Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баз-дардың жуғыш қасиеттері

Читайте также:
  1. Дәріс. БАЗ-дардыңнегізгісипаттамалары. Беттік-активтізаттардыңбиологиялықыдырауы
  2. Дәріс.БАЗ-дардың гидраттануы. Су-БАЗ жүйесіндегі гидрофобтық әрекеттесулер пайда болу механизмі.
  3. Кесте. Жуғыш заттардың жалпы құрамы

 

БАЗ-дардың барлық қасиеттері олардың жуу ықпалына көрсететін әсері бойынша қарастырылды. Жуу ықпалы қатты және мата беттерінен ласты кетіру тиімділігмен сипатталады. Ол қатты беттің табиғатымен (металл, шыны, пластмасса), тазартылатын беттің күйімен, матаның табиғаты және құрылымымен, ластану сипаты және қарқындылығымен, жуғыш құралдардың қасиеттері және концентрациясымен, су кермектілігінің дәрежесімен, ерітіндінің температурасымен, тазратылатын бетке көрсетілетін механикалық ықпалдың күшімен, жуудың ұзақтығымен анықталады.

Талшықтың табиғаты мен құрылымы ондағы ластың жойылуына үлкен әсер етеді. Мысалы, жүн талшықтарында кетікшелері болса, жасанды, синтетикалық талшықтар тегіс болады.

Мата бетіндегі ластың бекіну беріктігі мен оны кетіру мүмкіндігі көбінесе талшықтардың суды ұстап қалу қабілетіне байланысты. Суды ұстап қалу қабілеті (% мас.): амидті талшықтардың – 13, ацетатты жібек – 27, жүн – 42, мақта – 45, вискозалық жібек – 95. Дәл осы реттілікпен кір жуу процесінде матадан ласты кетіру қиындығы да артады.

Маталардағы барлық ластар суда еритін және ерімейтін деп бөлінеді, бірақ көбінесе ластар аралас түрде болады. Суда еритін ластар сумен оңай жуылып кетеді. Ерімейтін ластар жуғыш құралдармен эмульсияланады. Майлы қышқылдар жуғыш ерітіндідегі темір иондарымен байланысады, нәтижесінде матаға қайта адсорбцияланып оған тұрақты сарғыш түс беретін ерімейтін қосылыстар түзіледі.

Судың сапасы, әсіресе, оның керметілігі кір жууда маңызды роль атқарады. Егер табиғи сабындар немесе алкилбензолсульфонаттар мен ұзынтізбекті алкилсульфаттар негізіндегі СЖҚ қолданылса, кермек суда ерімейтін кальций және магний тұздары түзіледі. Мұндай жағдайда кір жуудың талапқа сай сапасы қамтамасыз етілмейді және жуғыш құралдар артық мөлшерде шығындалады. Жуғыш ерітіндінің температурасы кейбір жағдайда жуу тиімділігін арттырады, себебі бұл кезде майлы дақтардың тұтқырлығы төмендеп, ерігіштігі, жұқтырғыштығы артады, бейтарапталуы жақсарады және т.б. бірақ температураның өсуі бірқатар кері әсер көрсетуі мүмкін: оңай еритін БАЗ-дардың беттік активтілігі кемиді, эмульсиялар мен көбіктердің тұрақтылығы азаяды, кір жуу үдерісі қымбаттайды, сонымен қатар, жүн, жібек, синтетикалық маталар тез тозады.

Жуу ықпалының тиімділігіне жуғыш құралдардың қасиеттерімен қатар механикалық әрекеттің дәрежесі әсер етеді. Кір жуудағы механикалық әрекет матаға жылдам жұғуды, жуғыш ваннадағы жуғыш құралдың тепе-теңдікті таралуын, ластың матаның бетінен толық жойылуын қамтамасыз етеді. Қарқынды механикалық ықпал кір жуудың алғашқы 10 минутында тиімді болады, одан кейін тиімсіз болып қалады.

Жуғыш ерітінді массасының мата массасына қатынасы су модулі деп аталады. Өнеркәсіптік кір жуатын орындарында су модулі 5 болса, тұрмыстық кір жууда – 15-20 болады.

