|
Тест №16. Контрикал:
1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт
Тест №17. Препаратты қасиеті бойынша анықтау. Гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, қан ұюына қатысады, көлемді қан кетулерде қолданылады.
1. кальций хлориді 2. викасол 3. тромбин 4. фибриноген 5. аминокапрон қышқылы
Тест №18. Тікелей әсерлі коагулянтқа жататындар:
1. тромбин, фибриноген 2. контрикал, аминокапрон қышқылы, фибриноген 3. феррум лек, эпоэтин альфа, цианокобаламин 4. тромбин, андроксон, гепарин
Тест №4. Фибринолиз жүйесін тежейтін заттар: синтетикалық (1), жануартектес (2):
1.аминокапрон қышқылы 2. контрикал 3.варфарин 4. гепарин 5. фибриноген
Тест №5Тромбоциттердің агрегациясын ынталандыратын заттар:
1. серотонин адипинаты 2. гепарин 3. кальций хлориді 4. Контрикал 5. адроксон
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
№1 СӨЖ
1.Тақырыбы: «ҚТІШҚҰ-синдромы емінің принциптері»
2.Мақсаты: «ҚТІШҚҰ-синдромын емдеудің негізі принциптері» тақырыбы бойынша материалды өз бетінше зерделеу
3.Міндеттері:
«ҚТІШҚҰ-синдромын емдеудің негізі принциптері» тақырыбына хабарлама жазу
4. Орындау түрі: Реферат орындау. Оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу. Балл жүйесі бойынша оқытушының бағалау.
5. Орындалу критериі:
а) соңғы жылдардың әдебиеттерін таңдау және оқу
б) мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру
в) жоспар құру
г) библиография құрастыру
д) реферат жұмысын безендіру
Реферативті жұмысының құрылымы:
- мұқаба парақ (үлгі бойынша безендіріледі);
- мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);
- кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);
- негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);
- қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);
- әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)
Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:
а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);
б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;
в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;
г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.
6.Тапсыру мерзімі: «Қан жасау жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.
7. Бағалау критерилері: максималды 100 балл
№ | Критерий | Деңгейі, балл түрінде бағалау | |||
Өте жақсы | Қолайлы | Түзетуді талап етеді | Қолайлы емес | ||
1. | Реферат мазмұнының тақырыпқа, реферат жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі | 9,75 | 6,5 | ||
2. | Тақырыптың толықтығы және ашылуының логикаға сай болуы | 9,75 | 6,5 | ||
3. | Материалды жалпыландыру, қорытынды жасай білу қабілеті | 9,75 | 6,5 | ||
4. | Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі | 9,75 | 6,5 | ||
5. | Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі | ||||
6. | Рефераттың безендірілуі модульдің талаптарына сәйкес келуі | ||||
7. | Көрнекті материалдардың сапасы мен толықтығы | ||||
8. | Әдебиетті іріктеу | ||||
Барлығы |
Бағдарламалық препараттар: гепарин, фраксипарин, пентоксифиллин, тиклопидин, дипиридамол, реополиглюкин, преднизолон, кислота аминокапроновая, контрикал
8. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.
3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.
Қосымша:
1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.
2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.
3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.
4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.
5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.
9. Бақылау:
1. ҚТШҚҰ-синдромының ерте кешенді емінің принциптері
2. ҚТШҚҰ-синдромы кешенді емінің компоненттері
3. Гепаринотерапия асқынулар
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 сабақ
1. Тақырып: «Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттар»
2. Мақсаты: Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, әртүрлі патологиялық жағдайларда рационалды таңдау
3. Оқыту міндеттері:
Когнитивті компетенция:
1. Әртүрлі патологиялық жағдайларды түзетуге бағытталған тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу;
2. Емдік әсерін күшейту мақсатында әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін бағыттап өзгерту үшін қолданылатын антиангиналды заттарды таңдау;
3. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу;
4. Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алу;
5. Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жұптастырып қолдануды таңдау.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Максималды балл-100 | | | Тест №5. Дифенин |