Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нотариат кеңселері

Читайте также:
  1. Глава 3. Организация нотариата и нотариальной деятельности
  2. Глава 32 . Нотариат в международном гражданском обороте
  3. График и методические указания по организации самостоятельной работы по дисциплине «Нотариат в РФ» для студентов очной формы обучения.
  4. История нотариата.
  5. История правового регулирования нотариата.
  6. История развития нотариата
  7. Канцелярия и нотариат

14-бап. Мемлекеттiк нотариат кеңсеси 1. Мемлекеттiк нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.2.Мемлекеттiк нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады. 15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус. 1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуіненөткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады. 2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарынасәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс. Нотариустың үй-жайы оның есептік тіркелген орны болып табылады.Нотариустың үй-жайының орналасқан жері оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерген кезде қайтадан есептік тіркелу талап етілмейді. Аумақтық әділет органы нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.

 

2.Нотариус жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер 34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер: 1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:1) мәмiлелердi куәландырады;2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;14) ақшаны депозитке қабылдайды;16) вексель наразылықтарын жасайды: 17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;18) теңiз наразылықтарын жасайды;19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.2.Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн. 40-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мерзiмдери. Нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.

 

3.Баяндау және қызметтік жазбаАЙЖАН

 

Нотариаттық іс жүргізу "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі.3. Ереже:1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;2) істер номенклатурасын жасау;3) істерді қалыптастыру;4) істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау;5) істерді сақтау;6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;7) істерді жою;8)нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуді жүргізу;9)шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу; 10)нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану;11)мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу. Өсиетхаттарды есепке алу тәртібін айқындайды.

Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу Келіп түскен барлық құжаттар тіркеуден өтуі тиіс.Құжаттарды есепке алу үшін және оның орындалуын бақылау үшін мынадай:осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс құжаттарын тіркеу журналын;осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығыс құжаттарын тіркеу журналын жүргізіледі.Кіріс құжаттарының бірінші бетінің төмен оң жақ шетінде кіріс құжаттарын тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі және оларды тіркеген күні қойылады.Шығыс құжаттарында осы Ереженің 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тіркеу мөртабаны қойылады. Құжаттар мекенжайларға пошта арқылы немесе қолмен апару арқылы жіберілді.

 

Істерді ресімдеу. Істердің тізбесін жасау.Істерді ресімдеу істерді сақтауға дайындау жөнінде кешенді жүргізілетін жұмыстардан тұрады, ол мұқабадағы, брошюродағы сипаттаманы, парақтардың нөмірленуін, куәландыратын жазбаны және ішкі сипаттаманы қамтиды.Істер осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істер мұқабасына орналастырылады.Істер аяқталған соң іс жүргізуде істер номенклатурасына сәйкес белгіленетін оның сақталу мерзіміне сәйкес толық немесе жартылай ресімдеу жүргізіледі.Тұрақты және уақытша (10 жылдан артық) сақтау мерзімдері істері мыналарды көздейді:істегі парақтарды нөмірлеу;істегі куәландыру парағын жасау;істегі құжаттың ішкі тізбесін жасау;істі қатты мұқабаға брошюралау (тігу)істердің мұқабасына барлық деректерді осы Ереженің 36-тармағына сәйкес толтыру.Істің соңында осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәландырушы парақ тігіледі.Істің куәландырушы парағына нотариус мөрін қоя отырып, қызметін және куәландырушы жазбаны жасаған күнін көрсетіп қол қояды.Тұрақты және уақытша сақтау (10 жылдан астам) мерзіміндегі істерде осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі жазба жасалады.Ішкі жазба жеке парақта жасалынады. Әрбір құжат дербес реттік нөмірмен ішкі тізбеге енгізіледі, 2 бағанда - істер номенклатурасына сәйкес құжаттың индексі, 3 бағанда - құжаттың күні, 4 бағанда - нотариаттық іс-әрекеттің атауы, 5 бағанда парақтардың нөмірі көрсетіледіІс құжаттарының ішкі жазбасына жекеше нотариус немесе мемлекеттік нотариус қол қояды және істің басына тігіледі.Уақытша сақтаудағы істерді (10 жылға дейінгіні қоса алғанда) тігу папкаларында сақтауға жол беріледі, істегі құжаттарды қайтадан жүйелендіру жасалынбайды, істің парақтары нөмірленбейді, куәландырушы жазбалар жасалынбайды.Күнтізбелік жыл аяқталған соң іс жүргізуде аяқталған тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтау істеріне осы Ережеге10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтаудағы істердің тізбесі жеке жасалынады. Тізбе істердің күндері мен парақтарын көрсете отырып, істер тақырыбының тізбесін көрсетеді.Уақытша сақтаудағы (10 жылға дейін) істерге тізбе жасалынбайды.Жекеше нотариустың немесе мемлекеттік нотариаттық кеңсенің істерінде сақталатын құжаттар Заңның 3-бабының 6-тармағында көзделген тұлғаларға беріледі.Істерден құжаттарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте іске құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасын алу туралы акті (хаттама) тігіледі.Оның құжаттарынан бұрын алынған құжат қайтарылған жағдайда олар бұрын көшірмесі алынған іске қайта тігіледі, өз кезегінде олардың көшірмелері алып тасталады. Нотариус жүргізген тізілімдер, кітаптар, журналдар оған бірінші жазба енгізгенге дейін тігіледі, парақтары нөмірленеді. Нөмірленген және тігілген парақтардың саны кітаптың соңғы парағының беткі жағына көрсетіледі. Жеке практикамен айналысатын нотариус жүргізетін кітаптар үшін нөмірленген және тігілген парақтардың саны туралы жазба нотариаттық палатаның лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталады. Мемлекеттік нотариаттық палатада жұмыс істейтін мемлекеттік нотариус жүргізетін кітаптар үшін нөмірленген және тігілген парақтардың саны туралы жазба аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

 

Құжаттарды сақтау.Іс жүргізудегі құжаттар аяқталған соң он жыл ішінде олар қалыптастырылған жері бойынша сақталады, сосын жекеше нотариаттық мұрағатқа немесе мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мұрағатына жіберіледі.Жекеше нотариус, мемлекеттік нотариус құжаттар мен істердің құжаттарды сақтау мерзіміне сақталуын қамтамасыз етеді. Істер ұйымның бекітілген істен номенклатурасына сәйкес орналастырылады, мұқабаларының түбіртектерінде олардың индекстері көрсетіледі.

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде (бұдан әрі - Тізілімдер) тіркеледі.Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімі бауланады, парақтары нөмірленеді және мөрмен бекітіледі:мемлекеттік нотариаттық кеңселерде - аумақтық әділет органының;жекеше нотариуста - аумақтық нотариаттық палата қызметкері жүзеге асырады.Жекеше және мемлекеттік нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған бір тізілімі болады. Бір мезгілде бірнеше тізілімді жүргізуге жол берілмейді.Әрбір нотариаттық іс-әрекетке реттік нөмір берілді. Нөмірлер қайталанбайды, және таяқша арқылы жазылмайды.Куәландырылған жазбаға немесе берілетін құжатқа жекеше немесе мемлекеттік нотариус қол қойғаннан кейін нотариаттық іс-әрекеттер тізілімде тіркеледі.Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде өшіруге жол берілмейді. Түзетулер, ескертулер, түзетулер жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолтаңбасы мен мөрімен бекітіледі. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде жазбаларды қарандашпен жазуға жол берілмейді.Нотариаттық іс-әрекеттерді нөмірлеген кезде нотариаттық іс-әрекеттерді қателіктер белгілі болған жағдайда анықталған түзетулер, толықтырулар, ескертулер анықталғаны туралы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолы қойылған анықтама жасалады және осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық іс-қимылдарды тіркеу тізілімінің аяғына тігіледі.БНАЖ электрондық тізілімінде түзетулер мен қателер "Ескертпе" деген бағанда ескертіледі.
Тізілімдерде жекеше немесе мемлекеттік нотариустар жасаған барлық іс-әрекеттер жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімі осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 7 бағаннан тұрады.БНАЖ электрондық тізілімі осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 9 бағаннан тұрады.Жекеше және мемлекеттік нотариустардың мүлік кепілі шарты негізінде салынған тыйым салулар нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі, сондай-ақ осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНАЖ-дағы жылжымайтын мүліктердің тыйым салуларын және қамаудан алып тасталынған есепке алу алфавиттік кітабы енгізіледі.

 

 

 


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 508 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нотариаттық қызмет ақы төлеу| Г. Киров

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)