Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Оқу жұмыстарының тапсырмасын ғылыми жетекші береді

Читайте также:
  1. Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.
  2. Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілетін уақыт - 5 мин
  3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары
  4. Тапсырмаға берiлген уақыт – 5 мин
  5. Тапсырмаға берiлген уақыт –3 мин
  6. Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Оқу жұмыстарының тапсырмасын ғылыми жетекші береді. Тапсырмаларды рәсімдеу үлгілері Е, В (2-ші бет), Қосымшаларында көрсетілген.

4.4 Аңдатпа

Аңдатпа оқу жұмысының мақсаттары мен міндеттері көрсетілген қысқаша сипаттама болып табылады. Ол мемлекеттік, орыс және шетел тілінде жазылады. Аңдатпа оқу жұмысының түрі, баяндалатын нысан және оның негізгі сипаттамалары (жұмыс мақсаты, оны қамту тематикасы мен аспектісі), жұмыстың ерекшеліктері (мәселе қою, жеке мәселелерді шешу, ұсыныстар) көрсетіледі. Аңдатпада жұмыс мазмұнын баяндап жазуға болмайды.

Аңдатпа көлемі 0,5 – 1 парақ шектерінде болады. «АҢДАТПА» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.

Мазмұны

Оқу жұмысының мазмұнында бөлімдер, бөлімшелер сондай–ақ кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша сияқты элементтер, олардың нөмірлері мен басталатын беттер нөмері көрсетіледі.

Мазмұн жұмыстың жалпы парақтар санына қосылады. «МАЗМҰНЫ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді. Мазмұнға енгізілген элемент атаулары кіші әріптермен жазылады. Тек бірінші әріп қана бас әріп болып қалады.

Бет нөміріне дейінгі аралықты нүктелермен толтыруға болмайды.

4.7 Кіріспе

Кіріспе оқу жұмысының бірінші құрылымдық элементі болып табылады. «КІРІСПЕ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді. Кіріспеде оқу жұмысына арналған ғылыми –техникалық мәселенің қазіргі жағдайы мен қысқаша сипаттамасы, жұмыс мақсаты мен мәселелері, ғылыми жаңашылдығы, актуальділігі, теориялық және методологиялық негіздері, жұмысты орындаудың практикалық базасы мен қажеттілігін негіздеу көрсетіледі.

4.8 Негізгі бөлім

Оқу жұмысының негізгі бөліміне маман дайындаушы кафедралар жасаған нормативтік құжаттардың талаптарына сай жазылған бөлімдер кіреді. Негізгі бөлімде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістерін және негізгі нәтижелерді көрсететін деректер келтіріледі.

 

Қорытынды

4.9.1 Қорытындыда тапсырмаға сәйкестік тұрғысынан алып қарағандағы жұмыс нәтижелері жазылады. Қорытындының мәтіндік бөлігінде орындалған жұмыстың техникалық –экономикалық бағасы беріліп, жұмыс нәтижелерінің ғылыми, әлеуметтік немесе танымдық құндылығы көрсетіледі.

Қорытындыда жұмыс қандай нәтижелермен аяқталғандығын көрсету керек (зерттеудің жаңа әдістері мен қағидаларын алумен, нысандардың сапалық немесе сандық сипаттамаларын алумен, ұсыныстар мен әдістердің жобаларын, жаңа технологиялық үдерістер мен режимдердің жобаларын жасаумен, өндіріске енгізумен т.б.). «ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.

4.10 Терминдер тізімі. Қысқартулар тізімі

4.10.1 Егер құжатта арнаулы терминология қабылданған болса, онда оның соңында (әдебиеттер тізімі алдында) қабылданған терминдердің түсініктемелері бар тізімі болуы тиіс. Бұл тізім құжат мазмұнында да көрсетілуі тиіс.

4.10.2 Оқу жұмысында пайдаланылатын қысқартулар МЕСТ 2.316 және МЕСТ 7.12 стандартына сәйкес болуы керек. Егер сөздер мен атауларды қысқартудың ерекше жүйесі қабылданған болса, онда оқу жұмысының соңында (терминдер тізімінің алдында) қабылданған қысқартулар тізімі келтірілуі тиіс.

4.11 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне кіретін әдебиеттер дипломдық жобада (жұмыста) пайдаланылған ретпен орналастырылады. Мәтінде оларға сілтеме жасалғанда оның реттік нөмірі тік жақша ішіне жазылады.

«ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.

«ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» құрылымдық элементінде әдебиеттер араб сандарымен нөмірленіп, абзацтан бастап жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне журналдардың мақалалары, ғылыми конференция материалдары, электронды мәлімет көздері және мемлекеттік, халықаралық стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттар енгізілуі мүмкін.

 






Аңдатпа

Осы дипломдық жобада Осы дипломдық жобада Осы дипломдық жобада Осы дипломдық жобада Осы дипломдық жобада Осы дипломдық жобада Осы дипломдық жобада..............................

Аңдатпа көлемі 0,5 – 1 парақ шектерінде болады. «АҢДАТПА» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Категории территорий залегания полезных ископаемых по условиям строительства| Abstract

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)