Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Операционалды компетенция

Операционалды компетенция 1 страница | Операционалды компетенция 2 страница | Операционалды компетенция 3 страница | Операционалды компетенция 4 страница | Операционалды компетенция | Максималды балл-100 | Ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин |


Читайте также:
  1. Компетенция Исполнительного Совета Локального Комитета
  2. Компетенция нотариальных органов
  3. КОМПЕТЕНЦИЯ РО
  4. КОМПЕТЕНЦИЯ СПОРТКОМИТЕТА
  5. Местное управление Российской империи.КОМПЕТЕНЦИЯ.
  6. Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -2 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -50 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы (тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу) -35 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 10 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 1-2 мин

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Бөлім бойынша тапсырмалар:

1.Мидың қанмен қамтамасыз етуін жақсартатын заттар. Жіктелуі.

2.Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезінде қолданылатын препараттардың әсер ету принциптері.

3.Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

4.Ми қанайналымының созылмалы бұзылысы кезінде препараттарды тағайындаудың негізгі принциптері. Негізгі препараттардың фармакологиялық тұрғыдан бағалау.

5.Нейропротективті заттар. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.

6.Ұстаманың түріне байланысты эпилепсиялық ұстамаларда, эпилепсиялық ұстамада қолданылатын дәрілік заттардың әсерінің негізгі бағыттары мен оларды таңдау. Балаларда қолдану ерекшеліктері

7.Заманауи эпилепсияға қарсы заттардың артықшылықтары

8.Менингиттердің фармакотерапиясының жалпы принциптері

9.Нейроинфекциялар кезінде қолданылатын антибактериалды заттар.

10.Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер мен қарсы көрсетулер. Балаларда қолдану ерекшеліктері.

6. Берілетін материалдар: кестелер, жағдайлық есептер,өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары, сызбалар, суреттер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии.\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

 

Бағдарламалық препараттар: фибриноген, аминокапрон қышқылы, контрикал, транексам қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, абциксимаб, клопидогрель, гепарин, фраксипарин, варфарин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза, токоферол ацетаты, мексидол, аскорбин қышқылы, пирацетам, аминалон, пантогам, пиридитол, глицин, семакс, церебролизин,циннаризин, нимодипин, эуфиллин, винпоцетин, ксантинол никотинаты, ницерголин, цитиколин, маннит, диакарб, фуросемид, бензилпенциллин натрий тұзы, оксациллин, уназин, карбенециллин, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидин, цефепим, меропенем, тиенам, ванкомицин, левомицетин, ципрофлоксацин, моксифлоксацин, метронидазол, интерферон, метилпреднизолон, гепарин, реополиглюкин, фенобарбитал, диазепам, натрий оксибутираты, лидокаин, магний сульфаты, тиопентал-натрий, таламонал, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрия вальпроат, ламотриджин, топирамат, тиагабин, вигабатрин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: пирацетам, фенобарбитал, диазепам, цефтриаксон, меропенем, ванкомицин, нимодипин, винпоцетин, натрий вальпроаты, гепарин

8. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды, коммуникативті

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау-әңгімелесу.

2.Жүйке жүйесі патологияларында қолданылатын негізгі заттарды талдауымен және бір реттік дозасын есептеумен рецепт жазу.

3.Тесттік тапсырманы орындау.

Өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар

1.Эпилепсияның фокалды түрінде төменде келтірілген заттар қолданылады

1) карбамазепин

2) дифенин

3) ламотриджин

4) фенобарбитал

5) этосуксимид

2.Эпилепсияның кіші ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын препарат

1) топирамат

2) фенобарбитал

3) натрия вальпроат

4) дифенин

5) карбамазепин

3.Эпилепсияға қарсы заттарға жатады

1) этосуксемид

2) фенобарбитал

3) карбамазепин

4) левадопа

5) дифенин

4.Препаратты анықтау: эпилепсияға қарсы, ұйықтатқыш, орталықтан миорелаксациялаушы және анксиолитикалық қаситеттері бар; мидың ГАМК – ергиялық үрдісін ынталандырады,

