Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мазмұны

Читайте также:
  1. Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыбы мен мазмұны

Американдық Парламенттік Формат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пікірсайыс

Американдық Парламенттік Формат (АПФ) – бұл парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын палата спикері басқарады. Ол сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір палата спикерін таңдап алынады.

Мазмұны

[жасыру]

Американдық Парламенттік Формат[өңдеу]

Американдық парламенттік формат проблеманың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген. Сондықтан кез келген жазылған дәлелдерді бүкіл пікірсайыс барысында пайдалануға тиым салынады. Бұл оқу құралы АПФ-тың негізгі кіріспесі ғана. Кейін жазылған материалдар соңғы инстанциядағы шындық болып табылмайды, ол әр жеке пікірсайысшы немесе ол пайдаланатын пікірсайыстырудың бірегей әдісі үшін қабылдап алынатын пікірсайыстың жалпы философиясы мен негізгі ережелерін көрсетеді.

Премьер – министрдің (ПМ) конструктивті сөзі[өңдеу]

ПМ міндеті – конструктивті сөзінде қарар терминдеріне анықтама беру және пікірсайыстың барысын анықтайтын кейс (дәйектер мен дәлелдердің жиынтығы) ұсыну. ПМ пікірсайыстың бағытын және негізін айқындайды. ПМ өзінің кейсі мен Қарар арасындағы байланысты көрсетіп, Үкімет ұсынатын кейсті (бағытты) нақты бекіту керек және кейсті 3 тәуелсіз дәйек (аргумент) арқылы қолдауы тиіс.

Қарар[өңдеу]

Кез-келген тұжырым Қарар бола алады. Мысалы, философиялық немесе саяси пайымдау, өлең жолы, адамның пікірі және т.б. Қарарлардың ерекшеліктеріне байланысты түрлі-түрлі кейстер ұсынылады («АҚШ Боснияға әскер енгізуі керек»). Білім беруді жақсарту («Аз білім – қауіпті») немесе сөз бостандығы («Сіздің көзқарасыңыз маған жат, бірақ Сіздің оны білдіру құқығыңыз үшін өмірімді қиюға әзірмін») сияқты жалпы тақырыпта болуы мүмкін.

Тікелей байланыс[өңдеу]

Егер Сіз қарармен тікелей байланысты таңдайтын болсаңыз, онда сіз қарарда айтылған мағына бойынша ғана пікірсайыстыра аласыз. Ал түсініксіз болған немесе жалпылама мәселелерді ПМ түсіндіріп кетуі мүмкін. Бірақ қарардың ерекше жағдайлары мен жалпы принциптерін ұстану керек. Мысалы ұсынылған қарар мынандай болсын: «Парламенттің бейбіт мақсатта күш қолдануға құқығы бар». Бұл жағдайда Үкіметтің Қарарды қолдану аясы кеңдеу болады (нақтылау үшін «күшті» «әскери күш» деп алуы мүмкін). Көрсетілген өзгеше қарар бойынша пікір сайыстыруды да таңдай алады. Шындыққа жанаспайтын немесе нақтыланбаған кілтті (негізгі) сөздерге тиым салынады: көрсетілген мысалда Үкімет «күш қолдануды» «кедейшілікпен күрес» деп анықтай алмайды және қаланы қамтамасыз етуге үкіметтік шығындарды көбейтуді ұсына алмайды. Кей жағдайда қарар анықталмаған тараппен ұсынылуы мүмкін: «АҚШ үкіметі суицидті ресмилендіру қажет/қажет емес». Бұл жағдайда үкімет тобының өз позициясын таңдап алуға құқы бар. Таңдауды ПМК сөзіне дейін жарияламаса да болады.

Тығыз байланыс[өңдеу]

Тығыз байланыс кезінде Үкімет тікелей Қарар бойынша пікір сайыстыруға міндетті емес. Қарар жобалайтын тақырып пен қақтығыс көрсетуші кейсті ұсынуға болады. Кейбір еркіндікке жол беріледі, бірақ өзгеше жағдай болмаса қарардың жалпы тақырыбын сақтау қажет. Мысалы: «Қарарда «сізді жеңе алмайтын істерге араласпасаңыз ешкім жеңе алмайды» делінген. Саддам Хусейн бұл сабақты қабылдамады. Бірақ бұл мәлімдемеде АҚШ-қа сабақ боларлықтай мәселелер бар еді. «Шөлдегі дауыл» операциясы барысында АҚШ-тың Ирак әскерін талқандап, басып алатындығы белгілі болатын. Жерүсті операциясы небәрі 3 күнге созылды, ал Ирактың бүкіл оңтүстік бөлігі АҚШ бақылауына өтті. Біз Үкімет ретінде қарардың жобасында АҚШ-тың осы артықшылығын пайдалана отырып, жеңіс іс жүзінді қамтамасыз етілген іске араласу керектігіне сенеміз. Сондықтан біздің бүгінгі кейсіміз АҚШ-тың «Шөлдегі дауыл» операциясын – Иракты алғанға дейін жалғастыру керектігінде болып тұр.

«Бүгінгі біздің қарастыратын қарарымыз: «Ойламай айтылған сөз жүздеген өмірді қиюы мүмкін». Үкіметтің ойынша, бұл қарар жауапкершіліксіз сөздің қауіптілігін ескертіп, осы сөздер әкелетін зардаптарды жоя алатындар соны істеуге міндетті екенімен келіседі. Үкімет бүгінгі пікірсайыста «жауапкершіліксіз сөздің» нақты түрін қарастырғысы келеді – бұл «жек көру сөзі». Біздің ойымызша, белгілі бір топтардың намысына тиетін, қорлау пікірлері болашақ жауапты реакция және қоғамдағы поляризацияны тудырумен «өркениет кемесінің» өліміне әкеледі. Сонымен, біз ұсынып отырған кейс университеттерде қайсыбір азшылыққа қатысты агрессивті сөздерге тиым салатын шаралар қолдану керектігін айтады.

