Читайте также: |
|
Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты:
Студенттерге MS Access деректер қорында кесте шебері көмегімен кесте құру тәсілін үйрету. Деректер қоры терезесінде жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жұмысты орындалу реті:
1 кезең. MS Access –ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру.
1. MS Access программасын жүктеңіз (Пуск-Программы-MS Access командаларын орындаңыз).
2. Ашылған терезеден Жаңа деректер қоры белгісін және ОК батырмасын басыңыз.
3. Файл аты (Имя файла) жолына Фирма Болашақ атын теріп, Құру (Создать) батырмасын шертіңіз.
2 кезең. Кесте шебері көмегімен кесте құру.
1. Таблица объектісіне көшіп, Құру батырмасына шертіңіз.
2. Ашылған бағдарламадан Р ежим–режим таблицы командасын орындаймыз.
3. Ашылған терезеде Переименовать батырмасын басып бірінші өріске Добавить поле жолына тегі (Фамилия) деп жазып Enter батырмасын басамыз. (ПОЛЕ 1) жолына орналасады.
4. Жоғарыдағыдай тәсілмен келесі өріске Лауазымы (Должность) Туған жылы (Дата рождения), Білімі (Образование), Жұмыс стажы (Стаж работы) сөздерін енгізіңіз. Кестені жауып сақтаймыз.
5. MS Access автоматты түрде кілтті белгілейді. Оны көру үшін кестені конструктор режимінде ашып кілттің тағайындалуын және қасиеттерінің дұрыстығын тексереміз.
6. Кестеге форма құрамыз. Ол үшін мәзірден Создание-другие формы-Мастер форм командасын орындаймыз. Команданың орындалу барысында Далее-Далее-Готово батырмаларына басамыз
7. Форманы толтырыңыз (20.1- кесте).
8. Өріс арасында жылжу үшін тышқанды немесе Enter пернесін пайдала-ныңыз.
9. Формаға Қызметшілер атын беріңіз.
10. Форманы жабыңыз.
11. Форма объектісінде орналасқан Қызметшілер формасын конструктор режимінде ашыңыз. Туған жылы, Жұмыс стажы өрістерінің түрлерін сәйкесінше өзгертіңіз: ол үшін Қасиеттер тақтасында орналасқан Енгізу маскасы (Маска ввода) тақтасында Краткий формат даты таңдаймыз.
12. Форманы жабыңыз.
13. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
1- кесте
Код | Фамилиясы | Лауазымы | Туған жылы | Білімі | Жұмыс стажы |
Асанов | Инженер | 11.12.71 | жоғары | ||
Алин | Есепші | 25.12.55 | жоғары | ||
Аренов | Экономист | 05.08.76 | жоғары | ||
Бейсенов | Инженер | 26.05.76 | жоғары | ||
Жусупов | Жүргізуші | 11.07.66 | орташа | ||
Ныгметов | Директор | 06.08.60 | жоғары | ||
Оспанов | Техничка | 08.03.57 | орташа | ||
Пазылов | Есепші | 26.01.79 | орташа | ||
Сарин | Ревизор | 18.11.80 | Жоғары | ||
Толегенов | Механник | 31.12.69 | орташа |
Бақылау сұрақтары:
Кесте шеберін пайдаланып кесте құру технологиясы?
Деректер қорын құру әдісі?
ДҚ терезесіне енгізілген ашу, конструктор, құру,
батырмаларының қызметі?
Кестеге өріс немесе жазылым қосу әдістері?
№ 24 зертханалық жұмыс
MS Access. Кесте режимі көмегімен екі кесте құру, оларды өзара байланыстыру және MS Excel электрондық кестесіне экспорттау
Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге кесте режимі арқылы кесте құру тәсілімен таныстыру. MS Access деректер қорында екі кесте арасында байланыс құрып үйрету. Деректер қорын MS Excel электрондық кестесіне экспорттау тәсілімен таныстыру.
Жұмыстың орындалу реті
1 кезең. MS Access -ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру
1. MS Access программасын жүктеңіз.
2. Ашылған терезеден Жаңа деректер қоры (Новая база данных) белгісін және ОК батырмасын басыңыз.
3. Файл аты (Имя файла) жолына Университет атын теріп, Құру батырмасын шертіңіз.
