Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 3 страница

Читайте также:
  1. Contents 1 страница
  2. Contents 10 страница
  3. Contents 11 страница
  4. Contents 12 страница
  5. Contents 13 страница
  6. Contents 14 страница
  7. Contents 15 страница

1918 ж. күзінде, яғни қазан айында Каспийге ағылшындардың келуіне байланысты Ақтөбе майданында қиын жағдай қалыптасты. Жоспар бойынша, ағылшындарға Қазақстан мен Орта Азия- ны ішкі контрреволюциялық күштер арқылы бір уақытта ба­сып алу үсынылды. “Орынбор тетігі” яғни стратегиялық негізгі темір жол қиылысы болыиевиктер өкіметін кәдімгідей ойландыр- ды, сондықтан В.И.Лениннің нүсқауымен 1918 ж. Ә.Жангелдин басқарған 600 адамнан түратын Балтық матростарының отряды қосылған эскери экспедиция орталықтан бөлініп қалып, көптеген қиыншылықтарды көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дэрі жеткізді. Мәскеуден Ақтөбе майданына ақша қаражаты мен оқ-дэрі, қару-жарақ тасымалдау үшін қүрылған эскери экспедиция қүрамына Австро-Венгрия мен Германияның бүрынғы түтқындарынан қүралған 150 шетел интернационалдары да өз еркімен кірді. Сөйтіп, негізгі күш Орынборға жүмылдырылды, себебі қаланы қалайда басып алу Түркістанды Дутовтан қорғау мүмкіндігін туғызды.

Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының әскерлері мен Шығыс майданының әскерлері қатысты. 1918 ж. 29 желтоқсанда ауа райының қиындығына қарамастан шабуыл басталды, Дутов ақ гвар- дияшылары екі майданның әскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық талқандалды. 1919 ж. 22- қаңтарында Орынбор қаласы алынып, Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындагы қатынасты қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының тарихтағы 1- кезеңі аяқталды (1918 шілде — 1919 қаңтар).

1918 ж. күзінде ақ гвардияшылар Жетісудағы Саратов, Покров- ское, Покатимовское жерлеріне белсенді шабуылдап, Қызыл Армия қарулы күштерінің қарсылығына қарамастан Сергиополь, Үржар, Сарқант жэне т.б. жерлерге бекінді. Сөйтіп, Солтүстік Жетісу майданы қүрылды. 1918 ж. аяғында Жетісу майданында 10 мың қызылармияшылармен біріктірілген Черкасск партизан күштері ор- наласты.

1918 ж. наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласында Кеңес билігіне шабуылдап, облыстық атқару комитетінің мүшелерін қамап, соңынан оларды өлтірді. Алашорданың Батыс бөлімімен бірлесіп эрекет еткен Дутов бөлімдері Орал-Гурьев ауданында гене­рал Толстов басқарган ақтардың негізгі күштерімен бірікті. 1918 ж. күзінде Орал ақтарымен күресу үшін ’’Ерекше армия (кейінгі шығыс майданының төртінші армиясы) қүрылды. Жыл бойы Шыгыс майданындагы Колчак әскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал аймагы қолдан-қолга өтті. Орал облысында “Бірінші ерекше атты эскер” бригадасы қүрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының қүрамына кірді. 4- Армияның қолбасшысы болып М.В.Фрунзе тагайындалды. Оралды босату операциясына В.И.Чапаев басқарган 2- Николаев дивизиясы жэне 4- армияның бөлімдері қатысты. 1919 ж. 24- қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп большевиктер үшін азамат согысының алгашқы кезеңі сәтті аяқталды.

