Читайте также: |
|
«Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің отырысында талқыланып, бекітілді.
Хаттама № __ «___» _______ 2013ж.
Модуль меңгерушісі: Садыров Ғ.А.
Құрастырушы:
«денсаулық сақтау мен фармациядағы
экономика» модулінің оқытушылары
1. Төмендегі көрсеткіштер арасында қандай байланыс бар:
а) тауар бағасы мен оған деген сұраныс;
б) сіздің ақшалай табысыңыз бен жинағыңыз;
в) сіздің ақшалай табысыңыз бен ағымдық тұтынуға шығындарыңыз;
г) ұсынылған қарыз пайызы мен несиеге сұраныс арасында.
Жоғарыда аталған байланыстардың қайсысы тура және кері пропорционалды?
2. Қоғамға экономикалық ғылым не үшін қажет? Неге техникалық ғылым жеткіліксіз екенін түсіндіріңіз.
3. Карл Маркс классикалық экономиканың қорытындылаушыларының бірі. Ол экономикалық теорияның дамуына қандай үлес қосты? Неге оның экономикалық бағыты (марксизм) сыналып келеді?
4. Карл Маркстың: «Экономикалық формаларды талдаған кезде не микроскопиялық, не химиялық реактивтерді қолдануға болмайды. Ол екеуін де абстракция күші алмастыруы керек» деген сөздерін қалай түсінесіз? Өз жауабыңызды мысалдармен негіздеңіз.
5. Экономикалық оқығалар мен процестерді зерттеу кезінде қолданылатын себеп-салдарлық және функционалдық тәсілдердің айырмашылығы неде? Осы тәсілдерді «баға» категориясына қолдана отырып түсіндіріңіз.
6. Экономикалық теория тарих, құқық, философия сияқты қоғамдық ғылымдармен, сонымен қатар бухгалтерлік есеп, қаржы, стстистика сияқты қолданбалы экономикалық ғылымдармен қалай байланысады. Бұл ғылымдардың өзара байланысы шектелген ресурстар жағдайында барынша төмен шығынмен өнім өндіру мәселесін шешуде қалай әсер етеді?
7. Экономикалық жағдайлар мен процестердің графикалық тура және кері, сызықтық және сызықтық емес тәуелділіктерді сипаттаңыз. Қорытынды жасаңыз.
8. А. Смит өзінің «Халықтар байлығы» деген кітабында: «Неге адам үшін өте маңызды су арзан, ал өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдасы төмен алмаз тасы соншалықты қымбат тұрады?» деген сұрақ қойған. Осы сұраққа жауап беріңіздер.
9. Минималды жалақы туралы заң жүргізу, прогрессивті салық салуды жүргізу, салық төлеуден босатылған жаңа жол құрылысы сияқты мәселелерді қамтитын мемлекеттік саясат экономиканың қандай сұрақтарын шешуде үлкен рөл атқарады.
10. Меншік құқығы материалды объектілерге (ресурстар, құндылықтар) ғана жүреді ме, әлде электромагниттік толқындар, ауа, ауа кеңістігі сияқты нақты заттық емес факторларға да жүреді ме? Меншік құқығы ҚР экономикасының қайта қалыптасуымен қалай байланысты?
11. Қаладағы үйлердің 1-қабатында тұратын тұрғындар терезелерінің алдын иісі, даусы, т.б. жағымсыз әсерлері үшін машина тұрағына айналдырғанға қарсы болады. Осының нәтижесінде автокөлік иелері мен тұрғындар арасында дау-жанжалдық қарым-қатынас орнайды. Бұл меншік қатынасы мәселесіне жатады ма және бұндай жағдай қалай шешілуі мүмкін?
12. Төмендегі жағдайлар меншік құқығының қай түрлеріне сай келеді:
12.1. Иванов автокөлік сатып алды және онымен өзінің саяжайына барады
12.2. фирма өзінің өндірістік қуатының бір бөлігін жалға берді
12.3. кәсіпкер Садыков басқа кәсіпкерден екі шағын кеңсе сатып алды. Бір кеңсенің ісін толығымен тоқтатты, ал екінші кеңсені өзгертті және кеңейтті.
12.5. азамат Ахметов өзінің пәтерін балаларына мұрагерлікке қалдырды.