Нормалды алкилбензолсульфонаттардың жуғыш қасиеттері децилбензолсульфонатта (nС=12) айқындала бастайды да молекуланың гидрофобтылығының (nС=10-14) артуымен күшейеді, бірақ nС=16-18 болатын қосылыстар үшін нашарлайды. Мұндай заттар үшін (nС=16-18) температураның өсуі жуу қабілетіне оң әсерін тигізеді. Алкилді тізбектің тармақталуы мен фенил тобының тізбек ортасына қарай ығысуы алкибенолсульфонаттардың жуғыш қасиеттерін нашарлатады. Әдеби мәліметтер бойынша, егер фенил тобы алкил тізбегіндегі бірінші немесе екінші көміртек атомына қосылған болса, н -алкилбензолсульфонаттардың максималды жуғыш ықпалы байқалады. Ең жоғары жуғыш қабілеттілікті ертіндідегі 3 ммоль/л концентрациядағы додецилбензолсульфонаттар көрсетеді. Төмен концентрацияларда (1,5 ммоль/л) жоғары жуғыштық қасиетті фенил тобы алкил тізбегінің екінші не үшінші көміртек атомына жалғанған қосылыстар көрсетеді. Орта сілітілігінің артуымен жуу қабілеті күшейеді.

2 – 14 ммоль/л БАЗ концентрациясының аралағында кермек суда кір жуғанда техникалық алкилбензолсульфонаттардың жуу қабілеті біршама азаяды.

Жуу процесінде БАЗ-дардың антиресорбциялық қабілеті маңызды роль атқарады. Ол сабындарға қарағанда алкилбензолсульфонаттар үшін төмен болып, КМЦ мен натрий триполифосфатының қатысында күрт өседі.

Алкилбензолсульфонаттарға қарағанда алкилсульфонаттар ерітінділерінің жуғыш қабілеті төмен. Гидрофильді (сульфонатты) топтың алкил тізбегінің ортасына қарай жылжуымен алкилсульфонаттардың жуғыш қасиеттері нашарлайды. Сульфотоп алкил тізбегіндегі бірінші немесе екінші көміртек атомында орналасса, алкилсульфонаттар максималды жуғыш қасиетіне ие болады, сульфотоптың басқаша орналасуындағы қосылыстар төмен жуғыш қабілеттілік көрсетеді.

Алкилсульфаттардың жуғыш қасиеттері олардың көмірсутектік радикалдың ұзындығы мен құрылымына және сульфатты тобының орналасуына байланысты. Төмен молекулалық массадағы алкилсульфаттар жуғыш қасиет көрсетпейді. Мұндай қасиет додецилсульфаттарда (nС=12) пайда болып, алкил тізбегінің октадецилсульфатқа (nС=18) дейін ұзаруымен күшейеді. Кермек суда алкисульфаттардың жуғыштығы ерімейтін кальцийлі тұздардың түзілуінен нашарлап, натрий триполифосфат қосқанда қайта күшейе түседі. Көмірсутекті радикалдары тармақталған немесе сульфотобы тізбектің басынан алшақ оналасқан болса, алкилсульфаттардың ерітінділері нашар жуғыш қасиеттерге ие болады. Алкил тізбегінде 12-18 көміртек атомы болатын синтетикалық майлы қышқылдардың гидрогенолизі арқылы алынған спирттердің негізіндегі алкилсульфаттар жақсы жуғыш заттар болып табылады. Олар жуғыш қабілеті бойынша барлық анионды БАЗ-дардан басым болып ұнтақ, паста, сұйықтық және т.б. СЖҚ өндіруінде кеңінен қолданылады.

Алкилсульфаттар мен алкилсульфонаттардың 1:1 қатынасындағы қоспасы жеке-жеке заттарға қарағанда едәуір жоғары жуғыш қасиеттер көрсетеді.

Алкилбензолсульфонаттар, алкилсульфонаттар және алкилсульфат-тармен қатар суда жақсы еритін, жоғары жуғыш қасиет пен биоыдырағыштыққа ие жаңа БАЗ-дар – алкилфофаттар мен олефинсульфонаттар синтезделуде.

Катионактивті аминдердің ерітінділері бірқалыпты, ал алкилбензилпиридиний хлориді жақсы жуғыш қабілетін көрсетеді. Алкилбензилпиридиний хлориді СЖҚ құрамында кеңінен қолданылады, оның бактерицидтік, антистатикалық және матаны жұмсартқыш қасиеттері жоғары бағаланады.

Алкил тізбегінде 10-нан көп көміртек атомы бар алкилдиметиламин оксидтерінің ерітінділері жақсы беттік және жуғыш қасиет көрсетіп, тұрақты көбік түзеді. Бұл қасиеттердің ең жақсысына алифаттық тізбекте 13 көміртек атомы болатын қосылыстар ие. Алкилдиметиламин оксидтері БАЗ-дардың барлық түрімен үйлесіп судың кермектілігі мен ерітіндінің рН-ына сезімтал емес. Олардың анионактивті БАЗ-дармен қоспалары синергиялық жуғыш қасиет көрсетеді. Адам шашы мен терісін жұмсартатын қасиетінің арқасында амин оксидтері шампуньдердің, косметикалық және тағы басқа тұрмыстық жуғыш құралдарда қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 263 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Обработка и анализ пространственных и атрибутивных данных| Химиялық ағартқыштардың активаторлары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)