Читайте также:
|
|
Аймақтары | Мемлекеттер |
Африка | Бенин, Гвинея, Конго Демократиялық Республика- сы, Кения, Конго, Маврикий, Мозамбик, Намибия, Нигерия, Танзания Біріккен Республика- сы Сенегал,Тунис,Чад, Оңтүстік Африка |
Азия | Бангладеш, Үндістан, Индонезия, ҚХР, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Корея Республика-сы,Сауд Арабиясы, Таиланд, Жапония |
Шығыс Еуропа | Әзірбайжан, Албания, Армения, Литва, Польша, Ресей Федерациясы |
Латын Америкасы және Кариб жағалауы | Белиз, Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мекси- ка, Никарагуа, Панама, Эквадор, Ямайка |
Батыс Еуропа жә-не қалған аймақтағы елдер | Австралия, Бельгия, Германия, Грекия, Дания, Ирлан- дия, Исландия, Италия, Канада, Ұлыбритания, Солтүс- тік Ирландия, АҚШ, Түркия, Франция |
Жоғарыдағы елдердің ішінде мүшелік мерзімдері 31 желтоқсан 2005 жылы аяқталатын елдер де бар. Осыған орай «Экономикалық және әлеуметтік кеңеске» жаңа мүшелерді сайлау үшін 17 қазан 2005 жылы Бас Ассамблеяның кезекті жиыны өтті. Бұл жиында мүше елдердің 2/3 дауысымен мына мемлекеттер 1 қаңтар 2006 жылдан бастап «Экономикалық және әлеуметтік кеңесте» өз қызметтеріне кіріседі: Франция, Жапония, Туркия, Испания,Ангола, Австрия, Бенин, Куба, Чехия, Германия, Гвинея-Бисау, Гайана, Гаити, Мадагаскар, Мавритания, Парагвай, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка.
Кеңестің тұрақты комитеттері:
· Үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі комиттері;
· Қылмыстың алдын алу және онымен күрес жөніндегі комитеттері;
· Табиғат ресурстары жөніндегі комитеті;
· Дамыту мақсаттарындағы ғылым мен техника жөніндегі үкіметаралық комитеті.
6.Қамқорлық жөніндегі кеңес: БҰҰ жарғысының 77 бабында белгіленген территория тұрғындарының экономика-лық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес.
Бұдан БҰҰ шеңберінде экономика, гуманитарлық, әлеуметтік салалары бойынша мамандандырылған арнайы мекемелер де бар. Бұл мекемелер БҰҰ құрамында жұмыс істейтін әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар болып есептелінеді /10/.
Демографиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролі. Қазір Жер бетінде 6 млрд-тан астам адам өмір сүруде. 2025 жылға дейін адам саны 10 млрд-тан асып кетуі мүмкін. Көптеген зерттеушілердің пікірінше біздің ғаламшарымыз күнделікті 10 млрд адамды тамақтандыра алады екен. Бірақ қазір 6 млрд адамның 1 млрд-тан астамы аштықпен өмір сүруде.Демографиялық мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ «Халықты қоныстандыру тұрғысында іс-қимылдың бүкіл дүниежүзілік жоспарын» қабылдады, оны жүзеге асыруға географтар мен демографтар да қатысады (1998 ж). Сонымен бірге БҰҰ «Отбасыны жоспарлау бағдарламасын» (1995 ж) халықтың өсуіне ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан бағаланды. Бірақ бір ғана демографиялық саясат жеткіліксіз. Ол адамдардың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен жалғасын табу тиіс [7; 735-761].
1.3 БҰҰ-функциясы рөлі
Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады [8; 170-200].
Бірақ мұнай іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды мәселесін туғызып отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының біркелкі игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны әскери белсенділік аренасы ретінде паййдалануда жатыр. Міне, сондықтан да теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған «Теңіздер Хартиясы» деп аталатын БҰҰ Конвенциясының өте зор маңызы бар. Конвенция бойынша жағалаудан бастап 200 теңіз мильдік экономикалық аймақ белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық ресурстарын пайдалануда егеменді құқықтарын жүзеге асыра алады.
Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негзгі жолы-барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге негізделген мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарын кешенді пайдалану болмақ.
Кедейшілікке қарсы күрестегі БҰҰ-ның ролі. Көптеген дамушы елдердің кедейшілік жағдайы аса ірі жалпы адамзатық, жалпы дүниежүзі-лік мәселеге айналды. Сонау 1974 жылдан бастап БҰҰ дүние жүзінде бірде бір адам аш қалпында ұйқыға жатпауын ескерген бағдарлама қабылдады (күн сайын жер бетінде 1 млрд адам аштықта өмір сүруде) [7. 356-415].
Міне, сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығын жеңіп шығу әлі де өте- мөте өзекті міндет болып отыр.Оны шешудің басты жолдары тұрмыс пен қызметтің барлық саласында түбегейлі әлеуметтік- экономикалық қайта жаңғыртулар жүргізуде,ғылыми- техникалық прогрессті халықаралық ынтымақты дамытуда, қарусыздандыру болмақ [9. 38].
Тұрақты даму термині БҰҰ құжаттарында 80 жылдардың ортасында пайда болды. БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі конференциясынан (1992 жылы) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның пайдалануына кеңінен енді. Ресейді қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды тұрақты дамуға бағдарлайтын Заңдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше бола бастады (Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүшелікке қабылданды). Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы біз өз еліміздің тәуелсіз мемлекет екендігімізді саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздейміз. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр [10; 9-10].
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 435 | Нарушение авторских прав