13. Төрт фирма бар. Олардың әрқайсысының бастапқы капиталы 10 млн дол. құрады. Жинақтау нәтижесінде үш жылдан кейін олардың капиталдарының құны 15 млн долларға жетті және олар бірікті. Олардың бірігуі капиталы 100 млн доллар құрайтын бәсекелес фирманы жоқ қылды. Концентрация нәтижесі бойынша және орталықтану нәтижесі бойынша капитал өзгерісінің мөлшерін анықтаңыздар
14. Неге қазіргі таңда «өндіріс» термині «қоғамдық» - қоғамдық өндіріс дегенді пайдалануды ұсынады?
15. «Ресурстардың шектеулілігі мен қажеттіліктердің шексіздігі дұрыс емес беріледі. Ал шындығында ресурстардың шексіз ашылуларымен байланысты ресурстар да шексіз. Қажеттіліктер, керісінше, қанағаттанудың физикалық шегі болғандықтан олар шектеулі» деген сөздермен келісесіз бе?
16. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы шаруашылық, олардың негізгі қарама-қайшылықтары
17. Күніне 4 торт пен қосымша 3 тәтті өндіре алатын 6 жұмысшысы бар шағын экономиканы қарастырамыз:
а) осындай экономиканың өндірістік мүмкіндіктер графигін салыңыз;
б) егер қосымша тәтті өндірмесе қанша торт өндіру мүмкіндіг болатын еді;
в) өндірістік мүмкіндіктер графигінде өндірістің тиімсіз әдісіне сай келетін нүктелерді көрсетіңіз;
г) неге өндірістік мүмкіндіктер қисының төмен жағындағы нүктелер тиімсіз болып табылады.
18. Өндірістік кәсіпорында (х) тек қана екі өнім өндіріледі – шаңсорғыш және ас үйдегі комбайн. Өндірістік мүмкіндіктер келесі кестеде берілген 18.1:
Кесте 18.1.
Таңдау нұсқалары | A | B | C | D | E |
шаңсорғыштар | |||||
Ас үй комбайны |
Өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз:
а) К (шаңсорғыш - 800 дана) және L (ас үйкомбайны - 200 дана) нүктелерін белгілеңіз және сипаттама берңіз;
б) баламалы шығындарды анықтаңыз және талдаңыз.
19. «Білікті мамандардың сыртқа кетуі» мәселесі Қазақстан экономикасында бар ма, бар болса не үшін?
20. Велосипед пен мопед өнімдерінің өндірістік мүмкіндіктер мәні берілген
(кесте. 20.1).
Кесте 20.1.
Нұсқаларвыбора | A | B | C | D | E |
Велосипед (мың дана) | |||||
Мопед (мың дана) |
Берілген мәліметтер негізінде өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз.
21. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық нысаны салық жүйесінің әрекет етуі
тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады? Неліктен?
22. Толық серіктестік пен сенім серіктестігі арасындағы айырмашылықты атаңыз.
23. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай шаралар қолдану
қажет? Сіз қандай ұсыныс жасайсыз?
24. Төменде келтірілген мәліметтерді меншік түрі бойынша жіктеп шығыңыз:
Объект атауы | Жеке меншік | Мемлекеттік меншік | Ұжымдық меншік |
1.Азық-түлік | |||
2.киім-кешек | |||
3.аяқ-киім | |||
4.Үй | |||
5.Мүлік | |||
6.Жер | |||
7.пайдалы қазбалар | |||
8.Ормандар | |||
9.Валюта | |||
10.Жұмыс күші | |||
11.Магазин | |||
12.Кітаптар | |||
13.Ойын алаңы | |||
14.Темір жол | |||
15.Бағалы бұйымдар |
25. Төмендегі кестені толтырыңыз:
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Толық серіктестік | ||
Сенім серіктестігі | ||
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | ||
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік | ||
Акционерлік қоғам |
26. ҚР валютасын жоғарлату үшін қандай шаралар қолдану керек?
27. «Экономикалық заңдардың объективті сипаттамасының әрекетін» қалай
түсінесіз?
28. Қазақстанның шикізатты өндірілмеген түрінде экспорттауға ұмтылуы әлемдік нарықтағы баға көлеміне тәуелді етпейді ме?
29. Сарқылатын ресурстардың иесі өздерінің болжамдарында қателессе немесе алдағы құндылықты дұрыс бағаламаса, қандай жағдай болады?
30. Еліміздегі азық-түлік түрлерінің бағасы неліктен шарықтап барады, әлде
халықтың табысы жоғарылады ма?
31. Нарықтық экономиканың заңы бойынша баға сұарныс пен ұсыныс өзара тепе-теңдігі арқылы реттеліп отыруы тіис. Осы жерде мемлекеттің баға белгілеуге араласуы қажет па? Әлде сұраныс пен ұсыныс заңдары негізсіз бе?
32. Халықтың табысы, тауарлар бағасы 25% - ға артты. Осы жағдайда сұраныс пен
ұсыныстың өзгерісі қандай болмақ?
33. Егер мемлекет салық мөлшерін арттырса, онда нарықтық тепе-теңдік қалай
өзгереді?
34. Халықтың табысы артты, бірақ кейбір тауарларға сұраныс кеміді. Бұндай тауарлар
қалай аталады?
35. Егер тауар бағасы 1 %-ға төмендегенде сұраныс 2%-ға артса, бұндай сұраныс қандай икемділікке жатады?
36. Экономикалық тұрғыдан зерттегенде бірігудің кері әсерлері туралы не
айтасыз? Экономика үшін бірігудің қаупі неде?
37. ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігі қандай (нақты статистикалық ақпараттар
негізінде өз пікіріңізді білдіріңіз)?
38. Не үшін монополия мен бәсеке түсінігі бір-біріне қарама-қайшы ұғым
болып табылады?
39. Адам – экономикалық субъект, яғни экономиканы дамытуға қабілетті мүмкіндіктер жиынының иесі. Сонда «Капитал – экономикадағы басты қозғаушы күш» деген пікірмен келісесіз бе? Адам мен капиталдың өзара байланысы қандай?
40. Инвестиция – бұл ірі қаржы салымы. Капитал - өндіріске қажетті құрал жабдықтар жиыны. Демек, екеуі екі түрлі түсінік, алайда капитал мен инвестиция түсініктерін не үшін бір-бірімен байланыстыра қарастырады?
41. Адамның физикалық және ой еңбектері капиталға жатады ма? Неге?
42. «Х» Фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Осы кәсіпорынның негізгі
бухгалтерлік шығындарынын атаңыз. Бұл жағдайда қандай айқынсыз шығындар орын алуы мүмкін?
43. Бағаны, шекті шығындарды, шекті табыстарды салыстыру нәтижесінде қандай
қорытындылар жасауға болады?
44. Төмендегі өндіріс факторлары нарығына тән ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз:
№ | Еңбек нарығы | Капитал нарығы | Жер нарығы | Ақпараттар нарығы |
45. Төмендегі жалақы нысандары мен түрлеріне сипаттама беріңіз:
Нақты | Номиналды | Келісімді | Мерзімді |
46. Егер де фирма алдына шығынды азайтып, пайданы көбейту керек деген
міндетті қойса, проблеманың шешуі фирманың өндіріс факторларына сұранысын өзгерте ала ма? Неге? Ол қалай жүреді?
47. Елдің ұлттық экономикасының іскерлік белсенділігін арттыру негізі туралы
не білесіз және қандай ұсыныстарыңыз бар?
48. Егер мемлекет салық мөлшерін арттырса, онда нарықтық тепе-теңдік қалай
өзгереді?
49. Халықтың табысы, тауарлар бағасы 25% - ға артты. Осы жағдайда сұраныс пен
ұсыныстың өзгерісі қандай болмақ?
50. Қоғамның фискалдық саясаты. ҚР-ның фискалдық саясатының негiзгi бағыттары
51. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы кәсіпорынның материалдық құндылықтары үшін жауап бермейді (қылмыстық заңнамадан тыс жағдайлардан басқа), яғни өз мүлкіне төнетін қауіп жоқ. Бұндай жағдайда мемлекеттік кәсіпкерлікті қалай дамытуға болады? Өз жауабыңызды негіздеңіз.
