Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тест №89. Агрегант

Читайте также:
  1. Антикоагулянти і антиагреганти

КУРС ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ФАРМАКОЛОГИЯ 2» ПӘНІНЕН 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТТЕР

Тест №1. Менингитте қолданылатын антибактериальды препараттар:

1. Бензилпенициллин натрий тұзы, меропенем

2. Нитроксолин, тетрациклин

3. Фталазол, бензилпенициллин натрий тұзы

4. Рифампицин, сизомицин

5. Цефтриаксон, нитроксолин

Тест №2.Ноотропты препараттарды тағайындауға негізгі көрсетілуі:

1. Жедел гастрит

2. Аритмия

3. Мидың қан айналуының жедел бұзылыстары

4. Ұйқысыздық

5. Стенокардия

Тест №3. Препаратты анықтау: ГАМҚ циклдік туындысы. Когнитивті қызметі бұзылғанда, оны ынталандырады. Гипоксияға қарсы, тырысуға қарсы әсер көрсетеді. Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар, ұйқының бұзылуы.

1. Винпоцетин

2. Фенобарбитал

3. Пирацетам

4. Лидокаин

5.Диазепам

Тест №4. Дифениннің жанама әсерлері:

1. Ұйқышылдық, бас айналу

2. Диплопия, гиперпластикалық гингивит

3. Тыныштандырғыш әсер, атаксия

4. Нистагм, ототоксикалық әсер

5. Гепатотоксикалық әсер, діріл

Тест №5. Тиагабиннің эпилепсияға қарсы механизмі:

1. ГАМҚ тың нейроналды ұсталуын тежейді

2. ГАМҚ тың түзілуін ынталандырады

3. Глутаматтың босап шығуын азайтады

4. Глутаматтық рецепторларды тежейді

5. Кальций каналдарын тежейді

Тест №6. Глутаматергиялық жүйенің белсенділігін төмендететін эпилепсияға қарсы заттар:

1. Дифенин, карбамазепин

2. Диазепам, клоназепам

3. Натрий вальпроаты, фенобарбитал

4. Этосуксимид, карбамазепин

5. Ламотриджин, топирамат

Тест №7. Эпилепсияның үлкен ұстамаларының алдын алу үшін қолданылатын заттар:

1. Диазепам, этосуксимид, нимодипин

2. Фенобарбитал, аминалон, пирацетам

3. Дифенин, фенобарбитал, карбамазепин

4. Этосуксимид, ксантинол никотинаты, флунаризин

5. Ламотриджин, диазепам, ницерголин

Тест №8. Миоклонус – эпилепсияда тиімді:

1.Клоназепам, натрий вальпроаты, ламотриджин

2. Карбамазепин, ламотриджин, Дифенин

3. Дифенин, клоназепам, натрий вальпроаты

4. Фенобарбитал, клоназепам, натрий вальпроаты

5. Этоксуксимид, ламотриджин, морфин

Тест №9. Мидың қанайналу бұзылысында дегидратациялық ем үшін қолданылады:

1. Нимодипин

2. Эуфиллин

3. Клоназепам

4. Вигабатрин

5. Фуросемид

Тест №10. Мидың қанайналу бұзылысында (геморрагиялық инсультте) қолданылатын фибринолиз ингибиторы:

1.Контрикал, аминокапрон қышқылы

2. Гепарин, фибриноген

3.Варфарин,дипиридамол

4. Тиклопидин, пентоксифиллин

5. Клопидогрел,варфарин

Тест №11. Мидың қан айналымына таңдамалы әсер ететін барвинок препараты:

1. Ницерголин

2. Винпоцетин

3. Ксантинол никотинаты

4. Эуфиллин

5. Флунаризин

Тест №12. Ми қан тамырларын және шеткі қан тамырларды кеңейтеді:

1. Нимодипин

2. Циннаризин

3. Винпоцетин

4. Ницерголин

5. Флунаризин

Тест №13. ГАМҚ туындыларына жататын нейропротективті заттар:

1. Фраксипарин, аминалон

2. Гепарин, пантогам

3. Пирацетам, аминалон

4. Фибриноген, глицин

5. Семакс, дипиридамол

Тест №14. РР витаминінің туындысы, мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылады:

1. Циннаризин

2. Эуфиллин

3. Фепромарон

4. Тиклопидин

5. Ксантинол никотинаты

Тест №15. Мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын пурин туындысы:

1. Пентоксифиллин

2. Варфарин

3. Урокиназа

4. Винпоцетин

5. Натрий оксибутираты

Тест №16. Мидың қан айналымын кальций каналдарын тежей отырып жақсартатын репараттар:

1. Эуфиллин, винпоцетин

2. Ксантинол никотинаты, флунаризин

3. Ницерголин, пирацетам

4. Циннаризин, нимодипин

5. Аминалон, пентоксифиллин

Тест №17. ГАМҚ туындыларының ми қан айналымы бұзылыстарында оң әсер етуі байланысты:

1. Қан тамырларының өткізгіштігінің азаюы

2. Қабыну үрдісінің төмендеуі

3. Ми қан тамырларының тарылуы

4. Мисауыт ішілік қысымның жоғарылауы

5. Ми нейрондарында метаболикалық үрдістерді жақсарту

Тест №18. Ницерголиннің тамыр кеңейткіш әсер механизмі байланысты:

1. Бета- адреноблокаторлық әсеріне

2. Альфа-адреноблокаторлық әсеріне

3. Кальций каналдарын тежеуіне

4. Натрий каналдарын тежеуіне

5. Калий каналдарын тежеуіне

Тест №19. Мидың қан айналымы бұзылыстары кезінде дамыған тырысу синдромында көрсетіледі:

1. Ницерголин

2. Циннаризин

3. Диазепам

4. Ксантинол никотинаты

5. Эуфиллин

Тест №20. Сопақша мидың триггерлік (жіберу) аймағын тежейтін, құсуға және ықылыққа қарсы әсер көрсететін препарат:

1.Пентоксифиллин

2. Аминалон

3. Диазепам

4 Метоклопрамид

5. Натрий оксибутираты

Тест №21. Винпоцетиннің қолдануға көрсетілуі болып табылады:

1. Миокард инфаркты

2. Эндоартерит

3. Ишемиялық инсульт

4. Геморрагиялық инсульт

5. Гипотензия

Тест №22. Мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын антиагреганттар:

1. Дипиридамол, фепромарон

2. Ацетилсалицил қышқылы, фенилин

3. Дипиридамол, клопидогрел

4. Гепарин, фраксипарин

5. Варфарин, стрептокиназа

Тест №23. Мидың қан айналымы бұзылыстарында антиоксиданттар және антигипоксанттар ретінде қолданылады:

1. Бүйрек үсті безінің гормондары

2. E және C витаминдерінің препараттары

3. Антиагреганттар

4. Антикоагулянттар

5. Фибринолитикалық заттар

Тест №24. Дифенинге тән әсерлер:

1. Эпилепсияға қарсы, аритмияға қарсы, анальгетикалық

2. Ауыру сезімді басатын, аритмияға қарсы, ұйықтатқыш

3. Ыстықты түсіретін, аритмияға қарсы, анальгетикалық

4. Микробтарға қарсы, қабынуға қарсы аллергияға қарсы

5. Эпилепсияға қарсы, қабынуға қарсы аллергияға қарсы

Тест №25. Диазепамға тән әсерлер:

1. ОЖЖ-де ГАМК-ергиялық үрдістерді тежейді

2. Бензодиазепиндік рецепторларды тежейді

3. Эпилепсиялық статусты тоқтату үшін қолданылады

4. Эпилепсияның кіші ұстамасынының алдын алу үшін қолданылады

5. Ми нейрондарының мембранасының натрий каналдарын тежейді

Тест №26. Ноотропты заттарға жатады:

1. Карбамазепин, дифенин, мидокалм

2. Этосуксимид, клоназепам, вигабатрин

3. Глицин, пиридитол, аминалон

4. Эуфиллин, топирамат, тиагабин

5. Винпоцетин, лидокаин, диазепам

Тест №27. Ноотропты препарат –пантотен қышқылының туындысы:

1. Церебролизин

2. Пиридитол

3. Глицин

4. Пирацетам

5. Пантогам

Тест №28. Препаратты анықтау: барвинка алкалоиды. Мидың қантамырларын таңдап кеңейтеді, Мидың ишемияға ұшыраған бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Фосфодиэстераза ферментін тежеп, тіндерде цАМФ жоғарылатады. Мидың қан айналу бұзылыстарына байланысты болатын неврологиялық және психикалық бұзылыстарда, есте сақтау бұзылғанда, бас айналу, афазияда қолданылады:

