Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

БҰҰ-ның құрылымы.



Читайте также:
  1. БҰҰ-ның құрылымы

1. Бас Ассамблея ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы қатысады. Ассамблея ұйымның жарғысы шегінде кез келген мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассамблеяда талқыланған шешімдер мәжіліске қатысқан елдердің 2/3 басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Бас Ассамблеяның төрағасы болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан (Швеция) бір ауыздан сайланды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблея шеңберінде қызмет атқаратын басты комитеттері:

· Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты комитеті;

· Экономика және қаржы мәселесіне байланысты комитеті;

· Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелеріне байланысты комитеті;

· Отаршылықты жою мәселелеріне байла-нысты комитеті;

· Әкімшілік және бюджет мәселелеріне қатысты комитеті;

· Құқық мәселелеріне қатысты комитеті.

2. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24 бабына сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны қалпына келтіру үшін «Бас Ассамлеяға» ұсыныс жасайды. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі бар. Олар АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес қалған 10 мүше ел «Бас Ассамблея» тарапынан екі жылға ағылшын алфавиттік тізіміне қарай сайланады. Алайда, тұрақты мүшелердің бірі дауыс бермесе (вето) шешім қабылданбайды.

Биполярлық (екі полюсті) жүйе терминологиясы халықаралық қатынастар лексиконында 1945-1991 жылдары аралығында НАТО мен Варшава пактіне мүше елдері арасындағы суық соғысты (қырғи-қабақ соғыс) қамтитын дәуірге қолданылады. КСРО ыдырап, «Варшава пакті» өз күшін жоюына байланысты халықаралық деңгейде 1991 жылдан бері АҚШ-тың бастамасымен көп полярлы (көп полюсті) ғаламдық тәртіп орнатылды.

Кеңестің басты комитетері:

· әскери штабтық комитеті;

· жаңа мүшелер қабылдау жөнінде комитеті;

· сарапшылар комитеті;

· Намибия жөнінде арнайы комитеті.

Көптеген саясаттанушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер осы кеңесте талқыланады /8/.

Биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін дүниежүзілік геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты Германия және Жапония мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты мүше елдер қатарына қосылуды тілге тиек етуде.

Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19 пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.

Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия т.б. сияқты елдер де тұрақты мүшелікке ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты мүшелікке барлық күшімен ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп бара жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.

3. Бас хатшы және хатшылық.:ұйымының атқарушы органы міндетін жүзеге асырып, оған қауіпсіздік кеңесінің ұсынысы бойынша «Бас Ассамблея» тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалатын «Бас хатшы»басшылық етеді.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 659 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)