2 кезең. Кесте режимінде кесте құру
1. Главная-Режим (Режим-таблицы) басамыз.
2. Өрістеріне ат берілмеген және анықталмаған бос кесте пайда болады. 1- Өрістің (Поле1) атын ауыстырыңыз. Ол үшін меңзерді 1-ші өрістің кез келген ұяшығына орналастырып, тышқанның оң жағын басып, Атын ауыстыру (Переименовать) командасын орындаңыз. Өріске Оқу тобы деген ат беріңіз.
3. 2- өріске Оқытушы атын беріңіз.
4. Кестені Топ атымен сақтаңыз. Кілттік өріс құру сұрағына жоқ жауабын беріңіз.
5. Конструктор режиміне көшіп, өрістердің қалай берілгенін қараңыз. Оқу тобы өрісіне тышқанның оң жағын басып, ашылған жанама мәзірден кілттік өріс (ключевое поле) жолын таңдаңыз.
6. Оқу тобы өрісінің түрін (тип) сандық (числовой) түріне өзгертіңіз.
7. Кестені сақтап, жабыңыз.
3 кезең. Тізім кестесін құру
1. Конструктор режимін таңдаңыз.
2. Өріс аттарын Атын ауыстыру (Переименовать) командасы арқылы өзгертіңіз:
Ескі аты | Поле 1 | Поле 2 | Поле 3 | Поле 4 | Поле 5 | Поле 6 |
Жаңа аты | Код | Фамилиясы | Аты | Әкесінің аты | Оқу тобы | Курс |
3. Кестені Тізім атымен сақтаңыз. Кілттік өріс беру сұрағына теріс жауап беріңіз.
4. Конструктор режиміне көшіп, өрістер қасиетін қараймыз.
5. Код өрісі кілттік болсын. Ол үшін Конструктор-Ключевое поле немесе жанама мәзірден кілттік өріс (ключевое поле) жолын таңдаңыз. Код өрісінің түрін санауыш (счетчик) түріне өзгертіңіз.
6. Сәйкесінше Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты өрістерінің түрі - мәтіндік, ал оқу тобы, курс өрістерінің түрі - сандық болуы керек.
7. Меңзерді оқу тобы өрісіне орналастырыңыз.
8. Қасиеттер (Свойства) өрісінде орналасқан Подстановка бөлімін таң-даңыз, басқару элементінің түрі (тип элемента управления) – тізімі бар өріс (поле со списком) (18.1-сурет), жол көзі (источник строк) – Топ деп беріңіз.
21.1- сурет. Конструктор терезесі
9. Кестені сақтап, жабыңыз.
4 кезең. Кестелер арасында байланыс орнату
1. Режим таблицы –схема данных командасын орындаңыз. Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесінде Топ кестесін ерекшелеңіз және Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Тізім кестесін ерекшелеңіз және Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз.
2. Свойства базы данных терезесінде осы кестелердің шартты түрлері пайда болады. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесінің Жабу (Закрыть) батырмасын шертіңіз.
3. Тышқан меңзерін Топ кестесінің Оқу тобы өрісі атына шертіп, тышқанды ұстаулы күйде Тізім кестесінің Оқу тобы өрісіне апарыңыз және тышқанды босатыңыз. Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) сұхбаттық терезесі пайда болады.
4. Деректердің бүтінділігін қаматамасыз ету (Обеспечение целостности данных) белгішесін қосыңыз. Егер екі өрістің түрі бірдей болмаса бұл орындалмайды.
21.2.-сурет. Байланыстарды өзгерту терезесі.
5. Байланысқан өрістерді каскадты жаңаруы (Каскадное обновление связанных полей) белгішесін қосыңыз. Бұл жағдайда Топ кестесіндегі оқу тобы номерін өзгерткенде автоматты түрде Тізім кестесіндегі оқу тобы номерінің де өзгеретінін білдіреді.
6. Байланысқан өрістердің каскадты жойылуы (Каскадное удаление связанных полей) белгішесін қосыңыз. Бұл, егер Топ кестесінде оқу тобы номерін жойғанда Тізім кестесіндегі сәйкес мәліметтің де жойылатындығын білдіреді.
7. Құру (Создать) батырмасын шертіңіз. «Бірдің – көпке» (Один-ко-многим) байланысы пайда болады. Свойства базы данных терезесін жабыңыз және сақтаңыз.