1. Пирацетам

2. Церебролизин

3. Глицин

4. Винпоцетин

5. Нимодипин

Тест №29. Ноотропты әсер көрсететін пептидті қосылыс:

1.Пирацетам

2. Пантогам

3. Семакс

4. Нимодипин

5. Эуфиллин

Тест №30. Аминалонның тырысуға қарсы әсер механизмі:

1. Калий каналдарын белсендіру

2.ГАМҚ-ергиялық жүйеге әсер ету

3. Қоздырғыш аминқышқылдарының әсерлерін басу

4. Кальций каналдарын тежеу

5. Натрий каналдарын тежеу

Тест №31. Пирацетамға тән негізгі әсер:

1. Ми қызметінің (ақыл ойдың) төмендеуі

2. Психостимуляторлық және аналептикалық қасиеттер

3. Мидың жоғарғы интегративтік қызметін ынталандыру

4. Қорқу, үрей, мазасыздықты басу

5. Психоздың продуктивті симптоматикасын жою

Тест №32. Препаратты анықтау: ГАМҚ препараты, мидың қан айналымын жақсартады, антигипоксиялық, тырысуға қарсы, гипотензивті әсер көрсетеді. Қанттың деңгейі жоғары болғанда гипогликемиялық әсер көрсетеді. Мидың интегративтік қызметін жақсарту үшін қолданылады.

1. Пентоксифиллин

2. Церебролизин

3. Фепромарон

4. Глицин

5. Аминалон

Тест №33. Дәрілік заттар тобын анықтау: мида зат алмасу үрдісіне және қан айналымына оң әсер көрсетеді. Тотығу-тотықсыздану үрдістерін ынталандырады, мидың ишемияға ұшыраған ошақтарында қан айналымды жақсартады. Жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларында, негізінен қан тамырлық ауруларда және зат алмасудың бұзылыстарына байланысты дамыған, сонымен қатар, геронтологиялық практикада қолданылады:

1. Ноотропты заттар

2. Антикоагулянттар

3. Антиагреганттар

4. Тырысуға қарсы заттар

5. Эпилепсияға қарсы заттар

Тест №34. Препаратты анықтау. Қалқанша безі гормонының синтетикалық аналогы, левотироксиннен 3-4 есе белсенді, гипотиреоидты команы емдеуде жұптастырылған ем үшін қолданылады. Орын басушы ем үшін ұсынылмайды, себебі жартылай шығарылу кезеңі қысқа:

1. Левотироксин

2. Калий перхлораты

3. Мерказолил

4. Тиреокомб

5. Трийодтиронин

Тест №35. Препаратты анықтау. Құрамында трийодтиронині, левотироксині, калий йодиді бар жұптастырылған препарат:

1. Мерказолил

2. Тиреокомб

3. Глибенкламид

4. Актрапид

5. Акарбоза

Тест №36. Кортикостероидтарды кенеттен тоқтатуға болмайды себебі:

1. Психиканы тежеуіне байланысты

2. Артериялық қысым төмендеуіне байланысты:

3. Гипергликемия дамуына байланысты

4. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігіне байланысты

5. Остеопороз дамуына байланысты

Тест №37. Гипотиреозда қолданылады:

1. Преднизолон, левотироксин

2. Трийодтиронин гидрохлориді, глимеперид

3. Левотироксин, тиреокомб

4. Мерказолил, калий перхлораты

5. Метформин, тиреотом

Тест №38. Инсулиннің жанама әсерлері:

1. Шамадан тыс гипогликемия, аллергиялық реакциялар

2. Гипергликемия, құсу

3. Иценко Кушинга синдромы,

4. Аллергиялық реакциялар, аритмия

5. Критинизм, диарея

Тест №39. Инсулинге тән әсерлер:

1. Айқын гипогликемиялық әсер

2. Ішке енгізу

3. Гипогликемиялық команы тоқтату үшін қолданылады

4. Ішектен кальцидің сіңірілуін ынталандырады

5. Остеопорозда қолданылады

Тест №40. Трийодтиронин гидрохлориді балалар практикасында қолданылады:

1. Гипертиреоидизм

2. Микседема

3. Қант диабеті

4. Кретинизм

5. Анемия

Тест №41. Сурфактанттың синтезін жоғарылататын тиреоидты гормондар препараты:

1. Мерказолил

2. Калий перхлораты

3. Глимеперид

4. Трийодтиронин гидрохлориді

5. Пиоглитазон

Тест №42. Мерказолилдің антитиреоидты әсер механизмі:

1. Гипофизде тиреотропты гормонның өндірілуін тежейді

2. Қалқанша безінде тиреоидты гормонның өндірілуін тежейді

3. Қалқанша безінің фолликулаларын бұзады

4. Қалқанша безімен йодтың сіңірілуін бұзады

5. Жасуша мембранасындағы рецепторлармен байланысу

Тест №43. Инсулинді артық мөлшерлегенде қолданылады:

1. Протафан

2. Глюкоза

3. Глибенкламид

4. Метформин

5. Акарбоза

Тест №44. Акарбозаға тән әсерлер:

1. Ішекте көмірсулардың сіңірілуін қалыптастырады

2. Айқын гипогликемия туғызады

3. Бауырда глюконеогенезді тежейді

4. α-глюкозидазаны тежейді

5. Қанда глюкозаның құрамын жоғарылатады

Тест №45. Ұзақ әсер ететін инсулин препараттары:

1. Тиреокомб, ультратард

2. Левотироксин, метформин

3. Калий перхлораты, хумулин

4. Глибенкламид, актропид

5. Хумулин, ультратард

Тест №46. Молекула құрамында фтор атомы бар глюкокортикоидтар:

1. Преднизолон, гидрокортизон

2. Триамцинолон, кортизон

3. Дексаметазон, триамцинолон

4. Метилпреднизолон, дексаметазон

5. Кортизон, гидрокортизон

Тест №47. Ащы ішектің проксималды бөлігінде полисахаридтердің ыдырауын төмендететін a – глюкозидазаның ингибиторы:

1. Метформин

2. Пиоглитазон

3. Акарбоза

4. Тирекомб

5. Актрапид

Тест №48. Триамциналонға тән әсерлер:

1. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсерлер

2. Иммунитет ынталандырушы және антиаритмиялық әсерлер

3. Антигипертензивті және ықылыққа қарсы

4. Жара жазылуын жылдамдататын және иммунодепрессивті әсерлер

5. Гепатотоксикалық және ототоксикалық әсерлер

Тест №49. Инсулин қанда қанттың төмендеуін туғызады:

1. Шеткі тіндермен глюкозаның ұсталуын азайтады

2. Гликогеннің ыдырауын жоғарылатады

3. Глюконеогенезді азайтады

4. Ішектен глюкозаның сіңірілуін азайтады

5. Глюконеогенездің жоғарылуы

Тест №50. Сульфонилмочевина туындыларының III ұрпағы:

1. Преднизолон

2. Глюкагон

3. Актрапид

4. Митотан

5. Глимепирид

Тест №51. Глюконеогенезді тежейтін және глюкозаның шеткі тіндерге өтуін қалыптастыратын зат:

1. Инсулин

2. Глибенкламид

3. Метформин

4. Акарбоза

5. Глюкоза

Тест №52. Тіндердің инсулинге тұрақтылығын төмендететін гипогликемиялық зат:

1. Гидрокортизон ацетаты

2. Триамцинолон

3. Глимепирид

4. Пиоглитазон

5. Метформин

Тест №53. Қан сарысуында холестериннің, триглицеридтердің деңгейін төмендететін гипогликемиялық зат:

1. Глюкагон

2. Спиронолактон

3. Преднизолон

4. Пиоглитазон

5.Метформин

Тест №54. Сульфанилмочевина туындысына жататын гипогликемиялық зат:

1. Метформин

2. Протафан

3. Акарбоза

4. Глипизид

5. Розиглитазон

Тест №55. Гликлазидтердің жанама әсерлері:

1. Диспепсиялық бұзылыстар, агранулоцитоз

2. Лейкопения, ототоксикалық әсер

3. Гипергликемиялық әсер, лейкопения

4. Гипертензивті әсер, анемия

5. Аллергиялық реакциялар, гипотензивті әсерлер

Тест №56. Гипотиреоидты комада таңдамалы препарат болып табылады:

1. Левотироксин

2. Мерказолил

3. Калий перхлораты

4. Трийодтиронин гидрохлориді

5. Тиреокомб

Тест №57. Минералокортикоидтар препараты:

1. Митотан

2. Аминоглютетимид

3. Спиронолактон

4. Дезоксикортикостерон ацетаты

5. Преднизолон

Тест №58. Минералокортикоидтардың қолдануға көрсетілулері:

1. Аддисон ауруы, миастения

2. Қант диабеті, гипертониялық ауру

3. Гипертиреоидизм, стенокардия

4. Базедов ауруы, кретинизм

5. Микседема, бронхиалды демікпе

Тест №59. Семіздікті емдеу үшін қолданылатын заттар:

1. Сибутрамин, олестра

2. Преднизолон, спиронолактон

3. Глибенкламид, гидрокортизон

4. Глимепирид, метапролол

5. Акарбоза, мерказолил

Тест №60. Минералокортикоидтардың антагонисті болып табылады:

1. Спиронолактон

2. Гидрокортизон ацетаты

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Триамцинолон

Тест №61. Глюкокортикоидтық гормондар белсенділігі тән препараттарға жатады:

1. Гидрокортизон, преднизолон

2. Дезоксикортикостерон, глюкагон

3. Акарбоза, инсулин

4. Триамцинолон, пиоглитазон

5. Митотан, глимепирид

Тест №62. Глюкокортикоидтар келесі жағдайларда кең қолданылады:

1. Гипертониялық ауру, коллагеноздар

2. Коллагеноздар, бүйрек үстібезінің жеткіліксіздігі

3. Аллергиялық аурулар, стенокардия

4. Микседема, гипертониялық ауру

5. Қант диабеті, семіру

Тест №63. Глюкокортикоид – табиғи гормонның аналогы:

1. Дексаметазон

2. Аминоглютетимид

3. Гидрокортизон

4. Триамцинолон

5. Митотан

Тест №64. Глюкагонға гипергликемиялық әсермен қатар келесі әсер тән:

1. Антиангиналды

2. Антитиреоидты

3. Гипертензивті

4. Гипотензивті

5. Кардиотоникалық

Тест №65. Глюкокортикоидтардың фторланған синтетикалық туындысы:

1. Дексаметазон

2. Трийодтиронин гидрохлориді

3. Преднизолон

4. Дезоксикортикостерон ацетаты

5. Митотан

Тест №66. Препаратты анықтау: стериодты құрылымды синтетикалық препарат, 17 а-этинил-тестостерон туындысы, гипофизарлы гонадотропты гормонның бөлінуін тежейді. Үлкен мөлшерде біршама андрогендік және анаболикалық әсерлер көрсетеді.

1. Дезоксикортикостерон ацетаты

2. Аминоглютетимид

3. Спиронолактон

4. Даназол

5. Триамциналон

Тест №67. Жүйелік әсер көрсететін глюкокортикоидтар:

1. Мерказолил, гликлазид

2. Флуметазон пивалаты, тиреотом

3. Преднизолон, триамцинолон

4. Синафлан, калий перхлораты

5. Митотан, глибенкламид

Тест №68. Пульс-терапия:

1. Глюкокортикостероидтардың жоғарғы мөлшерін қысқа уақытқа тағайындау

2. Орташа ұзақтықта әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау

3. Қысқа уақыт әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау

4. Физиологиялық мөлшерін циркадианды ритмді ескере отырып тағайындау

5. Орташа мөлшерін ұзақ уақыт тағайындау

Тест №69. Ұзақ әсер ететін глюкокортикоид:

1. Триамцинолон

2. Митотан

3. Гидрокортизон ацетаты

4. Дексаметазон

5. Флудрокортизон

Тест №70. Глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы әсер механизмі:

1. Фосфолипазы А2 белсенділігін төмендетеді

2. Циклооксигеназаның белсенделігін төмендетеді

3. Т-лимфоциттердің пролиферациясын тежейді

4. Т-лимфоциттердің цитотоксикалық қасиетін төмендетеді

5. Қан тамырлары қабырғаларының адреналин мен норадреналинге сезімталдығын

Тест №71. Препаратты анықтау: глюкокортикоид, қабынуға қарсы зат ретінде гидрокортизоннан 5 есе белсенді, минералокортикоидты қасиеті жоқ. Жанама әсерлері – ауыр миопатиялар, депрессивті жағдайлар.

