Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ширк - Аллаһ Таъалаға серік қосу

Читайте также:
  1. Quot;Әй, қаумым! Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан
  2. Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!
  3. Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.
  4. Мәрхәмәтле һәм Рәхимле Аллаһ исеме белән! 1 страница
  5. Мәрхәмәтле һәм Рәхимле Аллаһ исеме белән! 10 страница
  6. Мәрхәмәтле һәм Рәхимле Аллаһ исеме белән! 11 страница
  7. Мәрхәмәтле һәм Рәхимле Аллаһ исеме белән! 12 страница

Автор Мұхамеджан Тазабеков.

 

Қадірлі жамағат!

 

Аллаһ Таъаланы Құран Кәрімнің "Ниса" сүресінің қырық сегізінші аятында Өзіне серік қосқанды кешірмейтінін, одан басқа күнәларды, қаласа кешіретіні жөнінде айтады:

 

"Аллаһ Таъала өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады ". (Ниса, 4:48).

 

Құдіретті Аллаһтың бүл ескертуі Таухидтің (Аллаһ Таъаланы бірлеудің) қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Таухидті берік ұстанған мұсылмандар ғана Жаратушы иемізге серік қосудан-ширктен алыс болады.

 

Әрине, ширктің де үлкен және кіші түрлері бар.

Аллаһ Таъалаға серік қосудың үлкен түрлері Таухиду Рубубия, Таухиду Улуһия, Таухиду әсма'и уа сифат секілді сенімдерді бұрмалаудан туындайды.

Ал ширктің кіші түрлері - адамдардың ырым-жоруларында, өздерін таныту әрекеттеріне, әдет-ғұрып нанымдарында, сырт күштің құпия кесірінен сақтану амалдарында көрініс табады.

 

Үлкен ширк - адамдардың әртүрлі ниет, ықыластарынан пайда болатын күнә. Айтқан сөздер, атқарған амалдар, жасаған іс-әрекеттер - ниеттің тікелей жемісі деуге болады. Адамдардың қателігі - оның сенімі мен көзқарасына байланысты. Сондықтан әр мұсылман өз иманын кәміл етуге тырысуы шарт. Әсіресе, Таухидте қателікке ұрынудан сақтанбауға болмайды. Өйткені, бұл - адамға ақіретте ауыр азапқа душар ететін күнә.

 

Таухиду Рубубияны толық түйсінбей жасалатын ширк - Аллаһ Таъала кешірмейтін ең ауыр күнәға жатады. Мұндай сенім иелері Аллаһ Таъаланың құдіретін мойындамайды, олар Жаратушы Раббымыздың орнына жаратылысты - табиғатты қояды. Олар әлемді ешкім жаратқан жоқ, ол өзінен-өзі кездейсоқ пайда болды. Дүниені басқарып түрған ешбір құдіретті күш жоқ, болған күннің өзінде "Аллаһ емес, Әлем өзінен-өзі қозғалысқа келіп үйлесім тауып тұр" деп сенеді. Сондай-ақ, бұл дүниедегі Аллаһтың құдіретімен болып жатқан барша құбылыстарды табиғат заңы деп қарастырады. Сондықтан, Аллаһ Таъаланы әрбір тіршілік иелеріне жан беруші, олардың тағдырын, ризығын белгілеуші, әр нәрсенің болу-болмауы жөнінде әмір етуші, кез-келген оқиғаны өз қалауымен іске асырушы, барлық нәрсеге күші жетуші секілді құдіретін мойындамайтын мұндай сенім иелері - ешқандай сана-сезімі, ойлау қабілеті жоқ, мылқау табиғаттың жүйелі тәртіпке ие, ақылы бар тіршілік иелерін жаратты дегенге нанады. Ешнәрсе өзін-өзі немесе өзінен саналы затты жарата алмайтынын түсіну аса қиын болмаса да, бүлай ойлайтындардың аз еместігі белгілі. Ал, Құран Кәрімде мынандай аят бар: "Мен жындар мен адамдарды өзіме кұлшылық қылулары үшін жараттым " (Зарият, 56). Яғни, Аллаһ Таъала ғабадат қылуға лайық жалғыз құдірет. Ендеше, Жаратушымыздан басқа ешкімге құлшылық жасауға болмайды. Мұны Таухиду Улуһия деп атайды. Улуһия ұғымының түбірі - "Иләһ" деген сөз. Бүл - құлшылық бір ғана құдайға тән, Аллаһ Таъалаға арналған ғибадатқа ешкім ортақтаса алмайды деген мағынаны білдіреді. Бұл да өте маңызды жайт. Таухиду Улуһияда болатын ширк те ең ауыр күнәға жатады. Аллаһ Таъала өзіне ортақ қосып, Өзімен бірге өзгеге де ғибадат еткендердің күнәсін кешпейді. Өйткені, Өзінің құдіреті мен саналы жан иелерін жаратқан Аллаһ Таъаланың осы пенделерінен бір өзіне ғана құлшылық қылуын талап етуі - Оның хақы болып табылады.

 

Өкінішке орай, аса қамқор Аллаһтың ерекше елшілері, кітаптары арқылы айтқан ашық ескертулеріне қарамастан, адамзаттың біраз бөлігі Жаратушы Раббымызға теңдес іздеп, қолдан жасаған "құдайларына" ғибадат етеді. Өйткені, олар қарғыс атқан ібілістің азғыруына ілеседі. Яғни, шайтан лағнетті адамдардың жүрегіне кіріп алып, азғырып, өмірден өтіп кеткен өнегелі адамдардың, артына ілім қалдырған ізгі ниетті жандарды қастерлеп, есте қалдыру сылтауымен олардың мүсінін жасау туралы ой салады.

 

Бұл жөнінде Аллаһ Таъала былай дейді: "Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар: Уад, Суаг, Ягус, Яғуқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі" (Нұх, 23).