1919 ж. көктемде Колчактың шабуылдауына байланысты Шыгыс майданында жагдай бүрынгыдан да қиындай түсті. Колчак армия­сы Орынбор мен Оралды алганнан кейін Оңтүстік майдандагы Де- никинге қосылу қажет болды. Сондықтан бүл аудандагы эскери қимылдар М.В.Фрунзе басқарган Шыгыс майданының Оңтүстік эскери бөліміне тапсырылды. Шыгыс майдандагы туган шиеленіс Батыс Қазақстандагы жагдайды да қиындатып жіберді. Осылай- ша Орынбор шығыстан, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 100-120 шақырымда Колчак армиясымен қоршауға алынып, қаладағы 1- Дутовтың орынбор казак корпусы жэне 2- корпусы шабуыл- дап, эскери қимылдар қайта басталып, 1919 ж. сэуірдің бас кезінде Ақтөбеге шабуыл жасауға кірісті. Ақтөбедегі жүмысшы отрядтары эскер күшін жабдықтай алмауынан 1919 ж. сәуірде қала тасталынып, қызыл гвардияшылар Қандыағаш станциясына шегініп, жергілікті түрғындардан жаңа әскери күш жинақталып, оңтүстік Ақтөбе май­даны қүрылды. Ақтөбе майданы Түркістанның болашағы үшін стратегиялық негізгі нүкте болды.

Партиялық үйымдар “Бэріміз Колчакқа қарсы күреске” деген үранмен жүмысшылар, шаруалар, теміржолшыларды мобилизация- лап, соғысқа аттандырды. Ақтөбе майданына Түркістан майданынан жүздеген үлт өкілдері бар армия келіп қосылды. Майдан Түркістан АКСР-іне бағындырылды. Майдан қүрамына Колузаевтың отряды (1105 адам), Қостанай партизан отряды (750 адам) қосылды. Май- данды басқарған Колузаевтың Ембі ауданы жэне Темірде жүргізген әскери қимылдары сәтсіз өтті. Сондықтан да Түркістан АКСР-нің революциялық-әскери советі Колузаевты майдан қолбасшысы қызметінен алды. Ақтөбе майданы әскерлерінің қолбасшысы болып А.И Астраханцевті, ал комиссары етіп И.Ф.Казаринды тағайындады. П.Кобозев басқарған ТүрЦИК комиссиясы мен Жиляев арасындағыәскери келіспеушілік нэтижесі майдандағы жағдайды қиындата түсті. 1919 ж. шілде аяғында шабуылға шыққан а гвардияшылар кеңес әскерлерін ескі Арал теңізіне шегіндірді. Бүл кезде Шығыс майданының әскери бөлімдері Түркістанға көмекке келді.

М.В.Фрунзенің үсынысымен оңтүстік эскери топ Түркістан май­даны болып бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынборды бо- сату жэне Түркістанға экспедиция жіберу мақсаты түрды. 1919 ж. 30 тамызы мен 1 қыркүйекте қарсыластар Ақтөбе майданына ша­буыл бастады. 1919 ж. қыркүйегінде Түркістан, Ақтөбе майдандары Мүғалжар станциясында бірікті. Оңтүстік Колчак армиясының негізгі күші талқандалып, Түркістанға жол ашылды.

