Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Белгісіздік артикльдің формасы

Читайте также:
  1. Белгісіздік артиклін қолдану
  2. Іскерлік әңгіме құру, іскерлік коммуникация формасы болып табылады. Ролдік ойын -іскерлік әңгімені жүргізу.


1. Аталық (жекеше түрі)
uno — sp-, st-, sl-, sc-, sce-, sci-, z-, gn-, ps- дан басталатын барлық зат есімдердің алдында:
uno straniero, uno scopo, uno scenografo, uno zoo, uno gnomo, uno psicologo (un psicologo);
un – қалған барлық жағдайда:
un albero, un bambino, un giorno, un mare, un quadro.
2. Аналық (жекеше түрі)
una – кез-келген дауыссыз дыбыстан басталатын зат есімдер:
una bambina, una casa, una matita:
un' – дауысты дыбыспен басталатын зат есімдер:
un'opera, un'isola, un'epoca.
Бірақ та кейінгі кездері газета, журналдарда екпін түспейтін дауысты дыбыстармен басталатын зат есімдерде белгісіздік артиклінің аналық формасының толық түрін пайдаланылғанын жиі кездестіруге болады. Мысалы:
una edizione (un'edizione деп жазудың орнына).
-а әрпімен басталатын сөздерде сирек болса да кездеседі:
una amica (un'amica деудің орнына).
3. Көпше түрі
Көпше түрде белгісіздіктің көрсеткіші ретінде артикльдің мүлде болмауы мүмкін, не төмендегі формалары болады:
dei – аталық тектегі зат есімнің алдында, егер жекеше түрінде un артиклін пайдаланатын болса
dei libri, dei bambini, dei problemi;
degli — аталық тектегі зат есімнің алдында, егер жекеше түрінде uno артиклін пайдаланатын болса
degli studenti, degli scioperi,
және дауысты дыбыспен басталатын зат есім болса
degli amici, degli operai;
delle – барлық аналық зат есімдердің алдында
delle amiche, delle donne, delle studentesse.
4. Белгілі артикль сияқты белгісіздік артиклі де зат есімнің тегі мен түрі, және де бірінші әріпке байланысты қолданылады, мысалы:
uno studente — un bravo studente
un quadro — uno splendido quadro
un' (una) edizione — una nuova edizione
una bambina — un'altra bambina
degli spettacoli — dei nuovi spettacoli
dei quadri — degli splendidi quadri

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Белгілі артикльді қолдану| Белгісіздік артиклін қолдану

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)