8. Топ кестесін ашыңыз және 5 жазылыммен толтырыңыз:
9. Кестені сақтап, жабыңыз.
10. Тізім кестесін таңдап 5 жазылыммен толтырыңыз.
11. Топ кестесін ашыңыз. Оқу топтарын 200, 201, 202, 203, 204 мәндерімен ауыстырыңыз.
12. Кестені сақтап, жабыңыз.
21.3.-сурет. Деректер сызбасы терезесі
Оқу тобы | Оқытушы |
Махмутова Ш. И. | |
... |
13. Тізім кестесін ашыңыз, ондағы оқу тобы мәндерінің өзгергенін қа-раңыз. Кестені жабыңыз.
14. Топ кестесін ашыңыз және ондағы бірінші жазылымды жойыңыз. Тексеру сұрағына иә жауабын беріңіз және кестені жабыңыз.
15. Тізім кестесін ашыңыз және онда орналасқан 200 номерлі топтың жойылғанына назар аударыңыз.
16. Кестені жабыңыз.
17. Тізім кестесін ашыңыз.
18. Кесте атына барып тінтуірдің оң жағын басып Экспорт командасын орындаңыз.
19. Экспорт объекта сұхбаттық терезесіндегі Файл түрі (Тип файла) жолындағы түспелі менюден MS Excel 3 жолын таңдаңыз.
20. Осы жолдың оң жағында орналасқан Экспорт батырмасын басыңыз. Сіздің MS Access деректер базасында құрған кестеңізді енді MS Excel электрондық кестесінде де ашып жұмыс істеуге болады.
21. Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын ашып MS Excel кеңейтілуінде сақталған Тізім файлын ашып қараңыз.
22. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
23. MS Access терезесін жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
Кестелер арасында байланыс орнату технологиясы?
«Деректер сызбасы», «Байланыстар» терезелері не үшін қажет? Оларды пайдалану әдістері.
Кесте режимінде кесте құру әдісі?
4. Берілген кестені MS Excel электрондық кестесінде ашу үшін орындалатын әрекет?
25 Зертханалық жұмыс
MS Access.Кестеде жазылым іздеу, қарапайым сұраныс құру
Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге қарапайым сұраныс құру тәсілін таныстыру. Іздеу және алмастыру функцияларын қолдануға үйрету.
Жұмыстың орындау реті
1 кезең. Кестеден жазылым іздеу
1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер базасында құрылған Қызметшілер кестесін ашыңыз.
2. Фамилия өрісіне шертіңіз. Главная мәзірінде орналасқан Табу (Найти) батырмасын шертіңіз немесе (немесе Ctrl+F пернелер комбинациясы) орындаңыз.
3. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов фамилиясын енгізіңіз.
4. Ары қарай табу (Найти далее) батырмасын басыңыз. Ізделінген фамилияның табылғанына көз жеткізіңіз.
2 кезең. Деректерді ауыстыру
1. Главная– Алмастыру (Заменить) командасын немесе Ctrl + H пернелерін орындаңыз.
2. Үлгі (Образец) өрісіне Бейсенов жазылымын енгізіңіз.
3. Заменить на өрісіне Бейсенбаев теріңіз және Заменить батырмасын шертіңіз.
3 кезең. Деректерді сұрыптау
1. Туған жылы өрісін өсу реті бойынша сұрыптаңыз. Ол үшін Главная – Сұрыптау (Сортировка) – Өсу реті бойынша сұрыптау (Сортировка по возростанию) командаларын орындаңыз.
4 кезең. Деректерді іріктеу
1. Қызметшілердің арасынан инженерлерді іріктеп алыңыз. Ол үшін меңзерді лауазымы өрісіне орналастырып, инженер мәтінін ерекшелеп Главная – Сүзгі (Фильтр) – белгіленгені бойынша сүзгі (фильтр по выделенному) командаларын орындаңыз немесе аспаптар тақтасындағы сәйкес батырманы басыңыз.
2. Сүзгіні өзгерту (Изменить фильтр) батырмасын шертіңіз.
3. Жұмыс стажы 5 жылдан артық инженерлер тізімін шығару керек. Ол үшін Жұмыс стажы өрісіне >5 шартын енгізіңіз.
4. Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.
