Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Калькулятор.

Дебиет

Негiзгi әдебиеттер:

Әдебиет:

Информатика Базовый курс под редакцией С.В. Симоновича, Питер, 2007, стр. 123-128,169-194.

Информатика под редакцией Н.В.Макаровой, Москва, 2007, стр. 489-504

 

10. Ақпараттық- лилактикалық блок.

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad

4) Калькулятор

5) Адрестік кітап

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі программлар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).

Стандартных программалар мәзірі меню ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

Блокнот мәтіндік редакторы

Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNIкеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға.ТХТ кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.

Блокнот редакторынын терезесі және оның интерфейсінің элементтері 4-ші беттегі Блокнот суретінде көрсетілген. Блокнот редакторының терезесінің кұрамына кіреді: 1) такырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммсы, кұжат, мысалы Безымянный, және қолданба Блокнот есімдері, терезе форматынөзгертуші 3 батырма), 2) жатық мязір жолы (Файл, Правка, Формат, Вид, Справка), 3) негізгі кұжат терезесі және 4) күй жолы (курсордың кұжат терезесінде орналасуы көрсетіледі).

Блокнот мәтіндік редакторымда бір жолға 1000 символдан артық символ жазуға болады. Сондықтан мәтін толығымен терезенің аумағында көрініп тұруы үшін Формат - Перенос по словам бұйрырығын орындау немесе Еnter тиегін басып келесі жолға көшіп отыру керек.

Көптеген әрекеттерді клавиатурады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:

CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O - ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G - өту
CTRL + S - сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A - барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою  
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F – табу  

WordPad мәтіндік редакторы.

Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқгы мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.

WordPad кұжаттарға өз бетімен RTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.

WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

WordPad редакторының терезесі және оның интерфейсінің элементгері 5-ші беттегі WordPad(I) суретінде көрсетілген. WordPad редакторының терезесі, Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін программалар тәрізді, мынандай элементтерден тұрады: 1) тақырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммсы, құжат, мысалы Безымянный, және қолданба \Уогс1РасІ ссімдері, терезе форматын өзгертуші 3 батырма), 2) жатық мәзір жолы (Файл, Правка, Вставка, Вид, Формат, Справка), 3) Саймандар тақталары Стандартты (кұру, ашу, сақтау, басу, алдын ала көру, табу, кесіп алу, көшірме алу, кою, болдырмау, күн/уақыт) және Форматтау (шрифт; шрифт өлшемі; стиль; калың; еңкіш; асты сызылган; сол жак шетке, ортаға жэне оң жак шсгке тегістелген; маркер), 4) негізгі кұжат терезесі сызғышпен және 5) күй жолы.

Жұмыс кезінде қажет болса Шрифт, Абзац, Табуляция сұхбат терезелерін жатык мәзірдегі Формат арқылы алғга болады. Мәтіндегі тізімді белгілеу ушін Формат-Маркер бұйрығын орындау немесе Форматтау саймандар тақтасындағы Маркеры пиктогрммасын шерту керек. Тізімді белгілеуді аяқтау үшін белгілеу жүргізуге кажет әрекеітерді орндау керек.

WordPadмәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру CTRL + O- - ашу CTRL + S- сақтау CTRL + P –басу CTRL + Z – болдармау CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою CTRL + F – табу CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру) CTRL + А – барлығын белгілеу

Калькулятор.

Калькулятор терезесі және оның интерфейсінің элементтері 6-шы беттегі Калькулятор суретінде көрсетілген.

Калькулятор программасы стандартты (калыпгы) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калкулятор бетіндегі төменгі сурет) жэне инженерлік режимде (Калкулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калкулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.

Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады

негізгі және кері алгебркалық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық
функцияларды;

екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен

логикалық әрекеттерді.

Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандык және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - - алу, sqrt - квадрат тубір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- - санның таңбасын өзгерту, = - есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:

С - жана есептеуді бастау

СЕ - терілген санды алдындағы арифметикалық амал мен бірге өшіреді,

МС - жадыдағы санды өшіреді,

МК - жадыда сакталған санды индикаторға шығарады,

МS — калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,

М+ - индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды, Васкsраsе - кейінгі терілген цифрды өшіреді.

Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калкулятордың жадысында сан бар екендігін, жоғарғы сол жак бұрышта "М" әріпінін пайда болуы керсетеді.

Калькулятор программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады жәнеқколданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жургізеді. Ондай алмасуды жүргізу үшін жатық мәзірдегі Правканың төмен үскіш мәзірін қолдану керек.

 

Сілтеуіш (Проводник)

Сілтеуіш - программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.

Сілтеуіш терезесі және оның интерфейсінің элементтері 7-беттегі Сілтеуіш суретінде көрсетілген. Сілтеуіш терезесінде 1) тақырып жолы, 2) жатык мәзір жолы, 3) мекен — жай (адрес) жолы, 4) екі: оң және сол — тақтадан тұратын негізгі жүмыс өрісі және 5) күй жолы 6ір Сілтеуіш терезесінің кезкелген элементін, жатық мәзір жолы мен негізгі жұмыс өрісінің оң тақтасынан басқасын, жатық мәзірдегі Видтің төмен түскіш мәзәрі мен саймандар тақтасындағы Папки пиктограммасы арқылы алып тастауға болады.

Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.

Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың кұрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын кұрылымы осы тақтада көрсетіледі.

Сол жақ тактада бумалар денгейлерінің иерархиялық кұрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы "+" белгілі буын, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, ондағы ендірілген бумалар көрсетіледі. Ал буын белгісі "-" ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның кұрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.

Сілтеуіш программасын жұмысқа қосу үшін жұмыс үстеліндегі "Мой компьютер" бумасын тышқанның оң жақ тиегімен шертіп, қалқыма мәзірден " Сілтеуішті" таңдау керек. Немесе буманы қалыпты түрде ашып, саймандар тақтасындағы Папки пиктограммасын шерту арқылы ашылады.

Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:

CTRL + Z – болдармау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою CTRL + А- бәрін белгілеу  

 

Графикалық редактор Раіnt

Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттін көшірмесін Раіntта әрі қарай оңідеуге алуға болады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.

Графикалық редактор Раіntтің терезесі және оның интерфейстік элементтері 8-ші және 9-шы беттердегі Графический редактор (I) және Графический редактор (II) суреттерінде көрсетілген.

Графикалық редактор Раіпt өз бетімен ВМР форматты файл кұрады. Мұндай файлдардың көлемі үлкен болады да, сыртқы жадылардан көп орынды талап етеді. Раіпt суреттерді үнемділі JPG и GІҒ форматтарда сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай форматтар Интернет жүйесінде өте кен түрде қолданылады.

Раіnt редакторының жұмыс терезесі "Графический редактор (1)" суретінде көрсетілген. Редакторда басқару элементтерінің құрамына кіреді: 1) тақырып жолы (жүйелік мәзір пиктограммасы, құжат, мысалы Безымянный, және қолданба Раіnt есімдері, терезе форматын өзгертуші 3 батырма), 2) жатық мәзір жолы (Файл, Правка, Вид, Рисунок, Палитра, Справка),

3) саймандар тақтасы, 4) таңдалған саймандар көрсеткіштері (параметры) немесе саймандарды келістіру палитрасы, 5) түстер палитрасы тақтасы және 6) күй жолы (курсордың кұжат терезесінде орналасуы көрсетіледі).

Саймандар тақтасын, палитра тақтасын, палитра тақтасын, күй жолын және мәтін атрибуттары тақтасын алып тастауға болады. Осы мәзір аркылы масштабты да өзгертуге болады.

"Отражение и поворот","Растяжение и наклон", " Атрибуты" сүхбат терезелерін, суреттің

белгіленген бөлігімен жұмыс жүргізуге қолдану үшін, жатық мәзірдегі Рисуноктың төментүскіш

мәзірі арқылы қоюға немесе алып тастауға болады. Осы мәзірдегі бұйрықтар көмегімен

қойылушы объектті мөлдір түсті жасауға және түстерді қарама қарсы түске айналдыруға болады.

Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.

CTRL + N – құру CTRL + O- ашу CTRL + S- сақтау CTRL + P – басу CTRL + Z – болдармау CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою CTRL + А – бәрін белгілеу CTRL + Т- саймандар CTRL + L – палитра CTRL+ F- суретті көру CTRL+ R- шағылыстыру/бұру CTRL+ W- созу/еңкейту CTRL+ I- қарсы түске өзгерту CTRL+ E- атрибуттар

11. САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ:

11.1. ӨЗДІК ЖҰМЫС


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 521 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Понятие и стороны в обязательстве| АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)