Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТҮСІНІК ХАТ

 

«Дене шынықтыру» пәні бойынша білім беру бағдарламасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы білім беру стандарт талабына сәйкес құрылған. Оқу бағдарламасы «Дене шынықтыру» пәнін бастауыш сыныптарда төрт жыл оқуға есептеп даярланған және білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруды қарастырады.

Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылыоқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

- жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.

Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы».

«Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру» бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.

Бағдарлама дене шынықтыру сабағы үшін базалық компоненттен тұратын материалды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) айқындайды.

Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесі бойынша сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Вариативті компонент мектептің материалдық базасы мен орналасқан жерін, оқытушының мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын білім беру ұйымдары ұсынады, жергілікті орындарда дене шынықтыру пәні мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама «Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөліммен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгере білу», «көрсете білу».

Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың өлшемі (критерий) болса, екінші жағынан бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі мыналар: дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей мөлшерді құрайды:

2-сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).

«Дене шынықтыру» сабақтарындағы оқу процесінде келесі оқу пәндерімен байланыс орнатылады:

«Қазақ тілі және әдебиет»: өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдану.

«Қоршаған орта»: оқушы жаттығуларды орындау кезінде өзінің ағзасындағы мүшелер, дене бөліктері, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер туралы мәліметтермен танысады. Тән гигиенасы, киімді таза ұстау ережелерін игереді. Жүгіру және түрлі ойын кездерінде уақыт туралы түсінік қалыптасады.

«Математика»: оқушы сантиметр, метр, шақырым, секунд және т.б. өлшем бірліктерімен танысады.

«Музыка»: оқушы қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындауды үйренеді.

«Бейнелеу өнері»: оқушы көрсетілген жаттығуларды орындау үшін бейнелі суреттерді қолдануды үйренеді.

«Еңбекке баулу»: өзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастыруды үйренеді.

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері   Бағдарлама бөлімдері   Оқу тоқсандары
        Σ
Базалық 1. Жеңіл атлетика   - -    
2. Қозғалмалы ойындар          
3. Гимнастика       -  
4. Шаңғы* - -   -  
5. Жүзу** - - -    
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:          
Вариативті 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты          
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны          
Оқу жылы бойынша сағаттар саны: (Σ)          

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1560 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дүниетану» пәнінен оқу бағдарламасы| Түсінік хат

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)