|
Қолдары – қоршаған ортамен жақсы және нақты бейімделу қаруы ретінде, негізгі түрі қызметаралық қарым – қатынасқа.
Кең қолдар (қол пәрмені) – қозғалысқа интенсивті ұмтылу.
Қол алақан жағында кеңейген немесе иық жағында – қозғалысты басқарушылықтың жетіспеушілігі және импульсивтілік.
Қолдар, денемен бірге бітісіп салынбаған, керісінше бөлек, екі жаққа созылған – кейде субьект өзін басқаруынан тыс қалған іс – қимылдарын байқап отырады.
Қолдары айқастыра көкірегіне қойылған -өшпенділік, күмәнданғыштық құрылымы. Қолдары арт жағында – жол беруді қаламау, ымыраға келу (тіпті жолдастарымен де). Агрессиялық өшпенділіктің шығуын басқаруға бейімділік.
Қолдары ұзын және бұлшықеттілі – субьект физикалық күшті, жылдамдықты, ержүректілікті компенсация ретінде қажет етеді.
Қолдары аса ұзын – тым артық шамданушылық ұмтулулар.
Бос және иілгіш қолдар – қызметаралық қарым – қатынасқа жақсы бейімдеушілік.
Ынталы қолдар және денеге жабысқан – ебдейсіздік (ақырын қимылдаушылық), қырсықтылық.
Өте қысқа қолдар – ұмтылыстың жоқ болуы, сонымен қатар неадыкватность сезімі.
Тым ірі қолдар – жақсы әлеуметтік жағдайға бейімдеушіліктің қажеттілігі, импульсивтік қимылға бейімдеушілік және адекватты сезімі арқылы.
Қолдардың жоқ болуы – жоғарғы интеллекте неадыкваттық сезімі.
Сол жағындағы қолдың не аяқтың түр өзгерісі немесе ерекшелігі – әлеуметтік – рольдік конфликт.
Қолдар денеге жақын салынған -күштену немесе зорлану.
Ер адамдағы қолдың және аяқтың үлкен болуы – дөрекілік, мейірімсіздік.
Қолдар аяққа қарай тарылған – нәзіктік.
Ұзын қолдар – тәуелділік, қамқоршының қажеттілігі.
Қолдар бір жаққа қарай бұрылып, бір нәрсені алап жатыр – тәуелділік, махаббат қалауы, құштарлық.
Қолдар жан – жаққа қарай созылған -әлеуметтік контактағы қиыншылықтар, агрессиялық импульстар алдындағы қорқыныш.
Күшті қолдар – агрессивтілік, қайраттылық.
Жіңішке, әлсіз қолдар – жетістікке жетудің жеткіліксіз сезімі.
Қол, бокске арналған қолғап сияқты – ығыстырылып шығарылған агрессия.
Қолдары арт жағында немесе қалтасында – кінәлау сезімі, өз - өзіне көңілінің толмаушылығы.
Қолдары анық сызылмаған – іс - әрекет және әлеуметтік қарым – қатынаста өзіне - өзі сенушіліктің жетіспеушілігі.
Үлкен қолдар -әлсіздік және кінә сезімінің компенсациясы.
Әйел адамның дене бітімінде қолдардың жоқ болуы – аналық фигура жақсы көрмейтін, қайтарып тастайтын, қолдау көрсетпейтіндей болып қабылданады.
Саусақтар бөлектенген (шабылған) – ығыстырылып шығарылған агрессия, тұйықтық.
Саусақтардың үлкен болуы – дөрекілік, мейірімсіздік, агрессия.
Саусақтардың 5 – тен көп болуы – агрессивтілік, шамданушылық.
Алақансыз саусақтар – дөрекілік, мейірімсіздік, агрессия.
Саусақтардың 5 – тен аз болуы – тәуелділік, күшсіздік.
Саусақтардың ұзын болуы – ашық агрессия.
