Читайте также: |
|
248. Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары:
A) 1845-1904 жж.
249. Қазақтың қай ғалымы қырғыз халқының «Манас» поэмасын жинақтап жазып алды?
A) Ш. Уәлиханов
250. Қазақстандағы қай жерде алғаш рет қыздар үшін мектеп ашылды?
A) Ырғызда
251. Еуропалық елдердің арасынан Ресейге Ұлы жүздің қосылуына қай мемлекет белсенді қарсылық көрсетті?
A) Англия
252. Кейін Францияға қоныс аударған, Қоқан автономиясының сыртқы істер министрі кім еді?
A) М.Шоқай
253. Ордабасы жерінде бүкілқазақтық құрылтай қашан болды?
A) 1726 ж.
254. «Алаш Орда» үкіметінің басшысы кім?
A) Ә.Бөкейханов
255. Қазақ тіліндегі алғашқы газет қандай атаумен шықты?
A) «Қырғыз дала газеті»
256. Қай жылы қазақтар патша ІІ-ші Николайға «Қарқаралы петициясын» жазды?
A) 1905 ж. шілдесінде
257. Қоныс аудару саясатын сынға алып, қазақтардың мүдделерін белсенді қорғаған Мемлекеттік Думаның депутаты:
A) Т. Сидельников
258. 1905-1907 жылдардағы Бірінші орыс революциясының басталуына қандай уақиға себепкер болды?
A) «Қанды жексенбі»
259. «Айкап» қоғамдық-саяси журналының алғашқы редакторы:
A) М. Сералин
260. І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында қандай кәсіпорын Қазақстанда мыс өндірді?
A) «Спасс кендері»
261. І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ресейде мұнай өндіру бойынша Орал-Ембі бассейні қандай орын алды?
A) 3-ші орын
262. 1916 ж. көтерілістің басталуына сылтау болған не?
A) 1916 ж. 25 маусымында жарық көрген «Тыл жұмыстарына бұратаналарды реквизициялау туралы» патшаның жарлығы
263. 1916 ж. көтерілістің ең ірі ошақтарын атап көрсетіңіз:
A) Жетісу мен Торғай
264. 1916 ж. көтерілістің Жетісудағы белгілі жетекшілерінің бірі:
A) Б. Әшекеев
265. 1916 ж. көтерілістің Торғай облысындағы белгілі жетекшісі:
A) А. Иманов
266. «Алаш» партиясы ресми түрде қашан құрылды?
A) 1917 ж., желтоқсан
267. «Алаш» партиясының баспасөз органы:
A) «Қазақ»
268. «Алаш» партиясының әнұранының авторы:
A) С. Торайғыров
269. Араб графикасы негізінде қазақ әліпбиінің реформаторы:
A) А. Байтұрсынов
270. XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан құқық дәстүрлері мен нормаларын ретке келтіріп, жаңартуда қай ханның үлкен рөлі болды?
A) Тәуке
271. Қай жылдары Әбілқайыр ханның Қазақ хандығындағы саяси беделі өсіп, шарықтай түсті?
A) 1723-1729 жж.
272. 1921 ж. жер-су реформасының басты мақсаты қандай еді?
A) патша өкіметі тартып алған жерлерді шаруаларға қайтарып беру
273. Қазақстандағы ұжымдастыру қандай әдістермен іске асырылды?
A) күштеп жүзеге асырылды
274. Қазақстанның қай аймақтарына жоңғар қонтайшылары анағұрлым көз алаңдатқан еді?
A) оңтүстік
275. «Ақтабан шұбырынды» қасіреті қашан басталды?
A) 1723 ж., көктемде
276. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. бас кезінде орыс-қазақ дипломатиялық қатынастарының басты тақырыбы:
A) сауда дамуына анағұрлым тиімді жағдайлар жасау
277. Бірінші бүкілқазақтық съездінде қандай басты мәселе қарастырылды?
A) ұлттық автономия құру мәселесі
278. Қазақ хандығының саяси тәуелсіздігінен айырылуына не бастау болған?
A) 1822-1824 жж. отаршыл реформалар
279. Қарақұмдағы қазақ жүздері өкілдерінің құрылтайы қай жылы ұйымдастырылды?
A) 1710 ж.
280. Аягөз өзені маңындағы шайқас қай жылы болған?
A) 1718 ж.
281. «Ақтабан шұбырынды» жылдары:
A) 1723-1727 жж.
