Читайте также: |
|
Бұл бағыт әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi орташа немесе жоғары ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, халықтың нысаналы топтары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары болып табылады.
Қажеттi кәсiптiк бiлiктiлiгi бар Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру кезiнде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiледi.
Iске асыру тетiгi:
1) Облыстардың әкiмдерi бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн негізге алып Бағдарлама шеңберiнде iске асыру үшiн инфрақұрылымдық жобаларды:
облыстар бойынша бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн;
жергілікті бюджеттердің және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің қоса қаржыландыруын;
ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетiн (жоғары немесе орташа);
мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға, реконструкциялауға, күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;
инфрақұрылымдық жобалар шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған орындалатын жұмыс көлемiнiң ақаулар ведомосының, сметалық құжаттамасының, шығыстар сметасының болуын;
құрылатын жұмыс орындарының санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртiппен жұмысқа орналасуын және орташа айлық жалақысының мөлшерiн;
мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу мерзiмiн және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық өндiрушiлерден сатып алу мүмкiндiгiн;
оларды iске асыруды бастау және аяқтау мерзiмiн;
ауылдық елдi мекеннiң әлеуметтiк және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу дәрежесiн (тапшылық және/немесе әбден тозуы);
өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайын және оларды iске асыруға әсер ететiн басқа да ерекшелiктерiн ескере отырып, iрiктеудi жүзеге асырады.
әлеуметтік жауапты кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және Бағдарламаның іс-шараларын қоса қаржыландыруға өз еркімен ниет білдірген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға.
2) Инфрақұрылымдық жобалар:
коммуналдық-инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн (су құбыры, кәрiз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;
инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын (кентiшiлiк және ауылiшiлiк жолдар, кiреберiс жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, платиналар, бөгеттер мен көпiрлер) реконструкциялауды, күрделi, орташа және ағымдағы жөндеудi;
әлеуметтiк инфрақұрылымды (бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және ойын-сауық объектiлерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;
ауылдық елдi мекендерде орналасқан дәрiгерлiк амбулаториялар мен фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi салуды;
абаттандыруды (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру) қамтиды.
3) Облыс әкiмдерi iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негiздемесiн қоса отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қарау үшiн ұсынады;
2014 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдар (кемінде 10 %) және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер (кемінде 10 %) тарапынан қоса қаржыландыру шартымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер қоса қаржыландырған жағдайда Инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі олардың қатысуымен айқындалады.
Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің қатысуы ақшалай қоса қаржыландыру нысанында да және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тауарлық-материалдық құндылық ұсыну нысанында да болуы мүмкін.
4) Жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған жұмыс түрлерiне сәйкестiгiн тексередi және жобаларды қарау нәтижесi бойынша тиiстi қорытындылар дайындайды.
5) Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iске асырылуы көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6) Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру шеңберiнде инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан елді мекенде тұратын (халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша) Бағдарламаға қатысушыларға құрылатын жұмыс орындарының елу пайызына дейiн ұсынуды қамтамасыз етеді. Еңбек нарығындағы ұсыныстарды пайдалана отырып, еңбек ресурстарын қосымша тартуға халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жазбаша келiсім болған жағдайда жол беріледі.
7) Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады.
8) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының кәсiптiк бiлiктiлiгiн және инфрақұрылым жобаларын iске асыратын жұмыс берушiлердiң кадрларға қажеттiлiгiн ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
9) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
10) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi.
11) Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
12) Республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi.
Осы бағыт шеңберiнде нысаналы даму трансферттерiн аудару тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шiншi бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру | | | Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу |