Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

БҰҰ-ның құрылымы



Читайте также:
  1. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы
  2. БҰҰ-ның құрылымы.

БҰҰ-ның қызметтері мен мазмұнына ұқсас ұйымдардың бірі Ұлттар Лигасы еді. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, Версаль келісімі негізінде, 1919 жылы қалыптасты. Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты - «халықтар арасындағы одақтастықты қауіпсіздік пен достықты сақтау» болды [2. 198-202].

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың алдында террорға қарсы жаңа әдістерді ойлап табу мәселесі қойыла бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмір сүрген Ұлттар Лигасы әрекетсізідігін көрсетіп, халықаралық тыныштық пен қауіпсіздікті қорғауға көмектесетін жаңа ұйымның қажеттігі мәлім болды. Осы тарихи жағдайларда Біріккен Ұлттар Ұйымы қалыптаса бастады.

Ұлттар Ұйымы деген сөз алғашында Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясын жариялау барысында айтылды, оның авторы Д. Рузвельт еді. Бұл құжатқа 26 мемлекет біріктірілді. Кейініректе бұл атау «ұйым» атауына айналды.

БҰҰ-ның жарлығы жарлығы Думбартон-Окс конференциясында 1944 жылы талданды, 1945 жылы 26 маусымда Сан-Франциско конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттері-нің өкілдерінің қатысуымен қабылданды. Жарлық өз күшіне 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. 1946 жылдан 2006 жылдар аралығында БҰҰ-на 141 мемлекет мүшелікке енді. Қазіргі таңда 192 мемлекет мүше елдер бар.

Қазіргі таңдағы саясаттанушылар мен саяси эксперттері БҰҰ-ның жұмысына «мардымсыз» деген баға беруде. Бұл мәселенің туындауына Югославиядағы және Ауғанстандағы саяси жағдай себеп болды. Шынында да, бұл соғыстарға БҰҰ ешқандай ықпал жасай алмады, соғысты тоқтатуға да шамасы келмеді. Осы саяси оқиғадан кейін ұйымды қайта реформалау және жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру әрекеттері жасалынуда [3; 719-725].

Бірақ қазіргі кезде ұйымның ғаламдану кезіндегі ғаламдық мәселелерді шешуде, ХХІ ғасырдағы соғыс пен қауіпті болдырмауда әсер ете алу немесе ала алмауы бізге беймәлім.

Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құрайтын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформалау туралы мәселе алаңдатуда. «Төрттік блок» - Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды.

2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ үкіметінің сыртқы саясаттағы өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.

БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Елдерді Ұйымға мүшелікке «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;

-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие еді. Швейцария үкіметінің барлық саяси мәселелерде «раласпау» саясатын қолданатыны баршамызға мәлім.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 306 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)