Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту

Читайте также:
  1. II. Принципы профессиональной деятельности нотариуса
  2. III. Отношения нотариуса с физическими и юридическими лицами
  3. XI. Поощрение нотариуса
  4. Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау.
  5. Бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус
  6. Виды нотариальных действий и компетенция нотариусов.

1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi лицензиялау туралы заңдармен белгiленедi.
2. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi шешiм берiледi.
3. Бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады.

10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру

1. Нотариус лицензиясының күшiн азаматтардың арыздары, аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шешiмiмен тоқтатыла тұрады.
2. Нотариус лицензиясының күшi алты айға дейiнгi мерзiмге мынадай жағдайларда:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясынан айыру жөнiндегi талап-арыз iсiн қозғағанда;
2) нотариус қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде тартылған жағдайда;
3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламағанда;
3-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда;
4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;
5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
6) әділет органдарында есептік тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша нотариустың нақты үй-жайы болмағанда;
7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамағанда;
8) осы Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмағанда;
9) егер нотариусты есептік тіркеуге қойған күннен бастап үш ай өткен соң нотариус практикалық нотариаттық қызметіне кіріспегенде тоқтатыла тұрады.
3. Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданылуы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді назарға жеткізген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.
4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады.
5. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе қалпына келтiру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомстволық баспасөз органында жарияланады.
6. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады.
7. Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 N 408, 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.26 N 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Жалпы ережелер| Бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)