэльсоннің өндіріс факторларының бағасына тауар бағасының өзгеруінің әсері теориясы: халықаралық сауда бағасы өсіп бара жатқан тауар өндіріс үшін интенсивті қолданылатын факторлар иесінің табысының өсуіне және бағасы төмендеп бара жатқан тауар өндірісі үшін интенсивті қолданылатын факторлар иесінің табысының төмендеуіне әкеледі. Столпер – Самуэльсон теоремасы – халықаралық сауда бағасы жоғары тауар өндірісі үшін салыстырмалы интенсивті қолданылатын фактор бағасы өсіміне және бағасы төмен тауар өндірісі үшін салыстырмалы интенсивті қолданылатын фактор бағасының төмендеуіне әкеледі.

Өндіріс факторлары арақатынасы теориясын дамыта отырып, Самуэльсон – Джонстың ерекше өндіріс факторлары теориясы сауда нәтижесінде артық өндіріс факторларының қожайындарының барлығының табыстары өспейді, тек елдің экспорттық салалары үшін ерекше өндіріс факторлары қожайындарының табыстары өсетінін және салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторлары қожайындарының барлығының табыстары қысқармайды, тек импортпен бәсекелес салалар үшін ерекше өндіріс факторлары қожайындарының ғана табыстарының қысқаратынын көрсетті.

Сонымен Самуэльсон-Джонс теоремасы – бұл сауда нәтижесінде экспорттық салалары үшін ерекше өндіріс факторлары қожайындарының табыстары өседі және импортпен бәсекелес салалар үшін ерекше өндіріс факторлары қожайындарының табыстары қысқарады.

 

Сауда нәтижесінде табыстардың бөлінуін түсіндіруші теориялар


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Порошенко О.Ю., Харисова Т.А.| Рыбчинский теоремасы 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)