Қазақстанның ақ гвардияшылар басып алған жерлерінде, олардың жіберген қателіктерінің салдарынан, партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері де кеңінен өріс алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы — Қостанай уезі болды. Партизан қозғалыстары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында, Павлодар, Өскемен, Бүқтырма мен Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Ше- монайха болыстарында кең қанат жайды. Партизан отрядтарының негізін кұрағап шаруалар Қазақстанның барлық уездеріндегі большевиктік үйымдарды қүруда да ерекше рөл атқарды. 1919 ж. көктемінде Шығыс жэне Ақтөбе майданының жақындауына байланысты партизандар қозғалысының белсенділігі күшейді. Шаруалар жергілікті ақ гвардияшыларды қамауға алып, эскери революциялық комитеттер сайлап, көптеген жаңа отрядтар жинақтады. Мәселен, Бурабай поселкесінде 1270 адамдық отряд қүрылды. Шаруалар көтерілісін әскери-революциялық штаб басқарып, сэуірде Қостанай қаласы алынды. Қостанайға ақ гвардияшылардың ірі эскери күштері мен 32- Донецк полкі аттандырылды. Кескілескен үрыстардың нәтижесіне партизан отрядтарының эскери дайындығының нашарлығы эсер етсе, оның үстіне қостанайлықтардың Ақтөбе майда- нына қосылуына “Алаш Орда” кедергі жасады. Партизан отряды Торғайға қарай аттанып, Торғай атты әскер отрядымен бірігуге тырысты, себебі Ақтөбе қаласын Дутовшылардан қорғау үшін қосымша эскери күш қажет еді. 1919 ж. А.Иманов Торғайдағы гар- низондар мен эскери үйымдарды көшіру туралы бүйрық берді. Осы уақытта Қостанайлық партизандар штабы бастығының көмекшісі Л.Таранның отряды қалаға жақындайды. А.Иманов жэне Л.Таранды жолдастарымен Алашордашылар түтқындап, бір айдан кейін жа- залады. Тірі қалған Қостанай партизандары Ақтөбе майданының қүрамына енгізілді. Нәтижесінде Қостанайлық партизан отряды Ақтөбе майданының үлгілі 4-Долбушев жаяу әскер полкіне айналды.

Сондай-ақ, Азамат соғысы тарихындағы партизан қозғалысының ірі ошақтарының бірі — Черкасск қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың “Тау қырандары” отрядтарының қозғалысы Қазақстан- дағы Азамат соғысы тарихынан өшпес орын алды. 1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйреуі ба­тыс, солтүстік, солтүстік-шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі аумағы Дутов пен Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 наурызда кеңес әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станция- сын азат етті. 22 наурызда Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтың ставкасы түрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман Анненков жэне Дутов бастаган ақ гвардияшылардың қалдықтарын Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызында ең соңғы май­дан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан қалпына келтірілді.

Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер үйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бүқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан үлттардың өзін-өзі бнлеу қүқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалар- мен одақ құруы жэне 1919 жылы шілдеде Казревком қүрылғанда қазақтардың жерге мүқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бүл шаралар болыиевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтүрсынов бастаған алашорда- шылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына үлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алашорда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан — 4 қарашадағы грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың аумақтық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске үшырады.

Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін қүрудың жаңа жолда- рын іздеуге мэжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу жолдарын қарастырды. 1919 ж. басын­да Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, А.Байтүрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. А.Байтүрсынов ең эуелі Ә. Жангелдинмен, одан кейін Мэскеуде Ста- линмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жа- риялады. Алашорда басшыларының бірі А.Байтүрсынов, оның жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты. Желтоқсан айында Ә.Бөкейханов бастаған Алашорданың Шығыс бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады.

Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының үлттық мемлекеттігі туралы идеясымен санаспауға болмайтынын болыиевиктерге тағы да көрсетті. Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын кұру жөнінде дайындық жүмысын жүргізе бастады. РКФСР ХКК- нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына сэйкес, ҚазАКСР-н қүруға дайындық жүмыстарын үйымдастыру үшін ¥лттар ісі халық ко­миссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган — қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Алайда, азамат соғысы басталып кеткендіктен бүл жүмыстар кейінге қалдырылды. Қазақ съезі шақырылып, Қазақ республикасының автономиясы жарияланғанша өлкені эскери- экімшілік басқару үшін 1919 ж. 10- шілдеде РКСФР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қол қоюымен “Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс комитеті (Ревком) туралы уақытша ереже” жарияланды.

Ереженің 3- бабына сэйкес, Қазақ автономиялыреспубликасының аумағы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі жэне Орталық Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком қүзырына “...Астрахань губерниясымен Орал, Торгай, Ақмола жэне Семей облыстарының территориялары қарайды” делінген.