52. ТМД елдерінде банк қызметкерлерінің орташа жалақысы нақты экономикада салыстырмалы түрде жоғары болып келеді. Дамыған нарық жүйесінде бұл айырмашалақ аса жоғары емес. Осы ерекшелікті қалай түсіндіруге болады?
53. Оңтістік-Шығыс Азия және Жапония елдерінде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды шешу үшін нақты және қаржы секторында мемлекеттің рөлі өте жоғары болды. Мүмкін ТМД елдерінде экономиканы мемлекеттік басқарудың кеңестік әдістерін қолданған дұрыс шығар. Өз пікіріңізді білдіріңіз.
54. Монетаризм мектебі мемлекеттің экономикаға араласуын қатты сынайды, яғни мүлдем қолдамайды. Бұл позиция қаншалықты дұрыс? Экономикаға мемлекеттің араласуы қажет пе?
55.Социалдизмді тапшылық экономикасы, ал капитализмді артықшылық экономикасы деп атады. Егер осы рас болса, онда неге мемлекеттің экономикаға араласуы не социализм кезінде, не капитализм кезінде сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңсіздікті жоя алмады?
56. 2-суреттегі «Экономиканың өндірістік мүмкіндіктер қисығы» қандай экономикалық мәнге ие:
а) A, B, C, D нүктелері
б) A-дан B-ға, В-дан С-ға, С-дан К-ға, А-дан D-ға қарай қоғалыстар
C |
A |
D |
B |
Потребительские блага |
Сурет 2. |
57. Сатылған тауарлар сомасы (Сц) – 150 мың $, несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы (К) – 7мың $, төленетін уақыты келген төлемдер сомасы – 4мың $, өзара төленетін төлемдер сомасы – 2мың $, бір атаулы ақша бірлігі айналысынң орташа саны (О)– 5 рет. Айналысқа қажет ақша көлемін анықтаңыздар. Егер ақша айналысының жылдамдығы екі есеге өссе, онда айналыстағы ақша көлемі қалай өзгереді?
58. Балалар сабынына сұраныс қисығы мына түрде берілген: Qd = 250-4Р, мұнда Qd –сұраныс көлемі
а) егер айына Qs =90 болса, тепе-теңдік баға қандай?
б) Егер балалар сабынының бір данасына баға 30 теңге болса, онда жетіспеушілік деңгейін анықтаңыз?
59. Халықтың қарастырып отырған тауарға деген сұраныс функциясы Qd=9-P, ұсыныс
функциясы Qs=62P түрінде берілген.Тепе теңдік баға мен теңдестік көлемін анықтаңыз.
60. Нанға деген ұсыныс функциясы Qs = 200 3P, ал сұраныс функциясы горизонталь түзу
және оның көлемі 320 тең. Онда тепетеңдік баға қандай болады?
61. Бастапқы мәліметтер:
Номиналды ЖІӨ көлемі – 600 млрд. а.б.
Ақша айналысынң жылдамдығы – 6 айналыс.
Ақша мультипликаторы – 0,5.
Берілген көрсеткіштер негізінде экономикаға қажет ақша қаражаттарының көлемін анықтаңыздар.
Ақша көлемін есептеген кезде экономиканың қызмет етуі үшін қажет қандай факторларды ескеру қажет?
Елдегі ақша айналысына ақша мультипликаторы қалай әсер етеді?
62. Еңбекке қабілеті бар жастағы халық саны 80 млн. адам, оның ішінде жұмыс істемейтін жұмыс істемейтін 1 және 2 топ мүгедектері– 1,2 млн. адам, жұмыс істейтін жеткіншектер – 0,1 млн. адам, жұмыс істейтін зейнеткерлер – 4,5 млн. адам.
Еңбек ресурстарының санын анықтаңыз. ҚР заңнамасы бойынша халықтың қандай топтары еңбекке жарамдылар тобына жатады? Еңбек ресурстарының санына қандай факторлар әсер етеді?
63. Қазақстан Республикасында ҚазақстанТемірЖолы, Қазақтелеком, Орталықтан жылыту жүйелері сияқты табиғи монополиялық кәсіпорындар бар. Жылыту орталығы тарифтерінің бағасын 80%-ға жоғарылатты. Осы жағдай мемлекеттің экономикасына, халықтың (соның ішінде сіздің отбасыңыздың) әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер етті? Бұл қалыпты жағдай ма? ҚР монополияға қарсы күрес туралы заңы жұмыс істеп жатыр ма?