Тығыз байланысты қолданғанда қарардың сөзбе сөз тұжырымдамасы бойынша пікірсайыстыру міндетті емес. Ол Үкіметтің қарар тезисін іске асыратын және оған қарама-қайшылық туғызбайтын ұсыныс үшін (саяси жоспар немесе философиялық принцип болуы мүмкін) трамплин ретінде қолданылуы қажет. Қарар мен кейс арасындағы байланыс нақты белгіленіп, қабылданғаннан кейін алғашқы қарар екінші планға өтеді. Байланыстың жоқтығы Егер кейс пен қарар арасында байланыс болмайтын болса, онда үкімет өзі қалаған кез келген кейсті ұсынуға ерікті. Қарар тақырыбын айқындайтын кейсті ұсыну үкімет жағының артықшылығы болса да, бұл міндетті болып табылмайды. Тек ұсынылған кейс пен қарардың арасында ашық қарама-қайшылық болған жағдайды қоспағанда өзектілік те міндетті шарт болып табылмайды. Осындай ұтымды, әрі тапқыр байланыс төрешіге ұнамауы мүмкін, бірақ бұл оның шығарар шешіміне әсер етпеуі тиіс. Егер сіз парадигманың осы түрімен таныс болсаңыз, байланысты іздеп әуреленбеңіз. Қарарды ең алдымен кіріспе мен кейс арасындағы байланыс құралы ретінде пайдалану қажет. Кейсті ұсынғаннан кейін раундта қарар мен байланыс мәселесі көтерілмейді. Шын мәнінде, «байланыс жоқтығын» пайдалану – үкіметтің артықшылығы. Бұл – Үкіметтің пікірсайықа ойлап таба алатын кез келген мәселесін ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тек 2 талап орындалуы қажет: кейс шынайы әрі қызықты болуы керек. Кейс түрлері және оларға қатысты шектеулер төменде қарастырылатын болады. Кейсті дайындау Әдетте қарар раунд басталғанға дейін 15 минут қалғанда жарияланады. Осылайша Үкіметтің кейсті жоспарлауға, оны қарармен байланыстыруға, логикаға, мотивке, құндылыққа негізделген салмақты дәйектер табуға және осы дәйектер арқылы төрешіні иландырарлық жүйелі сөзге айналдыруға 10-15 минут уақыты бар. Бірнеше ұсыныстар: 1.Әрқашан екі пікірсайысшы да қолдай алатын кейс құрастырыңыздар. Егер ПМ Үкіметтің айтқан сөзіне сене алмайтын болса, онда бұған төрешінің де сенбейтініне шүбә келтірмеңіз. Тағы бір мәселе, топ өзінің жеңілерін сезетін жағдай. Әзілді кейстерді немесе Үкімет Мүшесі талдауға қиналатын шиыршықталған әрі түсінуге қиын экономикалық кейсті кейінге қалдырған дұрыс. 2.Кейсті жақтау қиыншылықтары. Сөздің бұл бөлігі пікірсайыс мазмұнын анықтайтын болады. Барлық негізгі және даулы болған мәселе мен ұғымдарды барынша нақты етіп түсіндіріңіздер. Бұл осы мәселелерді ұтымды пайдалануға септеседі. 3.Үкіметтің негізгі дәйектерін көрсетіп, анықтап алыңыз, бірақ тым күрделендірмеңіз. Оларды сөзбе-сөз жазып алудың да қажеттілігі шамалы, себебі бұл ПМ-нің парақтан оқуға деген қызығушылығын арттыра түсуі мүмкін. Айқындалып алынған дәйектерге қатысты қысқа ескертулер жасау арқылы ПМ нәтижелі сөзіне қажетті еркіндік алады. 4.Сөзіңізді қалай қорытындылайтыныңызды алдын ала дайындық кезінде ойластырып алыңыз. Сөзіңіздің әсерлі бастамасы туралы ойлап алу да артық болмайды.

Кейс түрлері[өңдеу]

Парламенттік пікірсайыста кейстің кейбір негізгі түрлері жиі қолданылады. Әрине, бұл тізім толық бола алмайды, себебі кейбір кейс түрлері төменде көрсетілген 3 топтың ішінде жоқ. Көп жағдайда кейстер бірнеше топтың элементтерін қамтиды. Мысалы, эвтаназияға рұқсат беру жөніндегі кейс әрі саяси, әрі философиялық дәйектерді біріктіреді. Талаптандыратын кейс Талаптандырушы кейс өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады және оны қорғайтын топ Парламентте, Мәжілісте, Президент, БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Құдайдың және басқа да адамның (Үкімет тарапынан болуы шарт емес) бекітудің қажеттілігіне сендіреді. Талаптандыратын кейс түрлі көзқарастардың қақтығысын тудырады, яғни қазіргі жағдайды өзгертуді талап ететіні де маңызды. Жүзеге аспайтын немесе ұсақ өзгерісті қорғайтын кейспен жұмыс істеу қажет емес. Қақтығыс тудырмайтын кейс түрлері: -марихуананы иелену және пайдалану заңдастырылу қажет. -БҰҰ Жапонияға Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты орын беруі керек. -Жалпы табыс салығы жойылу қажет. -Республикалық партия өзінің ұлттық платформасындағы түсік тастауға қарсы әрекет туралы пунктті алып тастауы қажет.

Философиялық (құндылықты) кейс[өңдеу]

Осы кейс бойынша Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қорғайды. Философиялық кейсте нақты іс-әрекеттен гөрі абстрактілі философиялық принциптерге көп көңіл бөлінеді. Философиялық кейс дискуссиямен тығыз байланысты. Онда Үкіметтің заттардың белгілі бір моральдық және философиялық жағдайына деген көзқарасы дұрыс екендігін дәлелдеу мүмкіндігі бар. Шынайы өмір жағдайы философиялық пайымдау үшін пайдаланылса да, негізгі фокус (мақсат) – философиялық құндылықтардың қақтығысы. -бостандық теңдіктен қымбат -өлім жазасы ақталмайды -тілектес диктатура – мемлекеттік құрылыстың ең жақсы формасы -10 адамның өмірін сақтап қалу мақсатында бір жазықсыз адамның Жанын қию – адамгершілікке жатады. Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс Уақыт пен Кеңістікте Құрылатын Кейсте спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Үкімет тобы Палата Спикерінің дәл сол уақыттағы емес, басқа уақыттағы кейпін жасауы мүмкін. Палата Спикері өтер пікірсайысты Үкімет атаған адам позициясының тарапынан, сол оқиға немесе құбылыс болған уақыт пен кеңістікке сәйкесінше ойлап, талқылауы қажет. Бірнеше УК түрлері: -Сіз – Құдайсыз. Өмірді әділетті етіңіз. -Сіз – Билл Клинтонсыз. 1996 ж. Сайлауға қатыспаңыз. -Сіз – 1945 ж. Гарри Труменсіз, Хиросимаға атом бомбасын тастамаңыз. -Сіз – Люк Скайуокерсіз. Күштің қара жағына өтіңіз. Пікірсайыс өткізілуі тиіс уақыт шегі анықталғаннан кейін уақыт пен кеңістікті бұзуға тиым салынады. Себебі бекітілген уақыт шегі – пікірсайысты әділ жүргізудің негізі. Бұл пікірсайысшылардың бекітілген уақыт шегінен асатын оқиғаларды бейнелей алмайтындығын, сол уақытта адамзатта болмаған білімді пайдалана алмайтындығын және пікірсайысшы бейнелейтін адамға тән емес көзқарастарды білдіре алмайтындығын айқындайды. Мысалы: ойында 1930 ж. Уақыт шегі белгіленген делік, егер пікірсайысшы Ұлыбритания Премьер-министрі Невилл Чемберлен («Гитлерді тыныштандырушы») ролінде болған болса, онда опозиция II дүниежүзілік соғыс немесе келісімге қол қойылғаннан кейінгі А.Гитлердің жауыздығын т.б. оқиғаларды ескерте алмайды.

Уақыттық-кеңістікті кейс өте көңілді болуы мүмкін, бірақ ұшқыр ойлылықты талап етеді. Кейде ойластырылмаған уақыттық-кеңістікті кейс пікірсайыстың көрсетілген мәселе мен пәндер бойынша емес, жекелеген адамның психологиясы мен мотивация мәселесі бойынша жүріп жатуына әкеледі.

Алдыңыздан шыға келетін тағы бір мәселе болуы мүмкін. Мысалы, төрешіні ойлау жүйесі қалыпты жағдайдан ауытқыған адамның орнына қойдыңыз делік: “Сіз Чарльз Менсонсыз. Х-нәрселерді жасауға тиіссіз”, пікірсайыстыру үшін тиімді кейс болмас, себебі Чарльз Менсон есінен ауысқан маньяк қылмыскер, сондықтан пікірсайыс барысында Х тарап ұсынған логикалық және саналы қадамдарды жасауы екіталай. Кейстің тиым салынатын кездері

Труизм[өңдеу]

Егер кейске қарама-қарсы пікір айту үшін дәйек немесе жауап беру мүмкін болмаса, онда бұл жағдай өте қысылтаяң болып саналады. Бұл жағдайды труизм деп атайды және оны пайдалануға болмайды. Кейске қатысты шашыраңқы дәйектерден басқа айтуға болмайтын болған жағдай да труизм болып табылады. Труизмге мысал ретінде келесі бір тұжырымды келтіруге болады.

Дәйектер (Аргументтер)[өңдеу]

Премьер-министрдің мазмұнды деген сөзінде кейсті негіздеуді қолдайтын кем дегенде 3-4 дәйектің болғаны дұрыс. Олардың аталуы қарапайым болуы керек. Бұл раунд барысында аталып кеткен дәйектерге сілтеме жасауды жеңілдетеді.

Дәйектерді қарапайым хабарлау аз болуы мүмкін. Сондықтан да Премьер-министр өз дәйектері қабылданбаған немесе қабылданған жағдайда пайда болатын салдардың нәтижелерін сипаттап бере алуы тиіс. Дәйектің әрқайсысы кейсті тікелей қолдап тұруы тиіс және дәйектер таратылып, жақсы түсіндірілуі керек. Дәйектер жалпыға ортақ құндылықтарға негізделуі керек. Нәтижесінде мұндай дәйектерді логикалық жағынан да, сезім тұрғысынан да қолдауға болады.

Негізгі түйіндер[өңдеу]

Сөз басында ПМ дәйектерге олардың атауы бойынша шолу жасайды. Барлық дәйектердің негізгі түйіндері аталғаннан соң, оларға қайта шолу жасалады. Сезімге әсер етуді көздеген дәйектерді ең соңынан қарастырған дұрыс. Ал әсері жағынан екінші болатынындарын бірінші қатарға қою керек. Спикер сөзбасын жақсы бастауы тиіс. Дегенмен мықты деген уәждерін артынан айтып, Төрешіге маңызды санайтын ойларға салмақ түсіріп айта алады.

Қорытынды[өңдеу]

Сөз соңында спикер сөзіне қайта оралып, барлық айтқандарын тағы бір рет шолып өтуі тиіс. Қарарға екінші қайтара сілтеме жасау сөз басы мен сөз соңын байланыстырады. Премьер-министр өз ұсыныстары мен пікірлерін қабылданған жағдайда қол жеткізуге болатын нәтижелерді немесе кейстің негізіне назар аудартуы керек. Бұл әдіс Үкімет мүшесіне сөз бастағанда септеседі. Ол осы Премьер-министрдің осы қорытындысына негізделе отырып сөзін бастайды.

Оппозиция жетекшісінің (лидерінің) сөзі[өңдеу]

Оппозиция Лидері үкімет ұсынған сараптаманы қарастырып, оның кемшіліктерін айтуы керек. Осыған негізделе отырып оппозиция ұстанымын дамыта түсуі тиіс. Оппозиция Лидері Премьер-министр сөзін аяқтаған соң бірден шақырылады. Парламенттік пікірсайыста сөз арасында дайындалуға қосымша уақыт берілмейді.

Қақтығыс[өңдеу]

Оппозиция Лидерінің міндеті – қақтығысты қамтамасыз ету, яғни Үкімет ұсынған ұстанымға қарама-қарсы көзқарастың бар екендігін және оның да қарастырылуын қамтамасыз ету. Оппозиция Лидері Үкіметтің барлық айтқандарын Премьер-министр берген ұғым мен анықтамалар негізінде қарастыруы міндетті емес. Оппозиция балама көзқарасты ұстанғанымен, ол Үкімет күткендей терістеуі де міндетті емес. Болжам мен анықтамалар – бірден сеніп қалмаңыздар Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұстанымының) қандай болжамдарға сүйеніп отырғандығын анықтау керек. Бұл болжамдардың қателігі мен сенімсіздік тудыратын жақтары қандай? Аталған мәселелердің және болжамдардың көзқарасыңызға сәйкес болуы үшін не өзгертуге болар еді? (Оппозиция философиясы деп оның осы болжамдарға енгізбекші ойларын атауға болады). Үкіметтің түсініктерге берген анықтамаларын тағы бір рет қарап шығыңыздар. Мұнда үкіметтің өзі түсінетін анықтамалар ғана болуы да мүмкін. Сізді қанағаттандыратын анықтама қандай болуы керек? Оның салмағы неде болмақ? Есіңізде сақтаңыздар: Сіздің басты міндетіңіз Үкіметтің әрбір дәйегіне қарсылық жасап терістеу емес. Сіздің мақсатыңыз олардың кейс құрылымын әлсірету, яғни ортақ идеясының байланысын ыдырату. Терістеу жасау барысында бірінен соң бірін терістеуден гөрі жалпы кейстің осал тұстарын іздеп зерттеген әлдеқайда тиімді болмақ.