282. Тарихта «Шаңды жорық» атауына ие болған уақиғалар желісі:
A) Қалмақтардың Еділ мен Жайық аралығынан Жоңғария территориясына көшуі
283. Жалпыресейлік халық санағы бойынша 1897 ж. қазақтар өлке тұрғындарының 80 % құрады, ал 2-ші Мемлекеттік Думада не бары 4 қазақ депутаты болды. Неліктен?
A) ұлттық белгі бойынша сайлаушы құқықтардың шектелуі
284. Аңырақай шайқасы қай жылы болды?
A) 1729 ж.
285. И.Д. Бухгольцтың экспедициясы қай жылы басталды?
A) 1715 ж., шілде
286. Жоңғарлармен 1726 жылғы ірі шайқас қай жерде болған?
A) Бұланты өзені маңында
287. Кіші жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдау мәселесін талқылау үшін Әбілқайыр ханға қай орыс елшісі жіберілді?
A) А.И.Тевкелев
288. Жетісу өңіріне ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы қай жылдары іске асырылды?
A) 1881-1883 жж.
289. «Сібір қырғыздары туралы Жарлық» қашан қабылданды?
A) 1822 ж.
290. 1773-1775 жж. шаруалар соғысына қазақтардың қатысуының басты себебі не болды?
A) Оралдың арғы жағына көшіп-қонуға тыйым салынуы
291. С.Датұлының басшылығымен ұлт-азаттық қозғалыс қай жылдарға созылды?
A) 1783-1797 жж.
292. «Игельстром реформаларының» негізгі идеясы:
A) хан билігі институтының жойылуы
293. Бөкей хандығының құрылу жылы:
A) 1801 ж.
294. «Орынбор қызғыздарының жарғысын» кім әзірледі?
A) К. Эссен
295. 1822 жылғы Жарлық бойынша Қазақстанның әкімшілік-территориялық бөлінушілігіне кірмеген бірлікті атаңыз?
A) уезд
296. Қандай оқиғалардан кейін патша үкіметі Орта жүзде ханды сайламау және тағайындамау жөнінде шешім қабылдады?
A) Бөкей мен Уәли хандардың өлімінен кейін
297. 1822 жылғы Жарлық бойынша болыстың құрамына қанша ауыл кірді?
A) 10-12 ауыл
298. 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарлықты» енгізудің негізгі нәтижесі?
A) хандық биліктің жойылуы
299. ХІХ ғ. екінші ширегінде батыстан шығысқа қарай Қазақстанның бүкіл территориясы...
A) әскери шептердің үзіліссіз тізбегімен қамтылды
300. Патшаның тарапынан хандық билікті жоюдан кейін...
A) Ресей басқару жүйесіне ұқсас жаңа аймақтық құрылым жүйесі енгізілді.
301. Қай жылы Маңғыстаудағы көтеріліс болды?
A) 1870 ж.
302. ХІХ ғасырдың екінші жартысында саяси жер аударудың орталығы қай қала болды?
A) Семей
303. Кенесары Қасымұлы қай ханның ұрпағы болды?
A) Абылай ханның
304. Отаршылдық жоғары әкімшілік шенеуніктері алдында Кенесары Қасымұлы төре қандай талап қойды?
A) хандықты билікті қалпына келтіру
305. 1856-1857 жж. Сырдариядағы қазақтардың көтерілісін кім басқарды?
A) Ж. Нұрмұхамедұлы
306. ХІХ ғасырдың екінші ширегінде Бөкей ордасының ханы:
A) Жәңгір хан
307. 1833 ж. Бөкей хандығында бұқаралық наразылықтың туындауына басты себеп не болды?
A) Жәңгірдің өз қайын атасын Қарауылқожа Бабажановты рулық бөлімдерді басқару қызметіне тағайындау
308. Исатай Тайманұлының ұлт-азаттық қозғалысында сенімді серігі:
A) Махамбет Өтемісұлы
309. Махамбет Өтемісов кім болған еді?
A) суырып салма ақын, Исатай Таймановтың серігі
310. 1836-1838 жылдары Бөкей хандығындағы азаттық қозғалыстың негізгі әлеуметтік базасы:
A) көшпелі шаруалар
311. «Қазақ даласының Митридаты» деп кімді атады?
A) Кенесары Қасымұлы
312. Кенесары Қасымұлының жетекшілігімен ұлт-азаттық қозғалыстың хронологиялық шектерін атаңыз:
A) 1837-1847 жж.