эпилепсиялық статусты тоқтату үшін қолданылады

1) дифенин

2) этосуксимид

3) диазепам

4) ламотриджин

5) левадопа

5.Эпилепсиялық статуста қолданылады

1) этосуксимид

2) натрий вальпроаты

3) диазепам

4) ламотриджин

5) тиагабин

6.В основе механизма действия противоэпилепсияға қарсы заттардың әсер ету механизміне жатады

1) ГАМК – ергиялық жүйені белсендіру

2) Мембранадан натридің өтуін жоғарылату және жүйке жасушасының қозғыштығын төмендету

3) орталықтан холинорецепторларды тежеу

4) дофаминдік рецепторларды қоздыру

5) қаңқалық бұлшық еттердің Н – холинорецепторларды тежеу

7.Эпилепсияға қарсы заттар

1) фенобарбитал, леводопа

2) фенобарбитал, дифенин, бромокриптин

3) фенобарбитал, дифенин, селегилин, этосуксимид

4) фенобарбитал, дифенин, этосуксимид, карбамазепин

5) левадопа, дифенин

8.Ламотриджин тағайындалады

1) эпилепсияның кіші ұстамасында

2) эпилепсияның үлкен ұстамасында

3) эпилепсияның фолкалды түрінде

4) миоклонус эпилепсияда

5) эпилепсиялық статуста

9. ГАМК – ергиялық жүйені белсендіретін эпилепсияға қарсы заттарға жатады:

1) дифенин

2) натрий вальпроаты

3) фенобарбитал

4) клоназепам

5) диазепам

10.Эпилепсияның үлкен ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын заттар

1) фенобарбитал, этосуксимид

2) фенобарбитал, этосуксимид, дифенин

3) фенобарбитал, этосуксимид, дифенин, диазепам

4) фенобарбитал, карбамазепин, натрий вальпроаты

5) фенобарбитал, левадопа

11.Дифенин эпилепсияның келесі түрінде қолданылады

1) эпилепсияның үлкен ұстамасында

2) эпилепсияның фокалды түрінде

3) эпилепсиялық статуста

4) жүрек аритмиясында

5) атриовентрикулярлық блокадада

12.Миоклонус – эпилепсияда тиімді

1) дифенин

2) этоксуксимид

3) клоназепам

4) фенобарбитал

5) карбамазепин

13.Винпоцетин артериалық қысымды аздап төмендетеді және мидың қан айналымын жақсартады, препараттың әсер ету механизміне жатады:

1) ганглиоблокаторлық әсер

2) спазмолитикалық әсер

3) фосфодиэстеразаны тежеу

4) альфа-2-адренорецепторларды тежеу

5) цАМФ жоғарылату

14.Препаратты анықтау. Мидың қан айналуын жоғарылататын, кальций каналын тежейтін топқа жатады, дигидропиридин туындысы болып табылады, нейропротекторлық белсенділігі бар, мидың артериолдарының тонусын төмендетеді, мидың оттегімен қамтамасыз етілуін жоғарылатады, мидың жедел ишемиясымен, субарахноидалды қан құйылуларда, мидың созылмалы игемиясында қолданылады

1) нимодипин

2) циннаризин

3) винпоцетин

4) ницерголин

5) ксантинол никотинаты

15.Бір дұрыс жауабын таңдау, ницерголин жатады

1) кальций каналының тежегіші

2) пирензепин туындысы

3) a- адреноблокаторлық, спазмолитикалық препарат

4) никотин қышқылының туындысы

5) пурин алколоидының туындысы

16. Церебролизинге тән әсерлер

1) ноотропты

2) гипертензивті

3) нейропротективті

4) тыныштандырғыш

5) психоынталандырғыш

6) нейротрофикалық

7) тырысуға қарсы

8) ісікке қарсы

17. Ноотропты заттар тобына жатады

1) пирацетам

2) эуфиллин

3) пиридитол

4) церебролизин

5) пантогам

6) альтеплаза

7) гепарин

8) натрий вальпроаты


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Операционалды компетенция 5 страница| Ксантин туындыларына

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)