 

Осы аятты ислам ғалымдары Ибн Аббастың (р.ъ) сөзіне сүйене отырып, былай түсіндіреді: " Бұл есімдер - Нұх қауымның салиқалы адамдарының аттары еді. Бұлар қайтыс болғаннан кейін шайтан ол қауымның беделді кісілеріне "Мәжілісханаларына оларға арнап мүсін-ескерткіш тұрғызыңдар, ол мүсінді олардың аттарымен атаңдар" - деп азғырды. Олар осылайша ардақты адамдарға арнап, мүсін-ескерткіш орнатады, алғашында ол мүсіндерге сиынбап еді, бірақ ұрпақ ауыса келе, кейінгілер мүсіндерге табына бастады " (бұл тафсирді Бұхари риуаят еткен).

 

Міне, мүсін, пұтқа әулиеге, әруаққа сыйынушылық, көп қүдайға табынушылық осылай басталды. Бұл адамзат қауымының азғындауының басы еді. Өйткені, Аллаһ Таъаладан басқа нәрсеге табыну - пенделерді Аллаһтың белгілеп берген шегінен шығарып, тура жолдан тайдырады. Мұның бәрі адамдарды азғырушы қарғыс атқан ібіліс-шайтанның амалынан еді.

 

Аллаһ Таъала Адам-Атадан (ғ.с) кейін көптеген ғасырлар бойы, қаншама қателік жасап, қандайлық ауыр күнәларға ұрынса да пенделеріне ешбір елші жіберген жоқ еді. Тек, адамзат қауымы пұтқа табынуға жол бере бастағанда ғана, пайғамбарлар тағайындады. Бұл, Жаратушы Раббының адамдардың пұтқа табынушылықтан арылулары үшін жасаған ескертуі болатын.

 

Нұх Пайғамбардан (ғ.с) кейін келген басқа елшілер де Аллаһтан басқа ешнәрсеге құлшылық жасауға болмайтынын насихаттады. Әйтсе де, көптеген адамдар адасудан көз ашпай күні бүгінге дейін пұтқа, әулиеге, әруаққа табынумен келеді. Ал, абыройлы кісілерге мүсін орнату ісі жылдан-жылға дамып келе жатқанын ешкім жоққа шығармас.

 

Қазіргі таңда, қол бастаған көсемдерге, сөз бастаған шешендерге арнап, зәулім кесене тұрғызу, оларға ескерткіш-мүсін орнату үрдісі кеңінен етек алуда. Тіпті, қарапайым адамдар арасында да жақын-жуықтарының қабіріне мәрмәр қалап, тас бейне орнатып, суретін ілу дәстүрге айналып кетті. Ондай қадірлі жандардан естелікке тасқа басылған түр-түсі емес, үлгі аларлық ісі қалса жөн болмас па?! Олардың бейнесін емес, еңбекпен өткен, ізденіс-бейнетке толы өнер жолын қастерлеуіміз абзал емес пе еді?!

 

Аллаһ Таъала "Ъаср" сүресінде былай дейді: "Заманаға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер, олар зиянға ұшырамайды ".

 

Бәрін білетін Раббымыз тағы былай дейді:

 

" Және де Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда, егер оны істесең, онда сен күдіксіз залымдардан боласың, (Мұхаммед ғ.с.) егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Аллаһтан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның кемшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді". (Юнус, 106-107).

 

"Ъаср" сүресінің алғашқы аяттарында қаншама жанның қаперсіз күні тозаққа кетіп бара жатқаны айтылады. Одан құтылу жолы баяндалады. Кейінгі аяттарда құлшылығын бір Аллаһқа бағыттағандардан басқалардың бақытсыздыққа душар болатыны ескертіледі.

 

"...кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннатты арам етеді. Оның орны - тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ..." (Мәйда, 72).

 

Әрине, Аллаһ Таъаланың азабына лайық жандар бұл аяттардың мағынасын түсінгісі келмейді. Қаһары күшті Аллаһтың ақирет азабына - адасушылар ұшырайды. Олар ақиқатты іздемейді. Ал, ақиқатты таппағандар, Аллаһты танымайды. Олар өздеріне пайда, не зиян кестіре алмайтын нәрселерге жалынып, Аллаһқа, серік қосады.

 

"Аллаһтан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ. Әрине, табынғандары олардың жалбарынуынан хабарсыз". (Ахқаф, 5).

 

Яғни, Жаратушы Раббымыздан басқа біреуге сиынып, көмек күту, оның қолдауына үміт тартып, тілек тілеп, жалбарынудан өткен адасушылық жоқ екен.

 

Жоғарыдағы аяттан жалбарынып жасаған дұғаларды пұттар мен өлілердің (әруақ) ешқашан естімейтінін айқын аңғарамыз.

 

Амал нешік, біздің қазақ халқының бір бөлігі әруаққа сиынып, "әулиелер" жатқан молаларға табынуын әлі де қояр емес. "Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" - деген қағиданың бүгінге дейін өз күшінде қалуы - осынау қатерлі сенімнің жаны сірілігін көрсетеді.

 

Қазіргі таңда елімізде қабірден қабір қоймай аралап, әулие-әмбелерге мінәжат қылып, медет тілеушілердің дәуірі өрлеп-ақ тұр. Бақытсыздыққа ұшыраушылардың барар жері, басар тауы - әулиенің басы, бейіттің тасы екені өкінішті-ақ. Олар өлген адамдардан өзіне керегін, мәселен ұлсыздар - ұл, қызсыздар - қыз, аурулар - деніне саулық, дертіне - шипа тілейді. Жаратқан Аллаһқа емес, жаратылған - мақұлыққа жалбарынады. Сөйтіп, тірілер әруаққа емес, әруақ тірілерге мұқтаж екенін ұмыта береді. Осыған орай аса қамқор Раббымыз мынандай ескерту жасайды:

 

"Тірілермен өлілер тең емес... Мұхаммед (с.ъ.с) сен қабырғадағы біреулерге естірте алмайсың" (Фатыр, 22).

 

"Егер оларға жалбарынсаңдар - дауыстарыңды естімейді. Мүбада, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді " (Фатыр, 14).