313. Кенесары Ресейден басқа қай мемлекетке қарсы жауласу саясатын ұстанды?
A) Қоқан хандығы
314. Ә. Бөкейхановтың қоғамдық - саяси қызметіне жатады:
C) Мемлекеттік Думаның депутаты
E) Алаш автономиясының төрағасы
315. Сібір қырғыздары жарғысын қабылдау нәтижелері:
A) Хан билігін жою
D) Әкімшілік-аумақтық басқарудың жаңа құрылымын енгізу
F) Орта Жүздегі сыртқы округтердің мекемелерін ашу
316. Қазақстанның әкімшілік территориялық басқару жүйесін енгізгендер:
A) П. Эссен
B) М. Сперанский
317. XIX ғасырдың 2 - ші жартысындағы Қазақстандағы процесстер:
B) Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалардың жаппай қоныс аударуы
F) өлке экономикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы
318. Хронологиялық шеңбер мен тарихи құбылыстар арасында сәйкестікті орнат:
1) «Ақтабан шұбырынды» B) 1723-1727-ші жылдар
2) Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы A) 1730-ші жылдар
3) Абылай ханның билеу жылдары C) 1771-1781-ші жылдар
319. 1822-1824 жылдары әкімшілік реформалар қай жүздерде жүргізілді?
B) Кіші жүзде
C) Орта жүзде
320. 1822 ж. әкімшілік реформалар нені көздеді?
C) Орта жүздегі хандық билігінің жойылуын
F) Орта жүз руларын әкімшілік басқаруды енгізуді
321. Алаш қозғалысының басшылары:
A) А.Бөкейханов
D) М.Дұлатов
F) А. Байтұрсынов
322. XIX ғасырдың бірінші жартысына жататын құбылыстар:
B) Орта және Кіші жүздерде Ресейдің әкімшілік басқаруын енгізу
E) Кеңесары Қасымовтың жетекшілігімен болған ұлттық-азат ету күресі
G) Қазақ хандығының саяси дербестігін жоюға бағытталған әкімшілік реформалар
323. 1916 ж көтерілістің негізгі ошақтары:
A) Жетісу
C) Торғай даласы
324. XVIII ғ екінші жартысындағы тарихи процесстер:
C) Абылай ханның билік етуі
D) Игельстром реформасының жүзеге асырылуы
H) Кіші жүздегі Сырым Датұлының бастауымен болған көтеріліс
325. «Жеті жарғы» заңдар жинағының бағыттылығы:
A) қазақ қоғамының ауызбіршілікке келуіне
D) қазақ қоғамындағы қоғамдық-құқықтық нормаларды жүйеге келтіру
F) қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен маңызын арттыру
326. 1867-1868 жж реформалар нәтижелері:
E) Қазақстанның Ресейдің құрамына толықтай енуін заңды тұрғыдан бекіту
F) Қазақстанның табиғи ресурстарын ауқымды масштабта пайдалануға мүмкіншілік берді
327. 1867 ж құрылған облыстар:
D) Жетісу
E) Сырдария
328. XIX ғасырдың екінші жарты жылдығындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуына тән сипат:
A) қазақ қоғамындағы тауар-ақша қатынасының дамуы
B) Қазақстан экономикасына шетел капиталының енуі
C) қазақ қоғамын әлеуеметтік дифференциалаудың күшеюі
329. Қазақтың үш жүзін анықтаңыз:
A) Ұлы
B) Орта
C) Кіші
330. Қазақтардың жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресінің жетекшілері:
A) Абылай
B) Әбілқайыр
331. Ресейдің отаршылдық шараларына қарсы бағытталған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері:
A) Кенесары Қасымұлы
B) Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы
332. 1867-1868-ші жылдардағы реформалар бойынша Қазақстан территориясында қалыптасқан генерал-губернаторлықтар:
A) Орынбор
B) Түркістан
C) Батыс Сібір
333. Көктемде қыстауда қалған кедейленген қазақтар:
A) жатақтар
334. Қазақ мемлекетінің билеушісінің титулы:
A) хан
335. Қазақтардың жоңғарлармен күресіне үлкен үлес қосқан қазақ батырлары:
A) Бөгенбай
B) Қабанбай
336. XVII-ші - XVIII ғасырдың 1-ші жартысында қазақ мемлекеттігіне қауіп төндірген ел:
A) Жоңғария
337. Қазақстанды «Азияның қақпасы мен кілті» ретінде белгілеген Ресей императоры:
A) І-ші Петр
338. XVIII-ші ғасырдың 30-40-шы жылдарында Кіші және Орта жүздерге протекторат орнатқан ел:
A) Ресей
339. Қоқан автономиясын басқарған қазақ қоғамдық қайраткерлері:
A) Мұхамеджан Тынышпаев
B) Мұстафа Шоқай
340. ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі үш революцияны анықтаңыз:
A) 1905 жылғы бірінші орыс революциясы
B) 1917 жылғы ақпан революциясы
C) 1917 жылғы қазан революциясы
341. 1920-1936 жылдардағы Қазақ автономиялық кеңестік социалисттік республикасының астанасы:
A) Орынбор
B) Қызыл-Орда
C) Алматы
342. XVIII ғасырдағы Ресейдің отаршылдық саясаты неден көрініс тапты?
A) Ертіс өзенінің оң жағына өтуге тыйым салудан
B) Жайық өзеніне жақын аудандарда көшуге тыйым салудан
E) Әскери бекіністер жүйесін құрудан
343. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілістері:
B) Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының көтерілісі
D) Кенесары Қасымұлының көтерілісі
344. Қазақстанда саяси айдауға түскен Ресей империясының әдебиет қайраткерлері
A) Т. Г. Шевченко
C) Ф. М. Достоевский
345. Тарихи құбылыстар мен оларға қатысқан тұлғалардың сәйкестігін анықтаңыз:
1) Ресей бодандығын қабылдау A) Абілқайыр хан
2) Алаш партиясын құру B) Ә. Бөкейханов
3) Оңтүстік Қазақстанды жаулау D) М.Г. Черняев
4) Орынбор қырғыздарының ережесін әзірлеу C) П. Эссен
346. XVIII-ші ғасырда Қазақстан территориясында Ресейдің әскери күш ауқатының артуы немен байланысты?
B) казактардың қоныстануымен
E) әскери бекіністер шебін құрумен
347. XVIII-ші ғасырда билік еткен қазақ хандары:
A) Әбілқайыр
C) Абылай
E) Әбілмәмбет
348. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілдері:
A) А. Байтұрсынов
B) М. Дулатов
C) С. Торайғыров
349. Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссарлары:
B) М. Шоқай
D) А. Бөкейханов
E) М. Тынышпаев
350. ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы тарихи уақиғалар:
A) Бөкей Ордасының қалыптасуы
B) Кенесары Қасымұлының көтерілісі
D) «Сібір қырғыздары туралы» жарғысының қабылдануы
351. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы ағартушы қайраткерлер:
A) А. Құнанбаев
B) Ы. Алтынсарин
C) Ш. Уәлиханов
352. Тарихи уақиғалар мен оған қатысушы тұлғалардың есімдерін сәйкес қойыңыз:
1) Бірінші орыс революциясы C) Ж Ақпаев
2) Орта жүздің Ресей бодандығына өту B) Әбілмәмбет хан
3) «Қазақ» газетін басып шығару A) А. Байтұрсынов
4) «Сібір қырғыздары туралы» жарғысын әзірлеу D) М. М. Сперанский
353. Құбылыстарды хронологиялық тәртіпте орналастырыңыз:
A) Қазақ-жоңғар соғыстары
B) Бөкей Ордасының қалыптасуы
C) Кенесары Қасымұлының көтерілісі
D) Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы
E) Бірінші орыс революциясы
354. Тарихи құбылыстар мен хронологиялық кезеңдер арасында сәйкестікті табыңыздар:
1) Бірінші орыс революциясы D) 1905-1907 жж.
2) Кенесары Қасымұлының көтерілісі B) 1837-1847 жж.
3) Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы C) 1881-1883 жж.
4) С.Датұлының көтерілісі A) 1783-1797 жж.
355. Кіші жүздің басқару жүйесін өзгертуге ұмтылған генерал - губернаторлар:
B) Игельстром
D) Эссен
356. Қай жылы Қарахандар мемлекетінде ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланған?
A) 960 ж.
357. Араб деректемелерінде қыпшақтардың мекендеген территориясы қалай аталды?
A) Дешті-Қыпшақ
358. Сырдария мен Әмударияның аралығы қалай аталады?
A) Мәуераннахр
359. 751 жылғы Атлах шайқасында кім жеңіске жеткен?
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 422 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
A) Абылай хан | | | A) арабтар |