Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лі теңіз

Өлі теңіз (арабша Бахр-Лут) – Таяу Шығыстағы, Иордания мен Израиль жеріндегі ағынсыз тұзды көл. Гхор тектоникалық ойысына, теңіз деңгейінен 395 м төмен (жағалауы – құрлықтағы ең төменгі жер) орналасқан. Ауданы 1050 км2, ұзындығы 76 км, ең терең жері 356 м. Өлі теңіз жағалауы шөлді, кей жерлері жартасты. Негізінен Иордан өзінің суымен толығады. Дүние жүзіндегі ең тұзды көлдердің бірі. Суының орташа тұздығы 260 – 270‰, кей жылдары 310‰-ге жетеді. Минералды тұздар өндіріледі. “Өлі теңіз” аталуы суында органик. тіршіліктің жоқтығымен түсіндіріледі.

Израиль мамандары жер шарының ең терең нүктүсі – Өлі теңіздің түбін зерттеуге кірісті. Шараның мақсаты – климаттың мөлшерден тыс жылынуы мен апаттардың құпиясын ашу. Сол үшін инженерлер мен ғалымдар теңіз деңгейінен 1200 тереңдікке түсіп, су астынан топырақ алмақ.

Экспедиция екі айға созылуы мүмкін. Жоба жетекшілерінің айтуынша, Өлі теңіздің табанындағы жер қабаты жыл сайын екі рет өсіп отырады. Яғни, ол да ағаштар тәрізді жаңаруға бейіміді. 500 мың жылға созылған мұндай геологиялық құбылыстың сыры неде?

Климаты: қысы, жазы, көктем және күз мезгілдерінде жақсы, жұмсақ ауа райы тұрады. Жылына 330 жылы күндер сәйкес келеді.

Жағалау бойымен көптеген термалды бұлақтар мен балшықтар бар.Өлі теңіз минералдар мен тұздардық көптеп орналасқан жері. Бұл организмнің жалпы сауықтырылуына және жүйкенің демалуна пайдалы.

Өлі теңіз бүкіләлемдік мұхит деңгейінен 396м төмен жатыр. Ауа бұл жерде фильтр құрап, пайдалы күн сәулелерін содан өткізеді. Сондықтан да басқа жерлермен салыстырғанда, тері күйіп кетпейді. Бұл денсаулығы нашар адамдарға өте жақсы әсерін тигізеді.

Өлі теңіз аймағанда ауа ластанудан және алергиойдтардан бос және бромның мөлшері басқа жерлермен салыстырғанда 10 – 20 есе көп. Ауыз суда селеннің өте көп концентрациясы бар. Бұл элемент ауру клеткалардың көбеуін тоқтатады. Теңіз суында 33% тұзбен минералдар бар.

Осы жерде сіз жүзіп білмесеңізде батып кетуіңіз мүмкін емес. Теңізде тұз коцентрациясы сонша көп болғандықтан тіршілікте жоқ. Алайда теңіз аты өлі болғанмен ол адамның тез жазылуына үлкен әсерін тигізеді.Өлі теңіздің пайда болуына 15000 жыл, сол уақат бойы адамға пайдасын тигізуде.

Акабадан Каракқа бара жатып сіз Маин спаға соғып кетуіңізге болады. Мадабадан 25км қашықтықта термалды бұлақтары бар керемет жер бұл – Маин спа. Үлкен Каньонның ішінде орналасқан. Ал каньонның жоғары жағынан өлі теңізге және Сат каньонына керемет панорама ашылады. Майн спа суларында кезінде Ұлы Ирод ем алған. Бұлақтың емдік әсері бар екенінін византиялық уақыттан білген. Бұлақтың суы аллергияға қарсы қолданылады. Себабі күкірттің көп мөлшері бар (580 мг/л). Оның ағза клеткаларына тигізетін әсері сонша, қартайу процесін баяулатады. Суда кальций, магний, калий және натрий қосындылары көп.

Қазіргі уақытта бұл жерде үлкен рекреациялық – сауықтыры базасы орналасқан. Бұл курортта адамдар әр түрлі аурулардан комплексті ем алады. Отель ішінде сауықтыру клиникасы бар. Бұл жерде сізге арнайы ванналар, инголяторлар, термалды және физиотерапиялар ұсыныды. Сіздің еміңізді өте тәжірибелі мамандар жүргізеді. Бұл жерде ревматизм, артрит, гайморит, ас қорыту мүшелерінің және қан айналым ауруларынан емдейді.

Эйлат

Эйлат – бұл қала Израильдің оңтүстітігінде Акаб заливінің (израиль халқы «эйлат» деп атайды) жағалауында орналасқан. Халқы – 47,6 мың адам.

Эйлат – бұл танымал курортты және туристік орта болып табылады. Су асты өміріне бай Эйлатты гығанағы шыңдаған су спортын сүйетін туристерді өзіне тартады. Эйлат шекарасының негізгі ұсынатын тамаша жері – Корольды риф болатын. 1968 жылы ЭЙлат жағалауы табиғи қорық болып бекітілді. Эйлатта салық қолданбайды. Қазіргі күні Эйлаттағы қонақүйлер фонды 10000 асып жағалады.


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 365 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ел жайлы мәлімет | Географиясы, орналасуы, климаты | Лттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері | Ірі қалалары мен астанасы ТЕЛЬ-АВИВ | Астанасы - Иерусалим |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ШЫҒЫС ДУАЛЫ| Азақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)