Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МАУ 03_03_каз

Читайте также:
  1. СГМУ 03_03_каз

Астана

$$$001

Іріңді омфалит кезінде қандай аурумен ажыратпалы диагноз жүргізіледі?

+ A) Сары уыз жылғасының бітелмеуі (толық емес жыланкөз)

B) Кіндік бауының жарығы

C) Кіндік жарығы

D) Қуықтың экстрофиясы

E) Терілі кіндік

 

$$$002

Омфалиттің қандай түрінде кіндік сақинасы арқылы ішек эвентрациясы болуы мүмкін?

A) Жай түрі

B) Құрама түрі

+ C) Некрозды

D) Флегманозды

E) Суланатын кіндік

 

$$$003

Флегманозды омфалиттің белгілерін көрсетіңіз:

A) Кіндіктен шырышты бөлінулер болады

+ B) Кіндік шұңњқырының түбінде іріңді-фиброзды қабыршақтар болады

C) Іштің төменгі жағында шекарасы анық қызарудың болуы

D) Кіндік шұңқырының түбінде грануляция бар, кальцинаттар анықталады

E) Кіндік шұңқырының айналысындағы терінің некрозы

 

$$$004

Жедел бейспецификалық қолтықтағы лимфаденитте жиі болатын ену жолдарын көрсетіңіз:

A) Асқазанның шырышты қабығы

+ B) Білезіктегі іріңді жара

C) Кариесті тістер, жаралы стоматит

D) Қолтық аймағындағы гидраденит

E) Мастит

 

$$$005

Инфильтрация сатысындағы жедел бейспецификалық лимфадениттің емдеу принциптерін көрсетіңіз:

A) Қабыну инфильтратын тілу

+ B) УВЧ (УЖЖ) қолдану, антибиотиктер тағайындау

C) Антибиотиктер тағайындау, қабыну инфильтратына суық басу

D) Тілуден кейін антибиотик тағайындау

E) УВЧ және жылу процедураларын тағайындау

 

$$$006

Бронхопневмониямен емделіп жатқан үш айлық баланың жалпы жағдайы нашарлады, бастың шашты бөлігінде, мойнында майда түзілімдер пайда болды. Терінің бетінде көтеріліп тұратын, диаметрі 0,5 - 1 см, қара, көк түсті, тығыз ісіктер пайда болды. Сіздің диагнозыњыз:

+ A) Сепсис, псевдофурункулез

B) Тілме қабынудың буллезді түрі

C) Антибактериальды терапияға аллергиялық реакция

D) Сепсис, бактериальді эмфизема

E) Тершеңдік

 

$$$007

Сегіз жастағы бала бес күн бойы ауырады. Оң балтыры және сол білегіндегі қатты ауыру сезіміне шағымданады, балтырдың және білектің көлемі үлкейген. Сипағанда және перкуссия жасағанда қатты ауыру сезімі бар, жалпы жағдайы ауыр, уыттану айқын байқалады. Екі өкпеде де көп мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі. Алдын ала қойылған диагноз:

A) Біріккен токсикалық бронхопневмония

B) Оң балтырдың және сол білектің флегмонасы

+ C) Жедел гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрі

D) Жедел гематогенді остеомиелитің жергілікті түрі

E) Эрба параличі

 

$$$008

Жедел остеомиелиттің токсикалық түрін сипаттайтын белгіні атаңыз:

A) аяқ-қолда ауыру сезімі, жалпы жағдайы орта дәрежелі

+ B) Сандырақтау, есінен тану, аяқ-қолдағы ауыру сезімі

C) Сүйек үсті қабатының ажырауы және қабаттануы

D) Сүйектің патологиялық сынуының пайда болуы

E) Үйрек тәрізді жүріс

 

$$$009

Жедел гематогенді остеомиелиттің ерте диагностикасына (алғашқы 1-2 күн) бағытталған әдістердің қайсысы жатады?

A) рентгенологиялық зерттеу

B) жұмсақ тіндердің іздеуші пункциясы

C) буын пункциясы, пунктатты зерттеу

+ D) сүйекішілік қысымды өлшеу

E) қанның жалпы анализі

 

$$$0010

Ішек өтімсіздігі кезіндегі консервативті емнің нәтижелігін анықтайтын критерийді атаңыз:

+ A) Газ бен нәжістің шығуы, ауыру сезімінің жоқ болуы

B) Лейкоцитоздың азаюы

C) Дене қызуының төмендеуі

D) Артериальды қысымның көтерілуі

E) Рентгенограммада Клойбер табақшаларының болмауы

 

$$$0011

Жаңа туған нәрестеде босану залында-ақ анал тесігінің жоқ екені анықталды. Бқл ақаудың клиникалық түрін қандай әдіспен анықтауға болады?

+ A) Вангестин бойынша рентгенография

B) ирригография

C) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

D) лапароскопия

E) УДЗ

 

$$$0012

Жедел деструктивті аппендицитпен ауырған балада құрт тәрізді өсіндінің қандай орналасуында Щеткин-Блюмберг симптомы мен бұлшықеттік дефанс әлсіз байқалады?

+ A) өсіндінің ретроцекальді орналасуында

B) оң жақ қабырға астында

C) сол жақ мықын аймағының жамбас астауында

D) оң жақ мықын аймағында

E) кіндік аймағында

 

$$$0013

12 жастағы қыздың жағдайы ауыр, 5 күн бұрын суықтап қалған. Дене қызуы 39,9 С. Оң санының төменгі 1/3 бөлігі көлемінде үлкейген, ісінген, санды сипағанда өткір ауыру сезімі болады. Қанның анализіндегі өзгерістер: лейкоцитоз, формуланың солға қарай ығысуы; оң тізе буынының бүгілген контрактурасы, СРБ+++. Алдын алу диагнозы койыңыз:

+ A) Санның жедел гематогенді остемиелиті

B) Ревматоидты артрит

C) Тізе буынының іріңді жұқпалы артриті

D) Санның лимфоангаиты

E) Тізе асты шұңқырының жедел лимфоадениті

 

$$$0014

Бес айлық балаға езілген алма берген соң ішінде ұстамалы ауыру сезімі пайда болған, көп рет құсқан. Оң жақ қабырға астында кішкене ауыратын жылжымалы сопақша түзілім анықталады. Тік ішек арқылы тексергенде - саусақта қан бар. Диагноз қойыңыз:

A) Жедел аппендицит

B) Аппендикулярлы инфильтрат

C) Копростаз

D) Вильмс ісігі

+ E) Ішек инвагинациясы

 

$$$0015

Ішек инвагинациясының айқын белгісін атаңыз:

A) Нәжіс жүруінің нашарлауы

B) Кіші дәреттің жиілеуі

C) құсу

D) Дене қызуының көтерілуі

+ E) Инвагинатты пальпациялау

 

 

$$$0016

Ішектің кеш жабыспалы өтімсіздігі кезінде консервативті емдеу жүргізудің уақытын белгілеңіз:

+ A) 1 - 3 сағтқа дейін

B) 3 - 6 сағтқа дейін

C) 12 сағтқа дейін

D) 24 сағтқа дейін

E) 48 сағтқа дейін

 

$$$0017

Егер анустың және тік ішек атрезиясы бар нәрестеде зәрдің барлық порциялары мекониймен жасыл түске боялса, тік ішектің жыланкөзі қайда ашылған?

A) зәр шығару өзегіне

B) несепағарға

+ C) қуыққа

D) қынаптың кіреберісіне

E) балада тотальді эписпадия

 

$$$0018

Анус пен тік ішектің атрезиясынің төменгі түрін анықтайтын қандай клиникалық белгә бар?

A) іштің кебуі

B) зәрі мекониймен боялған

C) құсу

+ D) тері астында меконийдің көрініп тұруы, итеру симптомы

E) анустың орнында нүктелік өзектің болуы

 

$$$0019

Төмендегі белгілердің қайсысы гемангиомаға тән?

+ A) теріде алқызыл түсті ісіктің болуы

B) теріде көк түсті шашталған ісіктің болуы

C) ісіктің үстіндегі тері боялмаған, флюктуация анықталады

D) ісіктің үстіндегі тері боялмаған, ісікті пальпациялағанда тығыз болып келеді

E) ісік флюктуацияланады, үстіндегі терісі көк түсті болады

 

$$$0020

Оташалуға дейінгі кезеңде жедел аппендициттің асқынуын атаңыз:

A) копроcтаз

B) ішектің жабыспалы өтімсізідігі

C) ішетік жыланкөздер

+ D) жергілікті және жайылған перитонит

E) илеоцекальді инвагинация

 

$$$0021

Хирургиялық бөлімшеге жедел аппендицит диагнозымен түскен баланы зерттеу барысында оң жақ мықын аймағында тығыз қозғалмалы, ауырсынатын аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Сіздің іс-шараңыз?

A) жедел оташа жасау

B) жоспарлы түрде оташалау

+ C) конcервативті емдеу(антибиотиктер, физиотерапия)

D) динамикада бақылау

E) амбулаторлы түрде емдеуге жіберу

 

$$$0022

Балалардағы перитониттің себептерін атағыз:

+ A) Меккель дивертикулының перфорациясы

B) кіндіктің толфқ жыланкөзі

C) урахустың бітіспеуі

D) некротикалық флегмона

E) пилороcпазм

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жоспарлы хирургия 9 страница | Жоспарлы хирургия 10 страница | Жоспарлы хирургия 11 страница | КазНМУ 03_07_қаз | МАУ 03_07_ ­каз | Караганды | Шымкент | СГМУ 03_07_каз | ЗКГМУ 03_07_каз | ЧИМкент 03_03_қаз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КазНМУ 03_ 03_ қаз| Караганда 03_08_ каз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)