5 кезең. Іріктеуге сұраныс құру
1. Қызметшілер кестесі үшін іріктеуге сұраныстар құру қажет. Сұраныста қызметшілердің фамилиялары және лауазымы – инженер болуы қажет, сұраныс нәтижесі фамилиясы бойынша реттелуі тиіс және сұраныс аты «қызметшілер лауазымы» болсын. Ол үшін:
2. Сұраныстар (Запросы) объектісіне шертіңіз, Құру (Создание) – Кон-структор режимін таңдаңыз.
3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдап, Далее батырмасын шертіңіз.
4. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.
5. Іріктеуге сұраныс (Запрос на выборку) терезесінде өріс (поле)жолындағы бірінші бағанға шертеміз, ашылатын тізім бағыттауышына шертіп, фамилия өрісін таңдаймыз және 2-ші бағаннан – лауазымын таңдаңыз.
6. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында лауазымыөрісіне инженер сөзін енгізіңіз.
7. Сұрыптау (Сортировка) жолынан өсу реті бойынша ( по возрастанию) таңдаңыз.
8. Аспаптар тақтасында орналасқан! (Запуск) батырмасына шерту арқылы сұранысты орындаңыз.
9. Сұранысты сақтаңыз.
10. Келесі сұраныста 12.01.1972 - 12.12.1975 жыл аралығында туылған-дардың фамилиясын шығару керек. Ол үшін 2 пункттен 5-ші пунктке дейінгі нұсқауды орындап, тек 2-бағаннан туған жылын таңдаңыз.
11. Таңдау шарты (Условие отбора) жолында туған жылыөрісіне between #12.01.1972# and #12.12.1975# енгізіңіз.
12. Сұранысты орындауға жіберіңіз.
13. Сұраныс аты «Туған жыл».
14. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
Тапсырма
Келесі сұраныстарды құрыңыздар:
1. Сұраныста қызметшілер фамилиялары және туған жылдары берілуі керек, туған жылы өсу реті бойынша реттелуі тиіс, сұраныс аты «туған жылы».
2. Сұраныста жоғарғы білімі бар қызметшілер фамилиясы көрсетілуі қажет, сұраныс аты «жоғарғы білімді қызметшілер».
3. 5 жыл жұмыс стажы бар жоғарғы білімді қызметкерлер фамилиясын анықтау керек, сұраныс аты «жұмыс стажы 5 жыл».
4. Тапсырма нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
5. MS Access терезесін жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Қарапайым сұраныс құру тәсілі?
2. Іздеу және ауыстыру функциялары не үшін қажет?
3. Сұрыптаудың қандай түрлерін білесіздер?
№ 26 зертханалық жұмыс
MS Access. Сұранысты параметрмен құру
Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге сұранысты параметрмен құру тәсілін таныстыру. Деректер қорында сұраныс құру түрлерін еркін пайдалануға дағдыландыру.
Жұмыстың орындау реті
1 кезең. Сұраныс құруға арналған кестені ашу
1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз.Сұранысты конструктор режимінде құру (создание запроса в режиме конструктора)
2. Создание- Конструктор запросов объектісіне басамыз – үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады. Онымен бірге бірмезетте Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесі ашылады.
3. Кесте қосу терезесінде Қызметшілер кестесін таңдаңыз және қосу (добавить) батырмасын таңдаңыз.
4. Кесте қосу терезесін жабыңыз.
5. Қызметшілер кестесінің өріс тізімдерінде нәтижелік кестені қосатын өрістерді таңдаңыз: Фамилиясы, Лауазымы, Жұмыс стажы. Таңдауды өріс аттарына екі рет шерту арқылы орындайсыз (23.1-сурет).
23.1. –сурет.Өріс аттарын таңдау
2 кезең. Сұраныстарды «параметрмен» құру
1. Жұмыс стажы өрісі үшін Іріктеу шарты (Условие отбора) жолын сұранысты қосқан уақытта пайдаланушы керекті мәнді енгізу сөзін алатындай етіп толтыру қажет. Пайдаланушыға арналған мәтін тік жақшаға алынып жазылады. Егер 10 жылдан артық жұмыс істеген қызметкерлерге марапаттау қағазын сыйлау керек болса, сіз өріске >10 деп жазасыз, керісінше 10 жылдан төмен жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттағыңыз келсе, < 10 жазуын енгізесіз. Бірақ сіз пайдаланушыға таңдау мүмкіндігін беруіңіз керек, сондықтан өріске 9 – мәтінін жазыңыз.
