Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ISDN желiлер. Х.25 желiлер. Frame Relay желiлер.

Читайте также:
  1. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.
  2. Сети и сетевые технологии нижних уровней. Сеть и технология Frame Relay.

Сандық желілер, өз кезегінде, мәліметтерді жылдам алмасуға, үлкен көлемді мәліметтерді алмасуға, жіберу кезінде болуы мүмкін қателерді азайтуға мүмкіндік береді. Ол 0 не1 екілік жүйеде беріледі.

Бүгінде жоғарғы жылдамдықты мәлімет алмасу ISDN (анг. Integrated Services Digital Network-қызметтері біріктірілген сандық желі) желілерінде, компьютерде, талшықты-оптикалық желілерде жүзеге асырылуда. Жылдам аналогты каналдар кабельдік теледидарда және телехабар желіде қолданылады.

ISDN (анг. Integrated Services Digital Network) технологиясы 1974 жылы жасап шығарылған. Алғашқы ISDN станциясы 1976 жылы эксплуатациясына жүргізілген. Бұл технологиының шығуы басынан аналогты телефондық сандық байланысқа көшу ретінде қабылданған. Басында тек дыбыстық хаббарлама жіберіледі деп жобалаған. Мұндай желілер IDN Integrated Digital Network) есімін алған.

ISDN (анг. Integrated Services Digital Network) –қызметтердің интеграциясы бар сандық желі. Арналар коммтуацияланған байланыстың телефондық жүйесін қолдана отырып интернетке уақытша қатынау. ISDN желісі телефонның қарапайым мыс сымы арқылы дауыс пен мәліметтерді сандық(аналогты) жеткізуден ерекше жеткізуге мүмкіндік береді. Аналогты жүйелерге қарағанды жеткізу сапасы мен жылдамдығы жоғары.

ISDN желілірінің транспорттық қызметтері расында да өте ауқымды қызмет бөлігін, ішінде әйгілі framerelay қызметін қамтиды. Сонымен қатар, желілерді бақылау құралдарына үлкен назар бөлінген.Олар желілік абонентімен қосуды құру үшін шақыруларды маршрутизациялауды рұқсат етеді, сонымен қатар желімен мониторинг және басқаруды жүзеге асырады.

Х.25 желісі әртүрлі географиялық нүктелерде орналасқан және сандық және баламалық бола алатын жоғары жылдамдықты белгіленген арналармен жалғанған пакеттер коммутациясының орталығы (ПКО) деп аталатын коммутаторлардан тұрады.

Х.25 желілерінің технологиясында бірнеше елеулі белгілер бар:

- желі құрылымында арнайы құрылғының болуы - PAD (Packet Assembler Disassembler), желі бойынша берілетін және өңдеу үшін компьютерлермен жіберілетін алфавиттік-сандық терминалдардан бастап байттардың ең төменгі жылдамдықты старт-стопты ағымдарын пакеттерге жинауға арналған;

- мәліметтер ағымдарын басқаратын және қателерді түзететін қосылыстарды орнату арқылы арналық және желілік деңгейлерде хаттамаларды пайдаланумен хаттамалардың үш деңгейлі стектерінің бар болуы;

- көлік хаттамаларының дара стектерін желінің барлық тораптарында бағдарлау – желілік деңгей арналық деңгейінің тек бір хаттамасымен жұмыс істеуге ғана есептелінген және ІР хаттамасына ұқсас әртүрлі желілерді біріктіре алмайды.

Егер Х.25 желісі сыртқы әлеммен байланыспаса, онда ол кез келген ұзындықтағы мекенжайды (мекенжайдың өріс пішімі шектерінде) пайдалана алады және мекенжайларға ерікті мәндерді бере алады. Х.25 пакетіндегі мекенжай өрісінің ең көп ұзындығы 16 байтты құрайды.

Frame relay (англ. «кадрлар ретрансляциясы», FR) —OSI желілік моделінің арналық деңгей протоколы. Пакеттің қызметі Frame Relay-дің пакеттер коммутациясының қызметі қазіргі таңда бүкіл әлемде кеңінен таралған. FR протоколы мүмкіндік беретін ең жоғарғы жылдамдығы — 34,368 мегабит/сек (E3 каналдары).

Коммутациясы: нүкте-нүкте.

Frame Relay тез, сенімді байланыс каналы үшін X.25 протоколының орнына 1990-шы жылдың басында құрастырылды. FR технологиясы архитектурасы жағынан X.25 –ке негізделді және көп жағынан осы протоколмен ұқсас, дегенмен қателер жиілігі жоғары болатын линияға негізделген X.25-пен салыстырғанда, FR басынан бастап қателер жиілігі төмен физикалық линияларға бағытталған, және де X.25 –тің қателерді түзеу механизмінің көп бөлігі FR стандартының құрамына кірмеген. Спецификациялар құрастырғанда көптеген кәсіпорындар қатысты; көптеген тасымалдаушылар бар жүзеге асырулардың әрқайсысын қолдайды, сонымен қатар сәйкес келетін аппараттық және программалық қамтамасыздандыруды орындайды.

FR бір байланыс линиясында көптеген тәуекелді емес виртуалды каналдар (VC Virtual Circuit) бұл екі түрде болады:

1. Тұрақты виртуалды канал, PVC

2. коммутацияланатын виртуалды канал, SVC

PVC-екі түйін арасында орындалады және тұрақты уақыт арасында орындалады. Мәліметтер жоқ кезінде де жұмыс атқарады.

SVC-мәліметтер алмасу алдында екі түйін арасында орындалады.

Дегенмен, Frame Relay құрылғысының өндірушілері және Frame Relay желісінің қызметін тасымалдаушылар тек тұрақты виртуалды каналдардың қолдауымен жұмыс жасауды бастады. Коммутацияланатын виртуалды каналдарды қолдайтын құрылғылар нарықта үлкен кешіктірулермен пайда болды. Міне сондықтан да Frame Relay технологиясы көп жағдайда тек тұрақты виртуалды каналдармен жұмыс жасайды.

Frame Relay қызметі:

Желілік, транспорттық деңгейде жұмыс істейді.

1. Frame Relay желілері корпоративтік, айматық желілер. Мысалы, алыстатылған жергілікті желілерде мәліметтер тасымалдау каналы ретінде қолданылады.

2. Аймақтық және жергілікті желілер арасында мәліметтер тасымалдау.

3. Кез келген желілерде қолданылады.

Frame Relay желілеріде үлкен каналдарда оптикалық талшықты кабель. Ал жергілікті желілерде сапалы шиыршықталған кабельдер қолданылады.


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 640 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Компьютерлік желi түсінігі. Желi типтері. Негiзгi топологиялар. Желiлердi жiктеу. Жергiлiктi және ауқымды желілер. | Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы. | Оптоталшықты желілер | Көп деңгейлі OSI жүйесі және стандарттау проблемасы. | IP маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық маршрутизация. RIP хаттамасы. OSPF хаттамасы. | Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet, Token Ring, AppleTalk технологиялары. | Желiлердегi маршрутизация. IР-желілердегі адрестеу. IР-адрестерінің кластары. DHCP қызметі. | TCP/IP хаттамалар стегінің көп деңгейлі құрылымы. ТСР хаттамасы. ТСР хаттамасының негізгі функциялары. Қосылуды процедурасы орнату. | Көпiрлер. Маршрутизаторлар. Шлюздар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түйiндердiң аттарын анықтау. HOSTS файл. DNS қалыптастыру. Қызметі WINS. NetBIOS атауларын анықтау.| Основы внутренней и внешней способности в 72х искусствах.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)