64. Келесі кестеде қарастырылып отырған кезеңнің 1 және 5-жылдарындағы еңбек ресрстары мен жұмысбастылық туралы мәлімет берілген (мың адам.):
Бірінші жыл | Бесінші жыл | |
Жұмыс күші | ||
Жұмысбастылар |
Қарастырып отырған кезеңнің бірінші және бесінші жылдарындағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейін есептеңіздер.
65. Төмендегі кестеде берілген мәліметтер негізінде авансталған капиталдың айналыс жылдамдығын анықтаңыздар:
Авансталған капитал (мың долл.) | Қызмет ету мерзімі немесе айналыс саны | Жыл ішінде қайтарылған капитал |
Ғимараттар және жабдықтар - 120 | 30 жыл | |
Машиналар және құралдар-96 | 16 жыл | |
Шикізаттар мен материалдар - 60 | 5 рет | |
Жұмыс күшін жалдау - 60 | 12 рет |
Егер капитал айналысының жылдамдығы 2 есеге артса, онда пайда мөлшері қалай өзгереді?
66. Сіз қолыңыздағы 10 мың теңгені 20% жылдық пайызбен банкке салдыңыз. Бір жылдан кейін ол 11,2 мың теңге болды. Осы кезде инфляция қарқыны 22% құраса, онда сіз қаншалықты пайда алдыңыз.
67. Монополия бәсекені шектейді. Онда мемлекет не үшін табиғи монополияның
қалыптасуына, қызмет етуіне жол береді?
68. Капитал мен инвестиция түсініктерін не үшін бір-бірімен байланыстыра
қарастырады?
69. Орташа өзгермелі шығын AVC=2Q6 формуласымен берілген. Егер FC=20
болса, онда өнім көлемі 30 болғанда TC-ді анықтаңыз? Өнім көлемі 20 болғандағы өзгермелі шығынды анықтаңыз?
70. Айына 500 пар аяқ киім шығаратын фирманың тұрақты шығыны FC=300
мың.тенге/жыл. Жиынтық (TC) және орташа (AC) шығындарын анықтаңыз, 1 пар аяқ киім бағасы 2000 теңге екені белгілі.
71.Тұтыну функциясы берілген: C=100+0,8Y
Төмендегі кестеге тұтыну шығындары мен жинақтауды толтырыңыз.
Табыс | Тұтыну | Жинақ |
Табыс пен жинақ арасында қандай байланыс бар?
72. Егер фирма бағасы 20 доллардан 10 бірлік өнім шығарса және орташа жалпы
шығындар 5 доллар дейік, онда оның таза пайдасының мөлшері қанша болады?
73. Қысқа мерзімде фирма 100 өнім бірлігін өндіреді. Орташа айнымалы шығындар 2 доллар, орташа тұрақты шығындар 1 доллар болғанда фирманың жалпы шығындары қанша болады?
74. Сіздің фирманың бухгалтері осы фирманың өндіріс шығындары бойынша
есебін жоғалтып алды. Ол тек кейбір мәліметтерді есіне түсірді. Ал сіз қалған мәліметтерді орнына келтіре аласызба?
Q | FC | AVC | ATC | TC |
75. Қандай себептерден өндіріс факторларына деген сұраныс қисығы жылжиды?
A. Оңға жоғары
B. Солға төмен
Неге осы қисық кез-келген жағдайда теріс бағытта болып келеді?
76. Егер де фирма алдына шығынды азайтып, пайданы көбейту керек деген
міндетті қойса, проблеманың шешуі фирманың өндіріс факторларына сұранысын өзгерте ала ма? Неге? Ол қалай жүреді?
77. Кестеде берілген мәліметтер негізінде орташа және шекті салық ставкаларын есептеңіздер. Берілген салық прогрессивті ме, пропорционалды ма, регрессивті ме осыны анықтаңыз.
(1) табыс | (2) салық | (3) Орташа салық ставкасы | (4) Шекті салық ставкасы |
78. Кестеде өндіріс факторлары туралы мәлімет берілген.
