|
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
ың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда қарқынды түрде жүргізілді. Егістік жерлерінің көлемі артты. Астық өңдеу бойынша 2 орынға шықты. Қазақстан жеріне көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар жаңа обьектілер салынды.Он мыңдаған жолдар төселді.Тың игерудің салдары. Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлері игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға кеген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды.Тың игеруге байланысты совхоздарға көбіне тозған, бүлінген комбайндар мен тракторлар, ауыл шаруашылық техникалары жіберілді. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер жарамсыз болып қалды.Топырақ эрозияға ұшырады. Жердің құнарлығы азайды.Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллондаған жерлер жыртылмағандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Қазақ ұлтының ерекшеліктерін аяққа тапталды.Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер таралды. Қазақ мектептері, газет-журналдары азайды Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды.Мал шаруашылығы Коммунистік партияның жүргізген солақай саясатының кесірінен Қазақстанда мал шаруашылығының дамуы өте баяу жүрді. Көптеген мал жайылымдарының тың игеру кезінде егістікке айналып кетуі де мал шаруашылығының артта қалу себептерінің бірі болды.1955 жылы болған КОКП Орталық Комитетінің пленумында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанда мал шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен, 255 совхоз және 47 колхоз мал өндіретін. Малшылар еңбегінің арқасында мал шаруашылығы ілгері басты. Шаруашылықтың бар ауыртпалығын көтерген малшылар өз еңбегі нәтежиесінде үлкен табыстарға жете білді. Тың игеру саясатының негізгі мақсаты -Ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру және халықтың азыққа деген қажеттіліктерін қаматамасыз ету. Күріш өсіруден рекордты өнім алуға қол жеткізген Ыбырай Жақаев дүниеге келді- Қызылорда облысы Шиелі ауданында.1960 жылдардың басында ҚХР-да тұратын халықтың 200 мыңы Тарихи Отаны Қазақстанға келді.
Колхоздардың совхозға айналдыру. 1957 жылы Қазақстанда ұсақ колхоздарды біріктіру нәтижесінде совхоздар құрыла бастады. 1957 жылы ұсақ колхоздар негізінде 158 совхоз құрылды. 1958 жылы жаңадан 500 совхоз құрылды. Совхоздар халықтың мұқтажын толық өтей алмады., өйткені совхоздар шаруашылығы жоғарыдан жопарлы түрде жүргізілді. 1957 жылы ауыл халқының малдарын совхоздар ала бастады.Қазақстан халқының әлеуметтік демократиялық құрылымы.Индустрияның дамуы, тың игеру ісі республика халқының таптық және ұлттық құрамына үлкен өзгеріс әкелді. Индустрияның кемел дамуы жаңа жұмысшы мамандарды қажет етті Урбанизация күшейді. 1959 жылы Қазақстанда қала халқының үлес салмағы 44 % -ға жетті. Жаңа қалалар саны 15 болды.1954-1962 жылдар аралығында Қазақстанға Ресей Украина сияқты республикалардан 2 млн адам қоныс аударды. 1954-1955 жылдары еліміз индустриялық саласында жұмыс істеуі үшін 500 мың адам келді. 1959 жылы Қазақ КСР-дегі қазақтардың үлесі 29 % болды. Коммунисттік партияның солақай саясаты кесірінен қазақ халқының ұлттық мүддесі күн өткен сайын аяққа таптала берді. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылы көктемде қабылданды. Топырақ эрозиясының 2- түрі болды. Тың игерушілердің алғашқы баспанасы палатка, вагондар болды. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қара топырақты зона деп аталды.1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда 115- жаңа қала бой көтерді. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі астық шаруашылығы болды. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам қоныс аударды. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық-орыстар. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған 1959 жылы санақ жүргізілді. Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан Солтүстік Қазақстан. Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді -1956 жылы.Тың игеру кезінде 15 қала, 86 қала типтес поселкелер салынды.Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға 640 м адам келді. Топырақ эрозиясы дегеніміз -Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғат апаты. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі үндіеуропа тіл әулетіне жататын орыс, белорус ұлтының тығыз орналасу себебі -Тың игеру кезінде КСРО-дан болған қоныстандыру.
Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 645 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бюро небанальных экскурсий «Нескучный Нижний» приглашает на экскурсии в ноябрьские праздники! | | | А.Пушкин «Сказка о рыбаке и рыбке», «Сказка о мертвой царевне» Цены |