1. Митотан

2. Дексаметазон

3. Триамцинолон

4. Флудрокортизон

5. Преднизолон

Тест №72. Гепаринге тән әсерлер:

1. Геморрагиялық инсултте тиімді

2. Қан ұюын іn vіtro және іn vіvo тоқтатады

3. Тромбы түзілуін күшейтеді

4. Тромбоциттердің агрегациясын туғызады

5. Нефротоксикалық әсер туғызады

Тест №73. Гипохромды анемияда таңдамалы препараттар болып табылады:

1. Темір лактаты, темір фумараты

2. Цианокобаламин, шала тотыққан темір сульфаты

3. Ферковен, фолий қышқылы

4. Эпоэтин альфа, викасол

5. Аминокапрон қышқылы, контрикал

Тест №74. Гиперхромды анемияда таңдамалы препараттар болып табылады:

1. Цианокобаламин, темір хлориді

2. Кальций хлориді, мальтофер

3. Цианокобаламин, фолий қышқылы

4. Фибриноген, темір лактаты

5. Темір фумараты, эпоэтин альфа

Тест №75. Темір препараттарының жанама әсерлері:

1. Қан кету, іш қату

2. Ульцерогенді әсер, бас аурулар

3. Пирогенді әсер, аллергиялық реакциялар

4.Тісте қара дақтар түзілуі, іш қату

5. Невриттер, бас айналу

Тест №76. Препараттың тобын анықтау: ішке қабылданады, әсері баяу дамиды, қан ұюын іn vіvо тоқтатады, кумуляцияланады, К витаминінің антагонисі:

1. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар

2. Тікелей емес антикоагулянттар

3. Антиагреганттар

4. Фибринолитикалық заттар

5. Агреганттар

Тест №77. Энтералды қолданылатын темір препараттары:

1. Миелосан, метотрексат

2. Ферроплекс, гемофер

3. Феррум-лек, цисплатин

4. Ферковен, хлорбутин

5. Фолий қышқылы, кармустин

Тест №78. Анемияда қолданылатын жұптастырылған препараттар:

1. Коамид, эпоэтин альфа

2. Ферро-градумет, фолий қышқылы

3. Ферковен, цианокобаламин

4. Ферроплекс, ферамид

5. Коамид, кальций хлорид

Тест №79. Препаратты анықтау: гемостатикалық зат, тромбтың түзілуіне қатынасатын қанның табиғи бөлімі, жүйелі қан кетулерде қолданылады.

1. Кальций хлориді

2. Гепарин

3. Тромбин

4.Фибриноген

5. Серотонин адипинаты

Тест №80. Гипохромды анемияда қолданылатын әсері ұзартылған темір препараты:

1. Темір хлориді

2. Шала тотыққан темір сульфаты

3. Ферроградумет

4. Эпоэтин альфа

5. Тардиферон

Тест №81. Препаратты анықтау: Майда еритін витаминдерге жатады. Оның жетіспеушілігінде қанда протромбиннің және қан жүйесінің басқа қан ұю факторларының құрамы төмендейді, қан кету, геморрагиялық диатез дамиды. Қан кетуге қарсы қасиеті бар, тікелей емес антикоагулянттардың антагонисі болып табылады.

1.Никотин қышқылы

2.Линетол

3. Фитоменадион (викасол)

4.Фолий қышқылы

5.Аскорбин қышқыл

Тест №82. Радикулитте, полиневритте және ОЖЖ қызметі бұзылыстарында оң әсер ететін антианемиялық зат:

1. Темір фумараты

2. Феррум - лек

3. Цианокобаламин

4. Темір лактаты

5. Ферроградумет

Тест №83. Мерказолилге тән әсерлер:

1.Қалқанша безі гормондарының синтезін жоғарылатады

2. Гипотиреозда қолданылады

3. Аллергияға қарсы әсер көрсетеді

4. Көктамырға енгізіледі

5. Қалқанша безі гормондарының синтезін төмендетеді

Тест №84. Кейбір созылмалы ауруларда дамитын анемияны емдеу үшін қолданылатын дәрілік зат:

1. Цианокобаламин

2. Миелосан

3. Кармустин

4. Эпоэтин альфа

5. Коамид

Тест №85. Ферковенмен уланғанда байқалады:

1. Ульцерогенді әсер, қанталау

2. Беттің қызаруы, белде ауыру сезімі

3. Диарея, аллергиялық реакциялар

4. Тісте қара жолақтың пайда болуы, диарея

5. Невриттер, тітіркендіргіш әсер

Тест №86. Үш валентті темірді екі валенттіге тотықтыратын витаминдік препарат:

1. Цианокобаламин

2. Темір лактаты

3. Фолий қышқылы

4. Аскорбин қышқылы

5. Эритропоэтин

Тест №87. Препаратты анықтау: парентералды енгізуге арналған кешенді темір препараты, құрамында темір сахараты және кобальт глюконаты кіреді. Гипохромды анемияда қолданылады.