Машинаны бір күнге жалға алу саны 0 1 2 3 4 5 6 7 |
Шығарылым (дана) 0 14 26 36 44 50 54 56 |
а) Капиталдың шекті өнімін (КШӨ) анықтаңыз;
б) егер тауар нарықта 10 долларға сатылса, онда жалпы табыс (TR) пен капиталдың шекті табыстылығын (MRPK) анықтаңыз.
79. Төмендегі екі пункттегі талқылаулардың логикалық түсіндірмесін беріңіз:
А. Пайда, дәлірек айтқанда, пайдаға деген ұмтылыс жетілген бәсеке нарығында тепе-теңдік жағдайын бұзады;
Б. Жетілген бәсеке нарығы – бұл экономиканың идеалды жағдайы
80. Кестедегі бос орындарды толтырыңыз.
Шығарылған өнім Q (дана) | Өнім бірлігінің бағасы Р | Жалпы табыс TR. | Шекті табыс MR |
... | ... | ||
... | ... | ||
... | ... | ||
... | ... | ||
... | ... | ||
... | ... | ||
... | ... |
Фирма үшін қандай өнім көлемі тиімді болып табылады?
81. Сіздің 100 долларыңыз бар. Сіз ол ақшаңызды банкке салсаңыз бір жылдан кейін 112 доллар аласыз. Инфляция 14 % жылына. Сіз қандай шешім қабылдайсыз?
82. Экономикалық өсу көрсеткіштері халықтың әлеуметтік деңгейін сипаттай алады
ма? Тоқырау мен дағдарыс фазаларының өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
83. Қазіргі таңдағы ҚР экономикасының даму жағдайына экономикалық циклдың қай фазасы сәйкес келеді? (Жауабыңызды нақты ақпараттамен негіздеңіз)
84. Төменде қысқа мерзім ішіндегі жетілген бәсекелес фирманың жалпы шығындарының функциясы берілген.
Шығарылған өнім | Q (дана) | ||||||
Жалпы шығ. | ТС ($) |
Егер тауар бағасы Р 6 долларды құраса, онда фирма қандай өнім көлемін шығарады? Осы кезде фирма қандай табыс алады?
85. Экономикада экономикалық өсу және экономикалық даму түсініктері бар. Олардың мағыналарын ашып көрсете аласыз ба? Бұл екеуі бір ұғым ба?
86. Қалыпты тауарлар тобына жататын «В» игілігінің бағасы 2-ден 1 долларға дейін төмендеді. Бағасы 2 доллар кезінде х тұтынушы «В» өнімінің 4 бірлігін тұтынған. Жаңа баға кезінде ол «В» өнімінің 6 бірлігін сатып алуға дайын.
Табыс эффектісі мен орын алмастыру эффектісін анықтаңыздар.
87. Өндірілген өнім бағасы 500 мың теңге, орташа шығындар 580 мың теңге, ал айнымалы орташа шығындар 400 мың теңгені құрайды. Осы жағдайда белгілі бір шығынға ұшыраған фирмаға өнім өндіру қажет пе, әлде өндіріс тоқтату керек пе?
88. Төмендегі көрсеткіштер негізінде өндіріс масштабының тиімділігін анықтаңыздар:
а) фирма ресурстарға жұмсайтын шығындарын 10%-ға өсіргенде, өндіріс көлемі 15%-ға дейін артты;
б) ресурс шығындары 10%-ға артқанда өндіріс көлемі де 10%-ға өсті;
в) ресурс шығындары 2 есеге артқанда, өндіріс көлемі - 1,8 есеге өсті.
89. Сағат өндірісі бойынша фирма-монополисттің жалпы табысы (1000 Q - 10 Q2).
Шекті табыс (1000 - 20 Q), шекті шығындар (100 + 10 Q), мұндағы Q – өндірілген сағат көлемі, Р – бір сағаттың құны. Егер фирма жай монополист болса, онда қанша сағат қандай бағамен сатылатын еді.
90. Қазақстанның қаржылық рыногында сіз қандай бизнестерді дамыту керек деп
ойлайсыз?
Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Задача 170 | | | Алматы, 2013 |