Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Читайте также:
  1. АЗАҚ ТІЛІ
  2. АЗАҚСТАН ТАРИХЫ
  3. Жауабы:ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ саяси қуғын – сүргін ЗАРДАПТАРЫ

 

1. Мына үзінді қай ертегіден алынғанын табыңыз. - Тақсыр! Сол көптен менің жаным ардақты ма? Айта алмасам, өз обалым өзіме, рұқсат етіңіз! - дейді. A) «Башпай батыр». B) «Дүмше молда». C) «Қырық өтірік». D) «Алтын сақа». E) «Қотыр торғай».
2. Доспамбет жырау толғауындағы: Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, өкінбен … - деген жолдарында қандай көркемдік тәсіл қолданылғандығын табыңыз. A) Метонимия. B) Әсірелеу. C) Эпитет. D) Метафора. E) Теңеу.
3. Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін атаңыз. A) «Қыпшақ Сейітқұл». B) «Шұғыла». C) «Барымта». D) «Түйебай». E) «Бүркітші».
4. «Қалың мал» романының авторын табыңыз. A) Сәбит Дөнентаев. B) Спандияр Көбеев. C) Сұлтанмахмұт Торайғыров. D) Ыбырай Алтынсарин. E) Мағауия Абайұлы.
5. Майданға алынған жігіттердің өмірін суреттейтін елеулі туындыны көрсетіңіз. A) «Көкшетау». B) «Дала». C) «Масғұт». D) «Сұлушаш». E) «Прием».
6. М.Жұмабаевтың әдеби мұраларын белгілеңіз. A) Зерттеу еңбектері, шешендік сөз. B) Айтыс, эпиграмма, мысал. C) Роман, драма, өлең. D) Өлең, поэма, драма. E) Өлең, поэма, проза.
7. С.Мұқановтың патриоттық сезімге толы өлеңін анықтаңыз. A) «Гвардеец бауырларға». B) «Егістік». C) «Балқаш». D) «Сүт заводы». E) «Конвейер».
8. Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы) A) Жиренше. B) Байдалы. C) Ербол. D) Сүйіндік. E) Құлыншақ.
9.... Бабамның қиялымен қанаттанып, Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.., - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен белгілеңіз. A) «Қара өлең» B) «Фантазия» C) «Ұят болды-ау» D) «Поэзия» E) «Барлығы да сендер үшін»
10. ²Шығыстың Аристотелі ² атанған адамды табыңыз. A) Әбу Әли Ибн Сина. B) Қожа Ахмет Яссауи. C) Платон. D) Әбу Насыр әл-Фараби. E) Захириддин Мұхаммед Бабыр.
11. XV-XVІІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасы бір жүйеге келтіріліп, текстологиялық екшеуден өткізіліп, алғаш қандай еңбекте жарияланғанын анықтаңыз. A) ’’Бес ғасыр жырлайды’’. B) ’’Қазақ әдебиеті’’. C) ’’Алдаспан’’ антологиясы. D) ’’Жырау поэзиясы’’. E) ’’Әдебиет тарихы’’.
12. Аңыз кейіпкерін көрсетіңіз. A) Доспамбет, Сүйімбике, Майқы. B) Қарашаш, Қожанасыр, Алдар Көсе. C) Жиренше, Әз-Жәнібек, Сырым. D) Аяз би, Ер Тарғын, Ер Төстік. E) Қорқыт, Асан қайғы, Махамбет.
13. Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың ақша қарындай. Ақ бетінің қызылы, Ақ тауықтың қанындай,- деген суреттеудегі көркемдегіш құралдарды көрсетіңіз. A) Ауыстыру. B) Алмастыру. C) Кейіптеу. D) Астарлау. E) Теңеу.
14. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін анықтаңыз. A) Жәңгір хан. B) Тәуекел хан. C) Тұрсын хан. D) Жәнібек хан. E) Есім хан.
15. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз. A) Ел-жұртқа. B) Махамбетке. C) Баймағамбет сұлтанға. D) Бөкей ханға. E) Жәңгір ханға.
16. Сот реформасы туралы жазған кім екенін белгілеңіз. A) Шоқан. B) Ыбырай. C) Ахмет. D) Шәкәрім. E) Жүсіпбек.
17. Құнанбайдың неше ұлы болғанын табыңыз. A) Жетеу. B) Төртеу. C) Сегіз. D) Алтау. E) Бесеу.
18. ’’Үндестік деген екі дауыстың бірдейлігі емес, ең кемі екі түрлі дауыстың қиысуы емес пе. Сөз көркемдігі осы мінездес. Бір сөз бір сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады.’’ Кімнің сөзі екендігін анықтаңыз. A) Ғабит Мүсірепов. B) Шоқан Уәлиханов. C) Абай Құнанбаев. D) Мұхтар Әуезов. E) Сәбит Мұқанов.
19. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз. A) Ырғақ. B) Синтаксистік параллелизм. C) Теңеу. D) Интонация. E) Саз.
20. ’’Ер Тарғын’’ жырында: ’’От орнындай тұяқтан Оймақтай-ақ қалыпты, Етектейін еріннен Екі елісі қалыпты’’,- деген шумақта жыршы қандай тәсілді қолданғанын белгілеңіз. A) Синекдоха. B) Литота. C) Ассонанс. D) Антитеза. E) Гипербола.
21. Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз. A) “Мұнар күн”. B) “Бұл заманда не ғаріп?” C) “Көлде жүрген қоңыр қаз”. D) “Шағырмақ бұлт жай тастар” E) “Күн қайда”.
22. «Шамдансам, - жығар асаумын, Шамырқансам, - сынар болатпын...» - деген жолдардағы Махамбет қолданған көркемдік тәсілді табыңыз. A) Эпитет B) Гипербола C) Метафора D) Күрделі теңеу E) Теңеу
23. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз. A) Қалижан, Ғафу, Мұқағали. B) Шортанбай, Дулат, Мұрат. C) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан. D) Сәкен, Ілияс, Бейімбет. E) Ыбырай, Абай, Шоқан.
24. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жерді атаңыз. A) Ош. B) Жаңа өзен. C) Тарбағатай. D) Сарыөзек. E) Жерұйық.
25. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдарының авторын табыңыз. A) Ілияс Есенберлин. B) Оралхан Бөкей. C) Әнуар Әлімжанов. D) Мұхтар Мағауин. E) Әбіш Кекілбай.     ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 903 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: АЗАҚ ТІЛІ | АЗАҚСТАН ТАРИХЫ | МАТЕМАТИКА | БИОЛОГИЯ | ГЕОГРАФИЯ | НЕМІС ТІЛІ | ФРАНЦУЗ ТІЛІ | ОРЫС ТІЛІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ| АҒЫЛШЫН ТІЛІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)