Қазревкомның бірінші қүрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтүрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Түнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып: Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдиев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Әйтсе де Алашордалықтардың Кеңес үкіметінің жағына шығуы оңай болмады. Алашордаға жасалған кешірімге қарамастан оның басшыларына деген сенімсіздік үзақ уақытқа сақталды. Ал Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Мәселен,1920 ж. Қазақ партия бюросының есебінде былай деп жазылды: „Бүрынғы алашордалықтардан түратын қырғыз зиялыларының 3/4-і буржуазиялық-шовинистер”. Сондай-ақ, кешірім жасалғанға қарамастан Алашорда жетекшілері саяси түрғыда оқшаулануға тиіс болды. Қазревкомның 1920 жылғы 5 наурыздағы “Алашорданың батыс бөлімін тарату туралы” қаулысында “¥лттық Алашорда үкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз өлкесінде Кеңес үкіметі толық негізде орныққанша халық бүқарасынан оқшауландырылсын...” — деп ашып айтылды. Одан эрі аталған қаулыда былай делінді: “Қырғыз халқының Кеңес үкіметіне іш тартатын бөлігі мен қоныс аударушылардың Алашорданың белсенді қызметкерлеріне өшпенділікпен қарайтындықтары ескеріле отырып, олар ревком мүшелігіне жэне басқа да жауапты кеңес қызметіне үсынылмайтын болсын”. Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздей Қазревкомның 1920 ж. 5 наурыздағы қаулысына сэйкес Алашорда таратылды.

Осылайша біртұтас тэуелсіз ұлттык мемлекетті кұруға талпынған қазақ зиялыларының пәрменді эрекеті нэтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ ¥лттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тэуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды.

Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің бүкілқазақстандық 1- съезін шақыруды үйымдастыру, Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд талқысына үсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы жэне Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық түтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына алды.

Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты жэне басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу, яғни “соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Бүл саясаттың мэні — өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бэрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.

Осының ішінде еңбекші халық әсіресе, шаруалар үшін ең ауыры азық-түлік салғырты болды. 1919 жылы қаңтарда астықты дайындау мен бөлу монополиясына азық-түлік салғырты қосылды. Өлкенің адам және материал ресурстарын жүмылдыру экономикалық әдіске жатпайтын күштеу эдістерімен жүргізілді. Кеңес үкіметі қала халқын жэне соғысып жатқан қызыл эскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астық өнімдерін, мал-мүліктерін қаруланған азық-түлік отряд- тарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып отырды. Сонымен қатар, “эскери коммунизм” саясаты өлкеде жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, біртүтас қазына қүрудан, үсақ жэне майда өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.

1920 ж. тамызында Мәскеу қаласында қазақ эскери төңкеріс ко­митет! жэне Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия жэне кеңестік үйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше мәжілістер өткізді. Соңғы мэжіліске В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нэти- жесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Ке- ңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК жэне РКФСР ХКК-нің қүрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасын кұру туралы” тарихи Декреті жарияланды. 1920 ж. 4—12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері қүқықтарының Декларациясын қабылдады, ол Дек­ларация РКФСР қүрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР- нің қүрылуын жүмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) жэне В.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысы жылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақ гвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік органдар үйымдастырылып жатты. Революциялық комитеттер азат етілген аумақтарда халық шаруашылығын қалпына келтіру, эко- номиканы көтеру, мемлекеттік қүрылысты нығайту жүмыстарын жүргізді. 1920 жылдың көктемінде партияның IX съезі болды, съезд бейбіт тыныс алудың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірыңғай жоспарын жасап бекітті. 1920 жылғы қаңтар-наурызда өлкенің губернияла- ры мен уездерінде партия конференциялары өтіп, оларда халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Өлкенің соғыстан зардап шекпеген жері кемде-кем еді. Қиыншылықтар мен ауыртпалықтарға қарамастан, Қазақстан еңбекшілері күйзелу- шілікке қарсы күресті. Басты шарттардың бірі — отын өндіруді арттыру жэне кәсіпорындарды жүмыс күшімен қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру болды. Өнеркәсіпке отын беру үшін Орал-Ембі мүнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріліп, Ембі-Атырау мүнай қүбыры бірнеше шақырымға тартылды. 1920 жылғы наурыз-маусым айларында Ембі мүнай кәсіппііліктерінен көліктің барлық мүмкіндіктерімен жэне су жолы арқылы 17452 пүт мүнай тасылды. Қарағанды мен Екібастүздың шахталары қалпына келтіріліп, 1920 жылы Қарағанды мен Екібастүздың шахтерлары 3 млн. пүттан астам көмір өндірді. Екібастүз зауытында, Риддер кенішінде қорғасын концентраттарының қорынан қорғасын қорыту жүмысы жолға қойылды. Семей жэне Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде жыл ішінде 8,5 млн. пұт түз өндірілді. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада электр станциялары жұмыс істей бастады.