 

Қабірдегілер тірілердің сөзін естімесе, жауап беруге шамасы келмесе, онда олар өзіне сиынушылардың мұң-мұқтажын қалай шешіп бермек? Аллаһ тиым салған болса, әруақ адамдарды желеп-жебейтін күш-қутын қайдан алып, оны тірілер үшін қалай пайдаланбақ? Ендеше, біздің "Құдай оңда, әруақ қолда!" деп сиынуымызға жол болсын?! Осы сұрақ төңірегінде ойланған адамдар өлілерге сиынуды тоқтатса керек еді.

 

Осылайша кейбір пенделер аузына Аллаһтан бұрын әруақты алады. Бұл, олардың әруақты Аллаһтан артық сүйетінін көрсетеді. Бұл ең ауыр күнә ширкке жатады.

 

Ал, мұндай күнә жасаған кісіні егер ол тәубаға келмесе, Аллаһ Таъала кешірмейді. Бұл күнәнің жазасы - тозақ. Одан құтылу жоқ.

 

Қандай әулие-әнбие жатса да қабірге табынуға болмайды. Айша (р.ъ) анамыздан жеткен мына риуаяттың зор мағынасы бар: Өмірінің соңғы сәті жақындағанын сезген Аллаһтың елшісі бүркеулі бетін қайтадан ашып " Аллаһ яһудилер мен христиандарға қарғыс жеткізді. Өйткені, олар өз пайғамбарларының зираттарын – сыйынатын орынға айналдырып жіберген еді ". Аллаһтың елшісі осылайша үмбетін яһуди мен христиандардың қате әрекеттерінен сақтандырып кетті. Сондықтан, пайғамбарымыздың (с.ъ.с) қабірі ашық қалдырылмады. Оның себебі, Аллаһтың елшісі өз бейітін кейінгілер табынатын орын етіп алмасын деп сақтанғандығынан еді. (Хадисті Бухари мен Муслим риуаят еткен).

 

Адамзаттың ардақтысы Аллаһтың сүйікті құлы және елшісі Мұхаммедтің (с.ъ.с) қабіріне сиынуға болмайтын болса, әулие-әмбиелердің моласына табыну шектен шыққандық емес пе?

 

 

Ибн Аббас (р/ъ) Мұхаммед (с.ъ.с) пайғамбардың былай дегенін естігенін айтады:

 

" Шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне шектен шығушылық жеткен болатын ". (Хадисті Тирмизи жеткізген).

Біз, Мұсылмандар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке (с.ъ.с) сиынбаймыз, бірақ қиямет-қайымдағы жасайтын шапағатынан үміт етеміз. Өйткені, Мұхаммед (с.ъ.с) те және өзге пайғамбарлар да тәңір емес, Аллаһтың құлы және елшісі. Олардың қарапайым адамдардан аса көп айырмашылығы жоқ.

 

Әрине, олардың білім мен тақуалығы жағынан көптеген артықшылықтары бар. Бірақ олар да ішеді, жейді, ұйықтайды, үйленеді. Сондықтан Аллаһ Таъала:

 

"(Мухаммед г.с) Сенен бұрын да тамак, жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік" дейді. (Фурқан, 20).

 

Құдыретті Аллаһ Таъала тағы да айтады:

 

"Расында сендерден бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз. Ешбір пайғамбар, Аллаһтың рұқсатынсыз бір аят келтіре алмайды. Әр нәрсенің мезгілі жазулы " (Рағыд, 38).

 

Ендеше пайғамбарлар да - адам, олардың да нәпсісі бар екен. Бұл қасиет Аллаһтың ең соңғы елшісіне де тән.

 

Жаратушы Раббымыз былай деп те бұйырады:

 

"(Мухаммед г.с) оларға: "Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ, маған әрі сендерге не істейтінін білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін және ашық бір ескертушімін" деген".

 

Аллаһ қаласа, Ұлы Раббымыздың рұқсатымен Мұхаммед (с.ъ.с) ахиретте үмбеттеріне шапағат ететіні шындық. Бірақ, қалаған адамына өз бетінше еш көмектесе алмайды. Оған Аллаһ Таъаланың рұқсаты керек. Ендеше, Пайғамбарлардың ешқайсысы да құлшышық етуге лайық емес. Сондықтан, оларға сиынып дұға-тілек жасауға болмайды. Сол себепті Аллаһ Таъала айтады:

 

"(Мухаммед г.с) Сенен бұрын бір Пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Онда маған ғана құлшылық қылыңдар" деп ғана уахи жібердік" дейді. (Әнбия, 25).

 

Кейбір адамдар "періштелер қорғайды, қолдайды, бізге жақсылық жамандық әкеледі" деп сенеді, сөйтіп оларға сиынып жүреді. Сөйтіп, періштелерге де сиынуға болмайтынын біле бермейді. Ал, Аллаһқа адамдар да, періштелер де құлшылық етеді.

 

Осыған байланысты мына аяттарды еске алайық: "Көктерде және жерде болған әр жандар, әрі періштелер тәкаппарланбай Аллаға сәжде қылады " (Нахыл, 49).

 

"Тәңірлерің - бір-ақ тәңір. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол аса қамқор, ерекше мейірімді" дейді. (Ниса, 36).

 

Аллаһ Таъалаға ғана арнап құлшылық ету деп, адам өзінің шын ықылас-ниетін Аллаһқа бұрып, жаратушыға толық мойынұсынып, Раббыға деген шексіз махаббатпен ғибадат қылуын, Оның әмірлерін орындауын айтамыз. Намазды Аллаһтың ризалығы үшін оқып жатырмын деп ойлағанмен, ғибадат етүшінің көңілі басқа жаққа аландап тұрса, құлшылығының қабыл болуы екі талай. Сондай-ақ, құлшылық үстінде басқалармен тақуа немесе білімді екен деп ойласын деген ниет пайда болса, бұл рияға -кіші ширкке соқтырады. Мұхаммед (с.ъ.с) тен жеткен мына хадиске сүйенсек, мұндай істің қаншалықты зиянды екенін аңғарамыз:

 

"Аллаһтың елшісі сақаббаларына: " Сендерге Масих Дажжалдан да үрейлі нәрсені айтайын ба?" - деді. Сақаббалар: "Иә, Аллаһтың елшісі" - деді. Сонда, пайғамбар "Аллаһқа құпия серік қосу - ягни, бір кісі намаз оқып турып, басқа біреудің өзіне назары түскенін сезген сәтте, намазын сәндеп оқуға тырысуы " - деді. (Хадисті Ахмад риуаят еткен).