1. Коамид

2. Шала тотыққан темір сульфаты

3. Ферковен

4. Эпоэтин альфа

5. Меркаптопурин

Тест №88. Геморрагиялық синдромда қолданылатын заттар:

1. Гепарин, фраксипарин, варфарин

2. Кальций хлориді, фибринолизин, стрептокиназа

3. Фепромарон, фенилин, стрептодеказа

4. Викасол, гепарин, адроксон

5. Кальций глюконаты, серотонин адипинаты, викасол

Тест №89. Агрегант

1. Серотонин адипинаты

2. Цианокобаламин

3. Эпоэтин альфа

4. Фолий қышқылы

5. Аскорбин қышқылы

Тест №90. Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттар:

1. Кальций глюконаты, фторурацил

2. Меркаптопурин, фолий қышқылы

3. Гепарин, цианокобаламин

4. Фенилин, варфарин

5. Цитарабин, аскорбин қышқылы

Тест №91. Аскорбин қышқылының жанама әсерлері:

1.Инсулярлы аппараттың қызметін тежейді

2. Зәрдің сілтілігі артады

3. Липидтердің асқын тотығуы жоғарылайды

4. Қантамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды

5. Тауық соқыр пайда болады

Тест №92. Резорбтивті әсер ететін гемостатикалық заттарға жатады:

1. Гепарин, фраксипарин

2. Контрикал, варфарин

3. Кальций глюконаты, фенилин

4. Фибриноген, викасол

5. Этамзилат, тромбин

Тест №93. Макроцитарлы анемияда қолданылатын суда еритін витаминдердің препараты:

1. Цианокобламин

2. Аминокапрон қышқылы

3. Фолий қышқылы

4. Никотин қышқылы

5. Аскорбин қышқылы

Тест №94. Тератогенді әсер көрсететін антикоагулянт:

1. Гепарин

2. Варфарин

3. Стрептокиназа

4. Альтеплаза

5. Аминокапрон қышқылы

Тест №95. Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттардың әсер механизмі:

1. Бауырда протромбиннің және проконвертиннің өндірілуін тежейді

2. Тромбиннің белсенділігін төмендетеді

3. Протромбиннің тромбинге өтуін тежейді

4. Кальций ионын байланыстырады

5. Профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді

Тест №96. Викасолдың әсер механизмі:

1. Кальций ионын байланыстырады

2. Тромбиннің белсенділігін төмендетеді

3. Протромбиннің тромбинге өтуін тежейді

4. Бауырда протромбиннің өндірілуін ынталандырады

5. Протеолитикалық ферменттерді тежейді

Тест №97. Препаратты анықтау: синтетикалық антифибринолитикалы препарат болып табылады, плазминогеннің плазминге өтуін тежейді. Геморрагиялық инсульте қолданылады.

1. Адреналин гидрохлориді

2. Протамин сульфаты

3. Адроксон

4. Аминокапрон қышқылы

5. Викасол

Тест №98. Дипиридамолға тән әсерлер:

1. Антигипертензивті әсер

2. Антиагреганттық әсер

3. Анемияға қарсы әсер

4. Паркинсонға қарсы әсер

5. Тырысуға қарсы әсер

Тест №99. Циклооксигеназаны тежейтін антиагреганттық зат:

1. Ацетилсалицил қышқылы

2. Варфарин

3. Кальций хлориді

4. Тромбин

5. Контрикал


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тест №122. Дипиридамол | Тест №138. Верапамил | Тест №199. Бронхиалды демікпедегі глюкокортикоидтардың әсер механизмі | Тест №291. Гломерулонефритте кортикоидты терапия қарсы көрсетілгенде |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глава 11| Тест №100. Тікелей емес антикоагулянттарды жоғары мөлшерде қолданғанда

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.088 сек.)