Оппозиция философиясы[өңдеу]

Үкіметтің негізгі ойлары мен тұжырымдарын естігеннен кейін, Оппозиция өзінің философиясын анықтап жариялауы керек. Аты айтып тұрғандай Оппозиция философиясы деп даттау тобы жақтайтын және оны негіздеуге әрекет ететін негізгі һәм басты идеяны айтады. Үкіметке кейс негіздемесі қаншалықты маңызды болса, Философияның Оппозиция үшін маңыздылығы пара-пар нәрсе. Қолдайтын немесе негіздейтін идеяны ұсыну қарапайым терістеуге қарағанда оңай шаруа. Оның артықшылығы келесіде: біріншіден, бұл Оппозицияға Үкіметтің айтқанын сынап, құрғақ терістеуден гөрі өз тұжырымдарын негіздеуге мүмкіндік берсе, екіншіден, өз философиясын ұсына отырып Оппозиция Үкіметті де терістеуге әрекет етуге мәжбүр етпек. Яғни, Үкімет енді өз кейсін дәлелдеумен қатар Оппозицияның да философиясын сынай бастайды. Оппозиция философиясы екі міндет атқаруы тиіс: -Ол Үкіметтің идеясына қарама-қарсы келетін, анық және аяқталған тұжырым болуы тиіс. -Ол Оппозицияға өз дәйектерінің шеңберін құрастыруға жағдай жасауы керек. Оппозицияның терістеме жасауы міндетті екен деп, олар Үкіметтің «' Ақ » дегенін « қара» деуі шарт емес. Яғни, Оппозиция Үкіметке тура қарама-қарсы позиция ұстануы міндетті емес.

Контркейс[өңдеу]

Мысалы, Үкімет мынандай бір тұжырым жасаған болсын: «Америка Құрама Штаттарында қару-жарақ сатуға тиым салу керек». Тура шаба жөнелетін және қарапайым ойлайтын Оппозиция келесідей жауап берер еді: «Жоқ, қару-жарақ сатуға тиым салуға болмайды». Ал тәжірибелі Оппозиция өз көзқарасын келесідей етіп жасар еді: «Әрине, біз қару-жарақтың қолда жүруі үлкен қауіп төндіретіндігін мойындаймыз, дегенмен Азаматттардың негізгі құқықтарын да ескеру керек. Сондықтан біз қару-жарақты иемденуді шектеу керек, ал оның сатылуына толықтай тиым салуға болмайды деп санаймыз». Тактиканың мұндай түрі «контркейс» деп аталады. Контркейс дегеніміз – Үкіметтің ұсынған болжамдарына байланысты жасаған ұсынысынан тиімді болмақ Оппозицияның іс-әрекеттерінің жоспары. Контркейс ретінде бойында Үкіметтің жасаған кемшіліктері жоқ кез-келген жоспар бола алады. Қойылатын жалғыз ғана талап бар. Ол – кейс пен контркейс біріне-бірі қарама-қарсы болуы шарт. Яғни, екі жоспарды бір уақытта орындау мүмкін болмауы керек немесе оларды бір уақытта орындау тиімсіз болуы тиіс.

Толықтырулар[өңдеу]

Егер Оппозиция Премьер-министр аталған критерилерді (тавтология, арнайы білімді қажет ету, труизм) бұзатын кейс ұсынды деп санаса, онда Оппозиция Лидері сөзінің алғашқы минутында оларды атап көрсетіп дәлелдеп беруі тиіс. Егер Оппозиция осы жерде айтып кетпеген болса, онда Оппозиция раунд бойы үкімет ұсынған кейс бойынша пікірсайыстыруы тиіс болады. Ал егер кейс өзгертілген болса, онда ОЛ Үкіметтің кейсін толықтырып оған қосқан ұсыныстары арқылы пікірсайыстыруға болатындай жасауы қажет. Бірақ барлық өзгертулер алдыңғы кейстің ізімен жүргені дұрыс. Толықтыруларды енгізудің мақсаты пікірсайысты қамтамасыз ету. Себебі басқа жағдайда: «Бұл труизм»/ «Жоқ, бұл трузм емес» деп дауласқаннан ешкімге де пайда әкелмесе керек. Толықтырудың алғашқы қадамында қарастырылып отырған кесте Оппозиция үшін терістеуді күрделендіретін немесе мүмкін етпейтін жақтарын түсіндіру талап етіледі. (Барынша салмақты болып, құрғақ айқайдан аулақ болу керек). Осыдан кейін Оппозиция өз ұсыныстарының қажеттілігін түсіндіріп, екі міндетті атқаратындығын дәлелдеп беруі керек. Біріншіден, Үкімет ұсынған кейстің ізімен өзгертілгендігін, яғни Үкіметтің негізгі ойын дамытатын, ал екіншіден, Оппозицияға терістеуге мүмкіндік беретіндігін көрсетуі керек. Мысалы, Кейс: «Ата-аналар балаларын себепсіз жазаламауы керек» – труизм. Толықтырулардан кейін: «Ата-аналары балаларын сабамауы керек». «Үкімет полиция қызметінің қатаңдығын шектеуі керек» – труизм. Толықтырулардан кейін: «Полиция қызметін реттеуші Заң қаталдануы тиіс». «1994 жылы саяси тұтқындауға жол бергендіктен АҚШ Гвенея-Биссау үкіметіне қолданылатын санкция ретінде астыққа эмбарго енгізуі керек» – арнайы білім. Толықтырулардан кейін: «АҚШ адам құқықтарын сақтамайтын және оларды бұзу тіркелген елдерге экномикалық санкциялар қолдануы керек». Егер кейске Оппозиция Лидермен толықтырулар енгізілген болса, онда Үкімет Мүшесінің екі амалы бар. Біріншісі, кейстерінің тавтология немесе труизм еместігін дәлелдеу. Бұл үшін ол саналы адамның қақтығыста жасауға мүмкіндік беретін кем дегенде бір (мүмкіндігінше екі немесе үш) дәйек ұсынуы керек. Екіншіден, кейстің труизм екендігімен келісе отырып, толықтырулар енгізілген кейс бойынша пікірсайыстыру. Бұл жағдайда Үкімет мұндай кейсті ұсынғаны үшін жазалануы мүмін, дегенмен Оппозиция да жаңартылған кейспен пікірсайыстырып та жеңілуі мүмкін нәрселер. Дәйектердің шекарасын қалыптастырған кезінде Үкімет тобы дайындаған дәйектерінің негізгі бағытын, яғни дәйектердің кейсті тікелей қолдайтындығына көз жеткізуі керек. «Барлық Әлеуметтік сақтандыру жүйесі таратылуы қажет» деген тұжырымда осы жүйедегі барлық кемшіліктерді атап шығу аз болмақ. Бұл жағдайда Үкімет бар жүйені түзету мүмкін еместігін және оны түбегейлі өзгерту керек екендігін көрсетуі керек.