Саусақтар жұдырыққа жиналған – бүлікшілік, қарсылық.
Жұдырықтар денеден алшақ орналасқан – ашық қарсылық.
Саусақтардың ірі, шегелерге ұқсас болуы -өшпенділік.
Саусақтар бір өлшемді, ілмектеп оралған – саналы түрде агрессиялық сезімге қарсы тұру.
Аяқтар тепе – тең емес, ұзын – тәуелсіздіктің күшті қажеттілігі және оған ұмтылу.
Аяқтары тым қысқа – физикалық және психологиялық ыңғайсыздық сезімдері.
Сурет табан және аяқтан басталған – қорқақтық.
Табандары көрсетілмеген – тұйықтық, жсқаншақтық.
Аяқтары кеңінен қойылған – ашық менсінбеу (бағынбаушылық, елемеушілік немесе қорғанышсыздық).
Аяқтары бірдей мөлшерлі емес – тәуелсіздікке ұмтылудағы амбивалиттілік.
Аяқтардың жоқ болуы – тұйықтық, жасқаншақтық.
Аяқтар ерекше көңіл аударарлықтай – дөрекілік, мейірімсіздік.
Табандар – қызметаралық қарым – қатынаста ептіліктің белгісі (физиологиялық немесе психологиялық).
Табандардың тепе – тең емес ұзын болуы – қауіпсіздіктің қажеттілігі. Ержүректілікті көрсетудің қажеттілігі.
Табандардың тепе – тең емес кішкентай болуы – шырмалушылық (еркіндігі жоқ), тәуелділік.
Дене тұрысы. (қалпы, кейпі)
Беті солай салынған, тіпті желкесі көрініп тұрады – тұйыққа бағытталған тенденция.
Басы қырынан қарағандағы, денесі қарсы алдынан -әлеуметтік орта және қатынаста болудың қажеттілігінен туындайтын қорқыныш.
Орындықтың шет жағында отырған адам – бір жағдайдан шығудың жолын табудың күшті қалауы, үрей,жалғыздық, күмәнданушылық.
Жүгіріп келе жатқан адамның бейнесі – біреуден тығылып қалудың және қашып кетудің қалауы.
Адамның оң немесе сол жағындағы тепе – теңдіктің бұзылуы анық көрініп тұр -өзіндік тепе – теңдіктің жоқ болуы.
Адам денесіндегі белгілі бір мүшелерінің жоқ болуы – шеттелгенді көрсетеді, адамды толығымен мойындамау немесе оның жоқ мүшелерін (актуалды немесе символды бейнеленгендер).
Адам белгісіз жүгіріс үстінде – үрейлі қорқыныштар болуы мүмкін.
Адам жай, жеңіл жүрісте – жақсы бейімделушілік.
Адам – абсолютті (қырынан қарағандағы көрініс) – қатаң безушілік, тұйықтық және аппозициялық тенденциялар.
Амбивалитті көрініс – дененің белгілі бір мүшелері басқа жағынан салынған, қалғандарымен салыстырғанда жан – жаққа қарап тұр – жағымсыз жағдайдан құтылуға ұмтылудың фрустрациясы.
Ұшқалақ тұрған фигура – күштену.
Қуыршақ – жұмсақтық (көнгіштік), қоршаған ортаның басым болуына уайымдау.
Ер адамның фигурасының орнына роботтың бейнеленуі – сыртқы басқару күштерін сезінудің деперсонализациясы.
Таяқшалардан құрылған фигура – жалтару мен мойындамаушылықты білдіруі мүмкін.
Мыстан кемпірдің бейнесі -әйел адамдарға деген ашық өшпенділік.
Клоун, карикатура (біреуді келемеждеп көрсету) – жасөспірімдерге тән толыққандылық еместік пен шеттелушілік уайымы, өшпенділік, өзін жек көрушілік.
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 228 | Нарушение авторских прав