 

Құлшылықта Аллаһқа серік қоспау туралы Құран Кәрімде қайта-қайта айтылады. Адамдарды ауыр күнәға ұрындырмау үшін Аллаһ Таъаланың алдын ала ескерту жасауы оның кешірімділігінің белгісі. "Рас мен Аллаһпын. Менен басқа Тәңір жоқ. Сондықтан, маған құлшылық қыл Сондай-ак,, мені еске алу үшін намазды толық орында". (Таһа, 14).

 

Алайда, кейбіреулер Аллаһ Таъаланың айтқандарының үдесінен шықпай-ақ келеді. Тіпті біздің бауырларымыз да айналасындағы әлденені Аллаһқа теңдес етуге бейім. Мысалы, халқымызда "Жаңа Ай -жарылқа, ескі Ай - есірке" деген дүға-тілек бар. Бұл -Аллаһқа серік қосу болып табылады.

Ал, керісінше Пайғамбарымыздың (с.ъ.с) жаңа ай туған кезде оқитын дұғасын айтсаңыз сауап табасыз. Жарылқауды жаңа туған айдан емес, айды жаңалап келтірген Аллаһтан күту тура іс. Аллаһтан басқа нәрсеге сиыну және одан жәрдем тілеу, үлкен ширк екендігін жоғарыда айтсақ та, мына аятты да мысалға келтіре кетсек дейміз,

 

"Түн мен күндіз және Күн мен ай Алланың дәлелдерінен, Күнге де, Айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар", (Жасия, 37),

 

Жұлдызға қарап болашақты болжау, халықтың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Әлі күнге дейін аспаннан жүлдыз аққанда "Менің жүлдызым жоғары" деп айтқандар аз емес. Өз тағдырын аспандағы жұлдызбен байланыстыру, өзін-өзі алдаудың бір түрі. Негізінен, Ислам ғалымдары біздерге жеткізген хабарларға қарағанда "Аллаһ Таъала жұлдыздарды үш мақсатта жаратқан: Аспанды безендіру, шайтандарды атқылау және жолдың бағыт-багдарын анықтау үшін, Ал, кім мұны бұдан басқаша түсіндірер болса, онда қатты қателесу еді және өзіне білімі жоқ нәрсені жүктеп алған болады ". (Бухари риуаят еткен).

 

Сондықтан, қазір баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүрген "Жұлдызнамаға" қарап, өзінің өмірін өлшеп-пішушілердің де ісін зор күнә деп айта аламыз. Өйткені, жүлдызға қарап жору немесе бал ашу - Жүлдыздарды жаратудағы Аллаһ Таъаланың мақсатына қайшы келіп тұр.

Ибн Аббас жүлдызға қарап болжам айтушылар және Абжатпен айналысатын қауым туралы:

 

"Егер біреу осындай істі атқаратын болса, онда оның Аллаһтан алар сыйлығы болмайды" - деген.

 

Жалпы алғанда, Ислам діні сәуегейліктің ешбір түрін қоштамайды.

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ъ.с):

 

"Егер біреу көріпкел немесе балшыға барып, оның болжамына иланатын болса, онда ол Мухаммедке (с.ъ.с) түсірілген нәрсеге күпірлік еткен болады " деген екен. (Хадисті Бухари мен Муслім риуаят еткен). Аллаһтың елшісінің тағы бір хадисінде көріпкелге барған және оған сенген біреудің қырық күндік намазы қабыл болмайтыны айтылады. Өйткені бұл да Аллаһтан өзге нәрсеге сиынушылық және одан көмек күту болып саналады. Бақсы-балгерге және көріпкелге барып, сәуегейліктеріне сену - оларға құлшылық қылу болып табылады. Яғни, бұл - Аллаһқа серік қосу.

Бір қауіптісі, көптеген балгерлер мен көріпкелдер Исламның атын жамылып жұмыс жүргізеді. Оларға дініміздің түбегейлі қарсы екенін елдің бәрі түсіне бермейді. Көптеген адамдар оларды тақуалармен шатастырады. Сөйтіп, білімсіздіктің салдарынан осындай сәуегейлердің қармағына түсіп қалатындар жиі кездеседі. Құдайдың емес, құлқынның құлы болып кеткен бақсы-балгерлер аздаған пайда үшін тура жолдан тайдырады. Әйтпесе, көріпкелдің ешқайсысы да болашақты болжай алмайды. Балшының барлығы да адамдарды алдау күтіп тұрғанын білмейді. Сонда, олар халықтың бір бөлігін өздеріне қалай сендіріп алған? -деген заңды сұрақ туады.

 

Пайғамбарымыздың (с.ъ.с) төмендегідей ескертуін хабарлайды. Әбу-һурайра (р.ъ) "Аллаһ Таъала аспаннан әмір берген кезде, перішпгелер Оның сөзіне бой ұсынып, қанаттарын қағады. Қанаттарынан шыққан дыбыс - жылтыр тасқа түсіп кеткен шынжырдың үніне ұқсайды. Періштелер Аллаһтың сөзінен қалтырап кетеді. Олар жүректерінің шошынғаны басылған кезде, біреулері "Тәңірлерің не деді?" десе, басқа біреулері "ақиқатты айтты және Аллаһ аса жоғары және өте зор " дейді. Бұл хабарды тың тыңдап жүрген шайтан естиді. Шайтандар бірінің үстіне бірі шығып, аспанға жететін еді. Жоғарыдағы мәліметті алдымен естіген шайтан оны өзінен төменгі шайтанға хабарлайды, ол естігенін өзінің астындағы шайтанға жеткізеді. Олар осылайша бұл мағлұматты сиқыршыға не көріпкелге білдіреді. Алайда, шайтан хабарды жеткізуге үлгерместен өзіне атылған жұлдыз-оққа, ұшуы мүмкін, немесе жұлдыз келіп соққанша, хабарды беріп үлгеруі де ықтимал

 

Ал, көріпкел өзіне жеткен шын мағлұматқа жүз өтірік қосып айтады. Халық: "осы уақытта осындай оқиға болады деп айтқаны расқа шықты емес пе? " деп шайтандар аспаннан алып келген хабарға сенбеске шарасы қалмай алданады. (Хадисті Бухари және Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Бұл хадистен көріпкелдер мен балгерлердің жын-шайтандармен байланысы болатыны аңғарылады. Әйтсе де олар жын шайтандардың көмегіне қанша жерден сүйенсе де, болашақты болжауға құдыреті жетпейді. Сол себепті Аллаһ Таъала былай дейді:

 

"Біз оның (Сулеймен г.с-нін) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін, оның таяғын жеген бір жердің құрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса, олар ауыр машақатта қалмас еді". (Сәбә, 14).

 

Сүлеймен (ғ.с) Масжид Ақсаны жындарға салғызып жатып өлсе де таяғына сүйеніп тұрғандықтан жындар оның көз жұмбағын сезбей жұмыстарын істей береді де, таяғын құрт жеп құлап түскенде бір-ақ біледі. Егер жындар ғайыпты білетін болса, Сүлейменнің өлгенін сол сәтте-ақ көріп, жүмысын тоқтатып тастаған болар еді. Ендеше, жын-шайтандарда да болашақты болжайтын кереметі жоқ екені ақиқат. Сонда, балгерлердің сыйынғаны - жындардың жағдайы әлгіндей десек, олардың сөздері туралы не айта аламыз?! Сондықтан көріпкелге, бақсы-балгерге еш сенуге болмайды. Осыған орай Құран Кәрімге тағы бір құлақ түрелік:

 

"Көктермен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді". (Наміл, 65).

 

"Көместің кілттері оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі ". (Әнғам, 59).

 

Міне, көріпкелдердің ешқандай көместің сырын көре алмайтынын айғақтауға осы дәлелдер жетіп аспай ма?!

 

Аллаһ Таъала берген артықшылыққа - айырықша мұғжизаға ие Пайғамбарымыздың да болашақты болжай алмайтынын мына аяттардан аңғарамыз:

"(Мұхаммед ъ.с): "Аллаһ қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ, маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді, қорқытушы, қуандырушы ғанамын"де". (Ағраф, 88).

 

Аллаһ Таъала Өзінің сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммед (с.ъ.с) ғайыпты болжау кереметін бермеген, онда басқаларға ондай қабілет қайдан дарысын?! Алайда, көріпкелдікті оңайтабыс табу көзіне айналдырып алған дүниеқоңыздық, өзгелерді өзіне табындырып қоюды мақсат тұтқан атаққұмарлық сәуегейлерге ештеңені ойлантпайды. Олардың иманы өте әлсіз келеді, Аллаһтан да қорқа бермейді. Әйтпесе, Аллаһ Таъаланың тиым салған нәрселерін істемеген болар еді.

 

Қазір, сәуегейлікпен шұғылданушылардың қатарына өздеріне үміт артқандардың "рухани ауруларын" емдейтін елші-құшнаштар да жатады. Адамдарды тура жолдан адастырып, оларды әулие-әмбиелерге табындырып, молаларды аралатып жүргендер де осындай тәуіпсымақтар екені даусыз. Олардың жанын қоярға жер таппай келген науқастарға қоятын бір-екі ғана диагнозы бар: "Сенің ата-бабаң әруақты адамдар болыпты, солардың әруағы саған қонайын деп жүр екен. Егер сен әулиелердің басына барып, алдынан өтіп тәу етпесең, әруақтың сені қинағаны қинаған. Егер әулиелердің саған мейірімі түссе - ауруыңнан құлан-таза жазыласың және өзіңе де әруақ қонып, адам қарайтын қасиетке ие боласың" - деп сайрайды.

 

Дертіне шипа іздеп жүрген діни сауатсыз жандар көріпкелдердің айтқан сөздеріне шын көңілімен сеніп қалады. Сөйтіп, жын-шайтанның көмегіне сүйеніп, олармен қоян қолтық араласып жүретін "көп құдайшыл" болып шыққандарын өздері де сезбей қалады. Алғашында ондай аурулар, өздерін жын иектегендіктен науқасын уақытша үмытып кетеді. Сөйтіп олар дертінен ады-күді адалдық деп ойлап, көріпкел емшіге сыйынуды шығарады. Бұдан өткен - ширк бола ма?

 

Емші-құшнаштардың ауруларға қоятын екінші ортақ диагнозы мынау іспеттес: "Сені біреу дуалапты. Ол -жылдам сөйлейтін әйел адам, сені көре алмайды екен, сондықтан жолыңды жабу үшін сені дуалап, осы дертке душар етіпті". Мұндай сөзді естіген ауру айналасының бәрін жау көреді, өзі "мына әйел жылдам сөйлейтін секілді екен" деп, маңындағыларды еш себепсіз жек көре бастайды. Осылайша жақын адамдар арасындағы татулық, сыйластық бүзылады. Бұл - көріпкелдерге алданған жандардың бір ғана қателігі. Тізе берсек, олардың бұдан да басқа жағымсыз ісі тіпті көп. Мұның бәрі азғырушының айла-амалынан туындайтыны даусыз.

 

Бақсы-балгер, көріпкел, емші-кұшнаш болсын Ислам атын жамылатынын жоғарыда айтып кеттік. Ауырып барғандарға "сен намаз оқы" - деп бүйыратын да сәуегейлер бар. Бірақ, бүл олардың "науқас адам ғибадат етіп, Аллаһқа жақсын" деп емес, өздеріне оның көңілін сендіру үшін жасайтын амалы. Жалпы алғанда, емші-құшнаштардан жанына - дауа, дертіне - шипа іздеуі мұндай замандастарымыздың Ислам дінінен білімі жоқтығының салдары. Сәуегейлердің барлық әрекеттері - Ислам дініне қарама-қайшы бағытталады. Яғни, дінді жақсы білген адам сәуегей-емшіге ешқашанда бармайды. Нағыз мұсылман денсаулықты бір Аллаһтан ғана тілеп, ауруынан айығу үшін ғылымға сүйеніп ем жасайтын дәрігерлерді ғана себепші қылады.

 

Сол себепті Аллаһ Таъала былай дейді:

 

"Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Аллаһпен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер". (Нәміл, 62).

 

"Аллаһ егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал, егер саған бір игілік тисе, Оның әрнәрсеге толық күші жетуші". (Әнғам, 17).

 

Иә, осындай түсініктің аздығынан бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ Таъалаға адал құл болудың орнына, қолынан алдаудан басқа ешнәрсе келмейтін көріпкелдерге кіріптарлыққа түсетіндер жайында жүргендерге не деуге болады?

 

Бүл - адасу! Жай ғана адасу емес, ешқашан кешірім етілмейтін ширк күнәсіне алып баратын - адасу! Аллаһ Сақтасын!

 

Көріпкелдердің тағы бір тобы - әруақтар мен адамдар арасында делдалдық қызмет атқарады. Олар абыройлы әрі қалталы азаматтарды ата-бабаларыңның әруағыңмен жолықтырамын деп, пайдаға шаш етектен батады.

 

"Міне, сенің пәлен бабаңның әруағы менің кеудеме келіп кірді, енді оның үнін естисің" - деп дереу дауысын қүбылтып жіберіп, тыңдаушының бабасы болып сайрай жөнеледі. Бүл жерде сәуегей қалталы азаматты алдап соғып, сыбаға айырып қалу үшін жанын жалдап, пұлға құл болып тұр, ал, алданушының азаматтың мұнысын арғы ата-бабасының әруағымен жолығып, ақ батасын сұрап алса, ол мұны қиналғанда желеп-жебеп, қорғап-қолдап жүре ме деген дәмелі ойдан туған дәрменсіздік. Аңғарсақ, алдаушы да, алданушы да оңбай ұтылады, екеуі де Аллаһ Таъалаға серік қосып, күнәға.белшесінен батады!

 

Екеуі де бұ дүние несібесі үшін, ақирет несібесінен қағылады. Ал, ширк жасағаны үшін шын жүректен өкініп, кең де өте кешірімді Тәңірімізден кешірім сұраса, онда әрине, Жаратушы Иеміз кешіреді.

 

Аллаһ Таъала өзінің рахымын былай білдіреді:

 

"Аллаһтан өзгеге табынғандардың сендерге ризық бере алмайды. Онда, ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, оған шукір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар". (Ғанкабут, 17).

 

Әйтсе де, діннен хабарсыз халық құлшылық жасап - сиынатын нәрсені өзінің айналасынан, көзіне көрініп тұратын жерден іздейді. Өзгелерден әлдебір ерекшелігі бар адамдарды "әулие" тұтты, киесі бар деп ұғады. Алайда, көп пенделер "әулие" сөзін бір ғана адамға бағыштап айтуға болмайтынын, ол "Уәли" сөзінің көпше түрі екенін білмейді. Уәли - Аллаһқа жақын досы деген сөз, ал, әулие - Аллаһтың достары деген көпше түрдегі ұғым. Ендеше, бір адамды Аллаһтың достары деп айтуға бола ма? Әрине, болмайды. Өкінішке орай мұндай жағдай жиі кездеседі. Мәселен, халқымыз ерекше жағдайда өскен тал-дараққа "Әулие-ағаш" деген ат қойып алады. Сөйтіп, оған құлшылық қылады. Бұл жерде ағашты - Аллаһтың достарына балап тұрмыз. Ағаштың - Аллаһтың достарынан бола алатынына қандай дәлел бар? Байқасақ, бүл жерлерде "әулие" сөзі бұрмаланып, бастапқы қалпындағы мағынасынан айырылып қалған. Яғни, "әулие - Аллаһтың достары" емес, киелі, қасиетті, құдіретті деген ұғымға жуық тұр. Кейбір отандастарымыз мұндай ағаштарға ақ шүберек ақтық байлап, басқа өсімдіктерден даралап, әлпештейді. Ақ шүберек байлау бұл ағаш киелі деген ұғымды білдірсе, екінші жағынан бұл "Әулие" ағашқа құлшылық етуге көпшілікті шақыру болып табылады. Ағашқа дәл осылай құрметпен қарау да ширк күнәсіне жатады. Мұсылман үшін әр кез қайталап есіне салып жүретін бір мәселе -Исламда тілек тілеу, дұға ету ғибадатқа, құлшылыққа жатады. Егер, тілек етуші кісі Аллаһтан тілеп отырып, осы зат (мысалы: ағаш, бүлақ, әулие, әруақ, мола тағы көптеген басқа жанды-жансыз нәрселер) тілегімді Аллаһқа жеткізеді деп ойласа онда бұл Аллаһпен бірге сол затқа қүлшылық еткен болып табылады. Себебі, Аллаһ Таъала бәріне құдіреті жетуші, бәрін білуші үлылық сипатына шәк келтіріп және ол теңдессіз үлы Аллаһқа серік қосқан болады.

Мұны мына аяттан да аңғарамыз:

 

"Адамдардың кейбіреулері Аллаһты өзіне теңдес етеді де, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді. Ал, муміндер, Аллаһты тағы артық сүйеді". (Шұғара, 5).

 

Жаратушы иеміз былай дейді:

 

"Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаһқа тән. Сондай Аллаһтан өзіне өзге дос тұтқандар: "Біз бұларға, Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз" дейді. Олардың араларындағы таласқан күдіксіз нәрселеріне Аллаһ Таъала үкім береді. Расында Аллаһ, кім өтірікші, оған қарсы болса, оны тура жолға салмайды". (Зүмәр, 3).

 

Енді, Таухиду асма'и уа сифат ілімін игермегендіктен жол берілетін ширк күнәсіне келейік. Алдымен Таухиду асма'и уа сифат туралы аздаған мағлұмат бере кетелік. Аллаһ Таъаланың Өзіне ғана тән көркем есімдері мен сипаттары бар. Бірақ, Аллаһтың бұл есімдері мен сипаттарын ешбір жаратылғандар қасиеттерімен салыстыруға, ұқсатуға болмайды. Мысалы, Аллаһ Таъала естиді, алайда оның адам секілді қүлағы бар деп елестету дүрыс емес.

 

Алайда, Аллаһ Таъаланың сипаттарын жаратылғанға ұқсату - бүтіндей бір қауымның адасуына әкеліп. Яһудилер Ғұзайыр (ғ.с)-ды, ал Христиандар Ғиса (ғ.с)-ны Аллаһтың баласы деп санауы, олардың ширк жасауына жол ашқаны даусыз.

 

Сондықтан Аллаһ Таъала былай дейді:

 

"Яхудилер "Ғузайыр - Алланың ұлы" - деді. Және христиандар да Ғиса - Алланың ұлы" - деді. Бұл бұрынғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып ауыздарымен айтқандары. Құдай атқырлар қайтып алданып отыр". (Тәубе, 30).

 

"Аллаһ жалғыз, ол тумаған туылмаған. Ғұзайыр да, Ғиса да Алланың баласы емес. Яғни, бұл екі қасиетті жан Аллаһтың ұлы емес, қүлы. Адамдар арасына жіберген пайғамбарлары. Ауызбен айта салған сөз -ақиқат емес. Қашанда ақиқатты Аллаһ Таъала ғана айтады.

Олар (Иаһуди, Христиандар) ғалымдары мен машайықтарын және Мәриам улы Ғисаны Аллаһтан өзге тәңір қып алды. Негізінде, олар бір тәңірге ғана құлшылық қылуға буйырылған болатын. Өйткені Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол олардың қосқан ширігінен пәк". (Тәубе, 31). Бұл аятқа сүйенсек аталған қауымдар Аллаһ Таъаламен бірге ғалымдар мен машайықтарға құлшылық еткен болып шығады. Өйткені олар Жаратушы әмірімен жүрмей, өздері білімді әрі абыройлы санаған адамдардың айтқанына сеніп, тура жолдан адасты. Бүл ширк күнәсінің себебі - Таухиду асма'и уа сифат салдары - Таухиду Улуһия ілімін ескермегендіктен, Аллаһтың баласы бар деп сеніп, Құдыреті күшті құдайдың сипатын адамға ұқсату -мұндай нанымдағы қауымдардың адамға құлшылық етуін туғызды. Осы себепті Қасиетті Құран былай дейді:

 

"Олар: "Аллаһ бала иемденді" деді. Ол баладан пәк". (Бақара, 116).

 

"Аллаһтық баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т) одан мүлде пәк". (Мариям, 35).

 

Яғни, Аллаһтың баласы бар деу - Аллаһ Таъалаға күпірлік қылу болып табылады. Сондықтан мына аятты ұмытпаған жөн:

 

"...Ешнәрсе ол сияқты емес. Ол Аллаһ әр нәрсені естуші, толық көруші". (Шура, 11).

 

Бала сүю - адамдарға тән қасиет. Ал, Аллаһ Таъала пенделеріне мүлде ұқсамайды. Сондықтан, Оның бала сүюге ешқандай мүқтаждығы жоқ.

Пенделерді асыра бағалау да ширк күнәсіне жатады. Біздің халқымыздың "Әруақ қолдайды" деуі, Таухид Улуһия мен Таухиду асма'и уа сифат ұғымын білмегендіктен туындаған қате сенім екені даусыз.

 

Бүл мәселеде қандастарымыз Аллаһтың қолдау, қорғау сипатын әруаққа теліп тұр. Осылайша, қазақ халқының бір аз тобы өлген адамдардың рухтарына сеніп, ол әруаққа деген қүлшылықпен көрініс тапты.

 

Енді кіші ширк күнәсі жөнінде сөз қозғалық. Жоғарыда кіші ширк күнәсіне адамдардың ырым-жырымдары жататынын айтып өткенбіз. Негізінен көптеген халықтардың ырымшыл екені рас. Ырымға сенген біздің халқымыз оның зиян екенін де сезген секілді. Оған: "Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді" деген қанатты сөз дәлел бола алады.

 

Пайғамбарымыз Мүхаммед (с.ъ.с) былай деген:

 

"Ырым - Аллаһқа серік қосу. Одан аманмын деп ешкім де айта алмайды. Оны Аллаһқа тәуекел ету арқылы ғана жеңуге болады " (хадисті Әбу Дәуіт риуаят еткен). Сондықтан: "Алдымнан ала мысық өтіп кетті, енді бүгін жолым болмайды" деп сары уайымға салыну, "Дүйсенбі күні сапарға шығу мен үшін аса қауіпті" деп жолдан қалу - өздерін қорлау. Ешқандай ырымшыл мұсылманды ниет еткен бағытынан қайтармақ емес. Шын мұсылман Аллаһқа тәуекел етіп, табиғаттың қандай құбылысына тап келсе де жақсылыққа жоритын болады.

 

Аллаһтың елшісінен біреу ырым туралы сұрады. Сонда, Мұхаммед (с.ъ.с) не нәрсені де жақсылыққа жору -қайырлы болады " деді (хадисті Әбу Дәуіт жеткізген).

 

Біздің кейбір отандастарымыз: "Баланы көзден, сұқтан қорғайды" деп көзмоншақ тағады, бесікке қыранның түяғын, қасқырдың тісін, үйді ұры-қарыдан қорғайды деп қойдың кәрі жілігін іліп қояды. Бұлар тірісінде өздерін қорғай алмай, қолға түсіп, соры қайнаған дәрменсіз, бейшара мақұлықтар еді, ал өлген соң оның жансыз мүшесі кімге, неден пана болмайшы?

 

Үкінің қауырсынын, адыраспан сабағын қасиеті жұғады деп кие тұтатындар, баланы көзден-сұқтан қорғайды деп көзмоншақ тағып, пәле жоламасын деп бесікке қыранның тұяғын, қасқырдың тісін жіппен байлап қоятындар, абыройлы адамдардың отырған орнына, оның ырысы жүғысты болсын деп баласын аунатып алатындар бар. Бүл да - ширк. Өйткені, бүл жерде жақсылық та, жамашылық та Аллаһтан екендігі үмытылып тұр. Осыған орай, Аллаһ елшісінің (с.ъ.с) мынандай әмірін Анас (р.а) еске алады.

 

"Жұғысты болу, ырым ету дінде жоқ. Дүрысы: "Жақсылыққа жору" дегеніміз не? деп сұрайды. Оған Мүхаммед (с.ъ.с): "Көңілге жағымды сөз" - деп жауап берді. (Хадисті Бухари мен Муслим риуаят еткен).

 

Сондай-ақ тұмар тағу да ортақ қосу күнәсіне ұрындырады. Пайғамбарымыз:

 

"Кім де кім мойнына әлденені байлап алған болса, оның сиынары да сол болып қалады " - деген. (Бұл хадис Ахмадта, Тирмизиде де бар).

Көптеген Ислам ғалымдары тұмар тағуға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Рас, тұмардың ішінде Құран аяттары жазылса рұқсат бергендер де болған. Бірақ, ғалымдардың көбі Құран аяттары болса да, тұмар тағуға тиым салған. Өйткені, бұл Құран мен Суннада жоқ құбылыс.

 

Табиъун Саъид: " Кім де кім бір адам - тұмарын шешіп тастауға себепкер болса, ол бір құл азат еткендей сауап табады " - деп айтқан екен.

Әрине, Ислам ғұламалары арасында бұл жөнінде әр түрлі көзқарас қалыптасуы, тұмар тағуға негіз болмаса керек. Көзқарастың әрқилылығы дегеніміз - күрмеуі шешілмей жатқан күмәнді мәселе. Ал, Аллаһтың елшісі "Кумәнді нәрседен қашу" жөнінде атап айтқан. Яғни, мұндай күдікті істен барынша сақтанған дұрыс. Ал сақтық - тақуалыққа, тақуалық - тура жолға жеткізеді. Өйткені Аллаһ Таъала былай дейді.

 

"Міне, осы кітапта күдік жоқ. Такуалар үшін тура жол көрсетуші ". (Бақара, 2).

 

Тура жол табу немесе адасу Аллаһ Таъаланың тағдырымен болатын нәрсе. Тура жолға бастаушы да, адастырушы да - Жаратушы Раббымыз. Бірақ, Аллаһ Таъала адасуға лайық адамдарды ғана адастыратынын ұмытпауымыз керек.

 

Аллаһ: «Егер Аллаһқа және Ақырет Күніне иман келтірсеңдер, тартысқан кез-келген нәрсені Аллаһ пен елшісіне қайтарыңдар. Бұл жақсырақ, әрі соңы да хайырлы!» - деп айтты (Ниса сүресі, 59-аят).

Тағы да Аллаһ тағала былай деді: «Егер де біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін (аллаһ) елшісіне қарсы шықса, сондай-ақ, мүминдердің (яғни, сахабалардың) жолынан өзге жолға еріп кетсе, біз оны бұрылған жағына қарай бұрып қоямыз да тозаққа саламыз»(Ниса, 115).

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мен сендерге екі нәрсе қалдырдым. Олардан кейін сендер ешқашан адаспайсыңдар – Аллаһтың кітабы мен менің Сүннетім!» әл-Хәким. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахихул-джәми’» 2937.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді, олардың барлығы тозақта, тек біреуінен басқа». Одан: «Әй, Аллаһтың елшісі, олар кімдер?», – деп сұрағанда. ол: «олар менің және сахабаларымның артынан ергендер», – деді (ахмад 4/102, әбу дәуд 2/503, тирмизи 3/367, ибн мәджәһ 2/479, әд-дәрими 2/241, әл-хаким

 

Аллаһтың елшісінің осы сөзін ұстанбаған адам тура жолды таба алмайды, адасады. Біз Құран және хадисті сахабалар түсінігімен түсінсек тура жолда болыды екенбіз! Ал адасу ширк күнәсіне, ширк тозаққа алып барады. Тозақтағы азап өте қатты. Ондай азапты бұ дүниеде бастан кешіру мүмкін емес. Ендеше, сондайлық ауыр азапқа ұшырамауды осы бастан ойластырған дұрыс. Аллаһтан қорқу сезімі де осындай ойдан туындайды. Аллаһтың азабынан алдын-ала қалай сақтануға болады? Ол үшін Жаратушы Раббымыздың істе дегенін істеп, тиыл дегенінен тиылуымыз керек. Ал, Құдыреті күшті Жаратушының әмірлері Қүран Кәрім мен Мұхаммед (с.ъ.с) пайғамбардың сүннеттерінде топтастырылған.

 

Аллаһ Таъала былай дейді:

 

"Мухаммед (г.с), расында сен тура жолға бастайсың ". (Шура, 52).

 

"Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі". (Таһа, 100).

 

"Мухаммед (г.с) саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтауларың және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік". (Нахыл, 64).

 

"Мухаммед (г.с) Раббыңа серт. Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігінен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмкін бола алмайды". (Ниса, 65).

 

Аллаһ Таъала Сіздерге Құран және Суннамен жүруді нәсіп етіп, бәрімізді адасудан сақтасын!

 

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гончарова Алёна Сергеевна| Раздел 2. Долгое время посещение могил было запрещено в Исламе, затем пришло разрешение этого………………………………………………………………………………...73

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)