Арнайы білім[өңдеу]

Арнайы білімнен қорғанудың Оппозиция қолдана алатын екі түрі бар. Біріншісі – білімдерінің жетпейтіндіктерінен пікірсайыстыра алмайтындығы туралы ойнай алмайтындығын хабарлау және осы бойынша пікірсайыстыру. Бұл жағдайда мүмкін болатын шара ретінде толықтырулар енгізуді қарастыруға болады. Екіншіден – Төреші мен Үкіметке Оппозиция тарапының ақпараттары жетпесе дағы пікірсайысты философиялық құндылықтардың негізінде жалғастыра беретіндігін жеткізу.

Байланыс[өңдеу]

Егер Оппозицияның пікірі бойынша Үкімет Лидері қарарға байланыссыз кейс ұсынды деп санайтын болса, онда ОЛ сөзінің алғашқы минутында оны хабарлап айтып оны дәлелдеп беруі тиіс. Кейс әлсіз байланысқа негізделген деген қарапайым әрі әлсіз тұжырымыңыз ешкімді де сендіре алмаса керек. Төрешіге байланыстың үзілгендігін көрсетіп бермейінше ол оны өзі анықтап қарастыра алмайды. Ескерту жасағанна кейін Төреші байланыстың бар екендігіне келіссе, онда Оппозиция осы кейспен пікірсайыстыра беруге мәжбүр болады. Оппозиция байланыстың жоқтығын көрсетуге әрекет жасай бастағаннан кейін Үкіметтің екі міндеті болады. Ол байланыстың бар екендігін және оны ұсынған дәлелдердің есебінен көрсете білуі керек. Осы қателігі үшін көп жеңіліс таба бермесе де, Үкімет жазалануы мүмкін. Екіншіден, байланыстың жоқтығына сілтеме жасау кезінде байланысқа негізделген дәйектерді пайдаланбауға тырысыңыздар. Олар орынсыз деп бағаланып, Төреші тарапынан Оппозицияны жазалауға апаруы да мүмкін. Қайткенде де Оппозиция Үкімет ұсынған кейс бойынша ондағы критерийлердің бұзылғандығы анықталғанға дейін пікірсайыстыра беруі қажет. Оппозиция ұсынған кейс Үкіметтің кейсіне қарағанда парасатты екен деп, ПМ ұсынған кейсті түбегейлі өзгерте алмайды. Пікірсайыс анықтамалар мен өзектілігін анықатау дәрежесіне дейін түспеу керек. Бұл жағдайда екі топқа да шаралар қолданылады.

Дәйектеме (Аргументация)[өңдеу]

Өзгертулер енгізілгеннен кейін егер қажет болса, Оппозиция бірнеше тәуелсіз дәйек ұсынуы керек. Оппозиця Лидері 8 минут бойы қызыл сөзді сапырып Үкіметтің адасып кеткендігін талдауы абырой әпермейді, және ұзын сонар әңгімені тыңдап отырған да оңай шаруа емес. Тағы бір мәселе: әр дәйекке бірінен соң біріне жауап беру. Оппозицияның тиімді стратегиясы ретінде Үкімет ұсынған құрылымға балама бола алатын құрылым жасау. Егер өз философияңыз бар болатын болса, онда тәуелсіз бірнеше түйінге негізделіңіздер және олар сіздің философияңызды қолдауы тиіс. Өз құрылымыңыз дайын болысымен Үкіметтің ұсынған тұжырымдарына жауап беруіңізге болады. Тиімді әдістің тағы біреуі «Көлденең қосымша» жасау. Яғни Үкіметтің ұсынған түйіндеріне (дәйек пен дәлелдеріне) Оппозиция философиясының дәйектерін қарастыру арқылы жауап беру. «Көлденең қосымшаны» пайдалануда ұйымдастыру мәселесі әсіресе маңызды болмақ. ОЛ өте мұқият болуы керек және өзінің тәуелсіз дәйектерін көрсете отырып, олардың қай жерде Үкіметтің позициясына жауап беретіндігін де анықтап кетуі керек. Алайда, аталмыш әдіспен таныс болмаған Үкімет пен Төреші ұсынылған дәйектерге тікелей жауап берілмеді деп қарастыруы мүмкін. Мұндайда Оппозиция Лидері 8 минут бойы қай жерде жауап беріп тұрғандығын көрсетумен болады. Бұдан оңай түрі Оппозиция философиясынан кейін тікелей терістеу жасауды қарастыруға болады.

Талдау[өңдеу]

Үкімет тобы белгілі бір проблеманы шешуге арналған және дүниені жақсартуға септігін тигізетін кейс (бағдарлама) ұсынып тұрмыз деп ойлайды. Оппозиция тобының міндеті – енгізілетін саясаттың немесе бағдарламаның кемшілігін, болмаса зияндығын дәлелдеп көрсету. Үкіметтің ұсынған жоспарын орындаудан кім ұтады? Дегенмен, Оппозицияның міндеті аталған жоспарды орындаудан зардап шегетін тарапты анықтау болмақ. ПМ сөзбасында өз тұжырымдарын жариялап тұрған кезде, Оппозиция лидері мен мүшесі оларды талқылап бойындағы бар кем-кетік тұстарды анықтап үлгеруі абзал. Дәйектерге жауап беру барысында Оппозиция олардың аталуына, яғни екі мағыналы болмауына назар аударуы керек. Оған қоса оның логикасына (адамның сезіміне негізделбеген бе? Оны Оппозиция пайдасына қолдануға болмас па еді?) және маңыздылығына (Пошта маркасының 2 тиынға көтерілгендігі біреу-міреуді толғандырады ма?). Кейстің негізделуі қаншалықта мықты болды? Үкіметтің тағы қосып айтқысы келгендігі немесе кейсін пікірсайыс барысында қалай өзгерткісі келгендігі аса маңызды емес. Оппозиция бар назарын кейстің қалай негізделгендігіне аударуы керек.

Оппозиция тобының кейбір арнайы стратегиялары:[өңдеу]

«Мекенсіз арал» қорғаны. Бұл әдісті Үкімет тобы труистік болмасадағы, бірақ соған жақын болған кезде қолдана бастайды. Мұндайда Оппозиция тобы мұңаймай-ақ қойсын. Олар Төрешіге Үкімет тобының негізгі міндеті пікірсайыстыруға ыңғайлы болатын кейсті ұсыну екендігін көрсетуі керек. Ал мұнда «қарсы» бір-ақ дәйек айтуға болатын тұжырым айтылған. Егер Оппозиция өз ұстанымының анық бекуін қамтамасыз етсе немесе оның тарқатып дамытқан болса, онда Оппозиция тобының жеңіске жетуі ықтимал. Естеріңізде болсын, Парламенттік сайыстың алғашқы талаптарының бірі көп дәйек ұсыну емес, топтардың пікірсайыстыру дәрежесі болмақ. Айтса да қорғанудың бұл әдісін өте сақ пайдаланған дұрыс. Егер Оппозиция Үкімет тобының аталған әдісті пайдаланғандығын айтса және Төрешінің Оппозиция тобын қолдайтын бірнеше салмақты дәйегі бар болатын болса, онда бұл әдістің пайдасы болмайды. Керісінше болуы да мүмкін. «Үшінші мүмкіндік» қорғаны. Әдетте Үкімет тобы балама екі ұстанымды қамтамасыз ете отырып, Оппозицияға өзінен қалған тарапты қалдырады. Кейде үшінші, төртінші немесе бесінші тараптардың бар болуына қарамастан Оппозиция өзінің еркі бойынша немесе мәжбүрліктен ұсынған тарапты қабылдайды. Осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы Оппозиция жақсы қорғаныс ұйымдастыра алады, себебі Үкімет тобы Оппозицияға қалдырған тарапты қабылдайды деп сенеді және соған дайындалады. «Алдын ала залалсыздандыру» қорғаны. Кейде Үкімет басында ашық және түсінікті болып көрінгенімен Үкімет мүшесінің сөзінде тавтологияға немесе труизмге жақын болатын конструкция (әдетте Үкімет Мүшесінің қосқан тың ақпараттарының әсерінен) ұсынуы мүмкін. Мұндайда Оппозиция мұны көрсетіп үлгермейді. Алайда егер ақылды, алғыр Оппозиция Лидері: «Бұл тұжырымдардың кейіннен келесідей болып түрленіп кетуінен сескенеміз» деп алдын ала назар аударған болса, онда бұл әдістің жүзеге аспайтындығына сенуге болар еді.

Үкімет мүшесінің конструктивті сөзі[өңдеу]

Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі соншалықты сыни болады. Үкімет Мүшесі конструктивті сөзі жеңіс пен жеңілістің арасын ажыратушы белес болмақ. Үкімет Мүшесі екі мақсатты орындауы тиіс: Үкімет кейсінің артықшылығын қамтамасыз ету және Оппозиция тобының тарапынан мүмкін болатын терістеудің алдын алу. Егер бұл міндетті орындау Үкімет Мүшесінің қолынан келмеген болса, онда Оппозицияның 12 минут бойы Үкіметтің ұсынған жоспарынан түк қалдырмай тас талқанын шығару мүмкіндігі пайда болады. Егер Сіз Үкімет Мүшесінің Конструктивті сөзінде дәрменсіздік танытсаңыз, онда бүгін Сіздің жеңілгеніңіз. Басқа жағынан қарастырсақ, мүмкін емес болып көрінгенімен жақсы жасалған Үкімет Мүшесінің сөзі пікірсайысқа да нүкте қоюы мүмкін. Ал қалғаны айтылған нәрселерге эпилог ретінде қарастырылады.

Міндеттер мен стратегиялар[өңдеу]

Раундтың қалған бөлігі Үкіметтің артықшылығымен өтуді қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтсақ, пікірсайысты Үкіметтің сипатындағы позицияларға қайта әкелу. Мысалы, Үкімет тобы өлім жазасын алып тастау туралы кейс ұсынған болсын және өз уәждерін дәлелдеу мақсатында моралдық және этикалық дәйектерге жүгінген делік. Оппозиция ауыр қылмыстардың жиілеп кеткендігін және оларға қатысты қатаң саяси шараның қажеттілігін айтуы мүмкін. Осыдан соң, Үкімет Мүшесі алғашқы пікірсайыстың өзегі ретінде моралдық және этикалық құндылықтардың болғандығын алға тартады. Оппозиция ұсынған саяси қажеттіліктің маңыздылығы көрсетілседағы Үкімет оның нақты осы кейске қатысы аз екендігін айтады. Осыдан соң Үкімет пікірсайысты өздері алғашында ұсынған бағыт бойынша дамыта түседі. (Егер Оппозиция өз міндетін жақсы орындайтын болса, онда ол бұған қатысты өзінің көзқарысын білдіріп, терістеуге тырысары анық)

Оппозиция дәйектерін жою немесе тыс қалдыру[өңдеу]

Мысалы, өлім жазасына байланысты қарастырылған кейсте Оппозиция Лидерінің сөзінде мынандай дәйек келтірілген болсын: «Қылмыскерлерді қамауда ұстау қымбат болғандықтан және оған азаматтарға салынған салық жұмсалатындықтан ақталмайды». Үкімет Мүшесі оған «Өлім жазасына кесу мәселесін қарастыру барысында және келіп түскен көптеген арыз-шағымдарды талдауға жұмсалатын шығын қамауда ұстаға жұмсалатын шығыннан әлдеқайда көп болмақ», – деп жауап бере алады. ҮМ Оппозицияның ұсынған дәйектерін қате деп көрсеткеннен соң, қамауда ұстау өлім жазасына кесуге қарағанда шығынды көп қажет еткен күннің өзінде де қылмыскер болсын, не жазықсыз адам болсын шығарылған шешімнің моралдық ауыртпалығын айтады. Себебі моралдық құндылықтарды қаржының жұмсалу шамасымен салыстыруға келмейді. Бұл стратегияның екі нәтижесі болады. Қарастырған кейсімізде Үкімет Мүшесі дәйектерді өз кейсінің артықшылығы мен кемшілігі турасында жіктесе, артынан өз тараптарының маңыздылығын да көрсетіп шығады. Дегенмен, Оппозиция дәйектерін залалсыздандыру оңай болмас. Егер Оппозицияның дәйектерін турасынан қате деп айту тым қатты болатын болса, онда оларды Үкіметтің ең мықты дәйегімен салыстыру қажет. Оппозиция «Өлім жазасы қорқытудың құралы ретінде ақталады. Ол қылмыскерлерге адамдардың өмірін нақақ қиғаны үшін сіздердің де өмірлеріңізді әділдік орнату үшін қиямыз демек», – деген тұжырым ұсынған делік. Үкімет Мүшесі: «Әрине, бұл өлім жазасының қызметіне деген идеалистік көзқарас болуы мүмкін, алайда өмірдің шындығында өмір жазасының қызметі – кек қайтару болмақ». Бұған қоса Үкімет Мүшесі кейде жазықсыз адамдардың қате өлім жазасына кесіліп жатқандығын келтіруіне болады.

Үкімет мүшесінің сөз құрылымы[өңдеу]

Барлығы да дұрыс болса[өңдеу]

Барлығы да белгіленген жоспардан еш ауытқусыз жүріп жатқан болсын. ПМ кейсті анық белгілеп берді. Оппозиция оны қабылдап, Үкімет Мүшесінен келесі әркекеттерді күтуде: 1) Артқа шолу жасап (Үкіметке бұрып) – раунд кестесін жасайды. Пікірсайыстың айырмашылықтарға негізделгендігінен Төрешіге де, Оппозицияға да осы айырмашылықтарды ажыратып көрсету керек. Сөзіңіздің барынша қысқа және мазмұнды болуына назар аударыңыз. Раундқа шолу жасау барысында ұсақ нәрселерге көп тоқталмаған дұрыс. Сіздің мақсатыңыз – сөзіңізден кейін дами түсетін сайыстың бейнесін қалыптастыру. 2) Келесі стратегиялардың бірін пайдалана отырып өз дәйектеріңізді қалпына келтіріп қарсыластарыңыздың негізгі түйіндеріне терістеу жасау. -Сілтеме: ПМ пайдаланған құрылымды пайдалана отырып, ол қолданған атауларды қолдануға тырысыңыз. Оппозицяияның негізгі тұжырымдарын осы құрылымды пайдалана отырып терістеңіздер. -Қалпына келтіру және терістеу: Алдымен Үкімет ұсынған кейстен бастаңыздар және Оппозиция Лидері жасаған сындарды түзетіңіз. Артынша Оппозицияның ой-түйіндерін анықтап терістей бастаңыз. -Терістеу және қалпына келтіру: алдымен Оппозиция кейсіндегі сұрақтар мен дәйектерге тоқталып оларды талдау жасаңыз. Осыдан соң Үкімет кейсінің қаншалықты мықты екендігін көрсетуіңізге болады. Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек. Ал егер өзіңіз Оппозияның дәйектерін назарыңыздан тыс қалдырып кеткен болсаңыз, онда бұл Оппозицияның негізгі қарастырар тақырыбына айналмақ. 3) Жаңа дәйектерді енгізу. Жаңа дәйектердің маңыздылығын арнайы атап кету керек. ПМ өзінің алғашқы сөзін дайындап жатқан кезде мазмұнды және салмақты дәйектердің бір-екеуін Үкімет Мүшесінің сөзіне де қалдыру керек. Егер Үкімет Мүшесі жаңа дәйектерді ұсынбаған болса, онда оның қызметін ПМ сөзін қайтадан қайталап шығу деп қарастыруға болар еді. Жаңа дәйектерді ұсынудың тағы бір артықшылығы немесе көмегі бар. Ол – Оппозицияның уақытын сіздің ұстанымдарыңызды талқылауға мәжбүр ету.

Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда[өңдеу]

Әдетте керемет сайыскерлердің де қателіктерге ұрынып жататындығы болып жататын жайттар. Барлығы сол бір әттеген-айға барып тіреледі. «Шіркін, қайтадан сол бір жерін жақсылап түсіндіріп бере алсам ғой...» Егер Оппозиция Лидері сөзіңізге басқа бір рең беріп, сайысты хаосқа апарған болса, онда Үкімет Мүшесі пікірсайысты бастапқы сарынға қайта түсіруі тиіс. Ол үшін Үкімет Мүшесі келесі шараларды жасауы қажет: 1) ПМ-нің көздеген мақсаттарын түсіндіріп беру. Айтқандарыңыздың барлығы дерлік көрермен мен төрешілерге түсінікті болуына мұқият болыңыз. Егер Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің сөзіндегі белгілі бір ой түйінге тоқталуды жөн деп санаса, онда өз сөзі мен Премьер-министрдің сөзі арасындағы арақатынасты анықтап беруі қажет. Себебі басқа жағдайда Оппозиция сөзіңізді қате түсінуінің, ал басқа адамдардың ештеңе түсінбеуінің қаупі туындайды. Премьер-министрдің сөзіне қарама-қайшылықтарды болдырмауға тырысу керек. Егер араларыңызда қайшылық пайда болған болса, онда Оппозиция Мүшесінің бұған міндетті түрде тоқталып өтетіндігін естен шығармаңыз. Олар сіздерді ұйымдаспаған, жалған пікірлерді ұстанушы адамадар ретінде сипаттайды. Төрешіге өз кейсіңіздің артықшылықтарын тағы бір рет қайталап көрсетіңіздер және оның сізді қолдауға міндетті екендігін көрсетіп беру керек. Төреші мұны Премьер-министрдің сөзінен-ақ түсінбеген жағдайда Үкімет тобы үлкен қиындықтармен кездеседі. Ал егер оны Үкімет Мүшесінің сөзінен де түсінбесе, онда сіздің бұл сайыста жеңілгеніңіз. 2) Үкімет тобының құрылымын негіздеу. Сөзіңізді қайта ұйымдастыру ешқашан кеш болмайды. Көптеген кейстер Үкімет Мүшесінің сөзінде қайта жанданып, үкімет тобының позициясын дамыта түскен жағдайлар да кездеседі. Айтқан дәйектеріңіз түсініксіз, яки анық болмаған жағдайда Үкімет Мүшесі дәйектерге сілтеме жасауы қажет. Әсіресе, өзіңізбен Премьер-министрдің бір тарап екендеріңізді көрсету аса маңызды. 3) Сұрақтар қоюға көшу. Үкімет Мүшесінің міндеті – Оппозиция Лидерінің сөзіне мүмкіндігінше көп әрі мазмұнды жауап беру. Қатты қиналған жағдайда дайындаған кейстеріңізді қайта қарастырып, оның құрылымын өзгерту оңай шаруа емес. Сонымен бірге Үкімет Мүшесінің сөзінен кейін Оппозицияның сізге жауап беруі үшін 12 минутының болатындығын да жадыңызда сақтаңыздар. 4) Жаңа дәйектерді енгізуді ешқашан ұмытпаңыздар. Сақтануды қажет ететін екі тактикалық әдіс. Келесі екі әдіс (технология) әділ және опасыз болғандықтан оларды пайдаланбаған дұрыс және сақтанып жүріңіздер.

№1 тактика. Үкіметтің дәйектері сараптама бөлімінде аман-есен пайда болуын қамтамасыз ету үшін оларды «тас қалдыру». Премьер-министр сөзінің соңында салмақты уәж айтқан болсын, ал Оппозиция Лидері белгілі-бір себептерге байланысты оны байқамай қалды. Осы жағдайда Үкімет Мүшесі сөзінде ПМ айтып кеткен дәйектерді қайталап, оның қараусыз қалғандығын айтып кетуі міндет. Бұл қателігі үшін Оппозиция тобы жазаланатын болса да, ол Оппозиция Мүшесінің сөзінде жауап беруге мүмкіндік алады. Ал егер Үкімет Мүшесі мұны айтпай кетсе, онда Оппозиция тобының жауап беруге әділ мүмкіндігі болмайды. Бұл әдісті әбден әділетсіз ететін тағы бір жері бар. Ол – егер бұл дәйек Премьер-министрдің сөзінде болар-болмас етіп айтылған жағдай. Сайыс басында айтылып артынан әдейі ұмыт қалдырылып, сараптама бөлімде қайта қарастыруға арнайы тиым салынбаған. Дегенмен, бұл әдіс ар тұрғысынан әділетсіз деп қарастырылғандықтан көптеген төрешілер мұны дұрыс көрмейді.

№2 тактика. Үкімет кейсінің анықтамасын өзгертуі. Премьер-министр ұсынған кейс Оппозиция Лидерінің тарапынан үлкен сынға ұшыраған болсын және Үкімет Мүшесі қатты сасқалақтады. Бұл жағдайдан аман шығу үшін Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің айтқанын қайталай отырып, Оппозиция тобының біраз сынын пайдасыз ететін көзге көрінер-көрінбес өзгертулер енгізеді. Бұл әдіс әділетсіз және заңсыз деп саналады, себебі Үкіметтің келтірген кейсіне байланысты Оппозиция Лидері өз көзқарасын айтып қойған болатын. Кейсті қайтадан енгізу әдісі арқылы Үкімет Оппозиция тобын қайта бастауға мәжбүрлейді.

Оппозиция мүшесінің сөзі[өңдеу]

Раундың соңғы конструктивті спикері ретінде оппозиция мүшесі екі жақтың мақсаты мен негізгі философияларын қамтитын раундтың уникальды көрінісін дамыта алады. Үкімет кейсін сараптап, негізгі мәселелерін анықтау үшін оппозиция мүшесінде 23 минуты бар.

Стратегия[өңдеу]

Нағыз зұлымдық дегеніміз не? Үкімет айтқан қайғылы оқиғалардың орнына қалыптасқан жағдайдағы мәселелердің өзектілігін сараптаңыз. Мысалы Үкіметтің айтуынша АҚШ-та денсаулық сақтау ісі әлеуметтенуі тиіс. Үкіметтің сөзі адам денсаулығына АҚШ-та дұрыс қамқорлық көрсетпегеннің зардаптарын суреттейді: халық көшелерде аяқ астында өліп жатады, т. б. Ол өзінің оппозиция лидерінің конструктивті сөзінде бұл пікірлердің абсурдтылығын айқын көрсетсе де, оппозиция мүшесінде Үкімет ұсынған кейс пен проблемасын жан- жақты терістеуіне аз да болса уақыт бар. ОМ-нің көрсетуінше, кейбір адамдар шынымен қайтыс болады, бірақ олардың көп бөлігі MedicAid-тың, әлеуметтік қауіпсіздік қызметінің, жергілікті әлеуметтік бағдарламалардың қабілетсіздігінің, жұмыспен қамсыздандыру қызметінің т. б. бақылаушы органдардың қолында. ОМ осы арқылы проблеманың бар екенін көрсете отырып, Үкіметтің қателігінен гөрі аталған тоқыраудың бақылау қызметінің қателігі екендігін айтады.

Кім зардап шегеді? Үкіметтің ұсыныстарынан кім зардап шегетінін анықтау. Ондай жағдайда ОМ канадалық мысалдарды, яғни жүректері ауруға шалдыққан адамдардың медициналық көмекті алу үшін ұзақ айлар бойы күткендерін пайдаланады. Сондай-ақ, ОМ әлеуметтену жағдайында денсаулық сақтау қызметінің сапасы төмендегеніне: қымбат болса да өмірлік мәні зор дәрігерлік көмекті (трансплантация) қажет ететіндерге дәрігерлердің өз ісіне немқұрайлылығына, жаңа технологиялардың аз болуының кесірінен болатын зардаптарға қапаланады. Мақсатқа қалай жетуге болады? Үкімет кейсінде болатын ең тиімді балама – ол балаларға теріс әсерлердің болмауы. Осындай жағдайда оппозиция ең ұтымды нұсқаларды ұсынады, олардың әрқайсысы әлеуметтенген медицинадан әлдеқайда жақсы болады. Бұл варианттар жұмыссыздықтан сақтандыру уақытын ұзарту мен жалғыз басты аналар мен кішкентай балаларға арналған денсаулық сақтау бағдарламаларын дамытуды қамтуы мүмкін.

Оппозиция мүшесінің міндеттері[өңдеу]

1. Ара салмақты қамтамасыз ету. Сіздің мақсатыңыз – екі кейс арасындағы айқын арасалмақты көрсету арқылы раундты ұсыну. Әлеуметтенген медицина мысалы бойынша ОМ қазіргі денсаулық сақтау мәселелері әлеуметтену жүргізгеннен кейінгі мәселелердің алдында болмашы ғана. Төрешінің Үкімет кейсін түсінгеніне көз жеткізу ОМ кейстің зияндылығын көрсетер алдында ол кейсті мақұлдау нені білдіретінін нақтылау керек. Төреші кейсті ПМ-дің ұсыну сөзінде жазып алған болар, бірақ әлеуметтенген денсаулық жүйесінің шын мәнінде не екенін түсінбеген шығар. Әрине, Үкімет әлеуметтенген медицинаны әрбір адамға медициналық қызмет көрсетудің жалғыз құралы деп сипаттаса, оппозицияның мақсаты - әлеуметтену денсаулық сақтауға үкіметтік бақылауға, медициналық мамандықтағы адамдарға стимулдың (ынтаның) жойылуына, үкіметтік бюрократизмнің шектен тыс өсуіне, яғни қаржының бекер жұмсалуына әкеліп соғатынын ашық түсіндіріп беру. ОЛ-нен алынған контрмақсатты көрсетіп, оны Үкіметтің мақсатымен салыстыру ОМ Үкімет жоспарының зардаптарын түсіндіргеннен кейін, жаңа белгілі бір топтарға бағытталған жоспарлардың төмен құнды, төмен тәуекелділікте бола тұрып, өте нәтижелі болатынын көрсетеді (контр-кейстің құрылымы туралы толық мәліметті ОЛК-нен қара).


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Программа тренировки груди FST-7| Переяславское соглашение.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)