Жылдың аяғына қарай ресубликадағы 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Шаруалар ша- руашылығын шойын жэне мыс қүймамен, арбаға арналған металл бүйымдары мен ауылшаруашылық қүрал-саймандармен қамта- масыз ететін металл өңдейтін 6 зауыт іске қосылды.

Тамақ, жеңіл жэне қолөнер кәсіпорындары қалпына келтіріліп жатты. Губерния орталықтарының бэрінде диірмендер, былғары, тері, сабын қайнату, кірпіш зауыттары, аяқ-киім, ер-түрман шығаратын шеберханалардың жүмысы қайта басталды. Жергілікті өкімет органдары орасан зор зиян шеккен темір жол транспортын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді. 1920 жылдың жазына қарай негізгі магистральдарда көпірлер, жол шаруашылығы, бай- ланыс желілері қалпына келтірілді. 1920 жылдың аяғына таман ре­спублика өнеркәсібінде 162 кәсіпорын жүмыс істеді. Қазақстанды қалпына келтіру дэуірінің басында 1500-ге тарта ұсак мемлекеттік өнеркэсіп кэсіпорындары болса, бүлардан тек қана ондаған зауыт- фабрика, кеніш, шахта, мұпай кэсіпшілігі, көміркен орындары ғана жүмыс істеді. Өнеркэсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алма- ды. Еңбек өнімділігі өте-мөте төмен болды, шикізат пен отын жетіспеді. Азық-түлік өнеркәсіп тапшылығы қатты байқалды.

Қазақстанның кеңес органдары совхоздар, артельдер, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктерін үйымдастыру жөніндегі жүмыс- тарды қиыншылықтарға қарамастан жалғастыра берді. 1920 жылдың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу облысын қосқанда 1039 коллективтік шаруашылық болды. Сол жылдары алғашқы ауылшаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда бол­ды. 1920 жылдың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 жерді бірлесіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 түтыну қоғамы жүмыс істеді. Бірақ бүлардың бэрі әлсіз болып, оларда қүрал-сайман, күш- көлік, түқымдық астық, айналым қаржы жетіспеді.

Азамат соғысының қиын-қыстау жылдарында кеңес органдары жергілікті жерлерде мэдени қүрылысты да жүргізіп, саяси үгіт қатаң нысаналы сипатта болды. 1919 жылы сэуірде уездік жэне губерниялық Халық ағарту бөлімдерінің жанынан мэдени-ағарту үйымдары қүрылды. Оқу үйлері, кітапханалар, сауатсыздықты жою мектептері жүмыс істеді. Сол жылдары республикада 199 көпшілік кітапханасы, 196 клуб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды, үгіт қызыл керуендерін, ал темір жол бойында — үгіт вагондарын үйымдастырды.

55-жауабы: Моғолстанның құрылуы, жер аумағы.[өңдеу]

Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары да кірген.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 321 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жер иелену түрлері. Икта. | Жеті жарғы | Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі | Кадет корпусы | Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы | Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы | Жауабы:. Қазақ хандығының құрылуы. | Сұрақ-жауап:)Қ Р басқару формасы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі | Сұрақ-жауабы:)Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы | Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 1 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 2 страница| Жауабы:) Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)