2. Сұранысты жабыңыз.
3. Жұмыс стажын таңдау атымен сақтаңыз.
4. Сұраныстар объектісін ашыңыз және Жұмыс стажын таңдау сұранысын жіберіңіз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз (Введите значение параметра) сұхбаттық терезесі шығады (20.2.-сурет).
23.2.-сурет. Параметр мәнін енгізу терезесі
5. Қандай да бір сан енгізіңіз және ОК басыңыз. Қызметшілер кестесінің мазмұнына сәйкес сұраныс нәтижесі бойынша нәтижелік кесте құрылады.
6. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
7. MS Access-ті жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1.Сұраныс құрудың қандай әдістерін білесіз?
2.Сұраныстарды параметрмен құру үшін қандай әрекет орындалады?
3.Қарапайым сұраныс пен параметрлі сұраныс ерекшеліктері?
№ 27 зертханалық жұмыс
MS Access. Нәтижелік сұраныс құру
Орындау уақыты: 1 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыстың мақсаты
Студенттерге қорытынды сұраныс құрып, пайдаланылатын қорытынды функцияны таңдауды таныстыру.
Жұмыстың орындау реті
1 кезең. Кестеге өріс қосу
1. №17 зертханалық жұмыста орындаған Фирма Болашақ деректер қорын ашыңыз.
2. Кестелер объектісінде орналасқан Қызметшілер кестесін таңдаңыз.
3.Конструктор белгішесіне шерту арқылы кестені жобалау режимінде ашыңыз.
4. Кесте құрылымының соңына Демалыс уақыты өрісін енгізіңіз. Түрі сан-дық болсын.
5. Конструктор терезесін жабыңыз. Жабу барысында кесте құрылымын өзгертуді растаңыз.
6. Қызметшілер кестесін ашыңыз және демалыс уақыты өрісін дерек-термен толтырыңыз. Өріс түрі сандық болғандықтан қандай да бір сандармен толтырасыз.
7. Қызметшілер кестесін жабыңыз.
2 кезең. Сұраныс құру
1. Сұраныстар объектісін ашыңыз.
2. Сұранысты конструктор режимінде құру (Создание запроса в режиме конструктора) белгішесіне екі рет шертіңіз.
3. Ашылған Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесінде Қыз-метшілер кестесін таңдаңыз.
4. Кесте қосу терезесін жабыңыз.
5. Үлгі бойынша сұраныс құру бланкісіне Қызметшілер кестесінің Фамилиясы, Лауазымы, Жұмыс стажы және Еңбек демалысы өрістерін енгізіңіз.
6. Жұмыс стажы өрісі үшін өсу реті бойынша сұрыптауды қосыңыз.
7. MS Access аспаптап тақтасында орналасқан Топтық операциялар (Групповые операции) батырмасын шертіңіз.
8. Топталатын жазылымы бар өрісі үшін (сіздің жұмысыңызда – Еңбек демалысы өрісі) Топтық операциялар (Групповые операции) жолында – Топтау (Группировка) мәнін қалдырыңыз.
9. Қалған өрістер үшін осы жолды шертіңіз. Ашылатын тізім батырмасы пайда болады, онда берілген өрісте мәндерді есептеу үшін қорытынды функцияны таңдауға болады.
10. Жұмыс стажы өрісінде орташа жұмыс стажын анықтау үшін Avg қорытынды функциясын енгізіңіз.
24.1.-сурет. Қорытынды функцияны енгізу.
11. Фамилиясы өрісі бойынша топқа енген жазылымдардың санын анықтауға Сount қорытынды функциясын енгізіңіз.
12. Сұраныс терезесін жабыңыз және Еңбек демалысы атын беріңіз.
13. Сұранысты қосыңыз, оның дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз.
14. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
15. MS Access-ті жабыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Кестеге жаңа өріс құру үшін қандай әрекет орындалады?
2. Кестеден артық өрісті жою әрекеті?
3. Топтық операциялар орындау үшін қандай команда орындалады?
4. Avg қорытынды функциясының қызметі?
5. Сount қортыныды функциясының қызметі?
№ 28 зертханалық жұмыс
Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 623 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
в сравнении с психопатиями | | | MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату |